Өркендер мен бүршіктер

5 желтоқсан 2014 - Гаухар

Тақырыбы:  Өркендер мен бүршіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

      Дамытушылығы– пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымындамытуға баулу;

      Құрал-жабдықтар:электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, СТО

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1.«Қызығушылықтыояту»

Оқушыларжұмбақтарды шеше отырып, сабақтың қай түріне жататынын анықтау.

А) Отызкөйлек киінген

Бір түймежоқ ілінген

(орамжапырақ)

Б) Сопақшакөк өңі бар

Пайдалы, мөлдір сөлі бар

Піскенкезде жияр

Оныңаты.......

(қияр)

В) Ішісары, сырты қатты

Дәні дәрі, дәмі тәтті

Пісіріпжесең, ас тамақ

Оныңаты..........

(асқабақ)

2.Лездемелік сұрақтар

А) Өсімдіктің орталық тірекбөлігі  (сабақ)

Ә) Қабықтан кейінгі қабат(камбий)

Б) Сабақтың орталық бөлігі(өзек)

В) Төмпешікке ұқсаған жасушалар(жасымықша)

Г) Сабақтың ең сыртқы қабаты(қабық)

 

 

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

 

Өркентуралы түсінік. Электронды оқулық

Жапырағымен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркендейді.

Бүршік.Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршікбастапқы өркен.

 

Өркендерді жіктеу

Вегетативтік өркенжапырақ пен бүршік шығарады.

Генеративтік өркенрепродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.

Негізгі өркентұқымбүршігінің ұрығынан дамиды

Жанама өркенжанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебіндесабақ бұтақталады.

Қосалқы өркенқосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.

Ұзарған өркенніңбуанаралығы алыс орналасқан.

Қысқарған өркенніңбуанаралығы жақын орналасқан.

Барлықгүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.

Вегетативтібүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіпшығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктерорналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршікөркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтықнемесе жанама бүршік д.а. Өсімдіктүріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтықбүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесініңәр жерінен қосалқы бүршіктер шығады.Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынанжер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарыныңайналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарынадамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқыбүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жасөркендірдің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктермен қосалы бүршіктер  ашылмай тыныштықкүйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілікқабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен,үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесінөсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты.Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққанбүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары менағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.

Бүршіктіңішкі құрылысы.Көктемдекез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқышәйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды.Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ –түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.

Қабыршақтарқұрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарыныңтүкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарыныңерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.

Бальзамдытеректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті,Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтынашық бүршікті өсімдіктерге морт сыңғыш итшомыр жатады.

Ашық(қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауыптұрады.

Бүршіктіңішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оныңжан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсунүктесімен бітеді.

Бүршіккөктмде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорыменқоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліптүскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегендеөркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбебүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.

Барлықгүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігіжәне гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарғанөркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады.Ұзынынан жарып қарағанда бастапқы сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмағангүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі — өсу, екіншісі –көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркендамиды.  

Өркендердің түр өзгерістері

Тамыр сабақ –жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен.Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады.Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршаққолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жерастында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).

 

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктендамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнеккеайналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майдақабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзшедейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендердамиды.

 

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер астыөркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықтыөсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа,қызғалдақ, т.б. жатады.

 

А) бүршіктің түрлері менқұрылысы  слайд.

«Ой толғау»Жұппен жұмыс

1.Бүршіктіңатауы 41 бет

төбе

қолтық

қосалқы

бұйыққан

 

 

 

 

 

 

2.Сәйкестік тесті Жұппен жұмыс

рс

Сұрақ

Жауап

1

Бір буын мен екінші буын аралығын

Бұйыққан

2

Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін

Буынаралығы

3

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ

Жанама бүршік

4

Қолтық бүршік бұл

Жапырақ қолтығы

5

Тыныштық күйге ауысқан бүршік

өркен

 

ІV. Бекіту.

2.Венндиаграммасы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Ұзарған

 

Қысқарған

 

Оқушылар № 12зертханалық жұмысты орындайды.

Үй тапсырмасы.§11-15оқып, 14-суретті салып келу.

53беттегі  «Біліміңді тексер» тапсырмасынорындау.

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

Биология§3 Көмірсулар

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148572

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар