Өсімдіктануды оқытудағы зерттеу жұмыстарының әдісі

2 сәуір 2014 - Kulzaira Baimusinova

К.С.Баймусинова

Үшқоңыр ауылы мектеп – гимназиясының Биология пәні мұғалімі Алматы облысы, Қарасай ауданы        

 

Өсімдіктануды оқытудағы зерттеу жұмыстарының әдісі

Бақылау және эксперимент...

Табиғатты зерттеудегі қандай алып әдіс.

Қазіргі өсімдіктер физиологиясының жетістігі, соның көмегімен білім табуда емес пе? Жер бетіндегі, космостағы жаңа білімдердің қалыптасуы солардың көмегімен емес пе?

Бақылау мен эксперимент — оқыту әдісі. Ол мектеп тәжірибесіне ғылым мазмұнымен келді. Ғылымның негіздерін оқыту – белгілі бір білім жиынтығын беру ғана емес, ол сонымен оқушылардың ойының беріктілігі мен біліктілігін; оның әдістерін меңгеруін; шындықты талап ете отырып, өздігінен білім табуын табиғатпен байланыста тәрбиелеуде.

Ал енді бақылау мен зерттеу неде? – деген сұрақ туады. Бұған классикалық дәл жауапты ұлы жаратылыстанушы И.П.Павлов берген: «Бақылау табиғаттың бергенін жинайды, ал тәжірибе – табиғаттан қалғанын алады. »

Әрине, бұл айырмашылық оқыту тәжірибесінде сақталады. Біз бақылау арқылы табиғаттың бізге «ашқанын» жинаймыз; зерттеп отыра біз оның бізден «жасырған» процестерін қайта құрамыз. Бұл сұрақтың зерттеу процесі мен оны мектепте оқыту процестерін салыстыра отырып, келесі фундаментальді әдіс ережесін алға қоюға болады: бақылау және зерттеу негізіндегі қалыптасқан ғылым жағдайын, мектепте тек бақылау немесе тәжірибе арқылы оқытуға болады.

Менің алға қойған мәселем, оқушылардың тәжірибесін арттырып, оларға берік білім беріп, теориямен зертханалық, сарамандық жұмыстарын ұштастыра отырып: мақсатқа – мотивке – нәтижеге жету. Жалпы өсімдіктану және өсімдіктер физиологиясы бойынша факультативтік курсының талаптары — тәжірибелерді беру, оны оларға өз беттерінше орындату, нәтижеге жету. Қазіргі таңда жаңа технологияларды меңгере отырып, біз оқушыны тәжірибе арқылы білімін бекітуге баулауымыз керек. Әр түрлі өсімдіктерді өсіріп, күтуге, әртүрлі тәжірибелер қоюға үйрету. Оқушы электрондық оқулық, сурет арқылы бидайдың, үрмебұршақтың өнуімен, өсуімен таныспай, өзі өсіріп, одан нәтиже шығаруы керек. Сонда ғана алған білімі толыққанды болады. Дәнді дақылдарды өсіру үшін пластмасса қалбырлар жарайды. Астына мақта салып, соның үстіне сеуіп қояды. Одан кейін жарық, жылы жерге қояды. Тұқымдар тез өнеді. Өну, өсу барысында олардың жапырағының, сабағының, тамырының өсуін бақылауға болады.

                        

                                   

 

Тұқым және оның өнуі

 1.Тұқым құрылысы.

Бұршақ пен үрмебұршақ тұқымдары.

Мақсаты:бұршақ пен үрмебұршақтың: тұқымдарын қарау. Жұмысты оқушылармен сабақта жүргізу. Жұмысқа бұршақ пен үрмебұршақтың құрғақ және суланған (алдын ала суға салып қойылған) тұқымдары қажет.

Жұмыс барысы:ең алдымен тұқымдарды үлестіріп беріп, оларды мұқият  түрде қараймыз.

Олардың түсі қандай? Пішіні қандай? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, олардың пішінін дәптерге салғызып, сыртының кедір-бұдыр ма, әлде тегіс пе соны анықтаймыз.

Келесі сұрақ: тұқымның сыртында не бар? Оқушылар алдымен құрғақ тұқымның қабығын ашып көреді, бірақ арши алмайды, ал бөрткен тұқымның қабығы оңай алынады. Оған оқушылардың назарын аудару керек, тұқым кіндігімен жеміске бекітіліп тұрады. Оны бұршақынан көрсетемін.

Қабығынан аршыған тұқымның несі барын анықтайды. Олар екі қалың қосжарнақты көреді. Бұл арада мен бұршақ пен үрмебұршақ қосжарнақтыларға жататынын атап, осы қосжарнақтылар класы Dicotyledones деп латынша аталатынын айта кетіп, оны олардың білімін тереңдету мақсатында зертханалық дәптеріне жазып қоямыз. Бұл олардың таксаномды бірліктерімен танысудағы алғашқы қадамы болады. Осы қосжарнақтылардың өзіне тән морфологиялық белгілерін атап, сызба түрінде тамыры – кіндік тамыр, жапырақ жүйкелерінің тор тәріздес, тұқымы – қосжарнақты екендігін түсіндіремін.

 

                           Бидай мен қарабидай дәнектері                                                          

 Бидай мен қарабидай дәнектерінің құрылысымен танысу. Жұмысты сабақта орындайды. Жұмысқа құрғақ және бөрткен, өне бастаған дәнектер қажет, пинцет, пышақ керек.

         Бидай мен қарабидай дәндері – бір тұқымды жемістер. Ең алдымен дәндердің сыртқы құрылысымен танысамыз. Олардың түрі, түсі, пішіні қандай екенін анықтайды. Оны дәптерлеріне жазып қояды: бидай дәнегі ақшылдау, ал қарабидай дәнегі қызғылт; пішіні бойынша бидайдікі жалпақтау, ал қарабидайдікі – ұзынырақ. Суреттерін салып  қояды. Дәнектің бір ұшында айдаршасы бар екендігін анықтайды, ал өте нәзік талшықтан тұратындығын ұлғайтқыш әйнек арқылы көреді.Дәнектің бір жағында жүлгесі барын, ал екінші жағы дөңестеу «арқасы» екенін көреді. Бидай мен қарабидай тұқымдарының сыртында  қабығы бар, бірақ, құрғақ тұқым қабықшасы алынбайды, оны оқушылардың  өздері сырып көреді, ал бөрткен тұқым қабығы пинцетпен алынады ішкі қабаты эндоспермге жабысып орналасқан.Кейін ұрықты табамыз да, оның өте кішкентай және дәнектің ұшында орналасқанын көреміз.Тұқымның басты бөлігін эндосперм алып жатыр.Оның құрамында қоректік заттар бар.Ұрық эндоспермге жабысып орналасқанын біз, дәнекті ұзынан-ұзақ пышақпен кесіп көз жеткіземіз.

Қарабидайдың эндосперімі шынытәрізді, ал бидайдікі ұн тәріздес, ол бидайдың қаттылығына байланысты болады.Құрғақ немесе бөрткен дәнектің ұрығын қарау өте қиын, сондықтан өне бастаған дәнектен қараймыз.Онда өскін сабақшасын, бүршікшесін, тамыршасын табамыз.Енді бұл арада бидай мен қарабидай дәнегі біржарнақты екенін, оларғатән морфологиялық белгілерін жаздыра кетемін де, сызбасын беремін. Дара жарнақтылардың тамыры шашақтамыр, жапырақ жүйкесі параллель немесе доға тәріздес, тұқымы бір жарнақтан тұратындығын атап, олар латынша Monacotylidones немесе дара жарнақтылар класына жататынын тақтаға жазып қоямыз.Бұл жұмысты орындағаннан кейін, оқушыларға осы бидай мен қарабидай дәнектерінің жарнағында қоректік заттар жоқ, ол тек эндоспермнен қоректік заттарды сору мүшесі екендігін ескертем.

 

                                               Бидай дәнегі

 

 

 

 

Жеміс қабығы                      Эндосперм                                                   Ұрық

                                                                                                                                 

 

Қорытынды: Бидай мен қарабидайдың тұқымы: ұрықтан, тұқым қабығымен бітісіп кеткен эндоспермнен, ал ұрық: тамыршадан, сабақшадан, тұқымбүршіктен және бір тұқымжарнақтан тұрады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152336

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар