Өсімдіктер дүниесі

13 тамыз 2016 - Нұрсұлу Тауова

Тапсырмалар

Білу. 1 тапсырма: Ботаника ғылымы туралы, ерекше қорғауға алынған өсімдіктер туралы  білімдерін еске түсіру.

1."Сұрақтар жаңбыры" әдісі

Түсіну.2 тапсырма: Көпжылдық және біржылдық өсімдіктерді салыстыруға, өсімдіктердің тіршілік формаларына үйрену;

"Рөлдік ойын" әдісі                     

Қолдану. Талдау. .

"Жұптық әңгіме" әдісі

3 тапсырма: Өсімдіктердің маңызы туралы түсіндіру;

Жинақтау.  Бағалау                                                                                                                               5-тапсырма:  Өсімдіктер дүниесі  бойынша  алған білімдерін жинақтау                                                                                                              " Сөз сайысы  ассоциациялары " әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

 І. Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушыларға психологиялық көңіл-күй  туғызу                           ә)Топқа бөлу                                        

Түстер  арқылы топқа бөлу;

1) «Жақсы тілек тілеу» тренингі арқылы оқушылар  бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды;

 

ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру                                      

Білу. 1 тапсырма: Ботаника ғылымы туралы, ерекше қорғауға алынған өсімдіктер туралы  білімдерін еске түсіру.

1."Сұрақтар жаңбыры" әдісі

 

1.Биология ғылымы қандай ғылым?

2."Биология" ұғымын енгізген ғалым кім?

3.Өсімдіктер туралы ғылым неліктен Ботаника деп аталады?

4.Мәдени өсімдіктерге анықтама бер

5.Жабайы өсімдіктерге анықтама бер

6.Орта ғасырдағы Биологияға енгізген К.Линней еңбегі қандай?

7.Өсімдіктердің жалпы белгілері

8.Өсімдіктер дүниесінің қанштүрі бар?

9.Саңырауқұлақтардың қанша түрі бар?

10.Бактериялардың қанша түрі белгілі?

11.Теофраст ғалымның еңбегі

12."Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес", себебі?

13.Қазақстанда өсімдіктің қанша түрі белгілі? Оның ішінде балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, мүктәрізділер, жоғары сатылы өсімдіктер қанша?

14.Қазақ жері қандай  белдеулеоге бөлінген?

15.Қызыл кітап, Қорық дегеніміз не?

16.Қазақстанда "Қызыл кітап" тұңғыш рет қашан шықты?(1978 жылы)Екінші, үшінші басылымы  қашан енгізілді?(1991,1996)Өсімдіктерге арналған қызыл кітап қашан  жаық көрді?(1981)

17.Қорықтарды ата?

. 1)"Смай ликтер" әдісі

 

ІІІ. Жаңа тақырып                         

Түсіну. 2 тапсырма: Көпжылдық және біржылдық өсімдіктерді салыстыруға, өсімдіктердің тіршілік формаларына үйрену;

"Рөлдік ойын" әдісі                     

 

І.Оқушылар аталған өсімдіктер тобы туралы  түсінік береді:                                                         1-топ: көпжылдық өсімдіктер; Анықтамасы: " екі жылдан астам тіршілік ететін өсімдіктер. Көп жылдық өсімдіктер қоңыржай аймақта көбіне шөптесін, ал тропиктік аймақтарда, көбінесе, ағаш, бұта түрінде өседі. Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары (тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап, келесі жылы қайта өседі. Мәңгі жасыл түрлері де бар. Мыс., пальма, лавр, талгүл (олеандр), т.б. Көп жылдық өсімдіктердің бірнеше ондаған, жүздеген тіпті мыңдаған жыл тіршілік ететін түрлері белгілі. Мыс., Қазақстанда кәдімгі емен 500 – 1000, кейде 2000 жыл, шырша 250 – 300, қарағай, самырсын қарағай 350 – 500 (кейде 600), қайың, көк терек 100 – 150 жыл, ал Солт. Америкада (Калифорнияда) өсетін алып секвойядендрон ағашы 4000 – 6000 жыл тіршілік етеді. Бұта, шала бұталардың да көп жылдықтары аз емес. Мыс., аршаның кейбір түрінің тіршілігі 500, жусан 100, теріскен 250 – 300 жылға жетеді. Көп жылдық өсімдіктер деген ұғымды екі жылдан астам өсіруге болатын әсемдік көп жылдық өсімдіктермен шатастырмау керек. Көп жылдық шөптер – екі жылдан артық тіршілік ететін мал азықтық шөптесін өсімдіктер. Көп жылдық шөптер табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өседі, әрі екпе шөп ретінде де өсіріледі. Қолдан өсіруге бұршақ тұқымдасы (қызыл бас жоңышқа, беде, эспарцет, т.б.) мен астық тұқымдасының (атқонақ, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, т.б.) көптеген түрі пайдаланылады. Қазақстанның оңт-нде суармалы және тәлімі жерлерде беде көбірек өсіріледі. Көк гүлді беде, сарыбас беде оңт. облыстарда көбірек, ал будан беде Қостанай, Ақмола, Солт. Қазақстан, Павлодар облыстарында өсіріледі. Жоңышқаның екпе қызыл бас жоңышқа, шалғындық жоңышқа, жатаған ақбас жоңышқа деген 3 түрі Қазақстанда оның ішінде Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Алтай өлкесінде өсіріледі. Еркекшөп – қуаңшылыққа төзімді және топырақ талғамайтын өсімдік. Екпе түрінде тарақша еркекшөп                                                                                           2-топ: біржылдық өсімдіктер. Бір жылдық өсімдіктер – тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер.Бір жылдық өсімдіктердің екі түрі бар: 1) жаздық Бір жылдық өсімдіктер – тары, жаздық бидай, зығыр, шегіргүл, гүлкекіре, т.б. Жаздық Бір жылдық өсімдіктердің тұқымы көктемде немесе жазда өніп-өсу сатысынан тез өтіп, тіршілік кезеңін бірвегетативтік маусымда (1 – 5 айға дейін) аяқтайды; 2) күздік Бір жылдық өсімдіктер – күздік бидай, күздікқарабидай, т.б. Бұлардың өсіп-өну сатысы ұзағырақ болады әрі оған салқын температура қажет. Күздік Бір жылдық өсімдіктер күзде егіледі. Олар сол күзде көктеп шығады да, күз, қыс бойы өсіп-өніп, келесі жазда тіршілік кезеңін аяқтайды. Өте тез өсіп, тіршілік кезеңін бірнеше апта ішінде аяқтайтын Бір жылдық өсімдіктерэфемерлер деп аталады. Бір жылдық өсімдіктер шөлді аймақтарда ең көп таралған.                                                                                       3-топ: екіжылдық : жыл өмір сүретін шөптесін өсімдіктер. Бірінші жылы олардың вегетативтімүшелері дамиды және олар қоректік заттар жинайды. Ал екінші жылы олардың репродуктивті мүшелері дамиды, (гүлдер, жемістер) Екі жылдық өсімдіктерге жабайы өсетін түрлер: дәрілік түйежоңышқа, (Melilolus officinalis), сұр-жасыл шытырша, (Berteroa іпсапа), қарапайым көгілтім тері, (Есhіum vulgare), сонымен қатар мәдени өсімдіктер, қырыққабат, сәбіз және қызылша жатады.                                       ІІ.Оқушылар өсімдіктің тіршілік формаларына түсінік береді. Анықтама:"Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайына  бейімделіп өсуін тіршілік формасы" д.а.                                                                                                                                        Ө.Т.Ф-ағаш, бұта, бұташық, шөп;

"Бағдар шам " арқылы

 

Шығармашылық жұмыс 

Қолдану. Талдау. .

"Жұптық әңгіме" әдісі

3 тапсырма: Өсімдіктердің маңызы туралы түсіндіру;

 

Оқушылар  жұптарымен өсімдіктердің маңызы туралы  кестені толтырып, талқылап, бір-біріне түсіндіреді.

Өсімдіктер маңызы

 

Табиғаттағы

Адам өміріндегі

Өсімдіктер маңызы

 

 

 

3) Топты бағалау

 

Жинақтау.  Бағалау                                                                                                                               5-тапсырма:  Өсімдіктер дүниесі  бойынша  алған білімдерін жинақтау                                                                                                              " Сөз сайысы  ассоциациялары " әдісі

 

Оқушылар өсімдіктер дүниесі  бойынша  алған білімдерін жинақтау мақсатында                                                                                                        топқа берілген сұрақтар бойынша жауап беріп, сөз сайыстырады, өз пікірлерін де ортаға салады.

1.Өсімдіктер тіршілік формаларын ата 

2.Дәрілік өсімдіктерге мысал келтіру.

3.Ағаштар, бұталар, шөптердің бір-бірінен айырмашылығы

4.Көпжылдық, екіжылдық, біржылдық өсімдіктерді бір-бірінен аырмашылығы

5.мәдени өсімдіктер қалай пайда болды?

6.Адам өсімдіктерді    қалай пайдаланады?

7.Өздерің белгілі дәрілік өсімдіктерді атаңдар.

8.Неліктен жабайы өсімдіктерді сақтау қажет?                                                                                                  

"2 жұлдыз,  бір тілек" әдісі Жиынтық бағалау

 

Дерек көздер және жабдықтар

Флипчарт, қағаздар, стикер

 

Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері

 

 

Кейінгі оқу

Биология-Қазақстан мектептерінде;

Биологя анықтамалығы;

1.Оқулықтағы "А,Ә, Б"тапсырмаларын орындау

2.Тіршілк формалаырна сәйкес өсімдіктерді кестеге толтыру

 Сабақты  талдау

 

Топта, жұпта, жеке жұмыс бойынша талдау;

Сабақты бағалау

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі  және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы;

Сабақ бойынша өзгертулер

 

 


 

 

Рефлексия

Сабақ  оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған  саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде  үлгердім бе?

Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе  сабақты жақсарта алды( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі  сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129907

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар