Өсімдіктер сыр шертеді

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер сыр шертеді

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды өсімдіктер әлемі, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңыздылығы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Б) Өсімдіктерді қорғауға, экологиялық білім беруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кестелер, жұмбақтар, өсімдік суреттері, слайдтар т.б.

Кештің өтілу барысы:

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінді. Әділқазылар алқасы сайланды.

I кезең. «Өсімдіктер сыр шертеді». Әр топтан оқушылар өз костюмдерін қорғап, өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызына тоқталды.

II кезең. «Ең, ең, ең...» ( сауалғы тапсырмалар)

1. Ең жылдам өсетін өсімдік. ( Бамбук, тәулігіне 1 метр)

2 Ең қысқа өсімдік. ( Балықоты, ұзындығы 0,5 см ені 0,3 см).

3. Дүниедегі ең үлкен жеміс? ( Асқабақ)

4. Ең ұзақ жасайтын ағаштар? ( Емен, 2000 жыл, қайың, терек 150 жыл)

5. Дүниедегі ең биік ағаш? ( Эвкалипт, 155 метр).

6. Ең жыртқыш тотықұс. ( Австралиядағы кеа тотықұсы )

7. Ең кіші кенгугу. ( Валлаби)

8. Ең жүйрік сүтқоректі. (гепард)

9. Әлемдегі ең ұзын жануар ( Керік)

10. Ең ірі адам тектес маймыл ( Горилла)

III кезең. «Дәрілік өсімдіктер»

«Алғырлар» тобына пайдасы, «Зеректер» тобына зияны туралы тапсырмалар берілді.

IV кезең. « Кім жылдам» Бұл кезеңде оқушылар бір- біріне жұмбақтар жасырып, шешті.

Vкезең. «Мына өлеңнің авторы кім? Өлеңнің атын атаңыз?»

Таулардан өзен ағып сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

( Ы.Алтынсарин «Өзен»)

Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүлмен ағаш майысып қурағанда,

Сыбдыр қағып, буланып ағады су.

( А.Құнанбаев «Жазғытұры»)

VI кезең. «Биологиялық эстафета» ойыны. Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады.

1- тапсырма. Слайдтағы берілген «әріптер» бойынша ең ұзақ сөз құрау керек.

2- тапсырма. «Ботаника» деген сөздің әрбір әрпінен биологиялық термин сөздер құрау керек. Мысалы: Б — бадан, бактерия, балдыр…

VII кезең. «Қорытынды». Екі топтың ұпай сандары шығарылып, кеште белсенділік көрсеткен оқушыларға сыйлықтар берілді

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152296

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар