Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері (ҚМЖ)

1 наурыз 2015 - Гулмайда Саниқызы

Пәні

Биология

Сынып 8 в

Күні 18.12.14ж

Тақырыбы:

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері

Мақсаты

Қанның құрамын, қасиетін, атқаратын қызметін, маңызын жетік білу.

«Глобулиндер», «альбуминдер», «фибриноген», эротроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер ұғымын түсіну;

Оқушының ойлау қабілетін, сөздік мәнерін, еркіндігін дамыту.

Міндеттері

Қан құрамы, қасиеттері туралы түсінікті дамыту;

Қан құрамын салыстыру;

Шығармашылықпен ізденіс қабілеттерін қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

üОрганизмнің ішкі ортасы қасиеттері жөнінде біледі;

Қан құрамын білім, қан топтарының жіктелуін және оған сәйкес мінез құлықтар туралы мәліметті өмірде пайдалана алады.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті,

әдіс -тәсілдер

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Топқа бөлу тренингі /1мин/

ü

Оқушылар қолдарындағы жұлдыз түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді.

Түрлі-түсті тастар

Білу және түсіну

/8мин/

Үй тапсырмасын тексереді.

1/ ДБЖ: Бұлшықет құрылысы мен маңызы тақырбындағы жұмыстар қаралады /4мин/

2/ СТО:

І. Жедел сұрақтар /Жалпы сыныпқа сұрақ /

  1. Қанқа бөлімдерін ата?
  2. Қол сүйектеріне не жатады?
  3. Жамбас қандай белдеудің сүйегі?
  4. Қозғалмайтын сүйек?
  5. Қысқа сүйек?
  6. Бұлшықет қандай топтарға жіктеледі?
  7. Бастағы қоғалатын бұлшық еттер?
  8. Сүйек немен байланысады?

ІІ. Суретті сөйлетіңіз

ІУ. Сіз келісесіз бе: 1 минут уақыт / жұпта тексеру/

Сұрақтардың дұрыс «Д», бұрыс «Б» екендігін ажыратыңыз

1.Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы 600 Д/ Б

2.Маңдай сүйегінің саны 1 Д/ Б

3.Қуану және ренжуді білдіретін бұлшықеттер бассүйекте Д/ Б

4.Ашық сыну адам өміріне қауіпті емес Д/ Б

5.Кеуде қуысының сүйектерін қабырға, 12 омыртқа құрайды Д/ Б

6.Оссеин органикалық зат Д/ Б

7.Минералды заттар сүйекке иілгіш қасиет береді Д/ Б

8.Омыртқа жотасы үш жерден иіледі Д/ Б

9.Ішкі мүшелердің бұлшық ететтері біріңғай салалы Д/ Б

10.Жамбас қол сүйектер белдеуіне жатады Д/ Б

11.Бассүектер қозғалмайтын сүйектер Д/ Б

12.Мойын омыртқаның алғашқысы атлант Д/ Б

13.Ұзын сүйектерге бел омыртқасы жатады Д/ Б

14. Жүрек бұлшық еті- миокард Д/ Б

15.Қанқа қан жасушаларын өндіреді Д/ Б

1/ Лаура мен Мендаңаның өздері дайындап келген презентацияларын таныстырады.

2/ оқушылар жеделдетіліп қойылған сұрақтарағ тез жауап беруі қажет / мақсат оқушы ойын жинақтап, жүйелеу/

Суретке талдама жүргізіп, сүйектің құрылымын салыстырады

Әр қайсына берілген тапсырманы 2 минуттың аралығында орындап, бір- бірімен салыстырып қарайды. Жұптық жұмыс жүргізеді. тақтадан дұрыс шыққан жауаптармен салыстырып отырады.

ІУ. Сіз келісесіз бе: 1 минут уақыт / жұпта тексеру/

Сұрақтардың дұрыс «Д», бұрыс «Б» екендігін ажыратыңыз

1.Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы 600 Д

2.Маңдай сүйегінің саны 2 Б

3.Қуану және ренжуді білдіретін бұлшықеттер бассүйекте Д

4.Ашық сыну адам өміріне қауіпті емес Б

5.Кеуде қуысының сүйектерін қабырға, 12 омыртқа құрайды Д

6.Оссеин органикалық зат Д

7.Минералды заттар сүйекке иілгіш қасиет береді Б

8.Омыртқа жотасы үш жерден иіледі Б

9.Ішкі мүшелердің бұлшық еттері біріңғай салалы Д

10.Жамбас қол сүйектер белдеуіне жатады Б

11.Бассүектер қозғалмайтын сүйектер Д

12.Мойын омыртқаның алғашқысы атлант Д

13.Ұзын сүйектерге бел омыртқасы жатады Б

14. Жүрек бұлшық еті- миокард Д

15.Қанқа қан жасушаларын өндіреді Д

Формативті

Критерий арқылы бағалау

Интерактивті тақта

Кесте №1, №2

желім, қайшы, бағалау парағы

Қолдану, талдау

/25мин/

Жүрек-қантамырларының даму эвалюциясына тоқталамын

балықтарда қосмекенділермен құстарда сүтқоректілерді

жорғалаушыларда

Тірек сызба

Ағзаның ішкі ортасы


қан ұлпа сұйықтығы лимфа

Ерте кезден бері қанның ерекше зор күші бағаланып келеді:

Киелі серт бергенде қанымен бекіткен;

Ертедегі дін қызметкерлері ағаш мүсіндерді «қанмен жылатқан»

Ежелгі гректер өз құдайларына қанмен құрбандық шалған.

Ежелгі Греция философтары қанды жанын сақтаушы деп есептеген. Гиппократ жүйкесі ауыратын адамдарға дені сау адамның қанын ішуге нұсқау берген, ол қаны сау адамның жаны да сау деп есептеген.

Қанның ағзаның маңызды құраушысы екенін ерте кезден бері адамдардың бағалағандығы туралы мәтін оқимын.

Неліктен қан күші осылай бағаланды деп ойлайсыз?

Қанның құрамы туралы не айта аласыздар?

ББЖӘТ: Қан құрамы әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру. жоба қорғау

І топ: Организмнің ішкі ортасы

ІІ топ: Қанның маңызы, қызыметі

ІІІ топ: Қанның құрамы

ІУ топ: Қан жасушаларының жіктелуі.Эротроциттердің құрылысы

Дайындау -5мин

Талқылау -2мин

Қорғау -3мин

Әр топ өздеріне берілген әңгімелердің мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысы, таймкипер сайлап алады.

Шапалақ арқылы формативті бағалау

Өзара критериалды бағалау

Бағалау парағы

Ватман

Маркер

Жинақтау,

Бағалау

/6 мин/

1.Сұрақтар жәрменкесі /жіңішке, жуан сұрақтар құрастыру/

2.СТО: «Әр қалыпты сөз » әдісі. 4мин/ /Төрт топқа ақ парақ үлестіріледі.

Кестені толтырыңыз:

Қан жасушалары

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тормбоциттер

Пішіні мен құрылысы

1 мм2 қандағы мөлшері

Пішіні

Тіршілік ұзақтығы

Қызметі


Оқушылар топ болып келесі топқа сұрақ қояды, жіңішке және жуан сұрақтар құрастыруы қажет.

Оқушылар параққа ағзаның ішкі ортасы бойынша алған әсерлерін әр оқушы бір сөйлемнен, тізбектеліп, бір-бірінің ойларын жалғап жазу арқылы ой түйіндеді. Соңғы сөйлемді жазған оқушы оқиды.

Белсенділігі, шапшаңдығы

Ой қорытуы

Флипчарт

Ақ парақ 4

Бағалау

/2мин/

Тақтада ұпайлар мен бағалар критерийлері, дискрипторлар көрсетіледі.

Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жинақ балын айтады

Бағалау парағы

дескриптор

Үй тапсырмасы

/1мин/

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А – Қан туралы теңеу сөздер мен мақал – мәтелдер жинау

В – ағзаның ішекі ортасы таныстырылым құрау

С- қан қызметінің бұзылуынан туындайтын аурулар жөнінде материалдар жинағын тапсыру

Кері байланыс

Рефлексия. Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнады, көгіне не ұнамады, не түсініксіз болды жаза қойыңыз.

Оқушылар өздерінің көңіл –күйлерін қолдарындағы стикерлерге жазу арқылы білдіреді.

Смайликтер, стикерлер

Мұғалімнің рефлексиясы

Алғашқы зерттеу сабағым «Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы Қанның құрамы мен қасиеттері» тақырыбындағы сабақтан басталды. Организмнің ішкі ортасына түсінік беру, қан құрамын өз бетімен оқып, білу, сұйықтық заттары мен формалы элементтер арасындағы байланысты жіте бақылау мақсатындағы сабаққа жету үшін үй тапсырмасы кезеңінде алдыңғы өткен «Қанқа» тарауынан жеделдетілген сұрақтар ұсынылды. Бұл оқушының сабаққа деген ынтасын тез аударып, ойын жинақтап алуға және екі тараудың арасындағы, яғни меңгерілетін материалдардын ғылыми байланыста болатындығына көңіл бөлінді. Бұл тапсырманың соңғы сұрағы «қанқа не өндіреді? /қызметі/» деген сұрақ болатын, жауабы «қан», бұл жаңа тарауды бастауға, тарау арасындағы байланыстын бар екендігін түсіндіреді. Сондай-ақ, ДБЖ жүргізу барысында «Бұлшықет құрылысы мен маңызы» тақырыбындағы таныстырылымдар тыңдалды, бұл оқушылардың өз шығармашылықтарын шыңдау бағытында ұйымдастырылды. «Суретті» сөйлетіңіз тапсырмасында оқушылардың оқулықтар көрген материалдарын есте қаншалықты сақтай алатындығы, берілген тапсырмадан қатесіз таба алатындығы, оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілеттері қандай денгейде екендігін анықтау мақсатында пайдаланылды. «Сіз келісесіз бе?» тапсырмасында оқушылардың жұптасып жұмыстануына бағыттадым. Бұл логикалық тұрғыдан құрастырылған тапсырма болды. Оқушылардың ойын шыңдау, жүйелеу, сыни талдай білуге бағыттау мақсатында болды. Оқушылар бұл тапсырма берілген уақытта тосырқап қалды, себебі оқушылар дайын материалды алып, қысқа, оқулық төңірегіндегі қойылатын сұрақтарға жауап беруге жаттығып қалғанын байқадым. Бұл кемшілік оқушы ойын дамытуға кері әсер ететіндігін түсіндім. Тараудың мақсатында қан жүйесінің эвалюциясын меңгеру болатын осы мақсатта өткен сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіріп, эвалюциялық заңдылықтарды тағы да естерінде қалсын деген мақсатта / себебі 11 -сыныпта арамарфоз тақырыбын өтеді және бұл ҰБТ өте қажет/даму тарихын көрсететін сурет арқылы организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берілген соң, «қан», «киелі серт», ежелгі Греция филосфтары, Гиппократ еңбектеріне тоқталып қанның қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп, мағынасын аштым. «қан маңыздылығы неде және оның құрамы неден туралы деп ойлайсыз? » деген проблемалық сұрақ қойылып, топтық жұмыс ұйымдастырылды. Топтық жұмыста организмнің ішікі ортасына нелер жататындығын анықтау, қанның маңызы мен қызметін түсіндіру, қанның құрамын жіктеу, қан жасушаларының қызыметін түсіндіру тапсырмалары берілді. Топтық ережеге сүйене отырып жұмыстану және топ басшыларына өз тобындағы оқушыларды кретериий арқылы бағалап отыру тапсырылды.Топ мүшелері белсенді жұмыстану ұсынылғанмен, №1топтағы А. есімді оқышы, №3 топтағы Б есімді оқушылар өз қабілеттерін көрсете алмады… келесі сабақта оқушыларға жеке тапсымалар беру керектігін және сабаққа деген ынтаны, қызығушылықты жетілдіре түсі керек деп ойлаймын. Өз постерлерін қорғағаннан кейін, әр топ «жуан», «жіңішке» сұрақтарды ойлануға, салыстыруға бағытталған болу керетігі ұсынылды. Бұл оқушылардың ойлануға сұрақ қоюды үйрене отырып, өз ойныңда шыңдалуға бағыттайтындығын ескердім. Оқушылар ұсыныс бойынша жақсы сұақтар құрастырды, дегенмен жуан сұрақ құрастырудың шеберлігін жетілдіру қажеттілігі көрініп тұрды. Жалпы сабақтың негізгі ғылымилығын тереңдету мақсатында өз тәжірибемдегі негізгі тірек ұғымын пайдаланып кесте толтыру ұсынылды. Бұл кестенің бірінші бағаны бірінші күнгі алған білімдерін тиянақтап нақты мәліметтермен толықтыру тапсырылды, қалған бөлімдері келесі сабақтарда толтырылып, кесте толып болған соң негізгі жүйе шығатындығы ескертілді /кесте толтыру арқылы ҰБТ дайындық жүргізіледі. Бұл пәнішілік сабақтастық мақсатында ұйымдастырылды /. Жалпы өзім ойлағандай сабағым мақсатына жетті.

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияОрганизмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110009

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар