1.Жорғалаушылар класы

29 шілде 2015 - Нұрсұлу Тауова

Сабақ жоспары

Мұғалім: _Тауова Нұрсұлу Раулқызы___ Сынып: _7«б»________

«Бас бармақ» арқылы

IV. Қорытын дылау

Апта-1

Күні-4.03.2015

1 –сабақ

Сабақ тақырыбы

Жорғалаушылар класы

Сабақ мақсаты

Жорғалаушылар класының ішкі- сыртқы құрлысын, сипаттамасын, түрлерін анықтау, үйрену, қосмекенділермен салыстырмалы кестесін жасап, ерекшеліктерін ажырата алуға үйрену;

Сілтеме

Әдістемелік нұсқаулықтар: Биология оқулығы 7 сынып

Авторлары: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков,Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.

Интернет материалдары

Табыс критерийі

1).Қосмекенділер класын балықтар класымен салыстыра отырып, ерекшелігін айта алу;

2) Жорғалаушылар класы, тіршілігі, құрылысы туралы меңгеріп, түрлерін анықтай алу;

3) Жорғалаушылар класын қосмекенділермен ерекшелігін салыстырып, ажырата білу; 4) Жорғалаушыларға тән белгілерге сипаттама жасай алу;

Күтілетін нәтижелер

1) Қосмекенділер класы туралы түсініктерін еске түсіріп, айтып береді;

2) Жорғалаушылар класы, тіршілігі туралы мәлімет алады, олардың түрлерін анықтай алады, құрылысымен танысады;

3) Қосмекенділермен салыстыра отырып, ерекшеліктерін ажырата алады;

4) Өз бетімен жорғалаушыларға тән белгілерге сипаттама жасай алады;

Тапсырмалар

Білу.

1 тапсырма: Қосмекенділер класы туралы түсініктерін еске түсіру.

«Миға шабуыл» әдісі

Түсіну.

2 тапсырма: Жорғалаушылар класы, тіршілігі туралы мәлімет алу, олардың түрлерін анықтауға үйрену, құрылысындағы ерекшеліктермен танысу

«Жорғалаушылар»туралы бейнебаян көрсету

«Джигсо» әдісі

Қолдану.

3 тапсырма: Жорғалаушылардың құрылысындағы ерекшеліктерді қосмекенділермен салыстыру.

Топтарға:

1) «Салыстырмалы кесте» толтыру

2) Салыстыру әдісі бойынша ерекшелікті анықтау.

3) "Биологиялық диктант" әдісі

бойынша сөйлемді аяқтау.

Талдау.

4 тапсырма: Жорғалаушыларға тән белгілерге сипаттама жасау;

«Тірек сөздер» жинағы әдісі

Жинақтау. Бағалау 5-тапсырма: Жорғалаушылар класы бойынша алған білімдерін жинақтау «Жұптық әңгіме» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушыларға психологиялық көңіл-күйтуғызу ә)Топқа бөлу

«Мен сізді таныстырғым келеді» тренингі
"Қосмекенділер класын зерттеген авторлар" есімдері арқылы топқа бөлу;

1) «Мен сізді таныстырғым келеді» тренингі арқылы оқушылар бір-бірінің ерекше қабілеттерін танып, сыни ойлай біледі.
2) Оқушылар автор есімдері бар қима қағазды құрастыру арқылы топқа бөлінеді, авторларға байланысты түсінік береді.

ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру

Білу. 1-тапсырма бойынша «Миға шабуыл» әдісінің сұрақтары арқылы үй жұмысын тексеру:

Қосмекенділер класы туралы түсініктерін еске түсіру.

«Миға шабуыл» әдісінің сұрақтары:

І топ:

1.Класс неліктен қосмекенділер деп аталады?

2. Қосмекенділердің класы қандай отрядқа бөлінеді?

3.Аяқсыз қосмекенділер аталу себебі, қанша түрі белгілі?

4.Аяқсыз қосмекенділердің ерекшелігін ата?

5.Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?

6.Бақаның сыртқы құрылысын белгіле.

ІІ топ :
1. Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін ата;
2. Қазақстанда қосмекенділердің қанша түрі

таралған?

3.Қазақстанның Қызыл кітабына қосмекенділердің қанша түрі тіркелген, қай жылы?

4.Құйрықты қосмекенділер өкілдері, қанша түрі белгілі?

4.Жетісулық бақатістің ерекшелігі туралы айт.

5. Бақаның сыртқы құрылысын белгіле.

ІІІ топ: 1. Қосмекенділердің дернәсілдері қандай мүшесі арқылы тыныс алады?

2.Қосмекенділер қалай көбейіп дамиды? 3.Қос мекенділердің пайдасы. 4.Қосмекенділердің қандай мүшелері жақсы дамыған?

5.Құйрықсыз қосмекенділер өкілдері, қанша түрі белгілі, ерекшелігі

6.Қосмекенділердің көбею сызбасын түсіндір.

Ересек бақа

уылдырық

ұрықтанған уылдырық

құйрықты бақа

дернәсіл

Құйрықты итшабақ

«Смайликтер» арқылы

ІІІ. Жаңа тақырып

Түсіну. «Жорғалаушылар»туралы бейнебаян көрсету.

Ой қозғау: Бүгін жануарлар дүниесінің ерекше түрлерімен танысамыз. Олар туралы аңыздар мен ертегілер көп жазылған. Олар:-көзінде гипноздық қасиет бар (жылан), ұзақ жасаушылар (тасбақалар), шапшаң қимылдайды (кесіртке), тез құбылғыштар (хамелион), кейбіреулері медицина символы (жылан); Бұл қай жануарлар? (жорғалаушы)
Жаңа тақырып: Жорғалаушылар. «Джигсо» әдісі бойынша 2- тапсырманы ұсыну: Жорғалаушылар класы, тіршілігі туралы мәлімет алу, олардың түрлерін анықтауға үйрену, құрылысындағы ерекшеліктерімен танысу

1)«Жорғалаушылар»туралы бейнебаянды көре отырып, өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, өздері білетін білімдері туралы ой қозғау.: — Бейнебаян не туралы болды? Сендер бейнебаян көрсетілгенге дейін жорғалаушылар туралы не білетін едіңдер? Көрсетілім бойынша сендерге не жаңалық болды? Айрықша таңғалдырған нәрсе болды ма? Қандай жорғалаушылардың түрлері аталды? Медицина эмблемасындағы жылан бейнесі қай кезеңде қаланған екен?

2)Оқушылар «Джигсо» әдісібойынша мәтінді оқып, талқылайды.

Бірін-бірі мұқият тыңдап, есте сақтап отыру, оқып үйренгендерін басқаларға үйрету, өз ойларынан мысал келтіру. Әдіс ережесіне сәйкес, берілген мәтін бойынша топ мүшелері өздері оқып, топта талқылайды, жақсы түсінген, талқылай алған оқушы баяндамашы рөлінде келесі топтарға түсіндіреді.

«Бағдар шам » арқылы

Шығармашылық жұмыс

Қолдану. Топтарға үшінші тапсырманы беру:

Жорғалаушылардың құрылысындағы ерекшеліктерді қосмекенділермен салыстыру

1 топ жұмысы:

Салыстыру стратегиясы бойынша «Салыстырмалы кесте» толтыру

ІІ топ жұмысы:

Салыстыру әдісі бойынша ерекшелікті анықтау.

ІІІ топ жұмысы:

"Биологиялық диктант" әдісі

бойынша сөйлемді аяқтау.

1) «Салыстырмалы кесте» толтыру

Сүйекті балықтар

Қосмекенділер

Жорғалаушылар

6,9,20

2,5,6,10,12,14,16,17

19,20.

1,2,3,4,7,8,10,11,13, 15,18,19

1.Қарыншасының арасында жартылай перде бар.

2. Жүрегі 2 құлақшадан, бір қарыншадан тұрады.

3.Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған

4.Өкпесі арқылы тыныс алады.

5. Өкпесімен де, терісімен де тыныс алады.

6.Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар.

8. Ми қыртысының нышаны байқалады.

9. Аналь тесігі бар.

10.Клоакасы бар.

11.Іштей ұрықтанады

12.Түрленіп дамиды.

13. Кеңірдек, ауатамыр мүшелері пайда болған.

14.Омыртқа жотасы: мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық бөлімдеріне бөлінген.

15. Алғаш рет кеуде қуысы пайда болған

16. Қанайналымы 2 шеңберден тұрады.

17. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды.

18. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады.

19. Денесіне аралас қан тарайды.

20. Сырттай ұрықтанады.

2-топ оқушылары: Салыстыру әдісі бойынша ерекшелікті анықтау.

3- топ оқушылары: Биологиялық диктант

Терісі ...............,… аз, терінің сырты… қапталған, мүйізді түзілістер теріні… қызметін атқарады. Қаңқасы… бөлімнен тұрады, қаңқасында… пайда болған, бұлшықеттері...................., етті тілі… көмектеседі. Өкпесімен… алады, жүрегі… тұрады, зәр… түзіледі, жүйкесі..............................................., сезім мүшелері- ................................................................,… жынысты,............................ұрықтанады, дернәсілдері… болады.

Талдау. Тірек сөздер" жинағы әдісі арқылы 4- тапсырма: Жорғалаушыларға тән белгілерге сипаттама;

Өз бетімен мәтін бойынша топтағы әр оқушы жорғалаушыларға тән белгілерді сипаттайтын бір тірек сөз жазады. Сол тірек сөзге оқулық тіліне сүйеніп, өз дәлелін қоса отырып түсінік береді.

"Қол шапалақ тау"

Жинақтау. Бағалау.

«Жұптық әңгіме» әдісі бойынша 5- тапсырма беру: Жорғалаушылар класы бойынша алған білімдерін жинақтау,қорытындылау.

Жорғалаушылар класы бойынша сұрақтарға жауап беру:

І жұп: 1. Жорғалаушылардың тері түзілісі қандай және мұндай түзіліс не үшін керек?2. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?

ІІ жұп: 1. Жорғалаушылардың омыртқа жотасының сызбанұсқасын құрыңдар. 2. Жорғалаушыларды қаңқасының қосмекенділер қаңқасынан ерекшелігі қандай? ІІІ жұп.1. Жорғалаушыларды жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас бірақ қандай ерекшелігі бар?2. Қолтырауынның жүрек құрылысы қандай?
ІҮ жұп:1. жорғалаушылардың сезім мүшелерін ата.2. Жыланның көзбен арбау ерекшелігі неде?
Ү жұп:1. Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған?
2. Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?
ҮІ жұп:1. Жорғалаушылардың екі бүйрегі қайда орналасқан?
2. Жорғалаушылардың зәр шығару мүшесі?
ҮІІ жұп:1. Жүйке жүйесінің күрделену себебі? 2. Есту мүшесі неден тұрады?
ҮІІІ жұп:1. Ауа өтетін тыныс мүшелері неден тұрады?
2. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
ІХ жұп:1. Қосмекенділерге қарағанда мишығы қалай дамыған?
2. Жорғалаушыларды ата.

«2 жұлдыз бір тілек» кері байланыс арқылы

Дерек көздер және жабдықтар

Флипчарт, қағаздар, стикер

Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері

Кейінгі оқу

Биология-Қазақстан мектептерінде;

Биологя анықтамалығы; Қазақстанда мекендейтін жорғалаушылар;

— «Жорғалаушыларды қорғайық!» мақала;- «Жорғалаушылар туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер, ырым-тыйымдар» кітапша немесе реферат;- «Жорғалаушылар әлемі» газет

Сабақты талдау

Топта, жұпта, жеке жұмыс бойынша талдау;

Сабақты бағалау

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы;

Сабақ бойынша өзгертулер

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияЖорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы (қысқа мерзімді жоспар)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066257

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru