Биология 11 сынып тест тарау бойынша

25 ақпан 2015 - Дауренбек Хурмет
Биология 11 сынып тест тарау бойынша

III тарау. Микроэволюция туралы ілім

1. Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы.

a) популяция b) үйір c) қауымдастық d) биомасса

2. Ч. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті қалай атады?

a) айқын өзгергіштік b) айқын емес өзгергіштік c) тұқымқуалаушылық d) мутация

3.Жеке өзгергіштіктің (айқын емес) қазіргі атауы.

a) айқын өзгергіштік b) айқын емес өзгергіштік c) тұқымқуалаушылық d) мутация

4. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша иттің тегі.

a) далалық ит b) қасқыр c) динго d) қорқау қасқыр

5. Адамның алдына ешқандай мақсат қоймай сұрыптауы, қолдан сұрыптаудың қай түріне жатады?

a) мақсатты сұрыптау b) мақсатсыз сұрыптау c) әдістемелік сұрыптау d) қолдан сұрыптау

6. Бір түр мен екінші түрдің арасында болатын тіршілік үшін күрес.

a) тіршілік үшін күрес b) түраралық күрес

c) түрішілік күрес d) қолайсыз факторларға қарсы күрес

7. Көбейер кезде бір түрге жататын құстардың орынға таласуы.

a) тіршілік үшін күрес b) түраралық күрес

c) түрішілік күрес d) қолайсыз факторларға қарсы күрес

8. Қорек, ылғал, ауа жеткілікті болса да бір түрге жататын тұқымдардың бірі жақсы, екіншісі нашар, тіпті өспей қалуы — тіршілік үшін күрестің қай түрі?

a) тіршілік үшін күрес b) түраралық күрес

c) түрішілік күрес d) қолайсыз факторларға қарсы күрес

9. Кактустың фотосинтез қызметін атқаратын мүшесі?

a) тамыр b) сабақ c) тікен d) жапырақ

10.Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде не түзіледі?

a) жаңа мүшелер түзіледі b) жаңа популяция түзіледі

c) жаңа қасиеттер түзіледі d) жаңа түрлер пайда болады

11.Қоршаған орта жағдайларында тіршілік ету үшін организмде белгілі қасиеттердің пайда болуы.

a) тіршілік үшін күрес b) сұрыпталу c) мутация d) бейімделгіштік

12.Жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану үшін бейімделуі қандай рең?

a) еліктеуші b) сақтандырушы c) бүркеніш d) қызықтырушы

13. Реңдері есте сақталатындай өте ашық, түрлі түсті болуы қандай реңге жатады?

a) еліктеуші b) сақтандырушы c) бүркеніш d) қызықтырушы

14.Атбас балық пен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы қандай рең?

a) еліктеуші b) сақтандырушы c) бүркеніш d) қызықтырушы

15. Организмдердің қоректен қыстық қор жинауы, ұрпағына қамқорлығы қандай бейімделуге жатады?

a) түйсік сезімдік b) жыныстық c) ұрпағына қамқорлық d) физиологиялық

16. Бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығын көрсететін критерий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

17.Әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайтын критерий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

18.Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

19.Организмдердің мінез-қылығының айырмашылығын анықтайтын кри­терий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

20. Микроэволюцияның нәтижесі.

a) тіршілік үшін күрес b) түр түзілу c) бейімделу d) сұрыпталу

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияБиология пәнінен ҰБТ-ға дайындық тест тапсырмалары №1

БиологияТарау бойынша тест (биология 11 сынып)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141183

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар