Биология 11 сынып тест тарау бойынша

21 сәуір 2015 - Дауренбек Хурмет

Биология 11 сынып

І-Vтарауға арналған тест тапсырмалары

1.Тіршіліктің ғаламдық деңгейі.

a) биосфералық b) биогеоценоздық c) популяциялық d) ағзалық

2.Тарихи даму, өзгеру, өрлеу мағынасын білдіретін терминнің атауы.

a) филогенез b) дивергенция c) идиоадаптатция d) эволюция

3.Тірі организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым.

a) архиология b) палентология c) хронология d) антропология

4.Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы.

a) популяция b) үйір c) қауымдастық d) биомасса

5.Адамдардың дамыған кезеңі.

a) палеоген b) неоген c) плеистоген d) антропоген

6.Организмнің жеке дараларының дамуы.

a) филогенез b) онтогенез c) биогенез d) абиогенез

7.Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым.

a) К. Линней b) Ж. Б. Ламарк c) Ч. Дарвин d) Дж. Генсло

8.Ч. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті қалай атады?

a) айқын өзгергіштік b) айқын емес өзгергіштік c) тұқымқуалаушылық d) мутация

9.Жылқы эволюциясын зерттеген ғалым.

a) Мечников b) Ковалевский с) Вернадский d) Северцов

10.Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы.

a) метаболизм b) гомеостаз c) моноцентризм d) эпистаз

11.“Жануарлардың тарихы” атты еңбек жазған ғалым.

a) К. Линней b) Аристотель c) Ж. Б. Ламарк d) Ч. Дарвин

12.Жеке өзгергіштіктің (айқын емес) қазіргі атауы.

a) айқын өзгергіштік b) айқын емес өзгергіштік c) тұқымқуалаушылық d) мутация

13.Ірі жүйелік топтардың қалыптасу процесі.

a) микроэволюция b) макроэволюция c) эволюция d) генетика

14.Тіршіліктің бейорганикалық заттардан химиялық эволюция арқылы пайда болу теориясы.

a) биогенез b) абиогенез c) креационизмd) панспермия

15.Өсімдіктер мен жануарлардың биологиясын зерттеген Аристотельдің шәкірті.

a) Теофраст b) Сократ c) Гипократ d) Демокрит

16.Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша иттің тегі.

a) далалық ит b) қасқыр c) динго d) қорқау қасқыр

17.Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан дамитын мүшелер қалай аталады?

a) аналогтік b) гомологтік c) регресс d) прогресс

18.Организмдердің тарихи дамуы.

a) филогенез b) онтогенез c) биогенез d) абиогенез

19.Органикалық дүниені белгілі бір жүйеге келтірген швед ғалымы.

a) К. Линней b) Аристотель c) Ж. Б. Ламарк d) Ч. Дарвин

20.Адамның алдына ешқандай мақсат қоймай сұрыптауы, қолдан сұрыптаудың қай түріне жатады?

a) мақсатты сұрыптау b) мақсатсыз сұрыптау c) әдістемелік сұрыптау d) қолдан сұрыптау

21.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.

a) филогенетика b) эмбриология c) хронология d) палентология

22.Тіршіліктің жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын деңгейі.

a) молекулалық b) жасушалық c) ұлпалық d) популяциялық

23.Қызметі ұқсас, құрылысы мен шығу тегі әртүрлі мүшелердің атауы.

a) гомологтік b) аналогтік c) регресс d) прогресс

24.К. Линней жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ.

a) түр b) туыс c) класс d) тұқымдас

25.Бір түр мен екінші түрдің арасында болатын тіршілік үшін күрес.

a) тіршілік үшін күрес b) түраралық күрес

c) түрішілік күрес d) қолайсыз факторларға қарсы күрес

26.Тіршітктің ұрпақ қалдыру қасиеті.

a) тұқымқуалаушылық b) өзгергіштік c) көбею d) өсіу

27.К. Линней сүтқоректілерді неше отрядқа жүйеледі?

a) 10 b) 17 c) 24 d) 12

28.Көбейер кезде бір түрге жататын құстардың орынға таласуы.

a) тіршілік үшін күрес b) түраралық күрес

c) түрішілік күрес d) қолайсыз факторларға қарсы күрес

29.Көртышқан мен бұзаубастың аяқтары қандай мүшеге жатады?

a) гомологтік b) аналогтік c) регресс d) прогресс

30.Тіршіліктің тірі организмдер мен қоршаған орта бірлестігінен тұратын деңгейі.

a) биосфералық b) биогеоценоздық c) популяциялық d) ағзалық

31.Ч. Дарвинге дейінгі органикалық дүние дамуының ғылыми негізін салған ғалым.

a) К. Линней b) Дж. Холдейн c) Ж. Б. Ламарк d) Дж. Бернал

32.Қорек, ылғал, ауа жеткілікті болса да бір түрге жататын тұқымдардың бірі жақсы, екіншісі нашар, тіпті өспей қалуы — тіршілік үшін күрестің қай түрі?

a) тіршілік үшін күрес b) түраралық күрес

c) түрішілік күрес d) қолайсыз факторларға қарсы күрес

33.Ароморфоздың екінші аты.

a) арогенез b) аллогенез c) катогенез d) аргогенез

34.Жаңа өмір заманы.

a) протерозой b) палезой c) мезозой d) кайнозой

35.Тіршіліктің нуклеин қышқылдарынан және т.б. қосылыстардан тұратын деңгейі.

a) молекулалық-генетикалық b) жасушалық

c) ағзалық және ұлпалық d) популяциялық-түрлік

36.Ж.Б. Ламарк омыртқасыздарды неше класқа бөлді?

a) 10 b) 17 c) 24 d) 12

37.Кактустың фотосинтез қызметін атқаратын мүшесі?

a) тамыр b) сабақ c) тікен d) жапырақ

38.Катагенездің екінші аты.

a) араморфоз b) идиоадаптация c) дегенерация d) дивергенция

39.Тірі организмдердің жыл маусымдарына сәйкес тіршілік әрекеттерінің өзгеру қасиеті.

a) тітіркенгіштік b) дискреттілік c) гомеостаз d) ырғақтылық

40.XIX ғасырда органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теорияны ұсынған ғалым.

a) А. И. Опарин b) Ч. Лайель c) А. М. Бутлеров d) Д. И. Менделеев

41.Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде не түзіледі?

a) жаңа мүшелер түзіледі b) жаңа популяция түзіледі

c) жаңа қасиеттер түзіледі d) жаңа түрлер пайда болады

42.Эволюцияның ең негізгі жолы.

a) қарапайымнан күрделіге карай дамуы b) күрделіден карапайымга карай даму

c) аралык форманың пайда болуы d) бір түрден екінші түр пайда болу

43.Тіршіліктің басқа ғаламшарлардан таралуы туралы көзқарас.

a) биогенезb) абиогенезc) креационизмd) панспермия

44.Геологиялық өзгерістер ерекше апаттың әсерінен болмайтынын дәлелдеген ғалым

a) А. И. Опарин b) Ч. Лайель c) А. М. Бутлеров d) Д. И. Менделеев

45.Қоршаған орта жағдайларында тіршілік ету үшін организмде белгілі қасиеттердің пайда болуы.

a) тіршілік үшін күрес b) сұрыпталу c) мутация d) бейімделгіштік

46.Биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей, белгілі бір орта жағдайына бейімделушілік.

a) араморфоз b) идиоадаптация c) дегенерация d) дивергенция

47.Алғашқы құс — археоптерикстің шыққан кезеңі.

a) триас b) юра c) бор d) силур

48.Тіршіліктің құрылымдық және қызметтік бірлігінен тұратын деңгейі.

a) молекулалық-генетикалық b) жасушалық

c) ағзалық және ұлпалық d) популяциялық-түрлік

49.Жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану үшін бейімделуі қандай рең?

a) еліктеуші b) сақтандырушы c) бүркеніш d) қызықтырушы

50.Организмдердің құрылым деңгейінің қарапайымдануы.

a) араморфоз b) идиоадаптация c) дегенерация d) дивергенция

51.Тірі организмдердің қоршаған ортамен тығыз байланысын көрсететін қасиеті.

a) тітіркенгіштік b) біртұтастылық c) өзін-өзі реттеу d) ырғақтылық

52.Бір-біріне туыс емес топтардың ұқсас белгілерге ие болуы.

a) дивергенция b) конвергенция c) параллелизм d) дегенерация

53.Реңдері есте сақталатындай өте ашық, түрлі түсті болуы қандай реңге жатады?

a) еліктеуші b) сақтандырушы c) бүркеніш d) қызықтырушы

54.Тірі организмдердің белгілерінің ұрпақтарына берілу қасиеті.

a) тұқымқуалаушылық b) өзгергіштік c) көбею d) өсіу

55.Атбас балық пен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы қандай рең?

a) еліктеуші b) сақтандырушы c) бүркеніш d) қызықтырушы

56.Эволюцияда туыстық жағынан жақын организм топтарының ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуы.

a) дивергенция b) конвергенцияc) параллелизм d) дегенерация

57.Тіршіліктің пайда болуын жаратушы күшпен байланыстыратын көзқарас.

a) биогенезb) абиогенезc) креационизмd) панспермия

58.Ежелгі заманның атауы.

a) архей b) протерозой c) палезой d) мезозой

59.Бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығын көрсететін критерий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

60.Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын қарапайым тәжірибе арқылы дәлелдеген ғалым.

a) Джон Холдейнb) Александр Опаринc) Луи Пастерd) Джон Бернал

61.Әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайтын критерий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

62.Теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулардың басым көпшілігі дамыған заман.

a) архей b) протерозой c) палезой d) мезозой

63.Тіршіліктің абиогенез жолымен пайда болғанына тұжырым жасаған орыс ғалымы.

a) Джон Холдейнb) Александр Опаринc) Луи Пастерd) Джон Бернал

64.Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

65.Силур, девон кезеңдері жататын заман.

a) архей b) протерозой c) палезой d) мезозой

66.Алғашқы атмосфера құрамында болмаған тіршілікке қажетті газ.

a) көмірқышқыл газы b) азот c) оттек d) метан

67.Организмдердің мінез-қылығының айырмашылығын анықтайтын кри­терий.

a) экологиялық b) генетикалық c) морфологиялық d) этологиялық

68.Ең алғашқы ашық (жалаңаш) тұқымдылардың дамыған кезеңі.

a) силур b) девон c) таскөмір d) пермь

69.Судың қатысуынсыз-ақ аминқышқылдарының өзара қосылып, пептидті байланыстар түзетіні туралы пікір айтқан ғалым.

a) С. Миллерb) А. И. Опаринc) С. Фоксd) Т. Чек

70.Микроэволюцияның нәтижесі.

a) тіршілік үшін күрес b) түр түзілу c) бейімделу d) сұрыпталу

71.Нағыз тірі қазба деп аталатын жануар.

a) агама b) батбат c) тритон d) гаттерия

72.Үш башпайлы жылқының атауы.

a) миогиппустар b) эогиппустар c) мерикгиппустар d) гиппариондар

73.Биологиялық мембранасы бар ең алғашқы тірі организмдер.

a) прокариоттарb) коцерваттарc) протобионттарd) эукариоттар

74.Сыртында жұқа су қабықшасы бар жоғары молекулалы жиынтық.

a) эукариоттар b) прокариоттарc) коцерваттар d) протобионттар

75.Тіршілік деген ұғымға алғаш рет анықтама берген ғалым.

a) Тереховскийb) Рихтер c) Энгельсd) Волькенштейн

76.Тірі организмдердің қоршаған орта жағдайларының түрлі әсерлеріне жауап қайтару қасиеті.

a) ырғақтылық b) тітіркенгіштік c) біртұтастылық d) өзін-өзі реттеу

77.Тірі организмдердің түрлі әсерлерден тұқымқуалаушылық белгілерінің ауытқу қасиеті.

a) тұқымқуалаушылық b) өзгергіштік c) көбеюі d) өсуі мен дамуы

78.Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі.

a) организімдік b) популяциялық-түрлік c) биогеоценоздық d) ұлпалық

79.Осы күнгі биосфераның түзілу кезеңі.

a) палеоген b) неоген с) плеистоген d) антропоген

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110073

Пікірлер (2)
Кәрім # 14 қыркүйек 2015 в 21:21 0
Жауабы қайда???
Нурсулу юлдашева # 29 наурыз 2016 в 23:33 0
Жауабын берындерш.....

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар