Бунақденелілер

18 наурыз 2014 - Нурланбек Магзум
Бунақденелілер

 сабақ  жоспары                                            биология                                       7 сынып

 

 

 

Мұғалімнің аты- жөні, мектептің атауы

Мағзұм Нұрланбек                                                                           

Айыртау ауданы     Златогорка орта мектебі

2 апта

12.03.2014                                             

Тақырыбы:

Бунақденелілер

Мақсаты:

 

Модульдерді қолдана отырып, бунақденелілердің түрлерімен таныса отырып,  өздігінен іздену дағдыларын үйренеді.

Оқу нәтижесі:

 

бунақденелілердің түрімен  танысады. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстыра  біледі.  Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша кластер, тапсырмалар орындайды Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.

Әдіс –тәсілдер,

модульдер

 

Топпен жұппен жұмыс (сыни  тұрғыдан ойлау), кластермен жұмыс, демонстрация (ақпараттық коммуникациялық  технология), пікір талас (диалогтік оқыту), бақылау(оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), сұрақ-жауап, баяндау (қалай оқыту керектігін үйрету)

дереккөздер

Дәптер, оқулық, интербелсенді тақта, электрондық оқулық, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, желім, стикер.

Барлығын қосқанда

 

бағалау

топтық, жұптық жұмыстарда  әділ бағалау.

Формативтік баға қоюды үйрету, суммативтік бағаны шығару.

Тапсырмалар

  1. Үй тапсырмасына шолу
  2. Ой қозғау сұрақтары
  3. Бунақденелілерге кластер
  4. Электрондық оқулықпен жұмыс
  5. Тест жұмысы
  6. Қорытынды
  7. Кері байланыс

Жоспарланған мерізім

Жоспарланған іс- әрекет

ресурс

0-3 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады

 

4-10 минут

Оқушылардың алдыңғы  сабақтағы білімдерін еске түсіру(сұрақ қою арқылы)

Интербелсенді тақтада сұрақтар беріледі

10-13 минут

Ой қозғау:Буынаяқтылар типіне шолу жасай отырып, бүгінгі тақырыпты ашу

Электрондық оқулық 7 сынып.(бейне шолу жасау)

13-15 минут

Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу (Буынақтылар типінің негізгі кластарының өкілдерінің атауы бойынша)

Стикер арқылы

15-18 минут

Бунақденелілерге (электронды оқулық бойынша)  шолу жасау. Бейне фильм көрсетіледі

Әр түрлі сүткоректілер мен баскада  суреттер беріледі

18-33 минут

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларға кластер құра отырып,  сол  бойынша сөйлейді.

  1. Бунақденелілергі жалпы сипаттама беру (кластер)
  2. Бунақденелілердің дамуы (кластер)

Плакат, маркер, стикер

33-34

Сергіту сәті

«Иә» немесе «жоқ» сұрақтарға жауап беру

 

1 Бунақденелілердің бәрі зиянды ма? (жоқ)

2. Бунақденелілер демтүтік арқылы тыныс ала ма? (иә)

3. Шыбын шала түрленіп дамиды ма? (жоқ)

4. Бунақденелілердің зәр шығару мүшелері мальпигий түтікшелері ма? (Иә)

5. Масаның ауыз мүшесі шаншып-сорушы ма? (иә)

6. Балараның ауыз мүшесі сүзіп-жалаушы ма? (жоқ)

7. Бунақденелілердің денесі 3 бөліктен тұра ма? (иә)

8. «Имаго» сөзі ересек жәндік деген мағына бере ме? (иә)

9. Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілер толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атала ма? (жоқ)

10. «Энтомология» бунақденелілерді зерттейтін ғылым ба?(иә)

11. Балара ауыл шаруашылық зиянкес па?  (жоқ)

12. Бунақденелілерде 4 жұп аяқ бар ма?(жоқ).

 

Қонды ара,

Ұшты шыбын.

Жүзді суда,

Суқандала.

Түрленеді қоңыз шала,

Гүлге қонды,

Көбелек ала

Шаншып-сорғыш

                сары маса

Шағып алып,

Болды таса.

Етті еңбек топ құмырсқа.

Кіріседі көп жұмысқа,

Типыл қылды бар егісті.

Азиялық ол  көкқасқа.       Барлығы қанша

                8 жәндік

 

 

 

 

 

 

 

 

34-40 минут

Электронды оқулықпен жұмыс.

1.      Бунақденелілер, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер кластарына жататын өкілдерді орналастыр

Сәйкестендір 

2.      Жануарларға тән ерекшеліктерін көрсет (Электрондық оқулықтан шаян мен өрмекшіге тән белгілер мен ерекшеліктерді белгілейді)

Кесте толтыру

3.      Бунақденелілердің негізгі ауыз мүшесін тап

Сөздерді орналастыр

40-41

Буынаяқтылар типі бойынша тест жұмысын орындау (10 сұрақ)

41-42

бағалау

Бағалау парағы

42-44

Кері байланыс:

                           Екі жұлдыз, бір тілек

(Оқушылар, және мұғалімдер бүгінгі сабақтардан алған әсерлерімен бөлісу )

стикер

44-45

 Үй тапсырмасы пар 47 сурет 132

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім жазбалары:

Келген қонақтарға және  оқушыларға сәлемдесу.Тақырыпты өтпес бұрын өткен материалға шолу

1)      Оқушылардың алдыңғы  сабақтағы білімдерін еске түсіру(сұрақ қою арқылы)

*      Буынаяқтылар типінің негізгі кластарын ата? (бунақденелілер, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер)

*      Шаянтәріздестер негізгі өкілдерін ата?(өзеншаяны, асшаян, таңқышаян, құршаян т.б)

*      Хитин дегеніміз не?(хитин дегеніміз- жасуныққа ұқсас ағзалық зат)

*       Құршаян буынаяқтылар типінің қай класына жатыды(Өрмекшітәріздестер класы)

*      Буынаяқтыларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады? (аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқан)

*      Қазіргі кезде ғылымға қанша түрі белгілі? (1 млн)

*      Өрмекшітәріздестердің аяқтарын жікте? (1 жұп- күйісаяқ, 2 жұп – тұтқыаяқ, Қалған 4жұп- жүруге арналған. )

*      Кенелер буынаяқтылардың қай класына жатады?(өрмекшітәріздестер)

2)      Буынаяқтылар типінің ең көп тараған түрі қандай класс?

            Сабақ барысы және тақырыбы, мақсаты қысқаша баяндалады. Бағалау парағы беріледі және түсіндіріледі. Оқушыларды топқа бөлу.Қысқаша шолу ./Ғаламшардың кез келген түкпіріне таралған жанаурлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 түрлері бар деп есептеледі. 35 отряды бар. Буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі- денесі айқын үш бөлікке бөлінген. Бас, көкірек, құрсақ.

Дене бөліктері: бас, көкірек,құрсақ

Барлығы   6  аяқты

Екі мұртша, күрделі  және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады

Жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты түйіні,құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін –ганглий түзеді.    

Демтүтік арқылы тыныс алады

Басым бөлігінде қанаттары болады

Қантарату жүйесі-ашық жүйе

Зәршығару жүйесі – мальпигий түтікшелері

Тіршілік ортасы: жер беті, ауа, су, адам және жануарлардаың  ағзасы, топырақ асты 

Энтомология-бунақденелілерді зерттейтін ғылым /гректің “ентома”-бунақдене+ “логос”-ғылым/./Оқушыларға тақырып жайында яғни  бунақденелілер (электронды оқулық бойынша)  шолу жасау. Бейне фильм көрсетіледі

3)      Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларға кластер құра отырып,  сол  бойынша сөйлейді.

                                                      I.            Бунақденелілергі жалпы сипаттама беру (кластер)

                                                   II.            Бунақденелілердің дамуы (кластер)

4)      Сергіту сәті «Кім шапшаң»

          «Иә» немесе «жоқ» сұрақтарға жауап беру

 

1 Бунақденелілердің бәрі зиянды ма? (жоқ)

2. Бунақденелілер демтүтік арқылы тыныс ала ма? (иә)

3. Шыбын шала түрленіп дамиды ма? (жоқ)

4. Бунақденелілердің зәр шығару мүшелері мальпигий түтікшелері ма? (Иә)

5. Масаның ауыз мүшесі шаншып-сорушы ма? (иә)

6. Балараның ауыз мүшесі сүзіп-жалаушы ма? (жоқ)

7. Бунақденелілердің денесі 3 бөліктен тұра ма? (иә)

8. «Имаго» сөзі ересек жәндік деген мағына бере ме? (иә)

9. Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілер толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атала ма? (жоқ)

10. «Энтомология» бунақденелілерді зерттейтін ғылым ба?(иә)

11. Балара ауыл шаруашылық зиянкес па?  (жоқ)

12. Бунақденелілерде 4 жұп аяқ бар ма?(жоқ).

 

      

Қонды ара,

Ұшты шыбын.

Жүзді суда,

Суқандала.

Түрленеді қоңыз шала,

Гүлге қонды,

Көбелек ала

Шаншып-сорғыш

                сары маса

Шағып алып,

Болды таса.

Етті еңбек топ құмырсқа.

Кіріседі көп жұмысқа,

Типыл қылды бар егісті.

Азиялық ол  көкқасқа.       Барлығы қанша    (  8 жәндік)

 

 

5)      Электрондық оқулықпен жұмыс

     

1.      Бунақденелілер, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер кластарына жататын өкілдерді орналастыр

2.      Жануарларға тән ерекшеліктерін көрсет (Электрондық оқулықтан шаян мен өрмекшіге тән белгілер мен ерекшеліктерді белгілейді)

3.      Бунақденелілердің негізгі ауыз мүшесін тап

    

6)           Буынаяқтылар типі бойынша тест жұмысын орындау (10 сұрақ)

7)           Оқушыларды бағалау (Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды)

8)           «Екі жұлдыз, бір тілек»  Рефлексия.

9)           Қосымша тапсырмалар

 

 

1-тапсырма

Күн суытқан соң шыбын, маса, балара,  шегіртке 4-і орман ішіндегі үйлеріне келіп жайғасты. Бірақ, кім қайда орналасқаны белгісіз. Оқушылар сіздер таба аласыздар ма? Есігі күндіз-түні ашық тұрған үйдегі жәндік шала түрленіп дамиды. Жасыл бояумен боялмаған үйдегі жәндіктің ауыз мүшесі кеміріп-жалағыш, от жанып тұрған үйдегі жәндік адамдарға  зиянды. Ал пердесі жоқ үйдегі жәндік  толық түрленіп дамиды.  Жауабы (1-шегіртке, 2- шыбын, 3- маса, 4- балара)

 

2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аудару. Әрбір дұрыс жауапқа  2 ұпайдан беріледі. Сөздер қатесіз жазылса қосымша 5 ұпай беріледі.

1.      Дернәсіл-личинка

2.      Қуыршақ-куколка

3.      Жәндік-насеком

4.      Инелік-стрекоза

5.      Аналық-самка

6.      Көбелек-бабочка

7.      Жыртқыш-паразит

8.      Көбею-размножение

9.      Даму-развитие

10.    Қоңыз-жук

3-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Шала түрленіп даму. Толық түрленіп даму. Суда тіршілік ететін бунақденелілер. Дене құрылысы. Ауыз мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты- жөні _________________________________

 

Бағалау парағы

Білуге тиіс мәнмәтін

баға

1

Үй тапсырмасы  бойынша сұрақтар

 

2

Өз жұмыстарын (кластер)қорғау бойынша

 

3

Бунақденелілер, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер кластарына жататын өкілдерді орналастыр (Электрондық оқулық бойынша)

 

4

Жануарларға тән ерекшеліктерін көрсет (Электрондық оқулықтан шаян мен өрмекшіге тән белгілер мен ерекшеліктерді белгілейді) (Электрондық оқулық бойынша)

 

5

Бунақденелілердің негізгі ауыз мүшесін тап(Электрондық оқулық бойынша)

 

6

Тест жұмысының нәтижесі

 

7

Қосымша метериалдар

 

 

Барлық бағаның қорытындысы

 

 

 

Ескерту: Барлық бағаның қорытыныдысын шығарғанда әр бір тапсырма бойынша алған бағалар жиынтығының арифметикалық ортасын шығару.

 

                                      Әрбір тапсырмадан алған бағаларды қосу

Қорытынды баға =                                                                                 

                                                                             7

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084957

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар