Генетика және селекция негіздері

25 ақпан 2014 - Saule Orinkhanova

Генетика және селекция негіздері.

 

1.Бағдарламаны құрастырушы:

Орынханова Сауле Ауезханқызы, Жаңақорған ауданы № 3 мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі.

2.Қолданбалы курс тақырыбы:

Генетикажәнеселекциянегіздері, 10-сынып.

3.Бағдарлама туралы түсінік хат.

-Курстың мақсаты:Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білімберу, өмірде өзі игеретін мамадыққа баулу.

-Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

-Биология туралы ұғымды үйрету.

-Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.

-Адамгершілікке тәрбиелеу.

-Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін,  басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.

-Пәнаралық байланыс:химия, математика, география, экология, тәнтану, жануартану.

-Кәсіпке бағдарлау:биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология бағытында даярлау.

4.Уақыт көлемі: 34 сағат, апт. 1 сағат.

5.Курстыұйымдастыруформасы:дәріс( лекция), ойын, есептер шығару,

топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.

6.Курсты оқытуды аяқтау формасы:

-рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру,ғылыми жоба жасап қорғау.

-түрлі генетикалық есептер шығару.

-тест сұрақтарына жауап беру.

7.Оқу жетістіктерін бағалау:

-деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.

8.Ұсынылатын әдебиеттер:

-Оқушыларға:1. мектеп оқулықтары, 10-11-сыныптары.

2. Гуляев Г.В Генетика Москва 1977.

3.Интернет желісін пайдалану.

-Мұғалімге:1. Мұхаметжанов К. «Генетика және селекция негіздері», 1996.

2. «Биология салауаттылық негіздері» журналдары.

3. «Биология анықтамалығы» журналдары.

4. Инге-Вечомов: Генетика с основами селекции. Москва 1989.

 

 

 

 

 

 

                                             Тақырып жоспарының мазмұны.

 

Генетика негіздері. ( 21 сағат )

Генетика ғылымы және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны. Генетика ғылымының даму кезеңдері. Генетика саласындағы ғылым зерттеулер. Грек ойшылдарының еңбектері (Демокрит, Гипократ, Аристотель). Эвалюциялық ілім (Ч.Дарвин). Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының ашылып қалыптасуы. Г.Мендель, Т.Бовери, У.Сзттон, Т.Морган, В.Иогансен, Гуго де Фриз, К.Коренс, Э.Чермак, Н.Вавилов т.б.

Г.Мендель, оның еңбектері. Гибродологиялық әдіс. Моногибридтік будандастыру. Доминанттық, рессивтік белгілер.

Аллельді гендар. Фенотип және генотип. Гомомзиготалы, гетерезиготалы особьтар. Г.Мендельдің 1-2 заңдары. Белгілердің ажырау себептері. Гаметалар тазалығы гипотезасы. Талдаушы шағылыстыру. Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Тіркес тұқым қуалау. Тіркесу топтары. Генетикалық карта. Т.Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер. Ген, құрылымы, қасиеті. Гендердің ара-қатынасы. Генотип.

Жыныс генетикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тіркес тұқымқуалау. Гемофилья және дальтонизм. Гендердің өзгеруіне ортаның әсері. Медициналық генетика. Адамның тұқымқуалайтын арулары, олардың алдын алу.

 

Өзгергіштік заңдылықтары. (5 сағат )

Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер. Мутациялардың жиілігі. Мутацияның пайда болуына ортаның әсері. Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар. Эксперименттік мутациялар. Селекциядағы мутацияның рөлі. Н.И.Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және эвалюциялық теория. Популяциялар генетикасы. Аллельдер және генотиптер жиілігі. Харди-Вайнберг заңы. Табиғи Сұрыптаудың түрлері: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыптаулар.

 

Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы.(6сағат )

Селекцияны генетикалық негіздері. Селекция үшін бастапқы матералдарды іріктеп алу, бағалау. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Өсімдіктер селекциясы. Өсімдіктерді қолдан сұрыптау және будандастыру. Селекциядағы табиғи сұрыпталудың маңызы. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы. Гетерозис. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Полиплоидия. Жануарлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әріден будандастыру. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері. Микроорганизмдер селекциясы, оның өнеркәсіптегі маңызы. Биотехнология, оның бағыттары. Генетикалық инженерия.

 

Лабораториялық жұмыстар.

Вариациялық қатарды құру және жапырақ ұзындығының өзгергіштігінің вариациялық қисық сызықтарын сызып көрсету.

 

Көрсетілімдер.

Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін көппешөп материалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа-жапсырмаларды, сызбанұсқаларды, тәжірбиелерді көрсету.

 

Қорытынды.(1 сағат )

Қолданбалы курсқа арналған күнтізбелік жоспар.

 

Сабақтың тақырыбы.

Сағат саны

Күні

1

Кіріспе

1

 

2

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

1

 

3

Моногибридті будандастыру заңдылықтары.

2

 

4

Есептер шығару.

2

 

5

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

1

 

6

Дигибридті будандастыру заңдылықтары.

2

 

7

Есептер шығару.

1

 

8

Полигибридті будандастыру.

1

 

9

Есептер шығару.

1

 

10

Т.Морганның тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.

1

 

11

Тіркес тұқым қуалау.

1

 

12

Есептер шығару.

1

 

13

Цитоплазмалық тұқым қуалау.

1

 

14

Генетикалық карта құру.

1

 

15

Гендердің өзара әрекеттесуі.

2

 

16

Жыныс генетикасы.

1

 

17

Адам генетикасы.

1

 

18

Медициналық генетика.

1

 

19

Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.

1

 

20

Өзгергіштік. Модификация.

1

 

21

Мутациялық өзгергіштік.

1

 

22

Генетикалық және эволюциялық теория.

1

 

23

Қорытынды сабақ.

1

 

24

Селекцияның генетикалық негіздері.

1

 

25

Өсімдік селекциясының қазіргі жетістіктері.

1

 

26

Жануарлар селекциясы.

1

 

27

Микроорганизмдер селекциясы.

1

 

28

Ең жаңа сұрыптау әдістері. Гендік инженерия.

1

 

29

Биотехнология табыстары.

1

 

30

Қорытынды.

1

 

 

 

Рефераттар тақырыптары: 1.Генетика жетістіктері.

                                                   2. Г. Мендель өмірі мен қызметі.

                                                   3. Денсаулық және медицина.

                                                   4. Қазақстандағы биотехнологиялық жетістіктер.

                                                    5. Әлемдік гендік инженерия. т.б.

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068781

Пікірлер (3)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru