Жаңарған өлкеде жасыл ел.

Қазақстан Респуликасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Бағыты:Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 стратегиясын іскеасырудың негізі.

Секция:Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

Тақырыбы:

Авторы: 9 сынып оқушысы Мұқатаев Арлан

Васильковка негізгі мектебі

Қапай батыр ауылы

Жетекшісі:

Қаирбекқызы Әсемгүл

биология пәні

Васильковка негізгі мектебі

Қапай батыр ауылы

2013 жыл.

9 сынып оқушысы

Мұқатаев Арланның зерттеу

жұмысына арналған

Аннотация

«Жаңарған өлкеде жасыл ел» атты тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы 2012-2017жыл аралығын қамтитын болады.Зерттеуде Жарма ауданы Қапай батыр ауылында кішігірім саябақ салу үшін жоспар құрылып, жұмыс жүргізілді. Жалпы Қапай батыр ауылының табиғатын көркейту жолдары туралы айтылған.

На исследовательскую

работу ученика 9 класса

Мукатаева Арлана

Аннотация

Иследовательская работа на тему «Жаңарған өлкеде жасыл ел» будет проводиться в течение 2012-2017 годов. Данная работа предполагает открытия парка, зеленой аллеи и дальнейшегоего зеленения и расширения на территории села Капай батыр, Жарминкого района.

For knowledge work

Mukataev Arlan9 form

School by name Vasilkovka

Annotation

Exploratory work is planning for 2012-2017years with teme “Green Piece in our town”. In region Jarma in Kapai Batyr town planed to plane a small garden and work in their. During this exploration work’s aim is develop green tree and work with nature.

Ғылыми жетекшіҚаирбекқызы Әсемгул

Арлан өз жұмысына Жарма ауданы Қапай батыр ауылының табиғатын көркейтуде көгалдандыру жолдарын толық сипаттауға тырысты. Қалбатау ауылдық кітапханасына барып, Капай батыр ауылының тұрғындарынан сауалнама алып, мәлімет жинады. Қапай батыр ауылының тұрғындарынан саябақ салуға қызығушылығын анықтау анкетасына анализ жасады. Мектебіміздің сызу мұғалімімен ақылдаса отырып, саябақтың үлгісін сызды. Авт оросы тақырып бойынша зерттеу жұмысын болашақта жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ғылыми жұмысты 2012 жылдың тамыз айынан бастағандықтан, зерттеу жұмысының нәтижесіне толық жеткен жоқпыз.

СарапшыОқу ісінің меңгерушісі Ашимова Ж.А.

«Жаңарған өлкеде жасыл ел» тақырыбына оқушы дұрыс сипаттама берген, жалпы өзінің зерттеу жұмысында тақырыпты аша білген. Қоршаған ортаны қорғау жолдарын толық меңгерген. Жоба бірінші жылы ғана қарастырылғанымен, тақырыптың өзектілігі көрсетілген. Мұқатаев Арлан осы жұмысты 2014 жылы ары қарай жалғастырамын дейді.

Жобаның жоспары:

I.Кіріспе бөлім3

1.1Қоршаған ортаны қорғау

1.2Жобаның көкейтестілігі

II.Негізгі бөлім6

2.1Саябақ тарихынан

2.2Демалыс және мәдениет саябақтары

2.3Көгалдандыру -жауапты әрі сауапты іс

2.4Қапай батыр ауылының саябақ салу жоспары

III.Қорытынды14

I. Кіріспе

1.1 «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында» экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесіқамтылады.

Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.

Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс – әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау.

1.2 Менің зерттеу тақырыбымның өзектілігі:Қазіргітаңдағы өзекті болып отырған негізгі мәселе қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, ауаны ластаудан тазарту. Зерттеу жұмысымның барысында мектебіміздің және де басқа көптеген мектептердің, мекемелердің, шағын территориялардың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүргізу керек екендігі айтқым келеді.

Зерттеу тақырыбымның мақсаты: Экологияны тазарту жолында көгалдандыру жұмысын жандандыру.

Міндеттерім:

1. Демалыс орындарын көбірек салып, ол жерлергекөпжылдық түрлі-түрлі ағаштар мен гүлдіөсімдіктер отырғызу. Түрлі зиянды заттардан, қоқыстардан, ластанудан тазарту жолын қарастыру.

2. Отаның сүйетін, табиғатты аялайтын, оны гүлдендіруге, экологияның тазалығы жолында барлық күш-жігерін аямай төгетін азаматтар тәрбиелеу.

Зерттеу тақырыбымның жаңалығы: Мен өзімнің мектебім орналасқан Қапай Батыр ауылындағыГагарин көшесі қиылысында кішігірім проектжасай отырып, көгалдандыру саябағын ашу. Себебі, осы ауылдабірде-бір көгалдандыратын саябақ жоқтың қасы. Ауылымыздың шетіне аудан орталығынан әкелініп қоқыстар көп төгіледі. Ол қоқыстардан шығатын жағымсыз газдар ауаға тарайды. Оның орнына халықтың денсаулығына пайдалы саябақ салынса, нұр үстіне нұр болар еді.

Зерттеу тақырыбымның практикалық маныздылығы: Демалыс орнында көпжылдық ағаштар мен раушан гүлдерді отырғыза отырып, оны мектеп оқушыларынан құралған «экопост», «жасыл ел» отрядтары күтімге алып, қоқыстан, ластанудан тазартып тұрса. Оны іске асыру үшін2012 – 2017 жылға дейінгі аралыққа мынандай жоспар ұсынамын:

1.2012-2013 жылдары ұсыныс жасай отырып, демалыс көгалдандыру саябағына ұсынылған жерімді алып, оның ахитектурасын ақылдаса отырып, проектісін тұрақтандыру.

2.2014-2015 жылдары саябаққа түрлі дизайн жасаушы адамдармен ақылдасып, ұзақ жылдық ағаштар, шыршалар гүлдер отырғызып оны баптау және қаржы мәселесіне көмек бере алатын арқасүйер жандар болса, табиғат қорғау, көгалдандыру туралы жарнамалар көп шығарылса екен деген ұсынысым бар.

3.2016-2017 жылдары аралығында саябақ проектісін іс-жүзіне айналдыру.

Бұл жұмыстарға ауылдағы шаруа қожалықтарының техникасын пайдаланамыз. Соныменқатар ауыл тұрғындарынан анкета сұрақтары алынып, олардың саябақ салуға қызығушылығы анықталды. Ауыл тұрғындары саябақ салуға көмектесуге оң көзқарас танытты.

II. Негізгі бөлім

2.1 Бүгінде әркімнің саябақпен байланысты еске түсірерлік нәр­селері баршылық. Біреулер жолдас-жораларымен жиналып, жасыл желек үстінде көңіл кө­терген күндерін сағынады. Екін­шілері бір-біріне гүл сыйлап, саябақ ішіндегі терек түбінде сүйіктілерімен оңашада өткізген шынайы әрі пәк сезімге толы бозбала мен бойжеткен кездерін ойға алады.

Көптеген өнер иелері өздері­нің ең мықты туындыларын сая­­­­бақ ішінде өмірге әкелгенді ұнат­қан. Саябақ деген тек қа­ланың сәні келіскен бір бұрышы ғана емес. Мысалы, мен үшін бұл — жабырқаған көңілді жа­дырататын, жан дүниең қан­дай күйде болса да, дамылдап, демалып қайтатын, қаланың күй­кі тіршілігінен шаршап кел­­ген адамды бір сәтке болса да табиғатпен табыстыратын, тілдестіретін орын. Кез келген жанның ішкі дүниесіне әсер ете алатын мәдени мекен осы деп есептеймін.

Саябақтардың адам өмірінде, тіпті адамзаттың даму тарихында да алатын орны ерекше. Адамның өз қолымен жасалатын, кейде мә­дени, кейде рухани орын бо­лып саналатын саябақтардың сан ғасырлық тарихы бар. Саябақ иелену — бұл да өнердің айрықша бір түрі. Бізде аса үрдіс болмаса да, батыс және шығыс елдерінде кеңінен тараған бұл дәстүр «бақ-саябақ өнері» деп аталады. Бұл өнердің шығу тарихы туралы батыс елдері деректерінің бірінде алғашқы саябақтар адам алғаш өзінің үйін салған кезден бастау алады делінген. Аңыз тү­­рінде баяндалатын дерек мы­­­надай: «Адам жұмақтан қайтарылғаннан кейін алғаш рет үйін салған. Керемет әдемі көрініске толы жұмаққа әбден үйреніп қалған ол оған қайта барар жол жоғын түсінгендіктен, өз үйінің қасынан сол жұмақтың бір бұрышын көріп отырғысы келеді. Сөйтіп, алғашқы сая­бақтар пайда бола бастаған екен».

Ал шынайы деректерге жү­гінетін болсақ, алғашқы бақ-саябақтардың тарихы ежелгі заманнан тамыр тартады. Көне Мысырда, Грецияда әдепкі бақ­тар пайда болған. Жалпы, саябақтар екі стильде жасалады. Одан не батыс, не шығыс дәстүрлерінің белгісі байқалып тұрады. Батыс саябақтары шы­ғыстыкіне қарағанда аздап тұр­пайылау болып келеді. Өйткені мұнда саябақтардың негізінен архитектуралық құрылымына мән беріледі. Шағын храм, тас мүсіндер, қысқа жолдар кө­бірек салынады да, оның жан-жағындағы жасыл желекке он­ша назар аударылмайды. Ал шы­ғыс стилі бойынша көбінесе саябақтың үйлесімділігі нақты қарастырылады. Саябақ ішінде орнатылған әрбір зат міндетті түрде табиғатпен астарласып тұруға тиіс.

Шығыс саябақтарының не­­­­гізінде ұлы ілім жатыр. Оның рухани мән-мағынасы те­рең. Буддизм мен даосизм түсінік­терінің өзегіндегі кеңінен та­нымал бақ-саябақ өнерінің қа­зіргі кезеңдегі екі ошағы — Қытай мен Жапония болып табылады.

Ең алғаш шығыс үлгісіндегі саябақ Қытай жерінде буддизм пайда болғаннан бастап салынған екен. Аспан асты империясының ең танымал императоры Цин Ши Хуанди бастапқы саябақтардың да иесі болған. Ол елді билеген кездері даостық ілім бойынша табиғат құдайлармен және аруақтармен тілдесетін орын деп саналған. Бұл орын адам кө­ңіліне жайлы, ыңғайлы бо­луға тиіс деп ұйғарылған. Ал­ғашқыда «Саябақ» деп жай қоршаулармен шектелген, ішінде бір-екі орындық орнатылған меншікті жерді айтқан. Кейіннен Ву Ди император болған ке­зінде ол меншікті орындар мей­лінше жетілдірілген. Мұндай саябақтардың ішіне қолдан бұлақтар ағызып, қысқа жолдар салынып, шағын үңгірлер ойыл­ған. Саябақты адамдар ру­хани мекен ретінде пайдалана бастаған. Кейбіреулер саябақты шабыт шақыру орны ретінде санаған. Бұл туралы шамамен ІІІ-ІV ғасырларда өмір сүрген Қытай ақыны Цзо Су былай деген: «Қиялдаңдар. Шабыттаныңдар. Өйткені таулар мен бұлақтан шыққан тамаша табиғат аясын­дағы дыбыстар қандай да бір аспаптың дыбысынан да керемет емес пе?»

Деректерге жүгінсек, бақ-саябақ өнерінің шарықтау кезеңдері Х-ХІІ ғасырлар мен ХІІІ-ХІV ғасырлардың арасы екен. Бұл кездері Қытайда сая­бақтардың екі түрі болды: оңтүстік және солтүстік үлгісін­дегі саябақтар. Солтүстік үлгі­сіндегі саябақтар кеңейтіп са­лынатын болған. Олардың аума­ғы бірнеше жүздеген гектар жер­лерді қамтып жатқан. Ал оңтүстік үлгісіндегі саябақтар тұрғын үйлерге қосымша құ­рылым ретінде салынған. Бірақ екі үлгінің де ортақ дағдылары бар. Әрбір саябақта шағын су қоймасы болуы тиіс. Бұл су қоймасы жалпы саябақтың енапат бөлігін алып жатуы керек. Оның бойында шағын құрылыс орныққаны жөн. Су бірнеше шағын көлшікке бөлініп, әр көлшіктің жағасына күркелер, платформалар, шағын көпірлер салынады. Әр құрылыс маңайына өздері қадірлейтін неше түрлі өсімдіктер мен ағаш­тар отырғызылады.

Оңтүстік үлгідегі саябақтар түске онша бай болмаған. Көр­кемдеу үшін тек бірнеше түс қолданылған. Саябақты безендіруге негізінен ақ, қара, қоңыр, сұр түстер пайдаланылған. Бұл шағын саябақтар түгел дерлік адам қолымен салынатын болған. Басқа ортадан оқшаулау үшін сырты тас жармен қоршалған.
Аспан асты елінде оңтүстік үлгідегі ең әйгілі саябақтар Суд­жоу қаласында орналаскқан. Қытайларда «Аспанда жұмақ болса, Қытайда Суджоу мен Ханджоу бар» деген сөз бар. Бұл сөз осы қос қаланың көр­ген­ді тамсандыратын көркем­дігіне, жан жадыратарлық пей­заждарына қарай айтылған десек болады. Суджоу қаласы өзі үлкен саябақ секілді салынған. Жартысынан көбін су алып жатқан, көптеген дәстүрлі ар­хитектуралық құрылыстар мен керемет көріністерге толы бұл қала Қытайдың Венециясы болып саналады. 2500 жылдан астам тарихы бар бұл қалада әлемге болмаса да, өздерінің қа­лың халқына түгел танымал әйгілі саябақтар орналасқан. Суджоудың мақтанышы сана­латын Ваньшиюань, Июань, Чжоучженьюань, Лююань сая­бақ­тарын ЮНЕСКО әлемнің мәдени мұраларының қатарына енгізді.

Солтүстікте саябақтарды көбінесе «Императорлық сая­бақтар» деп аталған. Бұл саябақ тек бақтың өзінен емес, сонымен қатар император резиденцияларынан тұрған. Мұнда император сарайы, шағын храмдар қоса салынған. «Пай лоу» деп аталатын кіші және үлкен қақпалары болған. Бақ бұрыштары үлкен мүсіндер, алып вазалармен безендіріліп, түрлі-түсті бояулармен сәндендіріліп, шағын су арналарының үстімен үлкенді-кішілі еңкіш көпірлер салынған. Солтүстік үлгідегі саябақтар шынымен де алып территорияларды қамтыған және оңтүстіктікіне қарағанда едәуір салтанатты етіп тұрғызылған. Аты айтып тұрғандай, солтүстік саябақтар көбінесе елдің солтүстігінде орналасқан. Олар­дың ең әйгілілері Аспан асты елінің астанасы Бейжің маңайында қоныс тепкен. Бұл маңайдағы ең танымал саябақ Ихэюань болып табылады. Бірнеше саябақтан кұралған бұл кешеннің аумағы шамамен 400 гектар жерді қамтиды.

Жалпы, саябақ салуда Қытай архитекторлары көптеген құ­рылыс қағидаттарын қолданған. Солардың ең қолданбалы принциптері «цзе», «инь» және феншуй болған. Мәселен, феншуй ілімі бойынша үйге кі­ре берісте міндетті түрде су болуға тиіс. Бұрыннан бері Қытайда үйлерді қандай да бір қоймалардың маңайына салуға тырысқан. Жағымды энергия «ци» су бойымен қозғалады деп сенген. Ал «ци» энергиясы дұрыс ағылса, маңайдың бәрі берекеге бөленеді. Сол себепті саябақты салу барысында судың ағысына көп көңіл бөлінген. Оның басын қайдан алып, қай бағытта ағатыны, ағысы сая­бақтың қандай бөліктерін қамтитыны, барлығы дерлік алдын ала қарастырылатын болған. Міне, құпиясы көп шығыс саябақтарының кейбір пәл­са­палық тұжырымдары осындай.

2.2 Демалыс және мәдениет саябақтары – қалалық жерлердегі көпшіліктің жұмыстан бос уақытта таза ауада тынығып, демалуына және көңіл көтеруіне арналған бақтар. Олар әдетте, қаланың көлді, бөгенді, көкмайса көркем жерлерінде ұйымдастырылады. Белгілі бір мерзім сайын тазаланып, жөнделеді. Гүл, ағаш отырғызылады. Саябақтарда кафе, асхана, кинотеатр, ашық сахна, спорт алаңы, балалар алаңы, түрлі аттракциондар, компьютерленген қызықты ойын автоматтарының павильондары, би алаңдары, ашық эстрадалар, мәдени-көпшілік орындар жұмыс істейді. ‎ Ірі саябақтарда мерекелік серуендер, өнерпаздар байқауы, көрмелер, дәрістер, әңгіме-кеңестер, түрлі сипаттағы кездесулер, т.б. жүргізіледі. Қазақстанда ашылған алғашқы Демалыс және мәдениет саябақтарының бірі– АлматыдағыОрталық демалыс және мәдениет саябағы 1935 жылы ұйымдастырылды.

Қапай батыр ауылында саябақ ашу ойына себеп болған мына суреттер. Ауылымның маңайындағы қоқыстарды көріп, неге осы қоқыстардың орнына саябақ болмасқа деп ойладым.

Саябақ ашу бір адамның қолынан келетін іс емес, сондықтан мен ауыл тұрғындарынан көмек сұрадым. Ол үшін ауыл тұрғындарына сауалнама жүргіздім.

Ауыл тұрғындарының қызығушылығын анықтау сауалнамасы

Ауыл тұрғындарының аты-жөні._____

Сұрақтары

Ия

Жоқ

1

Қапай батыр ауылында саябақ болуын қалайсыз ба?



2

Қоршаған орта мен адамның өзара байланысын түсінесіз бе?



3

Қапай батырауылының экологиялық проблемасын анықтай аласыз ба?


4

Ауыл маңайындағы қоқыстардың адам ағзасына тигізген зардабын білесіз бе?



[img src=«file:///C:UsersAsemgulAppDataLocalTempmsohtmlclip1clip_image006.gif» align=«right» height=«270» hspace=«12» width=«389»>

Ауыл тұрғындарының қызығушылығын анықтау

мониторингісі

2.3 Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек. Оны мына 1-ші кестеден көруге болады:
1-кесте

Жүргізілетінжұмыс

1

Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы.

2

Жердің географиялық орны.

3

Топырақ құнарлығы.

4

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.

5

Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.

6

Өсімдіктердің үйлесімділігі.

7

Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.

8

Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі)


Енді осы жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәселелерге тоқтайық.

Біздің ауылымыз Жарма ауданының солтүстігінде орналасқан. Ауданымыз Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Жарма ауданының климаты Еуразия материгінің ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы да ұзақ, бірақ суық. Континентік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылу байқалады.

Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың абсолюттік температура –40-450 – қа дейін төмендейді.

Жаз айлары өте ыстық. Шілдеде орташа температура +27 +280 болады. Жаз айларында Иран жақтан оқта – еткте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +450-қа дейін көтеріледі. Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық ауданға жатады.

Топырақ құрамы әр түрлі болып келеді. Біздің зертеуімізше топырақта макроқұрлым жоқ, оның есесіне төзімді, тез езілмейтін микроқұрлым бар.
Топырақтың тапталу дәрежесі яғни тығыздығы орташа. Мұны күшпен топыраққа пышақты ұрғанда байқауға болады.


Жергілікті жердегі өсімдіктер.
1-Қарағаш, 2-көк терек, 3-көк тал, 4-үйеңкі, 5-қарақат, 6-жиде ағашы.

Жұмыстың бір ерекшелігі біз көгалдандыру тек жергілікті жердегі өсімдіктерге тоқталуды жөн көрдім. Себебі олардың жергілікті жерге жақсы өсіп өркендейтіні белгілі.Ал сырттан алынған өсімдіктердің біздің жердің экологиялық ерекшеліктеріне байланысты жерсінуі қиын болады.

Ал енді адам денсаулығына қолайсыз экологиялық факторларға тоқталсақ оларды мына төмендегі 2-кестеден көруге болады.

Қолайсыз жағдайлар

1

Шаң-тозан

2

Шу

3

Қатты соққан суық және ыстық жел

4

Атмосферадағы микробтар

5

Түтін

6

Улы газдар

Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар мен бұталарды таңдағанда алдымен олардың адамға пайдасын, әсерін, сәндік мақсатта отырғызылатын орны, биологиялық және экологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Әр ағаш әр түрлі болып келеді.

[img src=«file:///C:UsersAsemgulAppDataLocalTempmsohtmlclip1clip_image010.jpg» height=«359» border=«0» width=«256»>

Мектебімізді жылда көгалдандырып отырамыз

2.4Қапай батыр ауылындасаябақ салу жоспарын мына кестеден көруге болады. Жоспарымыз іске асу үшін бізге 4 жыл уақыт қажет болады.

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1

Демалыс көгалдандыру саябағына ұсынылған жерімді алып, оның ахитектурасын ақылдаса отырып, проектісін тұрақтандыру.

2012-2013 жж.

2

Саябаққа түрлі дизайн жасаушы адамдармен ақылдасып, ұзақ жылдық ағаштар, шыршалар гүлдер отырғызып оны баптау және қаржы мәселесіне көмек бере алатын арқасүйер жандар болса, табиғат қорғау, көгалдандыру туралы жарнамалар көп шығарылса

2014-2015 жж.

3

Саябақ проектісін іс-жүзіне айналдыру.

2016-2017 жж.

III.Қорытынды

Соңғы он жыл бол­ды, орман азайғандықтан жаз болса Қапай батыр ауылын құм көшкіні бұрқырап ба­сып жатады. Сарыарқаның желді аймағы болғандықтан да құм ауаға еркін та­райды. Сондықтан ауылғасаябақтың салынуы адамдар денсаулығы үшін аса керек. Олар­дың салауатты өмір салтын қа­лыптас­ты­руына да, бала-шаға­ларымен таза ауада, табиғат аясында серуен­деуіне де сая­бақтың маңызы зор.

Қазақстан үлкен мемлекет, бұл мемлекетте өнеркәсіп мекемелері көп болғандықтан бұл ел үшін ауа тазалығының мәселесі өзекті. Сол себептен бұл мемлекет өзге елдердің ауасын ластамау үшін, ауаның тазалығына назар аударып отыруы керек, — дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Бо Либерт.

Ол үшін барлық табиғат қорғау қызметкерлерін, мемлекеттік биліктің тармақтары, біздің облысымыздың тұрғындары, қоғамдық ұйымдар өзара байланысқан жағдайда ғана жинақталған экологиялық проблемалардың түйіні шешілуі мүмкін. Тек сонда ғана өзіміздің туған жердің теңдессіз табиғатын сақтап, біз кейінгі ұрпаққа тапсыра аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық.-А: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004. -328б (21-22)

2.Бердімұратов Қ.А. Өлкетану жұмысының негізі // Биология және салауаттылық негізі, 2006, № 4. 15-17 б.

3.Бозшатаева Г. Т., Оспанова Г. С. Экология. А: Білім, 2002. 116 б.

4.Бродский А. К. Жалпы экология. А: Мектеп,1997. 128 б.

5.Жатқанбаев Ж. Ж. Экология негіздері. А: Білім, 2003. 59 б.

6.Касьян А.А. Современные проблемы экологии. М: Наука,1997.93 б.

7.Кочергин А.Н. Экологическое знание. –Н: Прсвещение,1987. 130 б.

8.Мамедов Н.М. Саябаққа барғанда. Алматы, 2005. 85 б.

9.Маркович Д.Ж. Социальная экология. – М: Просвещение, 1991. 156 б.

10.Монин А.С. Шишков Ю.А. Глобальные экологические проблемы. М: Наука, 1990. 160 б.

11.Наурызбаев И.К. Демалыс және мәдениет саябақтары / Экологиялық жаршы, №6.2 б.

12.Родзевич Н.Н. Городские географо – экологические экскурсии // География мектепте,2005,№8.23-25 б.

13.Тихомиров Н.П. Социально – экономические проблемы защиты природы. М, 1992.

14.Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия. www.google.kz

15.Шаушекова Б.Қ., Е.А.Бөкетов Көгалдандыру жұмыстары. Алматы, 2004. 105 б.

.

Мектеп директоры

________________

Өмірбаев Д.Қ.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы: Жаңарған өлкеде жасыл ел

Оқушының тегі атыМұқатаев Арлан

Мектеп, сыныпВасильковка негізгі мектебі 9 сынып

Ғылыми жетекшінің тегі атыҚаирбекқызы Асемгуль

Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ескерту

1

Қапай батыр ауылының экологиялық жағдайын бақылау

Байқау

Фотосуретке түсіру


2

Ауыл тұрғындарының саябақ салуға қызығушылығын анықтау

Сауалнама алу


3

Аудандық кітапханадан саябақ тарихы туралы мәлімет жинастыру

Тақырып бойынша әдебиеттерді зерделеу


4

Интернет желісінен ақпарат жинау

Қажетті ақпаратты сүзу


5

Ауыл тұрғындарына жадынама тарату

Эксперимент

Ақпарат тарату


6

Саябақты салуға жоспар құру

Болжау


Ауыл тұрғындарының саябақ салуға қызығушылығын анықтау сауалнамасы

Ауыл тұрғындарының аты-жөні._____

Сұрақтары

Ия

Жоқ

1

Қапай батыр ауылында саябақ болуын қалайсыз ба?



2

Қоршаған орта мен адамның өзара байланысын түсінесіз бе?



3

Қапай батырауылының экологиялық проблемасын анықтай аласыз ба?


4

Ауыл маңайындағы қоқыстардың адам ағзасына тигізген зардабын білесіз бе?



Ауыл тұрғындарының саябақ салуға қызығушылығын анықтаумониторингісі

    Ауылтұрғындарынатаратылған жадынама

    Табиғатты қорғау ережелері

    1.Орман біздің паналайтын панамыз. Орманды құртуға болмайды.

    «Бір тал кессең, оң тал ек»

    2.Өзен көлді ластамау. Өзің тұратын жерде өзенді тазартуға тырыс. Өзенге көлік жууға болмайды.

    «Бұлақ көрсең көзің аш»

    3.Суды орынсыз пайдаланбау.

    «Судың да сұрауы бар»

    4.Көктем және күз айларында сенбілік жүргізу керек.

    «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

    5.Өзің тұратын жердегі орманда құрып бара жатқан немесе сирек кездесетін аң құстарды көрсең тезірек өзің тұратын жердің әкімшілігіне хабарла.

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияМал шаруашылығын көркейтуде сарып ауруының алдын алу.

Әдіс бірлестіктерҒылыми-практикалық конференция (сценарий)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148665

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 20 шілде 2015 в 00:21 0
"Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтар табиғаттың тілі жоқ " демекші ластануды тоқтату, талқыланып жатса да әлі толықтай шешімін таппай отыр...

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар