Жабық тұқымды өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы:  Жабық  тұқымды өсімдіктер

 

                   Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы

                 «Жанай орта мектеп-бақша» КММ –нің

                          биология – география пәндері   мұғалімі

 

  Сабақтың мақсаты:

а) білімділік. Оқушыларға  жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбеюі және дамуы туралы білім беру.

ә) дамытушылық. Жоғары сатыдағы  жабық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту.

б) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд материалдары,  жабық тұқымды  гүлді  өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар

Сабақтың әдісі: Ассоциациялық  карта,  ЖИГСО, Венн диаграммасы, «Текше» стратегиясы т.б.

Сабақта электронды оқулық, слайдтар, суреттер, бөлме өсімдіктері, кеппешөптер, текше,  фломастер қолданылды.

 

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру арқылы  туған айлары  арқылы оқушылар 3 топқа бөлінді.

1 кезең. Ой қозғау.  Ассоциациялық картаны толтыру.

 

 

 

          Балдырлар              Қыналар                       Мүктер

 

 

                                     

                                     Өсімдіктер дүниесі 

 

 

                                                             Қырықжапырақтектестер                              Плаунтектестер

 

                                              Тұқымды 

 

 

                                   Ашық                 Жабық

 

 

Картаны толықтыра отырып, кеппешөп үлгілері ілінді.

 

Үй тапсырмасы плаун, қырықжапырақ, қырықбуын өтілген тақырыптар бойынша  3 топқа тапсырмалар берілді.

1)    Плаундар тобы

2)    Қырықбуындар тобы

3)    Қырықжапырақ тобы

Әр топтағы оқушылар өз аттарын қорғап, тапсырмаларды орындады.

1)  Сұрақ-жауап  “ Мені түсін”ойыны.

2)  «Баспалдақ» ойыны. Қалташадағы ұяшықта саты бойынша тапсырмалар берілген.

А.өсімдік мекені

Б. Ерекшеліктері

С.өкілі

Д. маңызы

 2 кезең. Мағынаны тану. «ЖИГСО» стратегиясы

 Үш топқа  мәтін бойынша тапсырмалар берілді.

Жоспары:

1.      Жабық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің құрылысы және ерешеліктері

2.     Көкнәрлар тұқымдасы

3.     Шаруашылықтағы маңызы

 ( Берілген мәтінді оқып, талдай отырып, постер құрады. Топ мүшелері бір- біріне түсіндіреді).

Электронды оқулықтан  үзінділер көрсетілді. (  Жабық тұқымды өсімдіктерге  сипаттама).    Кестемен жұмыс.

 

 

Жабық тұқымды( гүлді) өсімдіктер

Гүл бөлімдері

Маңыздылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

  Семантикалық карта.

Өсімдік атаулары

Спора

Тұқым

Гүл

Фитонцид

Сүрек

Ризойд

Көкнәр

 

 

 

 

 

 

Қырықбуын

 

 

 

 

 

 

Сүйелшөп

 

 

 

 

 

 

Плаун

 

 

 

 

 

 

Қарағай

 

 

 

 

 

 

         

Дәптермен жұмыс. Терминдік сөздермен жұмыс.

                    

а) “Микориза” (грекше микос-саңырауқұлақ,     риза-тамыр). Қазақша баламасы  селбес тамыр.

ә) “Дің”- ағаш сабағы.

б) “Шайыр” – ағаш діңінен ағатын сары  түсті қоймалжың зат (янтарь). 

в) “Жұмыртқажасуша” – аналық жыныс    жасушасы.

г) “Эндосперм” – (“эндон” – ішкі, “сперма”- тұқым) тұқымбүршіктегі қоректендіруші  ұлпа.

д) “Эрозия” – топырақтың бүлінуі.

Е) «Фитонцид»-  («фитон»- өсімдік, «сэдере»-өлтіру)

 

 

 

 Слайдтар  арқылы  тұқымды өсімдіктер туралы  ақпарат мәліметтер берілді

3 кезең. Рефлекция. Текшенің 2-қырына  жабық тұқымды және ашық тұқымды өсімдіктердің  үлгілері ілініп, «салыстырыңдар» деген тапсырма ұсынылды. Бұл жерде Венн диаграммасы толтырылды.

 

 

                     Ашық                 Жабық

               тұқымдылар           тұқымдылар

 

 

 

 

 

 

 

Топтар бір-бірін толықтырды. Текшенің 3-қыры  «иә», «жоқ». «Егер жабық тұқымдылар дүниесі дамымаса  адам тіршілік ете алар ма еді?» Бір топ «иә», екінші топ «жоқ» деген пікірлерді дәлелдеді.

 Сабақ соңында  «Даналық ағашқа» оқушылар стикер арқылы өз ойларын білдірді. Топбасшыларының бағалауы жүргізілді.  Оқушылардың іс-әрекеттері, білімдері бағаланды.Үй тапсырмасы берілді.

 

Бағалау парағы.

 Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды. Мысалы: Ақанова Айбала  бағасы. т.б. сол сияқты.

3

4

5

Мағынаны ашу

5

Нақты жеткізе білуі

5

Биологиялық сауаттылығы

5

Топтағы  белсенділігі

5

Қорытынды баға

5

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062405

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар