Жалпы гигиена қолданбалы курсы

12 қазан 2015 - Перизат Карибаева
Жалпы гигиена қолданбалы курсы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің «ЖББ №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

биология пәні мұғалімі

Карибаева Перизат Сериковна

Түсінік хат

Гигиена — денсаулық туралы ғылым болып, қоршаған ортаның әртүрлі факторларының, әлеуметтік жағдайдың адам ағзасына әсер етуін зерттейді және аурудың алдын алуға гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды ұсынады.

Қазақ елінің денсаулығын қадағалап, өміріне араша болар, өз еңбектеріне адал, болашақ ақ халатты абзал жандарды дайындауда жалпы гигиена таңдау курсының маңызы өте зор.

«Жалпы гигиена» таңдау курсы бағдарламасында берілген материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктерімен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай.

Ұсынылған бағдарламада арнайы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар сағаттарының жоспары көрініс тапқан. «Жалпы гигиена» таңдау курсы жан-жақты терең, жүйелі білім беру мақсатында 34 сағат көлемінде жоспарланған. Оқушыларға білім беру арнайы дәріс сабақ түрінде ұйымдастырылады. Таңдау курсының бағдарламасы қазіргі кезде қолданылып жүрген заңды құжаттар, санитарлық нормалар мен ережелер, бұйрықтарды басшылыққа ала отырып дайындалған.

Таңдау курсының бағдарламасында гигиенаның және санитарлық бақылаудың негізгі түрлері: ауа және қоршаған орта, су және сумен қамтамасыз ету, топырақ, елді мекендерді жоспарлау, тұрғын үй, емдеу-профилактикалық, еңбек, балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, өндірістік зиянды факторлардың адам ағзасына әсері, жүйелі тамақтану, тамақтану тәртібі, және жеке бас гигиенасы сонымен қатар гигиенада қолданылатын әртүрлі аспаптардың сипаттамасы, жұмыс жасау ережелері, гигиена ғылымының соңғы жетістіктері туралы ақпараттар оқытыалады. Мұнда осы курсты оқу барысында білім меңгеру керек білімінің міндетті минимумы берілген.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда ғылыми-педагогикалық және әдістемелік зерттеулердің бақылау, пікірлесу, зерттеу жұмысының жобаларын, шығармашылық жұмыстарды, практикалық жұмыстарды, бақылау нәтижелерін қорытындылау сияқты кешенді әдіс-тәсілдерді қолданылады.

Гигиенаны барлық мектеп оқушылары, медицина қызметкерлері білуі және өзінің тәжірибелік жұмыстарында, тұрмыста қолдана білуге міндетті. Әсіресе ауру адамдарға айығып кету үшін қандай диета түрін қолдану керектігі туралы дұрыс кеңес беруде және тиімді тамақтану, үйлесімді тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау бойынша адамдар арасында үгіт-насихат жұмыстарын дұрыс жүргізуде өте қажет.

Бұл таңдау курсы қазіргі заман талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, білім деңгейі жоғары, білікті мектеп түлектерін дайындап шығаруда алатын орны ерекше.

Оқытудың мақсаты:

Аурудың алдын алу бірінші кезекке қойылатындықтан қоршаған ортаның антропогендік ластануын болдырмау, жаңа технологиялардың денсаулыққа әсерін зерттеу, тағамдық азықтардың генетикалық модификациялық теріс бағытын жою жалпы гигиена таңдау курсының басты мақсаты болып табылады.

Оқытудың міндеттері:

1. Оқушылар бойындағы танымдық қызығушылықты дамыту.

2. Гигиенаны барлық оқушылар білуге және өзінің өмірлік тәжірибесінде жүзеге асыруға міндетті.

3. Оқушылар таңдау курсындағы белгіленген жоспар бойынша сабаққа тиянақты қатысуға міндетті.

4. Жалпы гигиена таңдау курсының адам өміріндегі маңызын ашып көрсету.

5. Гигиенаның түрлері мен іріктемелері бойынша теориялық материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.

Күтілетін нәтиже:

    -Гигиена туралы білімі мен білігі тереңдейді;

    -Оқушылар бойында өмірге жаңа көзқарас қалыптасады;

    -Статистикалық деректерді, Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өндеуге үйренеді;

    -Гигиена ғылымының соңғы жетістіктерін меңгереді

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Гигиена ғылымының қысқаша даму тарихы

1

2

Гигиена ғылымында қолданылатын әдістер

1

3

Ауа мен қоршаған орта гигиенасы

1

4

Су. Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы

1

5

Ауыз суының сапасына қойылатын гигиеналық талаптар

1

6

Су көздеріне гигиеналық сипаттама

1

7

Жер аумағына қойылатын гигиеналық талаптар

1

8

Тұрғын үй гигиенасы

1

9

Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы

1

10

Топырақ гигиенасы

1

11

Тамақтану гигиенасы

1

12

Қоғамдық тамақтану мекемелер гигиенасы

1

13

Тағамдық азықтарды гигиеналық сараптау

1

14

Қазақ Тамақтану Академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері

1

15

Тағамдық азықтарды гигиеналық сараптау

1

16

Ет және еттен жасалған тағамдар

1

17

Банкалық консервілер, оны өңдеуге және шикізатқа қойылатын талаптар

1

18

Дәнді-дақылдарға гигиеналық сипаттамалары

1

19

Балық және балықтан жасалатын тағамдардың сапасына қойылатын талаптар

1

20

Тағамнан улану

1

21

Тамақтан улануды тексеру тәртібі

1

22

Емдеу профилактикалық мекемелердің гигиенасы

1

23

Аурухана палаталарына қойылатын гигиеналық талаптар

1

24

Жеке адам гигиенасының қазіргі кездегі мәселелері

1

25

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

1

26

Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері

1

27

Мектеп кешені мен тұрғылықты жеріне қойылатын гигиеналық талаптар

1

28

Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелеріне қойылатын талаптар

1

29

Мектеп жиhаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар

1

30

Сынып бөлмесіне қойылатын талаптар

1

31

Еңбек гигиенасы

1

32

Өндірістік кәсіп орындарына қойылатын гигиеналық талаптар

1

33

Жеке адам гигиенасы

1

34

Жеке адам гигиенасының қазіргі кездегі мәселелері

1

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    1.ҚР Кодексі “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы”,

    № 193-IV, 18.09.2009 ж.

    2.ҚР қазіргі кезде тәжірибеде қолданылып жүрген заңды құжаттар.

    3.М.Ф.Нестерина, И.М.Скурухина. «Химический состав пищевых продуктов», « Справочные таблицы содержания аминокислот, жирных кислот, витаминов, макро и микроэлементов, органических кислот и углеводов» Москва, 1979 г

    4.М.Ахметов «Русско-казахский словарь терминов по гигиена питания» -Алматы. 1999 ж.

    5.Т.А. Момынов, А.Рақышев- «Медициналық сөздік»-Алматы, 1999 ж.

    6.Б.Е.Алтынбеков., М.Ә.Бөлешов., Б.К.Торгаутов «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»-Шымкент, 2000 ж.

    7.Т.Ш.Шарманов «Экономика здравоохранения и перспективы государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-Вашингтон, 2000 г.

    8.Б.А.Неменко «Коммуналдық гигиена»-Алматы, 2005 ж.

    9.Үлкен медициналық энциклопедия, 14,19,20,26 томдар М., 1980 ж.

    10. У.И.Кенесариев., Н.Ж.Жакашев «Экология және тұрғындар денсаулығы»-Алматы, 2003 ж.

    11. А.А.Минх.«Справочник по санитарно-гигиеническим исследованиям»-Москва «Медицина», 1973 г.

    12. Н.Ф.Измеров «Руководства по гигиене труда»-М., «Медицина», 1987.

    13. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С.-«Тағам гигиенасы», Шымкент 2009ж.

    14. Б.К.Торгаутов., Сералиева М.Ш.-«Жалпы гигиена», Шымкент, 2009 ж.

    15. В.Ф.Кирилова «Руководство к практическим занятиям по гигиене труда» — Медицина, 2001 г.

Құрастырушы:

Карибаева П.С. жас маман, биология пәні мұғалімі

Осыған ұқсас жазбалар:

ФизикаАвторлық қолданбалы курс бағдарламасы "Физика болашақ- мамандықта"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148587

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар