Жануарлар әлемі – табиғаттың бөлінбес, құрамдас бөлігі»

2 наурыз 2015 - Газиза Бекишева

«Жануарлар әлемі – табиғаттың бөлінбес, құрамдас бөлігі»

ҚҰӨУ мектебінің биология пәні мұғалімі Кабзолина Р. Б.

Астана қаласы. Танымдық ойын. XXI ғасырдың көшбасшысы

Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, жануарлар әлемі туралы алған білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін, дамыту.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Ойын бөлімдері жазылған текшелер, магнитофон, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Бұл ойын түрінде өтетін сабақты биология курсын аяқтағанда оқушылардың есінде ұзақ уақыт сақталу үшін бекіту ретінде өткізген тиімді.Сыныптан тыс шара.Әрбір сыныптан үздік оқитын оқушыларды тест арқылы іріктеп алып қатыстырамын.

Жоспары:I – тур. Бәйге. II – тур. Полиглот.III – тур. Таңғажайып тоғыздық.IV – тур.Сөздіктер әлемінде.V – тур. Шешендік сайыс.VI – тур. Жорға.

Жүргізуші: — Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсіңКөрмегенді көрсетерсің, берерсің.Ұлан-ғайыр байлығымды місе етпейАш көзденген адамдарға не дерсің?! Айың анау, күнің мынау, жер мынауЕй адамдар, жетпей жатыр енді не? Табиғатқа таласпаңдар ағайын, Асырайды ол сені, мені, елді де.

М.Мақатаев

Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым.«Жануарлар әлемі – табиғаттың бөлінбес, құрамдас бөлігі» атты тақырыптағы «7 сынып көшбасшысы» ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынымыз 6 турдан тұрады. Әрбір турға 10 ұпайдан қойылады. Тек полиглот турына 20 ұпай. Ойынға 6 оқушы қатысады.Ал құрметті оцыншылар сіздер өздеріңізді таныстырып кетіңіздер. Сіздерге қойылатын шарт: жауап берер алдында алдарыңыздағы бес жұлдызды көтересіздер. Ойын шарттары түсінікті болса, дайын болсаңыздар, ойынымызды бастайық.

I – тур. «Бәйге»

1. Қай жануар бірден 250 литр су ішеді? (түйе)2. Өрмекші жыртқыш жәндік, бірақ аппараты соруға бейімделген. (Себебі ол «у» жібереді)3. Тайга кенесі адамға қандай ауру жұқтырады?

(энцефалит)4. Қай жануар ең майлы сүт береді? (тюлень 43%)5. Көбелек дернәсілін ата. (жұлдыз құрт)6. Қандай құс жерге қонбайды? (қарлығаш)7. Ақ құр қайда түнейді? (қардың астында)8. Үлкейткіш аспаппен қарасаң, Кебістің ізі екен деп қаласың. (кірпікшелі кебісше)9. Балапан кімді анам деп есептейді? (кімді бірінші көрсе)10. Теңіздегі ең ірі балық. (Алып акула)11. Неліктен қаз, үйрек судан құрғақ шығады? (себебі құйымшақ безінен блінген майды қауырсынына жағады)12. Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады? (судың бетіне көтерілу және судың астына тез түсу шін)

II – тур. «Полиглот»Мұнда мына тақтадағы берілген сандарды ойыншылар таңдайды. Оның астында сөз бар. Бірақ ол сө бұрыс жазылған, соны дұрыс оқып, сол сөзді ағылшынша, орысша айтып беруі тиіс.

Сандар төңірегіндегі сөздер:

1.мысық – кошка – cat (сымық)2.ит – собака – dog (ти)3.жылқы – лошадь – horse (лжықы)4.қоян – заяц – rabbit (янко)5.тышқан – мышь – mouse (тышанқ)6.сиыр – корова – cow (ысир)7.қой – баран – sheep (йоқ)8.ешкі – козел – goat (ішке)9.шошқа – свинья – pig (ақшош)

III – тур. «Таңғажайып тоғыздық»

Жануарлар курсынан әрбір кластар бойынша сұрақтар қойылады.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сол жақтағы № 40 1.Алтайдың жергілікті тұрғындары бұл жануарды бірнеше үй жануарларымен ұқсастырады: сиыр сияқты сүт береді, қой сияқты жүнін қырқады, құйрығы жылқынікі сияқты, шошқа сияқты қорсылдайды. Сөз қандай жануарлар жайында ?(қодас — як)

Оң жақтағы№ 402.Тасбақаның мүйізді сауыты қалай құралған ?(омыртқаның кеңейген өсіндісі, терілі сүйекше, мүйізді тақташа, құрсағы – бұғана, төс)

Ортадағы№ 303.Бұл жануардың реңі ашық сары қара дақты құйрықты, кесірткеге ұқсайды, бірақ жорғалаушы емес. Көктемде суда өмір сүреді, бірақ бақа емес. Қыста тоғаннан орманға барып сулы мүкті қазып ұйқыға кетеді. Бұл қандай жануарлар ?(саламандра)

Оң жақтағы№ 304.Қандай басаяқты моллюска өзінен сия сияқты сұйық зат бөледі ?(сегізаяқ)

Ортадағы№ 205.Солтүстік Американың бір штатынан келген қоңыз. Картоптың қас жауы. Сол штаттың атымен аталады ?(колорадо)

Оң жақтағы№ 206.Тропиктік жерлерде тіршілік етеді. Гүл шірнесі мен қоректенетін құс ?(колибри)

Сол жақтағы№ 307.Денесінен 70 Вт электр тоғын шығаратын балық ?(электрлі скат)

Сол жақтағы№ 208.Бұл құрт қалың жаңбырдан соң жер бетіне шығады. Себебі сулы топырақта ауа жетіспейді. Тыныс алу қиындайды. Бұл қандай құрт ?(жауынқұрты)

Ортадағы№ 409.Бұл жәндікті жасыл эвглена деп атайды. Қарапайымдар типіне жатады. Өсімдікке де, жануарға да ұқсастығы бар. Қандай ?(хлоропластары болғандықтан фотосинтез жүреді, талшығы бар қозғалады )

Осы турдан кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады. Бағалы сыйлықтармен марапатталады.

IV – тур. «Сөздіктер әлемінде»

1.Құстарды зерттейтін ғылым? (орнитология)2.Судың бетінде қалқып жүретін ұсақ шаянтәрізділер жіне ұсақ ағзалар. (планктон)3.Жарақаттанған бөліктің қайтадан қалпына келуі. (регенерация)4.Ересек бунақдене қалай аталады? (имаго)5.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым? (эмбриология)6.Қосмекенділердің артқы ішегінің кеңейген бөлігі. (клоака)7.Сүліктен бөлінетін қанды ұйытпайтын ерекше зат? (гирудин) 8.Аталық, аналық жыныс жасушасы бір ағзада болса… (гермофродит)9.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым? (маммология — териология)10.Қазбадан табылған ежелгі құс? (археоптерикс)

Осы турдан кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады. Сыйлықпен марапатталады.

V – тур. «Шешендік сайыс»

Тақырыбы:«Жануарлар – өзара тығыз байланысты табиғаттың құрамдас бөлігі»Шарты: Бүгінгі күннің экологиялық жағдайына тоқталу. Фактылармен тұжырымдап сөйлеу.Уақыт:2 минҰпай: 20

VI – тур. «Жорға»

1.Аталық, аналық жыныс жасушасы қалай аталады? (гамета)2.Өзен шаянының қорғану мүшесі? (қысқыш) 3.Шеміршекті балықтар? (акула, скат)4.Жорғалаушылардың жұмыртқасы немен қапталған? (тері)5.Ең ірі кесіртке? (кесел — варан)6.Эхолокация қандай сүтқоректілерде дамыған? (тісті киттер, жарқанат)7.Терісінің түсін өзгерте алатын кесіртке? (құбылғы — хамелеон)8.Ұзын тұмсықты крокодил? (гавиал)9.XVIII-XIX ғасырдағы үшмачталы желкенді кеме мен осы құстың аты бірдей ?(фрегат)10. Қазақстанның қызыл кітабына енген қосмекенді ?(Жетісу бақатісі)11.Қай мемлекетте мысық қасиетті жануар болып есептелінеді ?(Египет)12.Бұл омыртқасыз жәндіктің денесі қармалауыштарымен қоса есептегенде18 м. Салмағы 300 кг.(кальмар)

Ойынсоңындаұпайыкөпоқушы«XXIғасырдыңкөшбасшысы»болыпмақталып, сыйлықтарменмарапатталады

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150995

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар