Жасушалық биология және жасушалық цикл Жасушаның негізгі бөліктерінің қызметтері

29 наурыз 2015 - Бекмухамбет Жумаев

Сабақ жоспары

Сабақ: 9.4 АЖасушалық биология және жасушалық цикл

Жасушаның негізгі бөліктерінің қызметтері

Мектеп: ХББ НЗМ, Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жумаев Б

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осысабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

·Жарық микроскобы арқылы көрінетін өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылымы мен қызметін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата біледі

Оқушылардың көпшілігі: Жарық микроскобы арқылы көрінетін өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылымдарын атап береді

Кейбір оқушылар: Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттай алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Ядро, митоз, мейоз, жасуша айналымы, интерфаза, цитокинез, гаплоидті, диплоидті, хромосома, ДНҚ, ген, ұрпақ, еншілес жасушалар, ұрықтану, жасушаның бөлінуі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

-Өсімдік пен жануар жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары олардың… байланысты.

-Түрлі жасуша құрам бөліктерінің… әр түрлі.

Алдыңғы білім

Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрам бөліктерін анықтай алады. Олар сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларын ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ қезіндегі іс-әрекеттер

Ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі

0-2

Сәлемдесу

Сабаққа дайындық жасау

ІІ. Ой шақыру

2-5

·«Cells Cells» видеосын көру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын қалыптастыру

https://www.youtube.com/watch?v=-zafJKbMPA8&feature=kp

Дәптермен жұмыс

ІІІ. Мағынаны тану

5-10

10-25

25-30

30-35

    ·(I) Оқушыларға тапсырма беріледі және әрбір оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін өзара жауаптарын алмастырып тексереді

    ·I. Суреттегі өсімдік және жануар жасушасын анықтаңыз.

    Оқушылар таныстырылымда берілген суретті пайдалана отырып жасушалардың құрам бөліктерінің қызметін сипаттайды.

    ·Кейбір оқушылар суреттегі жасушаның микроскопиялық құрылысын қарап, өсімдікке немесе жануарға жататындығын анықтап, ерекшелігін көрсетіп дәлелдейді.

    ·Кейбір оқушылар жасуша құрам бөліктерін ермексазды қолдана отырып құрастырады

    ·(G) Топтық жұмыс

    Балмұздақ таяқшалары арқылы сынып екі топқа бөлінеді. Аталған екі топ мүшелері «Ойлан тап!» ойынына қатысады. Ойын шарты бойынша екі топтан бір оқушыдан шығып сыныпқа (сыныптың тақтасы орналасқан бөліміне теріс) қарама-қарсы орналасып отырады. топтың қалған оқушылар тақтада көрсетілген ұғымның баламасын түсіндіруге, ал қарсы отқан оқушы ол ұғымның атауын табуы тиіс. Сабақтың бұл бөлімі терминдермен жұмыс жүргізуге бағытталады.

    ·(f) Оқушылар айқыш-нөл ойынын ойнайды, бұл ойын оқушылардың берілген білімді түсінгендігін тексереді. Оқушыларға сұрақ қойылады, егер оларға дұрыс жауап берілсе, торда О, ал бұрыс жауапта Х қойылады.

    Сұрақтар:

    1. Жануар жасушасында хлоропласт саны өте көп кездеседі – Х

    2.Рибосомаларда фотосинтез нәтижесінде күн энергиясы пайдаланылады – Х

    3.Жасушада митохондриялар саны жасушаның энергетикалық және биосинтетикалық үрдіс қарқындылығына байланысты – О

    4. Жасуша қартая бастағанда вакуоль көлемі ұлғая түседі – О

    5.Центриоль қызметі өсімдік жасушаларында басым болады – Х

    6.Жасуша құрамындағы жасушалық қосындылар арнайы қызмет атқармайды – О

    7. Рибосома нәруыз биосинтезіне жауапты органоид – О

    8. Жасуша орталығы – центриоль мен центросферадан тұрады – О

    9.Жасуша ядросы генетикалық ақпаратты сақтайды — О

Презентация

Үлестірме қағазы

Презентация

Интернет желісіне қосылған ноутбуктер

Ермексаз

Үлестірме қағазы

Презентация

Үлестірме қағазы

IV.Рефлексия

1.Кері байланыс

3

Сабақта болған үш әрекетті талқылау

І.Біз бүгін оқыдық

ІІ.Бізде жақсы іске асты

ІІІ.Бізде қиын болды.

Стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау — сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау

Байланыс АКТ

Мәндер байланысы

Өсімдік пен жануар жасушасы құрылысы мен қызметін салыстыру.

Қабілеті жоғары оқушылар жасуша құрам бөліктерінің қызметін сипаттайды. Ал қабілеті төмен оқушылар жасуша құрам бөліктерін ермексаз көмегімне құрастырады.

Жеке және топтық жұмысты бағалау

Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды.

Цитология, Физика, Медицина, АКТ

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072398

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар