Жыландар

29 шілде 2015 - Нұрсұлу Тауова

Сабақ жоспары

Мұғалім: _Тауова Нұрсұлу Раулқызы___ Сынып: _7«б»________

Апта-1

Күні-11.03.2015

2 –сабақ

Сабақ тақырыбы

Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты, уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға жыландардың құрылысы туралы түсіндіріп, олардың улы аппараты, уының әсері, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек, жыландардың маңызы жайлы білімдерін жетілдіру.

Сілтеме

Әдістемелік нұсқаулықтар: Биология оқулығы 7 сынып

Авторлары: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков,Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.

Интернет материалдары

Табыс критерийі

1) Жорғалаушылар класын қосмекенділер класымен салыстыра отырып, ерекшелігін айта алу;

2) Жыландардың құрылысын кесірткілермен салыстырып, ерекшелігін ажырата білу;

3) Жыландардың улы аппараты, уының әсері туралы біліп, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмекті көрсетете алуы және жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын білу;

Күтілетін нәтижелер

1) Жорғалаушылар класын қосмекенділер класымен салыстыра отырып, ерекшелігін айта алады;

2) Жыландардың құрылысын кесірткілермен салыстырып, өзгешелігін ажырата біледі;

3) Жыландардың улы аппараты, уының әсері туралы мағлұматты түсінген, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмекті көрсете алады; Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын біледі;

Тапсырмалар

Білу.

Оқушылардың уйге берілген тапсырмаларын тыңдау, талдау;

1 тапсырма: Жорғалаушылар класын қосмекенділер класымен салыстыру, ерекшелігін айту.«Ортақ талқы» әдісі

Түсіну.

2 тапсырма: Жыландар мен кесірткілердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыру, ерекшелігімен танысу

«Тұжырымдамалық карта» жасақтау, постерге түсіру,қорғау

Қолдану.

3 тапсырма: Жыландардың улы аппараты, уының әсері, жыланның шағуынан қорғану туралы біліп, улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмекті үйрену;

«Рөлдік ойын» әдісі

Талдау.

4 тапсырма: Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландардың маңызын оқып-үйрену; «Сұхбат алу»әдісі

Жинақтау, бағалау. 5-тапсырма: Жыландар мен кесірткелер бойынша алған білімдерін жинақтау; «Суреттер мен фотосуреттер»әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу

«Жыландар, кесірткелер, крокодилдер» атты жорғалаушылардың өкілдерін пайдалану арқылы 3 топқа бөлу;

1)Жорғалаушылардың аты бар қима қағазды құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

2) Топ аты бойынша бұрыннан бар білімдері бойынша түсінік береді.

ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру

Білу. 1-тапсырма бойынша

А)«Ортақ талқы»әдісінің сұрақтары арқылы үй жұмысын тексеру: Жорғалаушылар класын қосмекенділер класымен салыстыру, ерекшелігін айту.

Ә) Оқушының дайындаған үй тапсырмасын тексеру

"Ортақ талқы" әдісінің сұрақтары: І топ :1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Жорғалаушылардың қанша түрі бар?

3. Жорғалаушылардың тері түзілісі қандай және мұндай түзіліс не үшін керек?

ІІ топ

4. Жорғалаушылардың қаңқасы неше бөлімнен тұрады?

5. Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған?

6. Жорғалаушыларды жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас бірақ қандай ерекшелігі бар?

ІІІ топ

7. Жорғалаушылардың сезім мүшелерін ата.

8. Қосмекенділерге қарағанда мишығы қалай дамыған?

9. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім?

ІҮ топ

10. Ауа өтетін тыныс мүшелері неден тұрады?
11. Жорғалаушылар қалай көбейеді?

12.Жорғалаушыларды қаңқасының қосмекенділер қаңқасынан ерекшелігі қандай?

«Смайликтер» арқылы

ІІІ. Жаңа тақырып

Түсіну. Ой қозғау:

1)«Жыландар мен кесірткелерге тән ерекшелік және жыланның уы туралы» бейнебаян арқылыақпарат беру.

2 тапсырма: Жыландар мен кесірткілердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыру, ерекшелігімен танысу; «Тұжырымдамалық карта» жасақтау

1) «Жорғалаушылар»туралы бейнебаянды көре отырып, өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, өздері білетін білімдері туралы ой қозғау.

2) Оқушылар "Тұжырымдамалық карта" әдісібойынша мәтінді оқып, топта талқылап, жыландар мен кесірткілердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыру, ерекшелігімен таныстыру мақсатындапостерге жинақтайды.

«Бағдар

шам » арқылы

Шығармашылық жұмыс

Қолдану. 3 тапсырма: Жыландардың улы аппараты, уының әсері, жыланның шағуынан қорғану туралы біліп, улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмекті үйрену;

1) «Рөлдік ойын»

Мақсаты: жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмекті ұйымдастыра білуге үйрету;

«Рөлдік ойын» Бейнеленетін мәселе: Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмекті көрсете алу.Ойынға 3 оқушы қатысады: біреуі — дәрігер, екіншісі -жылан шағып, жапа шеккен науқас, үшіншісі — алғашқы көмек көрсетуші; Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек:

— кешіктірмей ауызбен уды сорып тастау

— егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10 — 15 минут бойы жүргізіледі.

— зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қою.

— қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қою.

— аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып тастау.

— зардап шегушіге сусынды көп ішкізу (шай, минерал немесе жай су).

— ауруды басатын кез — келген дәрілердің 1 — 2 таблеткасын ішкізу.

— зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткізу.

— шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды! Дәрігер көмегі: Новокаин, марганец қышқыл калий, мышьяк, хлорлы аммиак т. б. дәрі-дәрмек қолданып, удың зәрін қайтару;

«Бас бармақ» арқылы

IV. Қорытын дылау

Талдау.

«Сұхбат алу»әдісі арқылы 4 тапсырма: Жыландар, сарыбас, сұр жылан. Жыландардың маңызын оқып-үйрену;

Мақсаты: оқушылардың әртүрлі санаттағы адамдармен пікірлесу дағдысын дамытудың ең жақсы әдісі;

Топқа берілген мәтін бойынша топтағы әр оқушы берілген мамандық иелері бойынша сұхбат береді; Сұхбат алушы — Тілші; Сұхбат берушілер: зерттеуші -ғалым, биолог, эколог, фольклортанушы, дәрігер, кәсіпкер. Тілші сұрақтары: Зерттеуші-ғалымға: Алғашқы бауырымен жорғалаушылар жер бетінде қашан пайда болған? Биологқа: Жорғалаушылар класының негiзгi белгiлерiн атап берсеңіз? Фольклортанушыға:"Қазақтың жыланды ақ құйып қуатын" амалының және «Жатқан жыланның құйрығын баспа»ғылыммен байланысы бар ма?-Асан Қайғы атамыз «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер" деген, бұл туралы не айтасыз? Кәсіпкерге: Жорғалаушылардың маңызы туралы, әсіресе бизнестегі маңыздылығы туралы айтсаңыз. Дәрігерге: Жыланның медицинада маңызы бар ма?

«Шапалақтау»

Жинақтау, бағалау. «Суреттер мен фотосуреттер»әдісі бойынша 5тапсырма:

Жыландар мен кесірткелер бойынша алған білімдерін жинақтау;

Жорғалаушылар класы бойынша берілген суреттерді постерге орналастырып, суреттерге байланысты білетін негізгі мағлұматтарды жазып, ойлары мен пікірлерін айтып қорғау

Бағыттаушы сұрақтар:

1.Жыланның кесірткеден басты айырмашылығын көрсете аласың ба?

2.Кесіркенің денесіндегі қандай ерекшелікті байқадың?

3. Жорғалаушылардың қосмекенділерден ең басты өзгешіліктері неде?

«2 жұлдыз бір тілек»кері байланыс арқылы

Дерек көздер және жабдықтар

Флипчарт, қағаздар, стикер

Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері

Кейінгі оқу

Биология- Қазақстан мектептерінде;

Биологя анықтамалығы;

-"Әлемдегі Қызыл кітапқа енген жорғалаушылар" туралы презентация;

— Қазақстанда тіршілік ететін жорғалаушылар туралы альбом; -«Ең улы жыландар» туралы бейнебаян ;- «Жорғалаушылар туралы аңыз-әңгімелер» кітапша немесе реферат;

Сабақты талдау

Топта, жұпта, жеке жұмыс бойынша талдау;

Сабақты бағалау

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы;

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096879

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 25 тамыз 2015 в 22:38 0
Сабақта ролдік ойын, сұхбат алу т.б. әдістерін пайдаланған, оқушылардың шығармашылық ізденістері ұнады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар