Жыныс генетикасы.Жыныспен тіркес тұқым қуалау.

25 ақпан 2014 - Saule Orinkhanova

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы ,№3 мектеп-интернатының биология пәні  мұғалімі: Орынханова С.А.

Сабақтың тақырыбы:   Жыныс генетикасы.Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғындыру, ата тектің қасиеттерінің берілуі жөнінде білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу,өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі:сұрақ- жауап, есептер шығару, терминдермен жұмыс, іздендіру, салыстыру.

Сабақтың ұраны:

 Теріңді өзгерте алсаң да, тегіңді өзгерте алмассың!

  Жұртыңды ауыстыра алсаң да, ұлтыңды ауыстыра алмассың!

  Салтыңды ауыстыра алсаң да, халқынды ауыстыра алмассың!

Сабақтың құрылымы:
 1.Ұйымдастыру.

2.Сыныпты 2 топқа бөлу (әр топ өз атын қорғау).

3.Үй тапсырмасын сұрау:

а) Ғажайып ондық – ауызша сұрау.

ә) Есептер шығару – талдау.

4.Жаңа сабақты түсіну(өз әрекетімді болжаймын).

5.Жаңа сабақты бекіту(еркін таңдау жасаймын).

6.Бағалау(нәтижені бағалаймын).

7.Үйге тапсырма беру.

8.Сабақтан алған әсерімді жариялаймын.

Сабақтың көрнекілігі:
1.Интерактивті тақта, слайдтар


Пән аралық байланыстар: тарих —- ғылыми жаналықтардың ашылу жылдары,
химия — жасушаның химиялық құрамы,әдебиет — ұлттық тұрпат, ұлттық сана, тектілік, туыстан берілетін өнегелі мінез – құлық.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру-
1. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал жабдықтарын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
а)  КІМ?   НЕ?   ҚАШАН? (Мендель мен Морган жайлы)

ә)“Ғажайып ондық” лездік сұрақтар:
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Организмдердің сыртқы белгілер жиынтығы

3. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар?

4.Комплементарлық деген не?

5.Эпистаз құбылысын сипатта, ерекшелігі неде?

6.Полимерия жайлы не білесің?

7.Адамдағы қан топтары қандай типке жатады?

8.Генотип дегеніміз не?

9. Тұқым қуалайтын белгі жасушаның қай бөлігінде орналасқан?
10.Ген дегеніміз не?

б) Есептер шығару: №1-есеп:    Қаны гетерозиготалыІІ – топтағы жігіт, қаны гетерозиготалы ІІІ – топ қызға үйленген. Ұрпақтарының қан тобының генотиптері қандай болмақ?

№2-есеп:    Қаны гетерозиготалы ІІІ – топтағы жігіт, қаны І – топтағы қызға үйленген. Ұрпақтарының қан тобының генотиптері қандай болмақ?

III. Жаңа білімді игеру кезеңі — Өзімнің іс әрекетімді болжаймын.
1. Дәптерге бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазу.

2. Мәтінмен жұмыс ( негізгі терминдерді табу, анықтамасын айту)

3. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді:

— Балалар, цитогенетика ғылымы дамуының нәтижесінде жануарлардың аталық және аналық жасушаларында айырмашылық бар екені анықталды. Адам дене жасушаларында 46 хромосома бар.
Сызба нұсқамен жұмыс

Олар 23 жұп түзеді.Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомдар деп атайды. Ал 23 –жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды.Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Х хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада жұп ХХ хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.
Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада Х және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі .
Сүтқоректілерде аналық жыныс-гомогаметалы, аталықтары гетерогаметалы болады.Слайд « Адам жасушасындағы хромосома жиынтығы »Томас Гент Морган америкалық генетик тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасаған. Зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбыны дрозофила шыбынын алған.Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер анықтайтын белгілердің тұқым қуалауы, Мендель анықтаған белгілердің ажырауынан өзгеше болады.Белгілердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен қыздарына берілуі Крисс-кросс тұқым қуалау деп аталады. Адамда 60-қа жуық белгілер Х хромосомада тіркескендіктен жыныспен
тіркесіп тұқым қуалайды .

IV. Бекіту —  «Еркін таңдау жасаймын»
Генетикалық есептер шығару  және тапсырмалар орындау.

№ 1. Адамдарда миоплегия ауруы (мезгіл-мезгіл паралич болуы) доминантты түрде тұқым қуалайды. Әкесі гетерозиготалы, анасы сау некеден қандай ұрпақ күтуге болады?

№ 2.Фенилкетонурия (фенилаланин аминқышқылының өзгеруі нәтижесінде болатын зат айналымның бұзылуы) рецессивті түрінде тұқым қуалайды. Егер ата-аналарының біреуі осы белгі бойынша гетерозиготалы, екіншісі ауру болса, ол отбасында ауру балалардың болу ықтималдығы қандай?

№3. Адамдар көзінің қаралығы (К) көк көзділікке (к) доминантты. Әкесінің көзі көк, шешесінің көзі қара, қара көзді әйел, көк көзді жігітке тұрмысқа шығады. Ол жігіттің әке-шешесі қара көзді болған. Жас отаудың қара баласы болған. Аталған жандардың генотиптерін анықтандар.

№4. Мылқаулықтың тұқым қуалайтың бір формасын анықтайтын ген дұрыс есту геніне қарағанда рецессивті. Ата-аналарының екеуі де сау отбасында мылқау бала дүниеге келген. Осы аталған отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар.

№5. Биологиялық диктант.

Адамда, сүтқоректі жануарларда және дрозофилада аналық жыныс — .........., ал аталық — … Жыныс хромосомаларының ішінде Х хромосома ..........., ал У хромосома… анықтайды.Жыныс хромосомалары орналасқан… Арқылы тұқым қуалау жыныспен тіркес тұқым қуалау деп аталады.

№6. Суреттерде берілген тапсырмаларды орындау.

V. Бағалау: «Нәтижені бағалаймын»(сабаққа белсене араласып отырған оқушылар білімін  бағалау).

VІ. Үйге тапсырма:  «Жалпы биология» 10-сынып А.Сартаев, М. Гильманов
                             1. § 26   2.138 бет, 2-3 есеп. 3. Генетикалық есептер құрастыру.

Сабақтың соңында оқушыларға сабақтан алған әсерлерін жеткізу үшін смайликтермен жұмысты ұсынамын ( өте жақсы түсіндім, түсінбеген сұрақтарым бар, түсінбедім).

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103587

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар