Жыныс генетикасы

31 қаңтар 2014 - Мейрамгуль
Жыныс генетикасы

Атырау облысы.

Құрманғазы ауданы.

Д.Нұрпейісова орта мектебі

 

Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы.

Биология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы

 Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстыңанықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым  қуалау жөніндебілімдерін тереңдету.

 Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымынқалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру,іздендіру.

 Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершіліктұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

 Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ                

Сабақ әдісі: топқа бөлу,  сұрақ- жауап, топпен жұмыс, жұптықжұмыс, тірек сөздермен жұмыс, дискуссиялық өрнек, есептер шығару, сәйкестендіру. 

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.  А) Топқа бөлу.

Оқушылар қораптан геометриялық пішіндерді таңдап (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) алып жұмыс орындарына отырады.

 

В) Бағалауөлшемдерін таныстыру.

«5»  — 25 -31

«4» -  15 -24

«3» -  7 — 14

II. БІЛІМ  ЖҮЙЕСІ:  1.  Көпірсұрақтар: ( жеке жұмыс)                   2 ұпай

 1.Генетика ғылымы нені зерттейді ? – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті

 2. Моногибридтібудандастыру дегеніміз не? – бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды  будандастыруды атаймыз. Мыс: асбүршақтың сарыжәне жасыл түсі.

 3. Дигибридтібудандастыру дегеніміз не? – екі жұп  белгілерінде айырмашылығы барата аналық формаларды  будандастырудыатаймыз. Мыс: сары тегіс, жасыл кедір – бұдыр.

 4. Мендель заңдары. – І заңы біркелкілік заңы. ІІ заңы ажырау заңы. ІІІтәуелсіз ажырау заңы.

 5. Толық жәнетолымсыз доминанттылық дегеніміз не? –Мендельдің  бұршаққа жүргізген  тәжірибелеріндегі  байқалған құбылысты  толық даминанттылық  деп атайды,  ал гетерозиготалы  ұрпақтан толық доминанттылық байқалмай, аралық сипатта болады, оны  толымсыз доминанттылық  дейді.

 6. Т.Морганзаңы. – Т.Морган жеміс шырыны дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы «Тіркес тұқым қуалау заңын ашты»

 7. Кроссинговердегеніміз не? – Гомологті хромосомалардың бөліктерінің  өзара алмасуы немесехромосомалардың айқасуы.

 8. Цитоплазмалықтұқым қуалау дегеніміз не? – жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның  цитоплазмасында  орналасқан органоидтердің құрамындағы  гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.

 9. Генетикалықкарта дегеніміз не? – Хромосомадағы  жеке гендердің орналасу ретін көрсететінсызба.

 10. Аллельдіемес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар? – Төрт. Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көп аллельділік.

11. Комплементарлық әсер дегеніміз не? – Екі немесе бірнеше аллельді емес  доминантты  гендердің бірін бірі  толықтырып,  жаңа белгіні жарыққа шығаруы.  

12. Эпистаз дегеніміз не? – Бір ген  екінші  генді басып,  оның  белгісін жойып жібереді. Басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды.

 13. Полимериядегеніміз не? – Бір белгінің дамуын қуаттайтын  бірнеше аллельді  емес  гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы.

 14. Көпаллельділік дегеніміз не? – Хромосоманың ген орналасқан   бөлігібірнеше рет мутацияға  қшырауынабайланысты, ол генні  бірнеше ретқайталануы.

15. Ген дегеніміз не? – хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының өлшембірлігі.

16. Адамдағы хромосома саны – 46

Мұғалім: Табиғат құпиясы  таусылған ба?

                 Кездесер тірі ағзалар екі дара,

                 Аталық пен аналық жыныстардың

                 Біледі құрылысын  жеке дара.

                 Білсеңіз айтыңызшы, бұл қайсала?      ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ

 III. ТҮСІНІКЖҮЙЕСІ:   Жыныс генетикасы.  ( күн жады ментақырыпты дәптерге жазу) 

 Мұғалім: Жыныстың анықталуының  генетикалықмеханизімі бойынша _______________   түсіндіреді.                                                                       10 ұпай.

Оқушы:  Баршамызға белгілі  табиғатта кездесетін  тірі организмдердің  арасындағы  аталықтар мен аналықтардың  арақатынасы шаммен тең, яғни 1:1 қатынасындай. Осы құбылысты қалай түсіндіругеболады?                    Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардыңбіреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты.Бұл

Мендель тәжірибелеріндегі талдайбудандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді:

                       P                    Aa       x          aa

                        Г                   Аа                   а   

                       Ғ1                   1Аа     :           1аа

Жүргізілген цитогенетикалықзерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық жәнеаналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелеріненерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауғақатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды.. Олар Х және У деп белгіленеді. Соныңішінде Х хромосома аналықты, ал У хромосома аталықты анықтайды. Мұны дрозофилашыбыны мысалынан көруге болады.Дрозофиланың дене клеткасында болатынтөрт жұп, яғни сегіз хромосоманың алтауы аутосомалар (жыныстық емесхромосомалар), ал бір жұбы жыныстық хромосомалар болып табылады. Аналықшыбындарда олар біркелкі болады, сондықтан шартты түрде ХХ деп белгілейді. Алаталықтарда әркелкі болатындықтан ХУ деп белгілейді. Олай болса, суреттекөрсетілгендей аналық организмнің жұмыртқа клеткаларының (аналық жынысклеткасы) барлығы бірдей үш аутосомадан және бір Х хромосомадан тұрады. Алаталық жыныс клеткаларында жыныстық хромосомалар екі түрлі, яғни жартысы Ххромосомалы, қалған жартысы У хромосомалы болып келеді. Егер дене клеткасындажыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе, ондай жынысты гомогаметалы, алкерісінше әркелкі — ХУ болса, гетерогаметалы деп атайды.

Мұғалім: Соныменоқушылар 

·        Табиғаттакездесетін  тірі ағзалардың аталық  және аналықтарының  арақатынасы қандай?            (1:1)

·        Мұндай арақатынасМендельдің қандай тәжірибесінің нәтижелеріне сәйкес келеді?

( негізгі жыныстардың біреуі гомозиготалы, екіншісі гетерозиготалы болуына)

·        Жыныс хромосомалардегеніміз? ( Жынысты анықтауға қатысы бар, өзгеше бір жұп хромосомалар)

·        Аутосомалар ( адаммен жануарларда, өсімдіктерде  бірдейдене  хромосомалары)

·        Денежасушасында  жыныстық хромосомларбіркелкі ХХ болып келсе, оны… (гомогаметалы)

·        Денежасушасында  жыныстық хромосомлар әркелкіХУ болып келсе, оны…

( гетерогаметалы)

Мұғалім : ( әртүрліағзалардағы жыныс хромосомалар мен К.Бриджес тәжірибесін түсіндіреді)

Жыныспентіркесіп тұқым қуалау бойынша _________________ түсіндіреді.

Жыныстық хромосомалардаорналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесіп тұқым қуалау депатайды. Оны ең алғаш Т.Морганзерттеп ашты. Ол —дрозофиланың көзінің түсі тұқым қуалауын зерттеуге арналған тәжірибелер жасады.Бұл тәжірибеде қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен, ал екіншісінде, керісінше, ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырды. Дрозофиланың көзініңқызыл түсі (W+) ақ түсіне (W) қарағанда басым болып келеді. Қызыл көздіаналықты ақ көзді аталықпен будандастырғанда бірінші буында (F1) алынғанұрпақтың барлығы да қызыл көзділер болып шығады. F1-дегі дарақтарды өзарабудандастырғанда екінші буында (F2) алынатын ұрпақтың ішіндегі барлық аналықтарқызыл көзділер, ал аталықтардың жартысы қызыл көзділер, жартысы ақ көзділерболады. Ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырғанда, біріншібуынның өзінде-ақ алынған ұрпақтың аналықтары қызыл көзді, ал аталықтары ақкөзді болып шыққан. Мұны крис-крос жолымен тұқым қуу дейді. F1-дегі алынғаншыбындарды өзара будандастырғанда екінші буындағы ұрпақтың аналықтары менаталықтарының жартысы қызыл көзді, жартысы ақ көзді болған. Тұқым қуалаудағымұндай ерекше жағдайды түсіндіру үшін Морганкөздің түсінанықтайтын гендер жыныстық хромосомада болуға тиіс деп есептеді. Мұндай құбылысадамдар мен жануарларға тән. Мысалы, адамда болатын қан ауруы — гемофилия, дальтонизм (түсті ажырата алмау), тер бездерінің болмауы сияқты аурулар менкемістіктер жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды.  

Мұғалім:(Тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар түрлерімен таныстырып, қосымша деректермен таныстыра отырып,  гемофилия ауруының  берілуін түсіндіреді)

Соныменоқушылар:

·        Жыныспен  тіркесіп тұқым қуалау дегеніміз не? ( жыныстықхромосомларда орналасқан  гендерарқылы  тұқым қуалау)

·        Оны зерттеген ғалым? ( Т. Морган)

·        Крис крос жолымен  тұқым  қуу дегеніміз не? (Әкесінің белгілерініңқыздарына, аналарының белгілерінің ұлдарына берілуі)

·        Тіркесіп тұқымқуалайтын аурулар . ( гемофилия, дальтонизм, аутизм, т б)

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС.

IV. ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ. А) Тірек мәтінмен жұмыс.                        5 ұпай.

( суреттердітаңдау арқылы, тірек сөздердің анықтамасын айту)

                                 

         Аутосома.        Жыныс хромосомасы    Жыныспен тіркесіп   тұқым қуалау.   

Крис крос жолымен тұқым қуалау.                                 

         гетерогаметалы       гомогаметалы               гемофилия                          дальтонизм

Ү. ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ . А) Постер қорғау.               5ұпай.

І топ. Жыныстыңанықталуының  генетикалық механизімі

ІІ топ. Жыныспен тіркесіптұқым қуалау

ІІІ топ. Жыныспен тіркесіптұқым қуалайтын аурулар

В) Жұптық жұмыс. Есептер шығару.            5 ұпай.

І жұп.   Гетерозиготалы дальтонизм  генін  алып жүруші  әйел, қалыпты  көретін еркекпен  тұрмыс құрса, ондайотбасында  қандай ұрпақ күтуге болады? Белгі  жыныс хромосомасымен  тіркесіп беріледі.

 

 

ІІ жұп.   Адам мен дрозофила шыбынында  жыныс хромосомаларының жиынтығы ХХУ болса, жынысы қандай болмақ?       Жауабы: Аталық жынысты. У хромосомажынысты анықтайды)

ІІІ жұп. Әкесі менбаласы  гемофилия ауруымен  ауырады. Ата анасының, баланың еңықтимал  генотипін анықтаңдар.

ІҮ жұп. Әкесі және ұлы  дальтонизм ауруымен ауырады, ал  шешесі сау. Баланың және ата ананың генотипін  анықтаңдар. Бұлотбасында ауру әкесінен ұлына берілуі мүмкін бе?

Ү жұп.  Әкесі дальтоник, қалыпты көретін қыз қалыптыкөретін  жігітке  тұрмысқа шыққан, жігіттің де әкесідальтоник.  Осы некеден туатын  баланың көзінің көруі қандай болмақ?

ҮІ жұп.  Гемофилиямен ауыратын ер адам, әкесі  гемофилик дені сау  әйелге  үйленген. Осы отбасында  дені саубалалардың  дүниеге келуі  мүмкін бе?

 ҮІ.ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ.  А) Дискуссиялық өрнек.

 2 ұпай

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін.

1

Аралар мен құмырсқаларда жыныс хромосомалары жоқ.

 

 

2

Аналық жыныс хромосома гетерогаметалы.

 

 

3

У хромосома мөлшері жағынан Х хромосомадан кіші.

 

 

4

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалауды зерттеуде Т.Морган асбұршақ өсімдігін пайдаланды.

 

 

5

Аталық және аналық дарақтарда

22 жұп хромосомалары бірдей болады. 

 

6

Құстарда аналық жыныс хромосомасы гетерогаметалы.

 

 

 

В) Сәйкестендіру.             2 ұпай

1.    

Аталық және аналықағзалардың жынысын анықтайтын, әртүрлі хромосомалар.

2.    

Аталық және аналықағзалардың бірдей хромосомалар жиынтығы.

3.    

Белгілі бір  түрге тән организмдердің барлық хромосомалар жиынтығы.

4.    

ХУ

5.    

ХХ

А. Кариотип.   В. Гетерогаметалы.   С. Гомогаметалы    Д. жыныс хромосомалар

Е. денехромосомалары.

Жауабы: 1-Д.        2- Е.           3- А.           4- В.              5- С.

С) Рефлексия. ( Смайликтерді таңдау арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсету)

ҮІІ. БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ. ( бағалау бетшесі бойынша, балдық жүйені бағаға айналдыру)

ҮІІІ. Үйге тапсырма:   Жыныс генетикасы. №1 есеп. № 208 бет.

                                         Шығармашылық тапсырма. «Жыныспен тіркесіптұқым қуалайтын аурулар» реферат, эссе жазу.

 

 

 

�."2���_�ass=«Apple-converted-space»> жұп хромосомалары бірдей болады. 

 

6

Құстарда аналық жыныс хромосомасы гетерогаметалы.

 

 

 

 

В) Сәйкестендіру.             2 ұпай

1.    

Аталық және аналықағзалардың жынысын анықтайтын, әртүрлі хромосомалар.

2.    

Аталық және аналықағзалардың бірдей хромосомалар жиынтығы.

3.    

Белгілі бір  түрге тән организмдердің барлық хромосомалар жиынтығы.

4.    

ХУ

5.    

ХХ

А. Кариотип.   В. Гетерогаметалы.   С. Гомогаметалы    Д. жыныс хромосомалар

Е. денехромосомалары.

Жауабы: 1-Д.        2- Е.           3- А.           4- В.              5- С.

С) Рефлексия. ( Смайликтерді таңдау арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсету)

ҮІІ. БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ. ( бағалау бетшесі бойынша, балдық жүйені бағаға айналдыру)

ҮІІІ. Үйге тапсырма:   Жыныс генетикасы. №1 есеп. № 208 бет.

                                         Шығармашылық тапсырма. «Жыныспен тіркесіптұқым қуалайтын аурулар» реферат, эссе жазу.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Жаратылыстану бағытыАрифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару.

МатематикаТөртбұрыштар

ТарихҚазақстанда жоғары білімнің және ғылымның дамуы

ТарихАбылай хан

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096923

Пікірлер (1)
Аида # 16 наурыз 2015 в 22:02 0
Salemetsizbe. mindafi esepterdn shifarilimi barma?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар