ИТИС – ғасыр індеті

1 қараша 2014 - Күлзия Есенқызы

        Сабақтың тақырыбы:ИТИС – ғасыр індеті                  

   Сядыбекова Райхан Қонысбайқызы

Астана қаласы, №56 мектеп-лицейдің химия және биология пәнінің мұғалімі

          Мақсаты:

ЖҚТБ ауруы туралы оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту, осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беру; ауруға қарсы күрес шараларымен таныстыру; оқушылар арасында ұлттық қадір – қасиетті көрсететін кішіпейілдік, адамгершілік, шынайы достық ұғымдарын насихаттау.«Жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісінің адамның иммунитет тапшылығың вирусы» жұқпасы, оның алдын алу шаралары туралы ұғым -    қалыптастыру.

А-оқушыларға бұл аурудың қауіптілігін ұғындыру

Ә-өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету.

Б- «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын

жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларға ЖИТС және ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім  қабылдай білу қабілеттерін дамытатын қажетті білім, білік, дағды(ББД) қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, зиянды заттарды қолданудан аулақ болуға тәрбиелеу                              

Сабақтың барысы:

I.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II.Оқушының қызығушылығын ояту.

Тақырыптың мәнін мағынасын ашуда келесі сұрақ топтамалары арқау бола алады.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы әлемдік проблемалар қандай?

  2. АҚТҚ дегенді қалай түсінесіз?

  3. ЖҚТБ дегенді қалай түсінесіз?

  4. АҚТҚ/ЖҚТБ дертінен қорғану жолдарын толық білемін деп ойлайсыз ба?

  5. Сіздер, оқушылар, ЖҚТБ-мен күреске қандай үлес қоса аласыздар?

Негізгі бөлім:

Бүгінгі таңда бүкіл дүние жүзін алаңдатып отырған проблемалардың бірі-ЖҚТБ  ауруы десек артық болмас.Дерттің қарыштап өсуінің себебі, оған қарсы вакцинаның болмауында.Соңғы мәліметтерге қарағанда,әлемде 65млн астам адам ЖҚТБ мен ауырады екен. Олардың  шамамен 83 пайызын 15-20жас аралығындағы жастар құрайды.                                                             

Ж-жұқтырылған

Қ-қорғаныш

Т-тапшылығының
Б-белгісі деген мағынаны білдіреді.

Демек, ауру адамның иммундық жүйесін зақымдайды, ол вирусты жұқтырған адам кез-келген ауруларға төтеп  беру қаблеті нашарлап кетеді.

ЖҚТБ ауруы,ғалымдардың пайымдауынша,өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап анықталған.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша вирус табиғи бактерияға жатпайды.Біреулер оны АҚШ-тың Мэриленд штатында бактериологиялық қару тәсілдерін зерттеу лабораториясында жасалған десе, енді біреулер Африкадағы маймылдардан тараған деген тұжырымдар айтады.

ЖҚТБ ауруының қоздырушысы АҚТҚ вирусы болып табылады.

А-адам

Қ-қорғаныш

Т-тапшылығының

Б-белгісі

ЖИТС-Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы АИВ

 

1 жүргізуші:Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлауқатын жақсарту «Денсаулық – салауатты өмір кепілі» деп бағалады..

Қазақстан Республикасының Ата заңының 31 – бабында «Мемлекет адамның өмірінежәнеденсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген.

Біздің елімізде халықтың үштен бірін құрайтын 16 мен 30 жасқа дейінгі 4 милионнан астам жас жігіттер мен  қыздар өсуде. Жер бетіндегі адамдардың байлығы – оның білімі мен іскерлігі, мәдениеті мен денсаулығы.                

2 жүргізуші: Қазіргі уақытта медицинаның, ғылыми дамуына байланысты көптеген  аурулардың алдын ала егілетін вакцинасы, емі бар.  Ал, ЖҚТБ ауруының қауіптілігі оның емінің табылмай отырғандығында. Бұл дүние жүзінің халқын  аландатып отырған ғаламдық мәселе.  Сондықтан да  әрбір адам осы ауру туралы жан – жақты білсе, мұндай дертке, қайғыға шалдықпай алдын алады.

ЖҚТБ(СПИД) – жұтқырылңан қорғаныш тапшылығының белгісі. ЖҚТБ ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Вирус әр түрлі жолдар арқылы жұқтырылып, адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.   

                                        ЖҚТБ туралы не білеміз?

                                                          ЖҚТБ- ның шығу тарихы

Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖҚТБ ең алғаш ХХ ғасырдың 70 – жылдары, АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген.

1979-81 жылдары Нью – Йорк пен Лос –Анджелес дәрігерлері, адамдардан имунитеттің нашарлағанынан байқаған. Олар қан тамырдың ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖҚТБ- ны тіркеді.

1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғыш туралы  алғашқы мәлімет айтты. 

                                                       Вирус жұғу жолдары

Вирус тек адам организмінің жасушасында өмір сүреді. Вирус ауырған адамнан сау адамға қалай жетеді? Ол үшін вирус, ауырған адамнан сыртқа шығуы керек. Сыртқа шыққан вирус сау адам организіміне жетуі керек.

І.  Вирустың ластанған шприц және ине арқылы жетуі. Бұл нашақорлардың бір ғана лас шприцті пайдалауынан пайда болады.

ІІ. Қан құю, ластанған қанды сау адамға құйғанда  жұғады.

ІІІ. Анасы ауырса,  құрсақтағы баласына беріледі немесе емізгенде сүт арқылы д вирус беріледі.

  Вирус туралы не білеміз

АҚТҚ (ВИЧ) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ЖҚТБ қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілігін туғызатын вирусты 1893 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан – жақты тексеріп  жариялады.

Адам организіміне енген вирус қанның лимфоцит клеткасының ішіне кіріп,  клетканың генетикалық аппараттарына жабысып, тез көбейе бастайды. Оның әсерінен клетка жарылып өледі де, вирустар жаңа клеткаға жабысады. Осылай алдыңғы процесті қайталайды, клеткалардың өле беруі салдарынан иммунитет жетіспеушілігі пайда болады. Аурудың жасырын кезеңі қаншаға созылатыны нақты белгісіз, әр адамда әр түрлі болады. Ондаған жылдарға созылуы мүмкін, ал кейбір адамдар тек тасымалдаушы болып өтуі мүмкін.  

                                               Вирусты өлтіруге болады ма?

Вирусты 56С қыздарса, спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, т.б дизинфекциялық заттар әсерінен өледі. Өкінішке орай АҚТҚ вирусын өлтіретін заттар адам клеткасына да зиянын тигізеді. ЖҚТБ ауруын емдейтін тиімді дәріледі жасаудын қыйындығы осында.

                                                Аурудың алғашқы белгілері

Аурудың белгілері өте көп және әр түрлі. Олар сатылап өтеді.

1.Лимфа түйіндерінің үлкеюі, бөрткендер, апта бойы безгек ұстау, 1 айдан кейін қаннан  АҚТҚ вирусына антидене табылады.

2.Терінің саңырауқұлақтармен зақымдануы, жүдеу, іш өту, дене температурасының көтерілуі.

3.Өкпе қабынуы, ісік Капоши саркомасы іріңді және басқа жұқпалы аурулар.

1,2 саты белгілері вирустың жұқтырылғанын білдірсе, 3 саты аурудың басталғанынан хабар береді.

                                Вирус мына жағдайларда берілмейді  

1.Жөтеліп, түшкіргендегі ауа тамшылары арқылы;

2. Құшақтасқанда, қол алысқанда, жуынғанда, бассейінде, яғни тұрмыстық жолмен;

3. Қан сорушы жәндіктер шаққанда.

ЖҚТБ ауруы эпидемиядан (жұқпалы аурудың бір құрлық ішінде таралуы) пандемияға

(жер шарындағы барлық құрлықтарға таралуы) айналды. Сондықтан да ауруды жұқтырмау өз қолымызда, аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, адамзат!

«Бәйгеге шабу»  ойыны. Маскүнемдікке қарсы және денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтудан жарыс.

«Тәні саудың-жаны сау», «Емнің алды-еңбек», «Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ», «Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», «Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі», «Әкесі сұлап ішсе, баласы сұрап ішеді», «Сораптап ішсе баласы, сорлайтын ата-анасы», «Тірі дене түбінде бір ауырмай тұрмайды», «Сау адам біреудің  ауырып отырғанын білмейді», «Тыста ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің», «Жақсы жұмыс-жанға тыныс».   

                        «Темекі мен маскүнемдік  туралы ғұламалар не дейді?»

Темекі тарту, әрі жексұрын, әрі нас әдет, ал оған  ойсыздыкпен беріліп, ұрпағына, денсаулығына, көркіне қыруар кесір тигізіп жұргендерді түсіну қиын. /Форгель/. Мас болу-өз өркімен жындану деген сөз. /Аристотель/. Бұзықтықтың көбі мастықтан болады./ Л.Н.Толстой/. Спиртті ішімдіктер адамды айуан, аң етіп жібереді. /Достоевский/. Қыруар пәле шарап құйылған ыдыстың түбінде жатыр.  /Р.Ғамзатор/. Маскүнемдік-ақылдан ажырасуға жаттығу  деген сөз. /Пифагор/.

Егер ұзақ өмір сүргің келсе,ұтақталған жаңғақ аралас балды үзбей жей бер. /Ибн-Сина/.

XXI ғасыр – даму ғасыры. Адамға денсаулық бір-ақ рет беріледі. Ол өзінен-өзі жақсармайды.

Оны үнемі күте білу керек. Ол үшін адам санасына «денсаулық», «әдемілік» ұғымдарын сіңіріне білуіміз керек.

 

Бұл кім?


-Күрк-күрк жөтелген,

Кеудесін зорға көтерген,

Біреуі келеді ілбіп,

-Кім екенін білдік.

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой...

     Сұмдық!

  Жүзі солған,

Көзі тұздай болған

Шүберектей оңып тұр

Алдымызда адам емес,

Кәдімгі өлік тұр.

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой

    Сұмдық!

-Бұғаналары айқасқан,

Иығы иығына тиіп кетіпті

Тістері сарғайып

Екі еріні күйіп кетіпті

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой

    Сұмдық!

-Еті қашқан арқасы,

Тұтас емес үш бөлек

Адам емес бұл өзі

Кәдімгі скелет

-Нансаң да, нанбасаң да,

Қалмайды зәрең

Адам ба, аруақ па?

Айырасың әрең

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой

    Сұмдық!

 

СПИД құрбаны

 (Шағын   көрініс)


1 жүргізуші:                                              

Жұмыр жерді  мекендеген

Бұкіл халық заманнан.

Ғасыр бойы білім алып,

Даналар сөзін жалғаған

2 жүргізуші:

Қоя тұрғын әлем жаулап алуды

Денсеулықтың қуаты бар қарулы

Адамдар бар аяусыз күресетін

Жайып салар жоныңды

1 жүргізуші:

Сондадағы парасаттан,

Шектеуленіп барамыз.

Дерті болып ғасырдың,

Ауру оты тарады,

Бұл әлемді жаулады

2 жүргізуші:

Тоқта, Тоқта!

Мені көрсе ішіп  алар адамдар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулыр бар мынандай.

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен  алдымен адамдарды жалмаймын

Ақырындап, уақыт өте әлемді де қармаймын.


1 жүргізуші: Уа, жаратылыс.Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі.Сен естисің бе? Сүт сәулелі мына бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пендеңнің зарын тыңдашы бір сәт!

Жігіт:Өзімнен өзім сыр таптым

Өле алмай жүрген сырқатпын

Шіріген картоп сияқты

Бұрышында қалған бір қаптың

Өзімнен өзім тістенем

Шарабым да тұр ішпеген

Ұйықтайын десем қорқамын

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

2-жүргізуші:Ол, жағдайы әжептауыр отбасында дүниеге келді.Әпден өсе бастағаннан  ештеңеден таршылық көрген жоқ.Басқа балалар ішпегенді ішіп, кимегенді киді.Анда-санда әкесі тентек мінезіне айғайлап ұрса бастаса, шешесі «ойбай жалғыз балада нең бар» деп араға түсетін.

I-жүргізуші:Оның балалық шағы есіне түскенде,қимастық сағыныш пайда болатын.Кейде, елес болып түсіне  де кіретін.

II-жүргізуші:

Әлпештеп алды анасы, алдынан шығып,

Қасынан үшін кетпей қадам шығып.

Ата-анасы пәруана боп перзенті үшін,

Күн кешер көрсетпесе деп жаманшылық.

Ардақтап ата-анаңды сол секілді,

Қанжылтпай қызмет көрсет адамшылық.

Түседі еске кей кезде бала кезі,

Бала кезі кетуші еді дала кезіп.

Ақ қайынға шайқалған қараушы еді,

Қараушы еді мөлдіреп қара көзі.

I-жүргізуші:

Иә, ата-анасына әбден еркелеген, ол құтыра бастады.Темекісіз тұра алмайтын ол, нашаға да ауыз салды


II-жүргізуші:

Тамырын у-мен суарып

Денсаулық деген егестің.

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің.

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келістің.

Көк түтінмен уланып,

Ащысуды неге іштің.

Төсекке асыл азамат,

Ауру меңдеп құлайсың.

Жігіт:(қиналып)

Таусылмақ дәм, бітпек өмір өзенім

Менің дағы жетті кетер кезеңім

Оны көптен тарқамаған қайғы мен

Жүрегімнің мұң көзінен сеземін

Өлермін деп күңіренем күйзелем

Мені есірткі найзасымен түйреген

Өз әлімше арман-көлде жүре алмай

Қанатымнан жараланған күйде мен.


Дәрігерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың?


I-жүргізуші:

Соңғы кезде өмір, табиғат туралы көп ойланды.

О, жаратылыс, жарық дүние! Кеш мені!

Өмір деген ғажап екен ғой.

-Балалық па, шалалық па,әлде еркелік пе.

Қазір ғой іші күйіп,өкініштің улы запыраны бүкіл

   II-жүргізуші:

 

О, жаратқан, жұмыртқадай

Жер мен төңкерілген аспан.

Сендер естисіңдерме, мына бейбақтың зарын.

Айтыңдаршы құтқаратын күш бар ма, мына сорлы бейбақты.


Денесін қалтыратқан ол дәрменсіз еді.


Жігіт:Бұл тірілікте не тындырдым, не көрдім

Құрбанымын СПИД деген кеселдің

Ақтамай-ақ кетіп барам арманын

<Жалғыз бала> деп өсірген әкемнің

Кім кінәлі аялаған анам ба?

Бір қажетті даярлаған қоғам ба

Тек қана өзім кінәлімен, сол үшін

 I-жүргізуші:

Жас жеткіншек Өздеріңе осыны айтып кету барышым.

Ауырсаңдар бұл кеселмен, дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксіз

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!


Улы дерттің құрбаны мен болам да.

 

АҚТҚ вирусының жұғу жолдары.

Басқаның тіс ысқыныш пайдалану.            

Тексерілмеген қан құю.

Анадан балаға.         

  Ауру жұғады           

  Стерильсіз медициналық        құралдары арқылы.

Ағза сұйықтықтары.      

   Жыныстық қатынас кезінде  ұрық арқылы


АҚТҚ вирусының  вирусының  жұқпайтын жолдары

 Жөтел, түшкіру.    
     Ортақ дәретхана.

             АҚТҚ вирусы жұқпайтын жолдары.

Ортақ киім кию                                   сүйісіп амандасу

        Маса шағу                                   суңға шомылу

Арақпен достасқаның – денсаулықпен қоштасқаның

          

                  Тоңсаң, мені іш, жылынасың,

Қайғырғанда іш, бір пәлеге

ұрынасың!

Ұялшақсың ба, іш, батыл боласың!

15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

 

Ішсең қисаңдап жүресің,

Ретсіз ыржындап күлесің,

Ар – ұяттан айырыласын,

Оны өзіңде білесің!

 

Біле тұра ішесің,

Өз кебніңді  өзің пішесің.

Ұрлықты да жасайсың

Түрмеге де түсесің.

 

Мен болдым ғой жексұрын да,  

жауыз да.

Арақ өзі құйылмайды ауызға.

Әділетін айтыңдаршы ағайын,

Кім кінәлі, арақ па, әлде ауыз ба?


 

                                САЛАУАТТЫ  МАҚСАТЫҢ   ӨМІР СҮРУ


Салауатты мақсатын өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

  Шылым мен нашақорлық сенің жауың,

  Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ жүру.

                          «2030-шы бағдарлама»,

Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға.

                          Денсаулықты сақтауды жолға қойды,

Айырылып бұл байлықтан қапы қалма.


Спиртті ішімдікке әуес болма                           

Күресу керек саған осы жолда

Денсаулық-зор байлық деп бекер айтпас.

Өмірің ей, достарым,өз қолыңда.

Нашақорлық бизнесі ауыр қылмыс,

Кетеді адам азып, тозып тұрмыс.

Сақтанып өз-өзіңе ие болғын,

Салауатты ақылмен істе жұмыс.

 

 


Шылым шегу ұрпағыңды тоздырады,

Кейпіңді алып адамдық аздырады.

Сақтан, сақтан әзәзіл ащы иістен.

Дәмін алсаң,өмірің зәрлі болады.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан,өнері асқан,

Өзіңе сүйсіңдірер барлық жанды.


Сүйкімді ақылды бол иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл небір түрлі.

Шылымға үйір болма, түсін соны,

Ешқашан сұрқын кетіп болма сорлы.

Болсаңдар білімді әрі парасатты,

Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты.

Шылым мен нашақорлық болсың жауың,

Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр-салтын!

 

                                                                         Темекінің зияны.

1-оқушы:-Адам 1 тал шылым тартқанда 3 мг улы никотин қабылдайды.

2-оқушы:- Бір тал шылым адам өмірін 15 минутқа қысқартады.

       3-оқушы:-Темекі тартатындар арсында көмей пәлесі  6-10 есе, өңеш пәлесі 2-6 есе

       жоғары.

4-оқушы:-Темекіден атмосфераға жылына:720 мың тонна күкірт қышқылы,

284 мың тонна аммиак,180 мың тонна никотин, 550 мың тонна иіс газы шығады.

5-оқушы: — Шылым шегуден гастрит стенокардия, инфаркт сияқты ауруларға шалдығады.

6-оқушы:-Шылым шегетіндердің өмірі шылым шекпейтіндермен салыстырғанда

6 – 12 жылға қысқарады.

7-оқушы:- Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 миллион адам қайтыс

болады.

           «Қазақстан – 2050» стратегиясы Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауынан

            былай делінген:

           Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық жасау. Баланы қорғау.

           Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі денсаулық сақтау саласындағы

           негізгі басылымдар. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін ойлап

           табу.  

    Жалпы мемлекеттік шаралар:

1.      Қан беретін адамдарды және ағзаға құйылатын қанды мұқият тексеруден өткізу.

2.      Есіктерге және жөзекшелікке қарсы күресті барынша күшейту.

3.      Емдеу мекемелерінде санитарлық ережелерді қатаң түрде сақтау.

4.      Тұрғындарды жүйелі түрде медициналық тексеруден өткізіп тұру.

5.      Көпшілік арасында санитарлық үгіт – насихат жұмыстарына ерекше көңіл бөлу.

      Жеке адамның сақтану шаралары:

            1.Әрбәр адам өзінің жеке басының гигиеналық ережелерін сақта

             2. Салауатты өмір салтын ұстану.

3. Оқтын – оқтын қан тапсырып, тексеруден өтіп тұру.

 

                                                                        Эссе

      Қымбатты менің сыныптастарым!

       Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз.Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.

       Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, темекіден, есірткіден аулақ болыңыз! Бойыңызды ластамай жан дүниеңізді таза ұстаңыз.Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намысыңызды биік ұстаңыз.Өз тағдырыңыз өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзі сақтай алады.Денсаулығыныз мықты болсын, спортпен айналасыныз.Сіз ел үшін керексіз.

       Өйткені, Сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыз!

Бата.

Көп ішетін қазақтан сақта!

Ішкіш деген мазақтан сақта!

Ішуден болатын апаттан сақта!

Ішкіштің үйіндегі тозақтан сақта!

Арақтан азбайық,

Темекіден тозбайық.

Осы бір сұмдықты

Баланың баласына

Құя жүр санасына.   /Амин/    

Бағалау:

       Үй тапсырмасы:  «Болашаққа-  дені  сау  ұрпақ» эссе жазу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148558

Пікірлер (2)
Шарипова Адина # 1 қазан 2015 в 20:58 0
Маған ұнады, әдемі ))))
:)
Нағима # 14 қаңтар 2016 в 22:56 0
өте керемет сабақ,маған ұнады

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар