Итмұрын- дәрілік өсімдік

24 маусым 2015 - Базаргул Агимбекова

Мақсаты: Өсімдіктің тіршілік үшін маңызы соның ішіндеитмұрын өсімдігінің пайдасы жайында мағлұмат беру.Итмұрын өсімдігінің өсетін ортасы, сыртқы құрылысы, емдік қасиеті, емдеу тәсілдері, түрлі зерттеулер жайында түсінік беру.

Міндеті: — Итмұрын өсімдігі жайлы түсінік беру.

-Шипалы итмұрынға биологиялық сипаттама беру.

— Химиялық құрамын анықтау.

Өзектілігі: Итмұрын өте пайдалы өсімдік екеніне көз жеткізу болды.

Күтілетін нәтиже: Дәрілік өсімдік кептірілген шөп, шай, ұнтақ т.б. түрінде қолданылады.Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы өсімдіктерден алады.Оның ішінде итмұрын өсімдігінің дәрілік қасиетінің болуы негізге алынады.Итмұрын – дәрілік өсімдік.

Мақсаты: Өсімдіктің тіршілік үшін маңызы соның ішіндеитмұрын өсімдігінің пайдасы жайында мағлұмат беру.Итмұрын өсімдігінің өсетін ортасы, сыртқы құрылысы, емдік қасиеті, емдеу тәсілдері, түрлі зерттеулер жайында түсінік беру.

Міндеті: — Итмұрын өсімдігі жайлы түсінік беру.

-Шипалы итмұрынға биологиялық сипаттама беру.

— Химиялық құрамын анықтау.

Өзектілігі: Итмұрын өте пайдалы өсімдік екеніне көз жеткізу болды.

Күтілетін нәтиже: Дәрілік өсімдік кептірілген шөп, шай, ұнтақ т.б. түрінде қолданылады.Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы өсімдіктерден алады.Оның ішінде итмұрын өсімдігінің дәрілік қасиетінің болуы негізге алынады.

Адам баласы қолданатын дәрі- дәрмектердің басым көпшілігі өсімдіктер тіршілігінің нәтижесі екендігі белгілі. Өсімдіктер жасушасының тіршілігі нәтижесінде түзілген мұндай заттар көптеген ауруларға ем болып, адамның бойына күш-қуат береді.Өсімдіктерден алынатын препараттар қаншама ауруларға шипа болатындығын санап шығару мүмкін емес. Жасыл алқаптан алуан түрлі жұпар иістің өзі денемізді сергітіп, көңілімізді көтереді, бойымызға қуат береді, апта бойы шаршағанымызды ұмыттырып, жұмыс қабілетіміз бен шабытымызды арттырады.

Өсімдіктерді шипалық мақсатта қолдану ісін адамдар өте ертеден-ақ білген.Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері жөніндегі тәжірибе мен білім ұрпақтан –ұрпаққа жетіп отырған.Адамдар үй маңында өсетін, өздері тұрған жерлердің көптеген өсімдіктерінің пайдалы қасиеттерін пайдалануды үйренген. Шындығында да адамдардың егіншілікпен айналысуы, өсімдіктердің пайдалы түрлерін қолдан өсіре бастауы олардың өсімдіктер сырына қаныға түсуіне мүмкіндік берді.Сөйтіп, адамдар өсімдіктерге қолдан сұрыптау ісін жүргізіп, олардың пайдалы түрлерін жетілдіріп және шипалық қасиеттерін біле бастады, көптеген өсімдіктердің жабайы түрлері қолда өсірілетін мәдени түрге айналды. Шипалық өсімдіктер тарихы өте ертеден басталады.Ежелгі Египетте абыздар дәрі- дәрмектік шөптердің көптеген құпия сырларын білген.Үндінің атын әлемге әйгілі еткен де сол шөптердің ғажап сыйқырлы күші. Олар бұдан 4 мың жыл бұрын дәрілік өсімдіктердің 760 түрін пайдалана білген.Ал Қытайда дәрі-дәрмектік өсімдіктер жөніндегі ежелгі кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған екен. XVI ғасырда өмір сүрген қытай фармакологы Ли Шичжень құрастырған дәрі- дәрмектік құралдардың жинағы 1896 шипалық өсімдіктерді қамтиды.

Қазіргі кезде шипалық өсімдіктерді зерттеу және пайдаланудың көлемі жөнінен біздің еліміз дүние жүзінде алғашқы орында тұр. Халық емшілері шипалық өсімдіктерді жинап, онымен адамдарды емдеу ісін ертеден меңгерген.Дәрілік өсімдіктерді халықтық медицинада қолданудың көптеген әдістері осы заманғы медицинадада кең қолдау тауып отырғаны мәлім.Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттардың – фитопрепараттардың синтетикалық препараттардан едәуір артықшылығы бар.Олар көптеген ауруларды емдеуде барынша тиімді нәтиже береді, сондай-ақ организмге қосымша зардап келтірмейді.

Халық медицинасында пайдаланып жүрген өлкемізде өсетін шипалы өсімдіктердің бірі – итмұрын. Итмұрын өте әсем гүл- раушан гүлінің туысы.

Итмұрынның морфологиялық сипаты.

Итмұрын – Қосжарнақтылар класы, Раушангүлділер тұқымдасына жататын жіңішке бұталы көпжылдық өсімдік.Тікендері ұсақ, жапырақтары қауырсын тәрізді кезектесіп орналасқан, жапырағы күрделі, таққауырсынды.Гүлдері ірі, диаметрі 6см-ге дейін жетеді. Қалқанша немесе шашақ гүлшоғырына топталған, гүлінің түсі ашық қызыл немесе қанық қызыл түсті болады. Қосжынысты. Биіктігі 30- 5метрге дейін жетеді. Жемісі тегіс, аса ірі емес, қызғылт немесе қызыл түсті болып келеді. Сулы жерлерде, өзен жағаларында топталып өседі.Әдемі хош иісті болғандықтан аралар, ірі қоңыздар арқылы тозаңданады. Емдік қасиеті үшін қолдан өсіріп, тамырын, жапырақтарын, гүлдерін жинайды. Күзге қарай жемістерін жинап кептіреді.

Өсімдік аты

Биіктігі

Гүлдеу мерзімі

Кездесетін орны

Пайдаланылатын бөлігі

Жинау мерзімі

Қандай ауруға

пайдаланады

Итмұрын

60см-2м

Мамыр, шілде, қыркүйек айлары

Сулы жерде, өзен жағаларындажазық далалы жер, тау беткейі, орман арасында

Тамыры, жапырағы, гүлі, жемісі

Мамыр, шілде, тамыз

Анемия, дифтерия, пневмония, диатез, қан кету, бауыр және бүйрек тасын түсіруге, асқазан жарасы

Сабақтарының құрамында PP дәрумені бар.Жапырақтарынан полисахарид, каротиноид, С дәрумені, фенолкарбон қышқылы, флавоноид табылған. Жемісі С, К, PP және В тобының дәрумендері бар, эфир майларына және қантқа бай. Жемісінің жұмсақ бөлігінде калий, кальций, темір, мырыш, фосфор, магний болса, тұқымынан алынған майларда Е дәрумені бар. Жеміс құрамындағы С дәрумені 2- ден 18% -ға дейін жетеді. Жемісінде аскорбин қышқылы көп.Күлте жапырақшасынан аса бағалы жұпар иісті эфир – раушан майы алынады. Итмұрынның кептірілген 10-15 жемісі адамның тәуліктік мұқтаждығын қанағаттандыра алады.

Раушангүл тұқымдасының ішінен барлық жерлерде өсетіндіктен әрі раушангүлдің жабайы тегі болғандықтан, итмұрын өлкемізде өсетіндіктен былтыр көктемде гүлінің құрылысына талдау жасап, зертханалық жұмыс жүргізілді.

Жұмыстың жоспары:

1. Итмұрынның өсетін жері ( Өзен жағасы, жазық далалы жерде);

2. Тіршілік формасы ( бұталы);

3. Сабағының еңсесі, ерекшелігі ( тік сабақты, жабайы өсетіндіктен тікенекті, қолайсыз жағдайдан, мал жемеуден тікенектері арқылы қорғанады);

4. Жапырақтары жай ма, әлде күрделі ме? Күрделі болса қай түріне жатады?

( Күрделі, таққауырсынды);

5. Күрделі жапырағындағы жапырақшалар саны ( 5- 11 болады);

6. Тікенектері түрін өзгерткен жапырақ екенін білу үшін сылып қарау.( Оңай сылынса жапырақтың түр өзгерісі, сылынбаса сабақтың түр өзгерісі. Мұнда оңай сылынады);

7. Жапырақтары неліктен түрін өзгертіп тікенекке айналған? ( Қорғану және суды аз буландыру үшін);

8. Бөбешік жапырақтарын табу ( сағақтың түбінде қос жіңішке пішінді);

9. Жапырақ жүйкелерін анықтау ( жапырақшасының астыңғы бетінен қауырсынды торлы жүйкеленуі айқын білінеді);

10.Гүлдерінің өркенге орналасуы ( өркеннің ұшы, жапырақ қолтығына жеке орналасқан);

11. Жеке гүлін талдау, гүлсерігі жай ма, қос гүлсерікті ме ( қосгүлсерікті);

12.Тостағанша, күлте жапырақшаларының саны, түсі гүлтабанына орналасуы ( Тостағанша жапырақшасы 5 біріккен, күлте жапырақшасы 5 бірікпеген, түсі ашық қызыл, гүлтабаны бокал тәрізді онда әркелкі орналасқан);

13. Аталықтары мен аналықтарын санау ( Аталығы көп, аналықтары көп);

14. Кептірілген жемістерін көлденеңінен екіге бөлу ( жемісін жібітіп дәл ортасынан екіге бөлгенде бірден көзге түскені қызыл сары түсті жидекке ұқсаған көрінісі және оның ішінде ұсақ жемісшелері бар);

15. Жемісіне қай бөлігі жатады, жемісі қалай аталады? ( Жидекке ұқсаған түзілісі жеміске жатпайды, нағыз жемісі құрғақ, түзілістің ішіндегі ұсақ жаңғақшалар, жемісі – көп жаңғақша, жидекке ұқсаған ұлғайған гүлтабаны- құстарды еліктіреді, тұқымдарын тарату үшін қажет, әрі ішкі құрғақ жемістерін қолайсыз жағдайлардан қорғайды);

Итмұрын бір қарағанда аса бағалы өсімдік болып саналмайтын тәрізді. Алайда көптеген ну болып өсетін өсімдіктерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл өсімдіктің де бірқатар пайдалы қасиеттері бар екені белгілі болды. Әдемі реңді, жұпар иісті гүлдері бар итмұрыннан көптеген дәрілік және дәрумендік шикізат алынады.Аса бағалы шикізатты парфюмерияда қолданады. Күлте жапырақшаларынан тосап, цукат қайнатылады. Оның жемістерінен С дәрумені, ал тұқымынан май өндіріледі.Гүлдері әдемі болғандықтан итмұрынды әсемдік үшін де өсіреді.

Емдік қасиеті.

Итмұрынның жемісін тұнба, шырын, ұнтақ түрінде төмендегі ауруларға пайдаланады: анемия, созылмалы жұқпалы аурулар дифтерия, пневмония, созылмалы ішек ауруларында, диатез, қан кету( мұрын, өкпе, жатыр), сәуле аурулары, бауыр және бүйрек тасын түсіруге, сүйек сынғанда және организмнің ауруға жалпы қарсы тұру қабілетін көтеру үшін пайдаланады. Итмұрынның майы ауыз қуысын емдеуге, күйік жараларын емдеуге, асқазан жарасында қолданылады. Дәні қайнатылған суын өт тасын түсіруге, бүйрекке, қуыққа және зәр айдағыш ретінде қолданады. Гүлдерін шәй орнына қолданылады.

Емдеу тәсілдері.

Организмді жалпы қуаттандырушы ретінде: 1 ас қасық тазаланбаған жемісін 2-3 стақан қайнаған сумен демдеп, эмальды ыдысқа жауып қояды да, 10 минут қайнатады, 1 тәулік тұндырып, сүзіп алады. Тәулігіне 3-4 рет ½ стақаннан тамақтану алдында қабылдайды.

Артеросклерозда, іш өткенде, антибактериялық және ауру басқыш ретінде, зәр айдаушы ретінде 1 ас қасық майдаланған жапырағын 1 стақан қайнаған суға демдеп, бетін жауып сүзіп алады. Тәулігіне 3-4 рет 2 ас қасық ішеді. Емделу уақыты – 14 күн, біраз демалып алып қайталау керек. Емді көктемде жүргізген дұрыс.

Асқазанды емдеу ретінде: 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою керек. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне 3 мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс.

Жасалған тәжірибелер.

1- тәжірибе. 2 литрлік банкіге толтырмай ( алкогольді) спиртті құйып, 2 кесек итмұрын тамырын салдым. 1 апта ішінде ештеңе байқалған жоқ. Яғни спирт түсі мөлдір қалпында сақталды.1 аптадан кейін қоңырқай дәрілік тұнба түзілді. Уақыт өте келе итмұрын тамырының тұнбасы қызыл түске айналды. Нәтижесі: итмұрын тамыры спиртте неғұрлым көп тұрған сайын дәрілік тұнбасының шипасы соғұрлым арта береді.

2- тәжірибе. Кептірілген итмұрын жемісін жабық қақпақ астындағы ыдысқа бөлшектеп екіге бөліп, мұртшаларынан тазартып 20- 30 минут суға қайнаттым. Судың түсі ашық шәй түстес түрге өзгерді. Екінші рет қайнатқанда қызыл түске өзгереді.

Нәтижесі: итмұрынның жемісін суда жоғары температурада қайнатқан сайын, жемісінің ішкі жағынан химиялық заттар бөлініп шыға береді. Сүзіп одан соң тұндырып қояды. Қайнатындыны тұмау ауруы кезінде ішкенде әсері жақсы болып, адам тез айығып кетеді.Сонымен қатар қайнатындысы асқазан және бауыр ауруларына таптырмайтын ем болып табылады.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары

Ғалымдардың зерттеулерінде келтірілген деректері осы аталған жағдайларды дәлелдейді.Дат ғалымдары итмұрын сығындысынан стеоартрит кезінде ауруды азайтатын дәрі ойлап тапты.Аталмыш ауру адамның қозғалысын шектеп тастайды деп жазады.Жаңа дәрі әсіресе қол ауруларын емдеуде тиімді екенін көрсетті. Ол арнайы қоспа негізінде жасалған. Жалпы, бұл препарат туралы 20 жыл бұрын әңгіме қозғалған екен. Итмұрын сығындысын арнайы патенттелген әдіспен алып, 30 еріктінің негізінде тексергенде, олар солқылдаған аурудың азайғанын айтқан. Копенгаген университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстары аталған қоспаны қолдану остеоартрит ауруының белгілері бір тәуліктің ішінде азайтқанын көрсетті. Итмұрында С дәрумені мен ликопин көп. Бұл антиоксиданттар холестерин мен қабынуды төмендетеді.

Шипалы имұрын өсімдігі медицина саласында кеңінен танымал және көптеп қолданылады. Ғалымдардың зерттеуіне жүгінсек, тұмаумен науқастанған адам міндетті түрде ет пен шокалад жеп, итмұрыннан қайнатылған компот іщкен жөн, дейді ғалымдар.Зерттеу нәтижесі бойынша, науқас адамның ағзасы ет құрамында болатын ақуызды аса көп мөлшерде қажет етеді. Алайда, бұл азықты пайдаланбайтын адамдарға уайымдаудың қажеті жоқ, дәл сол протеиндер жұмыртқа, сүт пен сүт өнімдерінде де бар.

Күнделікті тұрмыста ағзаны ақуызбен қамтамасыз ету үшін иммунитетті күшейтетін жаңғақ, ботқаларды, соның ішінде қарақұмық жармасын пайдалануға болады.Адамға қажетті таза ақуыздың нормасы тәулігіне 50 грамм, деп хабарлады Меgamedportal.

Дана қазақ халқы « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген екен.Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.Қазіргі кезде бұлардан жасалатын препараттардың тиімділігі өз алдына, сондай-ақ олардың биологиялық сіңімділігі жоғары болуымен қатар, бойға тез таралады, зиянды заттарды бейтараптандырады. Олардың ағзадан шығуын тездетеді, ағзаның қорғаныш күшін күшейтеді.Жыл өткен сайын дәрілік өсімдіктердің құндылығы артып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М. Қожабеков, Г.Қожабекова. Дәрілік өсімдіктер. Алматы. 1982. 154-бет.

2. Ә. Нысанбаев. « Қазақ энциклопедиясы». Алматы. 2002. 215- бет.

3. Қ. Құрманов. Табиғатқа саяхат. «Мектеп» 1980. 73-77 беттер.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103637

Пікірлер (1)
Қарлығаш # 20 қазан 2015 в 00:22 0
Өзіме қажетті мәліметтер табылды. Өте жақсы жазылған, итмұрын туралы түсініктер де жақсы берілген.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар