Организмдердің әр түрлілігі және тіршілік орталары.

25 ақпан 2014 - Saule Orinkhanova

Cабақтың тақырыбы:Организмдердің әр түрлілігі және тіршілік орталары.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды организмдер әр түрлілігі және тіршілік орталарымен таныстыру.                                                                                                    

2.Оқушылардың  экология ғылымын  өмірмен байланыстыра отырып, білім деңгейін тереңдету, қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу, адамгершілікке  тәрбиелеу.  

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.                

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, география, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, сурет.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, эврикалық сұбхат

Сабақтың барысы:        І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                           ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау.

                                           ІІІ. Жаңа сабақ .

                                           ІҮ. Бекіту

                                           Ү. Үйге тапсырма беру.

                                           ҮІ.  Бағалау.  

І. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.     Б.Комманердің экологиялық  заңдарының  қағидаларына  сипаттама бер.

2.     Биосфера біртұтастығы деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ :

   Тіршілік ортасы — қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердіңарқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Жер бетіндегі  тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік  ортасына бөлінеді.

     Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді, яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы, күн сәулесін күшті сіңіреді.

     Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.

      Гиробионтар – суда  өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.

      Судың жоғарға  қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондардеп аталады.

Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады.

      Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостардеген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

     Гидробионттардың  бейімделу ерекшеліктері.

     Су жануарларының  сулы ортада бағыттын табуы.Көру бағытының  шектеулілігі, дыбысқа  жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының  таралуын қабылдау (киттәрізділер))

2.Құрлықты – ауа ортасындағытіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жануарлар денесі ауамен қоршалған — газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары, су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді, сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді.

     Көптеген түрлерде  ауа лектерінің  көмегімен таралу – анемохория дамыған.

     Ауа лектерімен ағзалардың пассивті қабылдануы – аэропланктондар деп аталады.

     3. Топырақ – тіршілік ортасы.

4.     Тірі ағзалар – тіршілік ортасы.

ІҮ. Пысықтау: 1.дәптерге жаңа терминдерді жазу, салыстыру, жаттау.

                           2.ҰБТ тапсырмаларымен жұмыс.

Ү. Үйге тапсырма: § 39 оқу, а, в, с деңгейлік сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151075

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар