Раушангүлділер тұқымдасы

29 наурыз 2016 - Умитхан Нурсалимова

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


 

Сабақ №44

Мектеп №2 ҚОМ

Сабақ тақырыбы:  Раушангүлділер тұқымдасы.

Күні 29.02.2016

Мұғалім есімі: Нурсалимова У.Л

Сынып: 6 б

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Раушангүлділер тұқымдасының құрлыс ерекшеліктерін, тіршілік формаларына және маңызына талдау жасау

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

·       раушангүлділер тұқымдасының табиғатта, өсімдіктер жүйесінде алатын орынын түсінеді;

·       раушангүлділер тұқымдасының табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін, маңызын біледі;

·       әсемдік пен әдемілікті түсінеді, нәзіктікті құрметтейді.

Оқушылардың басым бөлігі

·       раушангүлділер тұқымдасының ерекшеліктерін ажыратады;

·       оқулықты дербес пайдалану, ақпаратты дамыту және ықшамдау, алған білімді меңгеру сапасын дербес бағалау іскерлігін артады.

Кейбір оқушылар

·       топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске

бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;

·        өз көзқарасын жеткізе, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;

Алдыңғы оқу

 Крестгүлділер тұқымдасы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

 

5мин

Ұйымдастыру кезеңі /салемдесу, сыныпты түгендеу, оқу құралдарын тексеру /

Жылулық шеңбері «жүректен жүрекке»

Топқа бөлу  / Суреттерге байланысты топқа бөлу.раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер беріледі, сол өсімдіктердің артында сандар бейнеленген/

Үй тапсырмасын тексеру, сұрау

«Сандар сөйлейді»

250000;  15-20;   4-5%;    1,5%;     6.

«Кубизм » әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді

Р. Әлімқұлова, Ә.Әметов,

Ж.Қожантаева,

Қ.Қайым,

Қ. Жұмағұлова Биология. 6-сынып. Алматы «Атамұра» 2015 жыл. 141-143 беттер.

Ортасы

Тақырыпты ашу.

Көктемде Ақ гүлге оранады, Күзде  Қолға доп боп оралады.

/Алма/

Бұтаға ілген үлпершек,

Іші нәрлі қызыл сөл,

Теріп алып үлгерсек.

/Бүлдірген/

Жаңа тақырыпты меңгеру. Оқулықтағы ақпаратпен танысу.

Жеке, топпен жұмыс, кластер құру  (оқушыларға жемістердің қима  суреттері беріледі. Суреттерді оқушылар жапырақтары, сабақтарына байланысты топтастырады)

Аяқталуы

Ынталандыру: «от шашу»

Сергіту сәті (көңілді күн)

Тест (планшетті қолдану арқылы  шешу)

1.Итмұрын гүлінің формуласын көрсет?

А) *  T(5)К5 А20  Ж1    В)*  T(5)К5 А  Ж    С) * T2+2 К4 А2+4  Ж (2)

2. Жер шарында раушангүлділердің қанша түрі бар?

А) 190     В) 100     С) 3000

3. Алма, алмұрт, долана, шие қандай жапырақты?

А) жай жапырақтылар   В) күрделі жапырақтылар   С) саусақ салалы  күрделі

4. Майды раушан гүлінің қандай мүшесінен алады?

А) жапырағынан    В) сабағынан   С) күлтесінен

5. Бұталы өсімдік

А) бүлдірген   В)  раушан   С) долана

6. Мойыл мен шиенің жемістері

А) сүйекті – шырынды   В) жинақталған    С) жидек тәрізді

7. Итмұрын гүліндегі аталықтар саны

А) 100     В) 200   С) 300 

«Екі шындық, бір жаңалық»

(жабық тұқымды өсімдіктер туралы білетін шындық және бүгінгі 1 жаңалық болған ақпаратпен бөліседі)

Бағалау


 

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Топтық жұмыс

Тест жұмысы

2 шындық 1 жаңалық

Бағасы

кубизм

Сандар сөйлейді

1

2

3

4

5

6

Рефлексия:

«Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам макеті жасалған.

Әр топқа үш түрлі түстегі қағаздар таратылады  (жасыл, сары, қызыл).

Жасыл түс- сабақ өту барысы ұнады, несімен қызықты болды?

Сары түс-сабақ өту барысында қиындықтар болды, олар қандай?

Қызыл түс-келесі сабақты өту барысында тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

Сол түстерді санап бүгінгі сабақтың қаншалықты өткенін біледі.

 

Үйге тапсырма: §43  оқуға, Қызыл кітапқа енген раушангүлділер тұқымдасы жайлы мәлімет әкелу, 143 беттегі кестені толтыру. Рефлексияларын жазады, еріктілері ойларын ашық білдіреді. 

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

АКТ

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы

·     Оқушылардың қолындағы бағдаршамдары арқылы оларға көмек көрсету.

·     Белсенділік танытқан оқушыларға баға қою

·       Экологиямен байланысты

Рефлексия

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1

2

Сабақ  барысында мен немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім.


 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147913

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар