САБАҚ : ДНҚ құрылымы мен қызметі

29 наурыз 2015 - Бекмухамбет Жумаев

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: ДНҚ құрылымы мен қызметі

Мектеп: Атырау қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жумаев Б.К

Сыныбы: 11 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатыноқумақсаттары

А) нуклеотидтердің химиялық құрылысын сипаттау және олар ДНҚ молекуласында қалайша қосылып, орналасатынын түсіндіру

Б) Өсімдік ұлпасынан ДНҚ-ны бөліп алу мүмкіндігін зерттеу

В) ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты орнату

Сабақтың мақсаты

Оқушыларорындайалады:

А

    ·1. Фосфат тобы мен қанттар туралы химиялық құрамын түсіндіру

    ·2. Нуклидтер туралы түсіндіру

    ·3. Төрт органикалық негіз табиғатын түсіндіру

    ·4. Терминдерді түсіндіру: пурин және пиримидин

    ·5. Нуклидтердің құрылымын жасау

    ·6. Екі жіп қарама-қарсы бағытта орналасатынын түсіндіріп, ДНҚ қос жіпбі қалай құралатынын көрсету

    ·7. Нуклидтер мен нуклеозидтердің арасындағы байланысты түсіндіру

Б

  • 1. Практикалық жұмыстың мақсатын түсіндіру: ДНҚ ақ тұнба ретінде берілген бөлігін көрсету.

В

  • Негіздерді қосымша будандастыру
  • Генетикалық кодты жасау үшін негіздердің реттілігі
  • Гендер мен хромосомалар ДНҚ құрылымымен қалай байланысқан
  • ДНҚ бір молекуласына неше гендер болады
  • ДНҚ молекуласының ұзындығы
  • ДНҚ молекуласы қалай және неліктен қойылады (қорғау, т.б.)
  • кодтаушы және кодтамаушы жіп; триплеттер; жіптердің антипараллель табиғаты; ДНҚ жіптерінің ассиметриялық ұштары ( (5′ және 3′ ұштар, соңғы фосфаттық топтың 5' ұшы бар, ал гидроксильді топтың 3' ұшы);
  • Гистондардың ролі;
  • Қос спираль құрылымын түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

ДНҚ –ның химиялық құрамын және құрылымын түсіндіріп орындай алады. Олардың арасындағы байланысты түсіндіріп маңызына тоқталады.

Пәнге бағытталған лексика және терминология:

Амин қышқылдары, пептидтік және полипептидтік байланыс, радикал R, Карбоксил тобы СООН, Аминтоп NH2, Нәруыздың бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік, төртінші реттік құрылымы. Жай және күрделі нәруыздар, Денатурация, ренатурация,

Алдыңғы білім

Нәруыздардың құрылымы.

Сабақ барысы

Сабаққезеңдері

Сабақтаорындалуытиісіс — әрекеттер

Оқытуресурстары

Басталуы

0–10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Үй тапсырмасын тексеру

(W) Ассоциация құру мақсатында төмендегі сұрақтар сұралады:

    1.Нуклейн қышқылдарының құрамына не жатады?

    2.ДНҚ құрамында қанша нуклеотид бар және оның атауы?

    3.Нуклеотидтердің химиялық құрамы неден тұрады?

    Оқушыларға таратылатын биологиялық кескіндемелік тақырыпты ашатын диктант

    1.

(D) Презентация көрсету арқылы тақырыпқа қысқаша тоқталу

http://mapyourinfo.com/wiki/kk.wikipedia.org/%D0%9D%D1%83%D0%BA%D0%BB%D0%B5%D0%BE%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D1%82%D0%B5%D1%80/

https://twig-bilim.kz/mindmap/1308/dna/

https://twig-bilim.kz/film/discovery-of-dna-5368/

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуытиісіс – әрекеттер

ДНҚ дегеніміз не?

https://twig-bilim.kz/film/what-is-dna-5365/

сілтеме жасай отырып

    1.Генетикалық ақпаратты сақтап зат алмасу
    процестерін қадағалау

    2.1. Тұқымқуалау ақпаратын сақтау және оны еншілес жасушаларда көбейген кезде тасымалдау

    3.Нуклеин қышқылдары ДНҚ және РНҚ тұрады, олардың мономері Нуклеотидтер.

    4.Нуклеотидтер құрамы:

    https://twig-bilim.kz/film/factpack-dna-5369/

    1.Азоттық негiздердiн түрлерi — А, Т, Г, Ц

    2.Моносахаридтiң түрi – дезоксирибоза

    3.Фосфор қышқылының қалдығы

    5.Азотты негіздерге:

    ·Аденин;

    ·Гуанин;

    ·Цитазин

    ·Тимин

    Пиримидиндік негіздер

Пуриндік негіздер

Пиримидин: бұған Тимин, Цитозин, Урацил. Олар бір сақиналы азотты негіздер болып табылады. Тиминнің химиялық құрамы жағынан өте жақын Урацилге.

Пуриндер: құрамында екі сақинасы бар азотты негіздер. Олардың біреуі 6 бұрышты, ал екіншісі 5 бұрышты сақина түзеді. Бұған Аденин мен Гуанин жатады.

Темин химиялық құрамы жағынан урацилге өте жақын. Олар 1 шеңберлі сақина болып таңбаланады.

    6. Бес көміртекті қанттар, оларға Рибоза мен Дезоксирибоза жатады.

    7.Бес көміртекті қанттардан тұрады. Оларды Пентоза деп атайды: Ерекшелігі: С5Н10О5 –Рибоза РНҚ құрамында,

    ·С5Н10О4 –Дезоксирибоза, ДНҚ құрамында кездеседі. Ерекшелігі құрамындағы оттегі санына байланысты.

    8.Ковалентті полюсті байланыс жасайды ұзына бойы орналасқан тізбек. Олар Фосфор қышқылы мен Моносахаридтердің арасында жүреді.

    9.Азотты негі фосфор қышқылы мен және 5 сақиналы қантпен байланыс жасағанда конденсацияланады. Ол кезде су бөліну жүреді немесе Н2О бөлінеді. Нуклеотидтердің ағза үшін ролі шектелмейді және нуклейнқышқылдардың қаңқасын құрайды. Кейбір коферменттер өзінің нуклеотиді ретінде қабылдайды мысалы: Аденазинтрифосфат АТФ, АДФ, АМФ, және Кофермент А, Никотинамидадениндинуклеотид (НАД), Никотинамидадениндинуклеотидфосфат НАДФ және Флавинадениннуклеотид ФАД.

    10.ДНК — биополимер, оның мономерінуклеотидтер. Нуклеотидтердің 4 түpi болады: Аденин, Гуанин, Тимин, Цитозин. Әр нуклеотид үш компоненттен тұрады:
    1. фосфор қышқылының қалдығы

    2. моносахарид (дезоксирибоза C5H10O4)
    3. азоттық негіздер, пуриндік (А-Г), пиримидиндік (Ц-Т).

    11.Егер тек қана Азотты негіз және моносахаридтер өзара қосылса олар ондай қосылыс Нуклеозид деп атайды.

    12.Егер тек қана Азотты негіз және моносахаридтер және Фосфор қышқылы өзара қосылса олар ондай қосылыс Нуклеотид деп атайды.

ДНҚ-ның құрылым ерекшелігі қос тізбекті болып келеді:
1. ДНҚ екі полинуклеотидті тізбектен тұрады, оның моделін 1953 ж американ биофизигі Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі және генетигі Ф. Крик ұсынған.
2. Екі тізбек 6ip-6ipiнe антипараллелді, 6ip тізбектің 51 ұшы екінші тізбектің З1 ұшымен байланысады.
3. ДНҚ-ның рентген құрылысын талдау барысында оның 2 спиральдан тұратыны, өз осьінің маңында оңға қарай оралып спираль түзетіні анықталды. Спиральдің диаметрі 2 нм, әр қадамы 3,4 нм, әр бұрылымына 10 жуп нуклеотид кіреді. Нуклеотидтердің бір тізбекте қосылуы бірнуклеотидтің дезоксирибозасымен екінші нуклеотиддтің фосфор қышқылы арасында өтеді. Соның нәтижесінде полимерлі тізбек түзеді. Әрбір тізбектің азотты негіздер нуклеотидтері шиыршық ішінен қарайды. Алайда Дезоксирибоза мен Фосфорқышқылы өзара байланыс жасап Қанттыфосфатты көпірше түзеді. Олар ковалентті полюсті байланыс түзеді. Ол Дезоксирибозаның көміртек, Н3РО4 фосфор қышқылының атомдары арасында оттегі арқылы түзіледі.

    13.ДНҚ қостізбекті полинуклеотидті тізбек, олар бір-бірімен сутегі арқылы байланысады. Олар екі сутектік және үш сутектік байланыс жасайды.

    14.Генетикалық кодты жасау үшін негіздердің реттілігі ДНҚ әр сақинасын 3 негізді жіпше түзеді, ол бір бірімен Азотты негіздер арқылы сутектіктік байланыс жасап Триплидті код жасайды. Олардың жиынтығы ген түзеді. Олар өзіне сәйкес келетін нуклеотидтер жиынтығы амин қышқылдарын түзеді. Аденин мен Цитозин бір бірімен еш уақытта байланыс түзбейді. Сутектік арасындағы байланыс беріктігі ковалентті ролюсті байланыстар расындағы беріктіктен төмен болады.

Гендер мен хромосомалар ДНҚ құрылымымен және Гистонды нәруызды заттардан тұрады.аздаған мөлшерде хромосмалық РНҚ болады. ДНҚ молекуласы теріс -зарядты, ол ұзын болып келеді, ол Нәруыз молекуласы Гистонды қоршайды, ол + зарядты болып келеді. ДНҚ мен Нәруыздың осындай құбылысын Нуклеосома деп атайды. Мысалы адамның бір жасушасының ДНҚ-сы шамамен 2,2 метр болады, адамда 46 хромосома бар, Әрбір хромсомада ДНҚ ұзындығы 4,8см тең. 220см/46=4,8 см -48000 мкм

    15.1 Хромосомадағы ДНҚ ұзындығы қанша мкм тең. Адамның хромосоманың ұзындығы орташа 6 мкм. Каэфицентін шамаласақ 48000/6= 8000/1 тең. 1 хромосомаға 8000 мкм ДНҚ оралады. Олар 8 молекулалы гистонды нәруызды дәлме –дәл орналастырады. Ол (құрылыс баспалдағына өте ұқсас.) ұқсас. 8 Гистонмен молекуласымен спирал тәрізді байланысқан ДНҚ _Нуклеосомма деп атайды. Моншақтәрізді тізбектелген бөлігінің қалыңдығы 30 нм тең, Әрбір орама 6 нуклеосомнан тұрады. Бұны 30 нм талшық немесе Соленойдтық талшық д/а. Мысалы 40 Нуклеосома бар десек, оларға 1мкм ДНҚ жімшесі жұмсалады. 1мкм*40 нуклеосома=40мкм ДНҚ жіпшесі оралды. Сыртқы бөлімі оралмайды Соленойдты хромотиннің.

Оқыту ресурстары

https://twig-bilim.kz/film/what-is-dna-5365/

https://twig-bilim.kz/film/factpack-dna-5369/

Соңы

35-40 минут

(W) Талдау мақсатында сын тұрғысынан сұрақтар:

    ·Нәруыздың құрылымы нешеге бөлінеді.

    ·Нәруыздың мономерлері.

    ·Амин қышқылдарының байланысы.

    ·Полимерлердің арасындағы байланыс қалай жүреді. Екінші реттік құрылым.

    ·Үшінші реттік құрылым.

Дифференциалды оқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз?

Пәнаралықбайланыс

Денсаулық және қауіпсіздікережелері

АКТ

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар:

Беттік ауданның көлемге пропорциясын есептеуге байланысты тәжірибе жасау

Қатысушылардың көпшілігі:

Беттік ауданның көлемге пропорциясын есептеп, заттардың тасымалдануына қалай әсер ететініне сипаттама беру

Кейбір оқушыларға: тапсырмаларды бере отырып қызығушылығын тудыру. Алынған нәтижелерді графикке еңгізу, графикті интерпретациялау. Дұрыс гипотеза құру және қорытынды шығару.

Сабақтыңбасында, ортасындажәнесоңындасүрақтароқушыбілімінүнемібағалауғамүмкіндікбереді.

Пәнаралықбайланыс:

Химия мен байланыс бар, өйткені осы практикалық сабақта реагенттермен қышқылдар пайдаланылды.

Математикамен байланыс бар. Ауданның көлемге пропорциясы математикалық есеппен шығарылады.

Денсаулық және қауіпсіздік:

Әлсіз болсада лимонқышқылы химиялық зат болып табылады, сондықтанда көзге қорғау керек.

Құндылықтар мен байланыс

Әлеуеттіқауіптізаттарменжұмысжауаптықатынастыөңдеугекөмектеседі. Жұппенжұмысжасаудостықатмосферанықұруғакөмектеседі. Араласудағдыларысеріктеспенжұмысістегенкездежәнесұрақтарғажауапберукезіндедамиды.

Рефлексия

Сабақмақсаттары/оқытумақсаттарыжүзеге асырымдыболдыма? Бүгіноқушыларненіүйренді? Оқытуортасықандайболды? Меніңбөліпоқытқанымөзмәніндежүзегеастыма? Менөзуақытымдыұтымдыпайдаланаалдымба? Менжоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Төмендеберілген бос орындыөзсабағыңызға рефлексия жүргізуүшінпайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстысолжақтакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Қысқашабағалау

Қандайекімезетеңтабысты(сабақберуменоқытудықарастырыңыз)?

1:

2:

Қандайекімезетсабақтыжақсартты(сабақберуменоқытудықарастырыңыз)?

1:

2:

Менсабақтантоппенжекелегенадамдартуралынебілдім, келесісабақтанеайтамын?

Азотты негіздер

Нуклеозид

Дезоксинуклеозид

Аденин

Аденозин
A

Дезоксиаденозин
dA

Гуанин

Гуанозин
G

Дезоксигуанозин
dG

Тимин

5-Метилуридин
m5U

Дезокситимидин
dT

Урацил

Уридин
U

Дезоксиуридин
dU

Цитозин

Цитидин
C

Дезоксицитидин
dC

Азотты негіздер

нуклеозидтер

Нуклеотидтер

туындылары

дифосфорлы

трифосфорлы

Аденин

аденозин

Аденозинмонофосфор қышқылы (АМФ) аденил қышқылы

аденозинди – фосфор қышқылы (АДФ)

аденозинтри- Фосфор қышқылы(АТФ)

Гуанин

гуанозин

Гуанозинмонофосфор қышқылы (ГМФ) гуанил қышқылы

гуанозинди – фосфор қышқылы (ГДФ)

Гуанозинтри- фосфор қышқылы(ГТФ)

Урацил

уридин

Уридинмонофосфор қышқылы (УМФ) уридил қышқылы

уридинди- фосфор қышқылы (УДФ)

уридинтри- фосфор қышқылы(УТФ)

Тимин

тимидин

тимидинмонофосфор қышқылы (ТМФ) тимидил қышқылы

тимидинди- фосфор қышқылы(ТДФ)

тимидинтри- фосфор қышқылы (ТТФ)

Цитозин

цитидин

цитидинмонофосфор қышқылы (ЦТФ) цитидил қышқылы

цитидинди- фосфор қышқылы (ЦДФ)

цитидинтри- фосфор қышқылы (ЦТФ)

Мононуклеотидтер (негізінен, АМФ) тек нуклеин қышқылдарының құрамында ғана кездеспейді, сонымен қатар көптеген ферменттердің коферментінің құрамына кіріп, көптеген ферменттердің түзілуіне қатысады.

Нуклеотид туындыларының маңызы:

1. Олар энергия көзі болып табылады, себебі екі фосфор қышқылының қалдығы нуклеотидке макроэргиялық байланыспен байланысқан (~), осы байланыс үзілгенде 29-39 кДж/моль энергия бөлінеді, АТФ әмбебап химиялық энергия көзі болып табылады, ал басқа нуклеозидтрифосфаттар белгілі бір процестер үшін ғана энергия көзі бола алады, мысалы, УТФ – көмірсулар, ЦТФ — липидтер, ГТФ — белок синтезінде энергия көзі ретінде пайдаланылады.

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияПрактикалық жұмыс 11.3В-4. Жеміс пен көкөністерден ДНҚ-ны алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152292

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар