Қазақстан әлем картасында

23 қыркүйек 2015 - Райгүл Ізбақыш
Қазақстан әлем картасында

Атырау облысы. Атырау қаласы. И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Ізбақыш Райгүл Русланқызы

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

Сынып: 9

Сабақ тақырыбы: §2. Қазақстан әлем картасында

Сабақ мақсаты:Қазақстанның дүние жүзі картасындағы геосаяси орнын, халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру

КР -ның геосаяси орнын маңызы туралы көзқарасын дамыта отырып, ұлттық экономиканың қазіргі даму ерекшеліктері және жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ойлау жүйесін дамыту.

Оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Әдісі: топпен жұмыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушыларды Менің елім Қазақстан (Б. Тілеухан), Атамекен (Е. Хасанғалиев), Менің Қазақстаным (Ж. Нәжмеденов, Ш. Қалдаяқов) әндері арқылы 3 топқа бөліп отырғызу

І топ: Экономикалық-әлеуметттік аумақтар кешені

ІІ топ: Қазақстан экономикасының қалыптасу кезеңдері

ІІ топ: Экономикалық әлеует

Зымыран сұрақтар:

    1.ЭӘАК- бұл… үштігі

    2.Уақыты бойынша алғашқы экономика…

    3.Жоспарлы шаруашылықтағы меншіктің басты түрі…

    4.Экономикадағыартық шектеулер… шеттетеді.

    5.Экономикалық әлеуетті құрайтындар саны…

Жаңа сабақ

Жоспары:

    1.Қазақстан және әлем: біздің географиялық мекен-жайымыз

    2.Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы

    3.Экономикалық-географиялық жағдайы: «плюстері мен минустары»

    Елдің аумағы-2724,9 мың км2 аумағы бойынша әлемде – 9 орын шекара ұзындығы -15,3 мың км блыс саны-14

    ЕуроОдақ (1957 ж) 27 ел, ТМД (1991 ж) 11 ел

    Ел аумағының ең басты сипаты-оның географиялық жағдай болып табылады

    ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын: 1) әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарыққа; 2) көрші елдерге; 3) халықаралық көлік жолдарына қатысты анықтау.

    ЭГЖ-тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қлайсыз болуы мүмкін

    Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор.

Жаңа сабақты бекіту

І.Топтастыру стратегиясы:

Қазақстан Республикасы

ІІ. Постер құру

І топ: Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаты

ІІ топ:Қазақстанның геосаяси ерекшеліктері

ІІІ топ: Қазақстан кеше, бүгін, ертең

ІІІ. Эссе жазу «Астана менің бас қалам»

Сәйкестендір, анықта

1 топ.Цифрлармен белгіленген облыс орталықтарын ата

2 топ.Әріптермен белгіленген қай облыстар

3 топ. Әріптермен белгіленген жерлерде қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?

Венн диаграммасы. Салыстыру

Қазақстан-Ресей; Қазақстан-Қытай; Қазақстан-Өзбекстан

Ойлан жұптас пікірлес

    1.Қазақстанның географиялық мекен-жайы-… Азия

    А) Орта ә) Оңтүстік б) Орталық в) Шығыс Г) Алдыңғы

    2.Орталық Азия едері:

    А) барлық аталғандар ә) Тәжікстан б) Қырғызстан в) Түрікменстан г) Өзбекстан

    3.Қазақстанмен шектеспейді:

    А) Қытай ә) Монғолия б) Ресей в) Өзбекстан г) Қырғызстан

4. Қазақстанның мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы (мың км)

А) 60 ә) 13,3 б) 2 в) 15 г) 10,5

5. Қазақстанның ауданы бойынша дүние жүзінде алатын орны:

А)11-ші ә) 5-ші б) 7-ші в) 9-шы г) 13-ші

6. Қазақстан мемлекетінің ауданы (мың км2)

А) 7692 ә) 428 б)3287 в)17075 г) 2724,9

7. Қазақстандағы облыс саны

А)14 ә)6 б)19 в) 17 г) 22

8. ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымының үш басты буыны

А) дұрыс жауап жоқ ә) өңірі б) барлық аталғандар в) аудан г) облыс

9. Қазақстанның ЭГЖ қолайсыз жағы… жағдайы

А) теңіздік ә) құрлықішілік б) транзиттік в) көршілік г) барлық аталғандар

10. Қазақстан қоғамының алдында тұрған міндет:

А) ырықтандыру ә) жекешелендіру б) индустрияландыру в) ғаламдастыру г) жаңашылдандыру

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: §2 Реферат Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151005

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 25 қыркүйек 2015 в 11:33 0
Жақсы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар