Қазақстанның пайдалы қазбалары

4 наурыз 2015 - Нагима Ергалиева

Ергалиева Нагима Уткелбаевна

№14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі

№16 сабақ

Қазақстанның физикалық географиясы

Сынып:8 «В», 8 «Г»

23.10.2014ж

Сабақтың тақырыбы:

§19. Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың орналасқан аумақтарын, атауларын білудің маңыздылығын түсіну.

Қазақстанның пайдалы қазбаларымен таныса отырып, әдептілікке, ұқыптылық, экологиялықтәлім алу.

Алған білімді өмірде дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Міндеттері:

1.Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.

2.Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың атаулары, географиялық орны туралы ұғымның қалыптасуына және сипаттама жасайалуына мүмкіндік беру. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, экологиялықтәлім арқылы адамгершілікке, елін-жерін сүю арқылыпатриоттыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Қазақстанның пайдалы қазбаларытуралы білетін болады.

Қазақстанның пайдалы қазбалары орналасқан аймақтарды біледі, картадан көрсете алады.

Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игеру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, диалог, ОБ, ОЖЕ, ДТ, ОБК.

Пәнаралық байланыс: биология, тарих, ағылшын және орыс тілі, химия.

Көрнекіліктер: Оқулық (оқу құралдары),үлестірмелі материалдар,

Топтастыру

«шартты белгілер құпиясы» (1мин)

Оқушыларға шартты белгілер таратылып беріледі.

Берілген шартты белгілер бойынша топтасып отыра

ды.

Сергіту сәті

Жұмбақ жасыру (2 мин)

Жұмбақты шешу

Тапсырмалар:

Ой қозғау.

Қолдарыңызға берілген шартты белгілер нені білдіреді? (2 мин)

1. Топтық жұмыс.Кластер құрау(7 мин)

1 топ- жанатын пайдалы қазбалар

2 топ- кенді пайдалы қазбалар

3 топ- кенсіз пайдалы қазбалар

4 топ- Қазақстанның орны

2. Жеке жұмыс.Қазақстандағы пайдалы қазбалардың кен орындарын анықта. (3 мин)

Мұнай, темір, фосфор.

3. Жұптық жұмыс. Кестені толтыр .(5 мин)

4. Мәтінжәне картамен жұмыс. (10 мин)

5. Топтық жұмыс.Сипаттама жаса (5 мин)

6. Шығармашылық жұмыс. «Досыма хат

»(5 мин)

Оқушылар жауап берген соң, мұғалім сабақтың мақсаты мен міндетін айтады.

Берілген тапсырмалар рет-ретімен орындалады.

Үйге тапсырма:

§19 оқу, кескін картаға кен орындарын түсіру.

Күнделікке жазып алады.

Бағалау:

Өзін-өзі бағалау және формативті бағалау

Бағалау парағы арқылы

Рефлексия

Өз ойларын, пікірлерімен ұсыныстарын жазып,қалдырып кетеді.

Жұптық жұмыс.Кестені толтыр.(5 мин)

Пайдалы қазбаның атауы

Кен орнының атауы

Қай топқа жатады?

Шартты белгісі

Газ




Алюминий




Алтын




Көмір




Тұз




Жұмбақтар:

1.Қызуын аямайды,

Көлікке азық жасайды./Мұнай/нефть/ойл

2.Қара түсті, отын,

Жанады жарқын./Көмір/уголь/

3.Мөлдір, әрі түссіз,

Өзі табиғи отын./Газ/газ/

Мәтінжәне картамен жұмыс. (10 мин)

1.Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға бөлінеді: жанғыш — көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық — гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар.; химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.

Тапсырма:

1.Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында алатын орнын көрсет.

2.Көмір, темір, мұнай кен орындарын картадан көрсет.

2.Жанатын пайдалы қазбалар мұнай мен газ-Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және батыс қазақстан облыстарында шоғырланған. 1899 ж. Қарашүңгілде Әмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады. 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 ж. Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз ( Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол

( Ақтөбе облысы), Қарашығанақ ( Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл( Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар.

Тапсырма:

1.Мұнай мен газдың ел экономикасына тигізетін әсері қандай?

2.Аталған кен орындарын картадан көрсет.

3.Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.

Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырма:

1.Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстыр.

2.Кескін картаға аталған кен орындарын түсір.

4.Қаныш Сәтбаевтың суреті

-Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.

Тапсырма:

1.Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның пайдалы қазбаларын игеруге қосқан еңбектері жайлы баянда.

2.Картадан Қаныш Сатпаевтың зерттеген аумақтарын көрсет.

Топтық жұмыс.Сипаттама жаса (5 мин)

1 топ- мұнай

2 топ- темір

3 топ-асбест

4 топ- вольфрам

Шығармашылық жұмыс. «Досыма хат»(5 мин)

Алыстағы досыңа Қазақстанның жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы хат жазу.

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарЖаратылыстану пәнінен күнтізбелік жоспар (5-сынып)

Күнтізбелік жоспарГеография пәнінен күнтізбелік жоспар (7-сынып)

ЖаңалықтарҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

ГеографияАфрика материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066271

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru