Қазақстанның ішкі суларының түрлері

    Тақырыбы:       Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның ішкі суларының түрлері, өзендері туралы толық мәлімет беру 
1. Білімділігі:Қазақстанның өзендерінің ірі алаптары,өзен жүйесінің ерекшелігі, қоректену режимі мен жылдық ағыны туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру, жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипаты- ның байланысын түсіндіру,өзендердің суға молығуы және өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру. 
2. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойын элементтерін қолдану, картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. 
3.Тәрбиелілігі: ынтымақтыққа тәрбиелеу. ізденімпаздыққа баулу,өзендерді қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету. 

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:Қазақстанның физикалық картасы, плакат, тірек -сызба, географиялық  тест, таратпалар 
Сабақ түрі: Топтық  сабақ. 

Әдіс-тәсілдер: баяндау, картамен жұмыс, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, СТО технологиясы
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару) Сыныпты 2 топқа бөлу. ( туған айлары бойынша  арқылы топқа бөлінеді)

Қызығушылықты ояту
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 
I.  «Ыстық орындық» әдісі бойынша тапсырмалар беріледі.

 1- топтың сұрақтары:
1.Климат қалыптастырушы факторларды ата?
2.Қазақстанда жыл мезгілдері неліктен айқын байқалады?
3.Қаңтар айында солтүстікте қандай температура байқалады?
4.Қазақстанның климатын  қалыптастырушы  ауа массаларын ата?
5.Қолайсыз ауа райында қандай  құбылыстар болады? 
 2- топтың  сұрақтары:
1. «Білгенге маржан»  Ең ерекше жерлер.... 
1. Тақтада ілінген  қалташадағы  сұрақтарға жауап беріңдер.


II.  «Кім жылдам?»  Өзіңді тексер  ( ауызша тест).
ІІІ. Жаңа сабақ .           

 Мағынаны тану. «ЖИГСО-1»  әдісі 10 минут. Постер құрады. Мәтін бойынша жұмыс.  1- топқа тапсырма: Солтүстік Мұзды мұхит алабы.   2- топқа тапсырма: Ішкі көлдер алабы.

IV.Жаңа сабақты бекіту:  “ Кубизм» стратегиясы.

1. Қазақстанның барлық өзендері негізінен  қандай 2 алапқа бөлінеді?

2. Каспий теңізі алабына жататын ең ірі өзен?

3. Арал теңізі алабына жататын ең ірі өзен?

4. Қазақстандағы ең ірі суқоймасы?

 5. Ертістің сол жақ салалары?

 6. Су шығынының көп болатын мезгілі?

Сергіту сәті:  Су, өзендер туралы мақал- мәтелдер, тыйым сөздер туралы айтып шаттық шеңберін құрады.

Қорытынды:   Суды қорғау үшін не істеу керек? ( Ретсіз пайдаланбау, зауыттардан шыққан қалдықтарды төкпеу,  тазартқыш қондырғылар орнату, заң ережелерін сақтау )

V.Рефлекция.

1. Мен білдім.........

2. Мені таң қалдырды...........

3. Мен білгім/ үйренгім келеді..........

VI. Қорытынды. Кері байланыс:  Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін талдап

өз ойларын стикерге жазады. Сонан соң  «Даналық ағашқа» іледі.

VII. Топ басшылары өз топтарын бағалайды. ( бағалау парағы)

VIII. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу,  Алаптардағы өзендерді кескін картаға  түсіру. Сөзжұмбақтар дайындау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068856

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru