Қара металлургия

9 ақпан 2014 - Серік Ұзақбайұлы
Қара металлургия

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№80 мектеп-гимназия

Аты жөні: НиязовСерік

Пәні: география

Сыныбы:9

 

 

Сабақтың тақырыбы:Қара металлургия

Білімділігі:  Қазақстанның қара металлургия өнеркәсібі туралы мағлұмат беру. 

Дамытушылығы:  Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту.

Тәрбиелігі: Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаевтың  қиын  да  қызықты  металлургия  саласында  қызмет  атқарғанын  айтып  өту.  Металлургия кәсіпорындары өнімдерінің экспортқа бағытталуына тоқтала отырып, оқушыларға металлургия мамандығын үлгі ету.

Көрнекілігі: флипчарт, ҚР экономикалық картасы, металл үлгілері, электронды оқулық.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі

Сабақтың  типі:  аралас

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  баяндау,  сұрақ-жауап,  тірек-сызба,  т. б.

Пәнаралық байланыс:  химия, тарих,  биология

Пайдаланылған  әдебиеттер:  «География  және  табиғат»  журналы  ғаламтор  сайттары,  электронды  оқулық

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру.

1.    Сәлемдесу

2.    Түгендеу

3.    Сабаққа  назарларын  аудару

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау

«Түсті  металлургия»  тірек-сызба  әдісі  арқылы  сұрау

 

      
  
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Үй  тапсырмасын  бекіту: Түрлі-түсті металлүлгілерілерін (күміс қасық, алюминий сым, алтын сырға,қорғасын құйма, мыс білезік) оқушылар қолына ала отырып, онын касиетін, химиялык сипаттамасын, тұрмыста кездесуін сипаттайды.

ІҮ. Жаңа  сабақ

(электронды оқулық арқылы тарихы сипатталады)

         Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.

         Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінің байқап жүрді. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасап жүрді. 12 ақпан 1949 жылы- тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.

         Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарканд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.

         Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған.  Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.

         Қазіргі кезде қара металлургияның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар. Қара металлургия өнеркәсіптерінде темір кенін өндіріп, шойын, болат балқытып, прокат және ферроқорытпаларды жасап шығарады. Қара металлургия өнімі – темір мен көміртектің қорытпасы. Оның құрамында сонымен бірге – кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де болады. Қара металдың қасиеті, негізінен, оның құрамында көміртектің аз не көп болуына байланысты. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.

Сергіту  сәті:  металға  байланысты  мақал-мәтелдер  айту

Қызықты  дерек:

Адамның денесінде ертінді түрінде  3-4г темір болады. Ол қанға қызыл  түс береді.  Қан құрамындағы темір  азайып кетсе, адам тез шаршайды,  басы айналады, көңіл күйі  нашарлайды. Мұндайда дәрігер оған  құрамында темірі  бар дәрі ішу  керектігін ескертеді. 

Ү. Жаңа  сабақты  бекіту

Тест  тапсырмалары:

1. Ең  ірі  ферроқорытпа  зауыты  қай  облыста?

а) Алматы

ә) Өскемен

б) Ақтөбе

2. Металды  қорыту  үшін  пайдаланатын  отын.

а) ағаш

ә) кокс

б) мұнай

3. Қазақастан  қара  еталлургиясының  негізі  қай  жылы  қаланды?

а) 1938

ә) 1991

б) 1956

4. Соколов-Сарыбай  кен  орны  қай  облыста  орналасқан?

а) Қызылорда

ә) Алматы

б) Қостанай

5. Теміржол  рельстері  қандай  қара  металдың  түрінен  жасалады?

а) шойын

ә) болат

б) екеуіде

 

 

«Фрейд»  тірегі

 

 

 

    
  

 

 

 

 

      
  

Қара

металлургия

 
 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІ.  Сабақты  қорытындылау:

Қиын  да  қызықты   металлургия  саласында  еліміздің  Президенті  Н. Ә. Назарбаев  өз  еңбек  жолын  бастаған.(презентация)

ҮІІ. Үйге тапсырма: 

1. Республикадағы темір, марганец, хромит кен орындарына реферат жазу.

2. Қара металлургия кәсіпорындарын кескін картаға түсіріп, осы тақырыпты оқып келу.

ҮІІІ.  Бағалау.

Сабаққа  белсенді  қатысқан  оқушыларды  бағалау

 

Сабақ сәттерінен көріністер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119761

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар