«География әлемі» атты шоу сайыс сабағы

18 маусым 2015 - Гүлсара Байбатырова

«Географияәлемі» атты шоу сайыс сабағы

7 сыныптар

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың дүние жүзіндегі құрлықтары және оның бөліктері, географиялық орны, жер бедері, табиғат зоналары, халқы мен елдері туралы түсініктерді қалыптастыру

2.Оқушылардың алған білімдерін, пәнге деген қызығушылығымен құштарлығын, ойлау қабілетімен сөйлеутілін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасай білуін дамыту.

3.Ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге дағдыландыру

Сабақтың көрнекіліктері: магниттік тақта, АКТ, Д.Ж.физикалық картасы, Сөзжұмбақ, Тікелей ұяшықтар плакаттары

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Таныстырылым кезеңі

3. «Кім жылдам?»кезеңі Сұрақ-жауап

4.«Менің елім» кезеңі

5. «Сөзжұмбақтар сайысы» кезеңі

6. «Мағынаны ажырату» кезеңі

7. «Ситуациялық сұрақтар» кезеңі Топ спикерлер жарысы

8.Қорытынды. Марапаттау

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ақыл –адамды аздырмайтын ем, Шолғыншысы--ой

Білім—таусылмайтын кен.

Жолдасы—кәсіп,

Адамның басшысы--ақыл

Қорғаны—сабыр,

Жетекшісі –талап

Қорғаушысы--мінез

Шоу сабағымызда география даналған білімдеріңізді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер. Алған білімдеріңізді осы сайыс сабақтың кезеңдеріндекөрсете аласыздар.

Сайысқа 7бжәне7в сынып оқушылары қатысады. Сайысты бағалап, әділдігін айтатын қазылар алқасытаныстырылады.

1.Инновация завуч Ниязқұлова Шайзада апай

2.Әлеуметтік –педагог Нұрмаханова Мария апай

3.БейімдікзавучБеденова Баян апай

4.География пән мұғалімі ӨсербаеваҚарлығашапай

1турТаныстырукезеңі5ұпайменбағаланады.

Әр топ өздерініңтоп мүшелерінтаныстырып өтеді

«Қыран»тобы және «Бәйтерек» тобы

2 тур «Кім жылдам»Сұрақ—жауапкезеңі

Топ мүшелерінесұрақ қойылады. Дұрыс жауап5ұпай

6құрлықбойынша

1топқа: 1. Криктер дегенімізне?Кеуіп қалған арналар

2.С.Америка материгіндегі Солтүстік мұзды мұхитының алабына жататын өзеннің атыМаккензи Ұзындығы 4740 км.

3. Жанартаулықаралдардыңең үлкеніГавайаралы

4.Аквалангдегенімізне? Су астындадемалуғаарналғанаппарат

5.Африканың ылғалды экваторлық ормандар зонасында қандай өзен бар? Конго өзені

6.Жер шарында қай елде қалайы белдеуі бар?О.А.Боливияда

7. Фернан Магелланның саяхаты қай жылдары жер шарын айналып өтті?

1519-1522жылдары

8.С.Америкадағы ең биік ағаш секвоя АҚШ-тың қай штатында өседі?Калифорния

9.Аустралиядағы кенгурулардың ірісін немесе кішісін қалай атайды?

СұркенгурунемесеВаллаби

10.Кордильер атауына алтын іздеушілер келіп, аптап ыстыққа шыдамай шөлден қайтыс болатын кезеңді қалай атайды?

«Алтын дүрбелеңі»немесе«Өлімаңғары»

2топқа:1. Панамаканалы қай жылы салынды?1914жылы

2.Солт.Американың оңтүстігіндегі шеткі мүйісіМарьято мүйісі

3.Венесуэла, Мексика, Куба, Перу, эквадор жерлерінің биіктік белдеулерін зерттеген кім?А.Гумбольдт

4.Котопахи тауықайелде орналасқан?Эквадор елінде

5.Африкада өсетін вельвичия өсімдігі қанша жыл өмір сүреді?2000жыл

6.Хамададегенімізне?жергілікті халықтасты шөлдердіайтады

7.Аустралиядағы ең биік тауының атыКосцюшко тауы2228м.

8. Аустралияныңбайырғытұрғындарыаборигендер менпапуастар

9. Миссисипидің оң жақ саласыМиссури өзенін үндістер қалай атаған?Тұнбалы өзен

10.Д.Ж.ең ұзынбұғаз қалай аталады?Мозамбикбұғазы

3 тур.«Менің елім»кезеңі3 түске боялған 9 ұяшықтарберілген

Әр жауап 5 ұпайменбағаланады.

Қызыл түсте —Еластаналары

Сары түсте —Қазақ хандығына550жылдығы

Көк түске —Қазақ ақындары

Қызыл түстің сұрақтары:1.Судан елінің астанасы Хартум

2.ГрекияастанасыАфина3.Исландияның астанасы Рейкьявик

Сарытүстің сұрақтары:

1. Соңғы президент сайлауы қашанболды?1999жылы

2.xv ғасырдағықазақханы кім болды?Жәнібек хан

3.Атаға бөлінгендер адыра қалды, көпті қорлаған көмусіз қалды, хан азса- халқын сатады, халық азса- хандыққа таласады,- деп айтқан кім?Төле би

Көк түстің сұрақтары:1.Қазақ халқының «Үшбәйтерегі»

Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфулин, Илияс Жансүгіров

2. «Абайжолы» романы қанша елдің тілінде аударылды? 30

3.Оралхан Бөкейдің ең үздік шығармасы қалай аталады?

Тортай мінер Ақбозат

4 тур. «Сөзжұмбақтарсайысы» кезеңі Әр жауап 5ұпай

Өздері алдын-ала дайындалған Солтүстік Америкамен Африка құрлықтары туралы сөзжұмбақтарын қарсы топтар бір-біріне жасырады.

5 тур.«Мағынаны ажырату»кезеңі « Ішіне, сыртына» әдісі Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Бірнеше берілген термин сөздерді Гондвана мен Лавразия құрлықтарына ажыратып жазып шығыңдар

Лапландия, «Мұз бен от елі», Аустралия, Еуропа, Арктика, Мадагаскар, Тянь-Шань, Қазақстан, Үнді мұхиты, Кордильера, Сингапур, АҚШ, Дежнев мүйісі, Амазонка өзені, Ниагара сарқырамасы, Ла-Плата жазығы, Атакама шөлі, Аргентина, Ніл өзені, Виктория көлі, Чад көлі, Қойөгіз, Оттава, Гренландия аралы, Намиб шөлі, Тунис елі, Бентли ойысы, Мичиган көлі.

Гондвана құрлығы Лавразия құрлығы











6. «Ситуациялық сұрақтар» кезеңі Топ спикерлер жарысы 5 ұпаймен бағаланады

1топқа: Ертеде қойшылар ағаштостағанға ет пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады?Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған

2топқа: Сіздер бейтанысжерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді. Жауабы: Аустралия материгі.Жергіліктітұрғындар халық тілінде«кенгуру»сөзі «түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.

1топқа: Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіңдер. Бірақ, ешқайсысы зәулім ғылым иинституттарда жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады. Бұл қай материкжәне қай халық?Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.

2топқа: Италияда «ит үңгір»деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқылгазы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақсенделіп барып құлайды.Неге?

Жауабы: Газ жерден 1метрден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлайды.

Қорытынды.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремііз

Жеңімпаздарды марапаттау

.













Осыған ұқсас жазбалар:

Биология"Қызықты биология елінде!" сайыс сабақ

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

Информатика«Зерде интелектуалды ойыны»

Физика«Физика біздеқонақта» Сайыс сабақ

Орыс тіліШаңырақ сайысы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124338

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 24 маусым 2015 в 21:49 0
Көпсалалы пән болғандықтан, қазіргі дүние толқынына бағдарлануды, қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінік қалыптастыру негізделеді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар