8 сынып тест сұрақтары

21 қыркүйек 2015 - Базаргүл Алтынбекқызы

Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша 8 сыныпқа арналған

тест тапсырмалары.

І нұсқа

1. Қазақстан қай материкте орналасқан:

а) Солтүстік Америкада, ә) Еуропада, б) Еуразияда, в) Азияда, г) Африкада.

2. Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша:

а) 2,7 млн. кв.км, ә) 1,7 млн. кв.км, б) 4,7 млн кв. км, в) 0,7 млн.кв.км, г) 1,9 млн.кв.км.

3. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында:

а) 1-ші орында, ә) 9-шы орында, б) 5-ші орында, в) 13- ші орында, г) 3-ші орында.

4. Қазақстан Республикасы батыстан шығысқа дейін қанша км –ге созылып жатыр:

а) 2000 км, ә) 1500 км, б) 3000 км, в) 4500 км, г) 1600 км.

5. Қазақстан Республикасы солтүстіктен оңтүстікке дейін қанша км-ге созылып жатыр:

а) 500 км, ә) 1000 км, б) 2000 км, в) 1550 км, г) 1650 км.

6. Қазақ тілі қандай тіл семьясына жатады: а) үнді- еуропалық, ә) оралдық, б) ағылшындық, в) алтайлық, г) тибеттік.

7. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды:

а) 10.12.1993, ә) 25.10.1992, б) 02.03.1992, в) 17.12.1991, г) 16.12.1991.

8. Қазақстанның шығысындағы тау:

А) Алтай, ә) Мұғалжар, б) Қаратау, в) Маңғыстау, г) Ақтау.

9. Хан Тәңірі шыңын алғаш зерттеген саяхатшы- ғалым:

а) Н. Пржевальский, ә) Л.С.Берг, б) П.П.Семенов Тянь-Шанский, в) Әл-Фараби, г) М.Әуезов.

10. Қазақстандағы ең биік тау шыңы:

а) Талғар, ә) Боқтыбай, б) Ұлытау, в) Хан- Тәңірі, г) Жеңіс.

11. Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер:

а) Қайыңды, ә) Қарақия, б) Каспий маңы, в) Тұран ойпаты, г) Үстірт.

12. 22 жасында Орыс География қоғамына мүше болған қазақ ғалымы:

а) Қ. Сәтбаев, ә) Ш. Уәлиханов, б) Ә. Марғұлан, в) Әл-Фараби, г) Ж.Күдерин.

13. Шоқанның досы, орыс саяхатшысы:

а) А.С.Пушкин, ә) М.Маклай, б) Н.Потанин, в) Қ.Сәтбаев, г) В.Беринг.

14. Еуропалықтарға белгісіз,Қытай жеріне саяхат жасап, Іле, Жоңғар Алатауын зерттеген саяхатшы-ғалым:

а) Пржевальский, ә) Семенов- Тянь –Шанский, б) Н.Потанин в) Ш.Уәлиханов, г) Қ.Сәтбаев.

15. Кембрийге дейінгі қатпарлыққа жатады:

а) Каспий маңы ойпаты, ә) Сарыарқа, б) Тянь-Шань таулары, в) Алтай, г) Орал.

ІІ нұсқа

1. Кайназойда Қазақстан тау жүйелері:

а) төмен түсті, ә) екінші рет қайта көтерілді, б) өзгеріссіз қалды, в) көтерілді, г) бірнеше рет көтерілді.

2. Ғылымда тау жынысының жасын анықтайтын екі әдіс:

а) жылдық-ғасырлық, ә) эралар-дәуірлер, б)замандар-ғасырлар, в) салыстырмалы-дәуірлер, г) салыстырмалы-абсолюттік.

3. Қазақстандағы ең ірі тасты шөл:

а) Бетпақдала, ә) Қызылқұм, б) Қарақұм, в) Сарыесік –Атырау, г) Мойынқұм.

4. Теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпат:

а) Тұран ойпаты, ә) Батыс Сібір ойпаты, б) Каспий маңы ойпаты, в) Үстірт, г) Арал маңы.

5. Қазақстандағы биік таулы өлке:

а) Алтай, ә) Жоңғар Алатауы, б) Үстірт, в) Тарбағатай, г) Тянь-Шань.

6.Қазақстан көмірдің қоры жөнінен ТМД-елдері ішінде нешінші орында:

а) 5-ші, ә) 4-ші, б) 2-ші, в) 6-шы, г) 3-ші.

7. Қоңырат кен орнынан қандай кен алынады:

а) мыс кені, ә) полиметалл, б) қорғасын, в) алтын, г) көмір.

8. Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты қандай кенді байытады:

а) магнитті теміртас, ә) қызыл теміртас, б) мыс кені, в) фосфорит, г) хром.

9.Боксит кенінен қандай металл қорытылады:

а) алтын, ә) мыс, б) қорғасын, в) мырыш, г) алюминий.

10. Қоры жөнінен дүние жүзіндегі аса ірі мұнай кен орны:

а) Ембі,ә) Жетібай, б) Доссор, в) Теңіз, г) Құлсары.

11. Қазақстан жеріндегі көмір өндіретін жерлер:

а) Кендірлік, Майкүбі, Екібастұз; ә) Семей, Торғай, Теңіз көлі маңы; б) Қостанай, Лисаков, Шұбарқұдық; в) Қызылорда, Арыс, Байқадам; г) Атырау, Маңғыстау, Қарағанды;

12. Қазақстандағы марганец кенін өндіретін жерлер:

а) Мойынты, Ағадыр; ә) Индер, Жарма; б) Нарынқол, Кеген; в) Жезді, Қаражал; г) Жетібай, Лисаков;

13. Қ.Сәтбаев ашқан темір кен орны: а) Қашар, ә) Атасу, Аят; б) Текелі, в) Соколов-Сарыбай; г) Кендірлік.

14. Елімізге арзан көмір беретін кен орны:

а) Қарағанды, ә) Обаған, б) Кендірлік, в) Екібастұз, г) Майкүбі.

15. Полиметалл кен орындары орналасқан таулар:

а) Маңғыстау, ә) Алтай, Қаратау; б) Ұлытау, Көкшетау; в) Торғай үстірті, г) Іле Алатауы.

ІІІ нұсқа

1.Табиғи күйінде тамаққа пайдаланылатын минерал:

а) ағаш, ә) ас тұзы, б) фосфорит, в) әктас, г) апатит.

2. Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуге жатады:

а) экваторлық, ә) субэкваторлық, б) қоңыржай, в) тропиктік, г) субтропиктік.

3. Қазақстанның климаты қоңыржай белдеудің қандай типіне жатады:

а) шұғыл континентті, ә) теңіздік қоңыржай, б) континентті, в) муссондық, г) ішкі теңіздік.

4. « Ебі және Сайқан» желі соғатын жер:

а) Батыс Қазақстан, ә) Сарыарқа, б) Торғай қақпасы, в) Жоңғар қақпасы, г) Тарбағатай.

5.Атмосфералық қысымы төмен аймақ:

а) циклон ә) антициклон, б) муссон, в) фронт, г) пассат.

6. Қазақстан климатына қыста әсері мол табиғи құбылыс:

а) азия антициклоны, ә) ауа массалары, б) тропиктік ауа, в) циклон, г) муссон.

7. Қазақстандағы жауын-шашын мол түсетін жер:

а) Алматы, ә) Арал, б) Маңғыстау, в) Қарқаралы, г) Алтай.

8.Қостанай қаласы қай өзеннің жағасына орналасқан:

а) Ертіс, ә) Тобыл, б) Есіл, в) Обаған, г) Жайық.

9. Балқаш көліне құятын өзендер:

а) Іле, Қаратал; ә) Сырдария, Арыс; б) Обаған, Есіл; в) Ертіс, Нұра; г) Шу, Тобыл;

10. Үлбі қандай өзеннің саласы:

а) Сырдария, ә)Есіл, б) Шу, в) Тобыл, г) Ертіс.

11.Шардара су қоймасы салынған өзен:

а) Арыс, ә) Шу, б) Сырдария, в) Сарысу, г) Іле.

12.Қазақстанда қандай өзенде бірнеше СЭС салынған:

а) Сырдария, ә)Есіл, б) Торғай, в) Ертіс, г) Іле.

13.Арал теңізін зерттеген ғалымдар:

а) Семенов, Мушкетов, Арсеньев; ә) Уәлиханов, Борщов, Рубрук; б) Северцов, Берг, Краснов; в) Глинка, Герасимов, Недструев; г) Бутаков, Потанин, Бэр;

14. Қазақстандағы ірі су қоймасы:

а) Қапшағай, ә) Кеңгір, б) Шардара, в) Іле, г) Бұқтырма.

15. Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне әсер ететін факторлар:

а) космостық, ә)геологиялық, б) антропогендік, в) климаттық, г) тектоникалық.

8 сынып тест жауаптары:

-1-нұсқа

1-б, 2-а, 3-ә, 4-б, 5-г, 6-в, 7-б, 8-а, 9-б, 10-в, 11-ә, 12-ә, 13-б, 14-в, 15-а,

2- нұсқа 1-ә, 2-г, 3-а, 4-б, 5-г, 6-г, 7-а, 8-а, 9-г, 10-в, 11-а, 12-в, 13-а, 14-в, 15-ә, 3-нұсқа 1-ә, 2-б, 3-а, 4-в, 5-а, 6-а, 7-г, 8-ә, 9-а, 10-г, 11-б, 12-в, 13-б, 14-г,15-б

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103619

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 29 қыркүйек 2015 в 10:04 0
Неге 15 сұрақтан. Стандарт бойынша 20 (ОЖСБ) не 25 (ҰБТ) сұрақ емес пе?
Адам # 24 желтоқсан 2015 в 22:30 0
Уйткени бул 8 сыныптын тест сурактары

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар