Антарктиданың географиялық орны.Зерттелу тарихы.

1. Білімділік:             Оқушыларды  Антарктида  материгінің  географиялық орны.  Ашылу және зерттелу тарихымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

 2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

      3. Тәрбиелік:            Оқушылардың Отанға, туған жерге деген көзқарастарын біле отырып,   елін, жерін, табиғатты аялауға, қорғауға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:іздену сабақ

Оқыту әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, электронды  оқулық, қосымша материалдар, суреттер, слайдтар т.б.

Сабақтың барысы: I.  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу.

  1. Аустралия Одағының елтаңбасында не бейнеленген?
  2. Ең ірі ұшпайтын 1,8 м жететін Аустралия құрылығындағы құс?
  3. Меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орындағы ел?
  4. Тынық мұхитының шұңғымасы?
  5. Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде зерттеген орыс саяхатшы?
  6. Жанартаулық аралдардың ең ірісі?
  7. Аустралия Одағының өзендерін ата?
  8. Аустралияның байырғы халқы кімдер?
  9. Аустралияға тән өсімдіктер мен жануарларды ата?
  10. Аустралияның табиғат зоналарын ата?

III. Мағынаны тану. Жаңа тақырып: Антарктиданың географиялық орны, зерттелуі маңызы, табиғаты.          (Электронды оқулық, слайдтар арқылы тақырыптың мазмұны баяндалды).
  Ой- толғаныс.


1. Дәптермен жұмыс Материк ауданы 14 млн км квадрат.  99 пайызын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы1720 м, ең қалың жері 4300м. Жер шарының суық полюсі. Ең биік нүктесі биіктігі 5140м Винсон тауы.     2. Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс, слайд. I топ Материкке толық сипаттама. II топ Материктің табиғаты, экологиясы. (Әр топ оқушылары өздеріне берілген тақырыпты талқылап, бірін- бірі саралап бағалады.) 3. Картамен жұмыс. Ғылыми-зерттеу стансаларының, жағалық теңіздер мен аралдардың аттарын  тауып кескін картаға түсірді.
IV.Сабақты бекіту. “ Сандар сөйлейді”

 1820- (материктің ашылған жылы), -89,2 градус- (ең төменгі температура),   80 пайыз-( тұщы су қоры),5- ( итбалық), 17-( пингвин), 1772-1775ж- (Джеймс Кук саяхаты), 1957-1958ж –( Халықаралық геофизикалық жыл.        

 

          V. Қорытынды. ( мұғалім тарапынан диалогқа шақырылып, оқушылардың пікірлері тыңдалды слайд) 
 1. Антарктида-Жер шарының оңтүстік поляр материгі.
2. Антарктида- ең соңғы ашылған материк.
3.  Антарктида өсімдіктері мен жануарлары.
4. Антарктида экологиясы( озон қабатының     жұқаруы)
VI.Бағалау

  VII. Үй тапсырмасы: 1.Тақырыпты оқу
2. Картамен жұмысты аяқтау.
3. “ Антарктида” тақырыбында реферат, сөзжұмбақтар дайындау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072438

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар