Атажұрт тақырыбындағы танымдық саяхат сабақ

9 ақпан 2014 - Серік Ұзақбайұлы
Атажұрт тақырыбындағы танымдық саяхат сабақ

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№80 мектеп-гимназия

Ниязов Серік Ұзақбайұлы

 

Тақырыбы:  «Ата  жұрт»  танымдық  саяхат  сабақ

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға  алтын  бесік  туған  жер  ұғымын  түсіндіре  отырып,  Отанымыздың,  аймағымыздың,  мектебіміздің тарихымен  таныстыру.

Тәрбиелігі:  Оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беру.

Дамытушылығы:  Өлкетану  бағыты  бойынша  түсініктерін  дамыту.

Сабақтың  түрі:  танымдық  саяхат  сабақ

Пайдаланатын  құралдар:  интерактивті  тақта.

І.Кіріспе

Мұғалім  сөзі:

Мақтайды  әрбір  халық  туған  жерін,

Мекендеп  өсіп-өніп,  тұрған  жерін.

Жүгірген  аң,  ұшқан  құс,  жан-жануар,

Ұмытпайды  тіршілік  құрған  жерін.

Құрметті  оқушылар  бүгінгі  «Атажұрт»  атты  сабағымызда  Отанымыз,  аймағымыз,  өлкеміз  және  80 жылға  жуық  тарихы  бар  мектебіміз  жайында  сендердің  білімдеріңді  байқау  мақсатында  өткізілмекші.  Сайысымызды  жүргізу  құқығын  11 сынып  оқушыларына  беремін.

ІІ. Негізгі  бөлім:

Сайыс  Ү кезеңнен  тұрады.  Әр  бекеттің  сұрақтарына  жауап  бере  отырып,  діттеген  жерге  жетуі  керек.  Әр  екі  бекет  сайын  аз  ұпай  жинаған  3 оқушы  ойыннан  шығып  отырады.  Әр  дұрыс  жауапты  әділ  қазылар  алқасы  10 ұпаймен  бағалап  отырады.  Әділ  қазылар  алқасымен  таныс  болайық:

1.

2.

3.

        Сайысымызды  бастамас  бұрын  «Атажұрт-Мектеп»  бағытындағы  пойызға  билет  алайық.  Ол  үшін  мектебімізге  арнаған  жылы  лебізін  білдіріп,  өздерін  таныстырып  өтсін.  Алған  билеттерін  көтеріп  жауап  береді.

(пойыздың  дыбысы  шығады)

І. «Қазақстан»  бекеті

1.   Қазақстанның  жер  көлемі:

2.   Қазақстан  қай  құрлықта  және  қай  бөлікте  орналасқан?

3.   Қазақстанның  ең  төмен  жері:

4.   Қазақстанның  ең  қысқа  шекарасының  ұзындығы  және  қай  мемлекетпен?

5.   Қазақстан  Каспий  теңізі  арқылы  қай  мемлекеттермен  шектеседі?

6.   Қазақстандағы  ең  ірі  бөген  және  қай  өзенде?

7.   Қазақстанның  ең  биік  жері  және  оның  биіктігі?

8.   Қазақстандағы  ең  ірі  өзен  және  оның  ұзындығы

9.   Қазақ  жері  туралы  мәлімет  қалдырған  алғашқы  грек  саяхатшысы

Пойызымыз  Қазақстан  бекетінен  өтіп,  әрі  қарай  жол  тартады.  Радиодан  берілген  әнге  құлақ  түрейік.

ІІ. «Қызылорда»  бекеті

1.   Қызылорданың  бұрынғы  қазақша  атауы:

2.   Қызылорда  облысынында  неше  аудан  бар?

3.   Қызылорда  облысынан  шыққан  Лондон  олимпиадасының  жеңімпаздары:

4.   Қызылорда  облысының  құрылған  жылы:

5.   Қызылорданың  бұрынғы  орысша  атауы:

6.   Қызылорда  қай  уақыт  аралығында  ел  астанасы  болды?

7.   Қызылорда  облысының  әкімі  кім?

8.   Қызылорда  облысындағы  халықтың  саны:

9.   Қызылорда  облысынан  шыққан  атақты  күрішші  кім?

Пойызымыз  Қызылорда  бекетінен  өтіп,  әрі  қарай  жол  тартады.  Радиодан  берілген  әнге  құлақ  түрейік.

ІІІ.  «Қармақшы»  бекеті

1.   Қармақшы  ауданы  қашан  құрылған?

2.   Қармақшы  атауының  негізгі  мағынасы  қандай?

3.   Қармақшы  ауданында  қанша  халық  тұрады?

4.   Қармақшы   ауданының  әкімі:

5.   Қармақшы  ауданының  орталығын  ата:

6.   Жосалы  сөз  қайдан  алынған?

Пойызымыз  Қармақшы  бекетінен  өтіп,  әрі  қарай  жол  тартады.  Радиодан  берілген  әнге  құлақ  түрейік.

ІҮ.  «Төретам»  бекеті

1.   Төретам  атауы  қайдан  шыққан?

2.   Төретам  кентінде  қанша  халық  бар?

3.   Төретам  кентінің  жер  көлемі:

4.   Төретам  кенті  қашан  құрылған?

5.   Төретам  кентінің  әкімі:

Пойызымыз  Төретам бекетінен  өтіп,  әрі  қарай  жол  тартады.  Радиодан  берілген  «Төре  баба» атты  өлең  жолдарына  құлақ  түрейік.

Ү. «Мектеп»  бекеті

1.   80 мектеп  қашан  құрылған?

2.   Мектебіміз  гимназия  атауын  қашан  алды?

3.   Мектептің  алғышқы  директоры  кім  болған?

4.   Мектептің  жаңа  ғимараты  қашан  пай      далануға  берілді  және  қанша  адамға  арналған?

5.   Мектебіміздің  республикалық  дәрежеде  қандай  марапаттарын  білесің?

6.   Мектебіміздің  қарт  ұстаздарын  ата:

Пойызымыз  Мектеп бекетіне  келді.  Сайысымыз  өз  мәресіне  жетті.  Олай  болса  «Мектебім»  әніне  құлақ  түрейік.

ІІІ. Қорытынды:

Жеңімпаздарды  марапаттау

Мұғалім  сөзі:

 

— Құрметті  оқушылар  сайысымызды  қорытындылай  келе  Отанымыздың,  туған  өлкеміздің,  білім  алатын  мектебіміздің  тарихын  білу  кез-келген  азаматтың  парызы  екенін  түсіндік. Сайысқа  қатысқан  ойыншыларға,  келген  қонақтарға  алғысымды  білдіремін,  бүгінгі  сабағымыз  аяқталды.

Осыған ұқсас жазбалар:

ГеографияМеталлургия

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103549

Пікірлер (1)
гани # 8 қыркүйек 2014 в 19:01 0
өте қызықты өз өлкесін танып білуге үлес қосатындай сайыс сабақ

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар