"Географ саяхатшылар" сайысы

22 қаңтар 2016 - Тыныс Қаирбекқызы

«Географ-саяхатшылар» сайысы

Армысыздар қадірменді мұғалімдер мен оқушылар және бүгінгі сайымызда білімдерін сынайтын командалар!

«Географ-саяхатшылар» сайысы туристік танымдық бағытта жүргізіледі. Оқушылардың экономикалық географиядан алған білімдерін нығайту және оны сынау мақсатында бүгінгі ойынымыз ұйымдастырылып отыр.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыра кетсек

Әділ қазылар алқасы:

1)    __________________________________

2)     __________________________________

3)    ___________________________________

4)     __________________________________

 Бүгінгі «Географ-саяхатшылар» сайысына тоқталатын болсақ, сайыс 5-кезеңнен тұрады:

1.     Таныстыру

2.     Сергіту сәті

3.     Білгір

4.     Полиглот

5.     Саяхат нүктесі

Командалардың реттік санын білу үшін ортаға жеребе тасталады.

Сайысымызды бастаймыз, ал командалар сіздерге тек сәттілік. Іске сәт!

1 кезең«Таныстыру», әр командалар ортаға шығып өздерін таныстыра кетеді. 1-ші болып ___________ тобы ортаға шығады.

2-кезең«Сергіту сәті» бұл кезеңде әр командаға экономикалық ынтамақтастық (яғни сыртқы экономикалық байланыстар) тақырбында 10 сұрақтан қойылады. Әр қойылған сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.

2кезең– СЕРГІТУ

1.     Мұнай экспорттайтын елдер ұйым және құрылған жылы (ОПЕК, 1960ж.)

2.     Солтүстік Америкадағы еркін сауда аймағы (НАФТА 1994ж.)

3.     Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы қаншаелден тұрады (56 ел)

4.     Араб орта нарығының құрылған жылы (1964ж)

5.     Әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы(Халықаралық сауда)

6.     Сыртқы сауда неден құралады (импорт және экспорт)

7.     Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса ондаша ол? (сауда балансы)

8.     Оңтүстік Америка конустық ортақ нарығы?

(Меркосур 1991ж)

9.     Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекетерінің ұйымы (АСЕАН 1967)

10.           Халықаралық пұл қоры ұйымында қанша ел кіреді (184 ел)

11.           Еуразиялық экономикалық қауымдастық кіретін елдер(Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызтан, Тәжікстан)

12.           Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қай жылы  қабылданды? (1995 жылы)

13.           Шанхай ынтымақтастық ұйымыныңқұрылғанжылы (1996 жылы 26 сәуірде)

14.           Еуропалық Одақ ресми атағын қай жылы алды (1993 жылы 1қаңтар)

15.            Еуро Одақтың ортақ валютасы еуро қай жылы енгізілді (1999жылы 1 қаңтар)

16.           Азиялық тынық мұхиттық еркін сауда аймағына қанша ел біріктірілген (24 ел)

17.           Біріккен Ұлттар Ұйымына құрамында неше мемелекет бар (192ел)

18.           МЕРКОСУР  ұйымындағы елдер(Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай)

 

3-кезеңНағыз географ картаны жақсы білуі қажет, келесі кезеңіміз «Білгір» сайысы, ортада жатқан парақшаларда жазылған мемлекетті картадан көрсету мен қатар астанасын айту керек. Жауап толық болса 2 ұпаймен есептеледі, толық емес жауап 1 ұпайға тең.

3 кезең– БІЛГІР

1.     Шығыс Тимор (Дили)

2.     Эстония (Таллин)

3.     Македония (Скопье)

4.     Непал (Катманду)

5.     Бенин (Порто-Ново)

6.     Уганда (Кампала)

7.     Куба (Гавана)

8.     Гондурас (Тегусигальпа)

9.     Гайана (Джорджтаун)

10.                        Уругвай (Монтевидео)

11.                        Фиджи (Сува)

12.                        Палау (Корор)

 

4-кезеңГеографияны жалпылама сұрауда, «Полиглот» кезеңінде сынап көрейік, әр командаға қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілінде. Үш тілде айтылған жауап 3 ұпаймен есептеледі.

4 кезең – ПОЛИГЛОТ

1.     Көкжиек бағытын анықтайтын құралды қалай атайды?Компас (Компас, compass)

2.     Ішкі күштер әсерінен жер қырытысында не түзіледі? ( тау, горы, mountain)

3.     Су тамшыларының ауада шоғырлануы?(бұлт, облако, cloud)

4.     Ең ірі мұхит сүтқоректісі?Кит (кит, whale)

5.     Эолдық жер бедері ненің әрекетінен қалыптасады? (жел, ветер, wind)

6.     Ылғалдану коэффиценті төмен аймақ? (Шөл пустыня, desert)

7.     Су массалаларының горизонталь бағытта қозғалуы? (ағыс, течение, current)

8.     Жан – жағынан сумен қоршалған кішігірім құрлық?Арал (остров, island(isle))

9.     Жауын-шашын және жер асты суларымен қоректенетін ағын су?(өзен, река, river)

 

5-кезең  «Туристік агенттер» соңғы ақтық сын. Таратпа материалдар бойынша, көрсетілген туризмнің түрі бойынша жарнама жасайсыңдар. Жауап 5 ұпайлық жүйемен есептеледі.

5-кезең – ТУРИСТІК АГЕНТТЕР

1.     Тау шаңғысының туризмі

2.     Теңіздік туризм

3.     Діни орталықтардағы туризм

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліТіл-тірегім,соғып тұрған жүрегім!

ТехнологияЖігітті жігерінен таны.

ҰстаздарғаМахамбет оқуы

Математика"Бақытты сәт" сыныптан тыс жұмыс

БиологияГүлдер айтысы (сайыс сабақ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083511

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар