География пәнінен 10 сыныпқа арналған тест сұрақтары

22 қаңтар 2016 - Тыныс Қаирбекқызы

География.

10 сынып.

 

1 нұсқа

 

1. Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а) Өзбекстан; в) Ұлыбритания; с) Индонезия; д) Ресей.

2. Таулардың пайда болу себебтері; а) сыртқы процесс; в) жердің ішкі процессі; с) климаттың әсері; д) судың әсері.

3. Нәсілдік белгілердің қалыптасуына әсер етті: А) экономикалық даму; в) ақыл-ой қабілеті; С) қоршаған орта; д) қоғамның дамуы.

4. Ғылыми – техникалық прогрестің нәтижесінде қалдықсыз өнім беретін сала: А) металлургия; в) көмір өнеркәсібі; с) химия өнеркәсібі; д) тамақ саласы

5. Дүние жүзінде робот жасау және пайдаланудан 1 орында: А) Канада; в) Жапония; с) АКШ; д) Италия

6. Еуропадағы монархия сақталған елдер: А) Франция, Италия; в) Бельгия, Албания; с) Германия, Чехия; д) Дания, Испания

7. Солтүстік орман белдеуінің ағаштарының түрлері: А) аралас орман; в) қылқан жапырақты; с) бұталар; д) жалпақ жапырақты.

8. Отын энергетикасында көп барланған пайдалы қазбаның түрі: А) көмір; в) шымтезек; с) мұнай; д) газ.

9. Ла-Манш бұғазы қай елдерді бөліп жатыр? А) Швеция- Норвегия; в) Ұлыбритания- Франция; с) Греция-Албания; д) Германия- Дания.

10 Континентаралық жолаушылар тасымалдауда 1-ші орындағы көлік түрі: А) теңіз көлігі; в) өзен көлігі; с) әуе көлігі; д) теміржол көлігі.

11. Халық ең көп қоныстанған дүние бөлігі: А) Азия; в) Америка; с) Еуропа; д) Африка.

12. Қалпына келмейтін табиғат ресурсы: А) жел ресурсы; в) жер, су ресурсы; с) орман ресурсы; д) минерал ресурстары.

13 Экспортқа көп мөлшерде шығарылатын дақыл: А) жұзім; в) банан; с) кофе; д) какао; е) ананас.

14. Дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан елдер: А) Эфиопия, Бутан; в) Ауғанстан, Иран; с) Эквадор, Куба; д) Перу, Боливия.

15 Үндістан қай топқа жататын мемлекет? А) орта дамыған; в) дамушы; с) ірі дамыған; д) артта қалған.

16. Урбандалудың неше белгісі бар? А) 6; в) 5; с) 3; д) 2; е) 4.

17. Дүние жүзінде көп таралған тіл: а) ағылшын, неміс, француз; В) испан, португал, орыс; с) араб, қытай, иран; д) ағылшын, испан, орыс, хинди.

18. Жапонияның халықаралық мамандану саласына жатады: А) кино өндіру; в) автомобиль жасау; с) электроника; д) текстиль өнеркәсібі.

19. Африканың мыс белдеуіндегі мемлекеттер: А) Камерун, Чад; в) ОАР, Марокко; с) Замбия, Заир; д) Малави, Танзания.

20. Болат қорытудан дүние жүзінде 1-ші орын алатын ел: А) Жапония; в) АКШ; с) Ресей; д) Қытай; е) Польша.

21. Қай елдер « қоныс аудару капитализміне» жатқызылады? А) Бразилия, Мексика; в) ОАР, Жаңа Зеландия; с) АКШ, Канада; д) Германия, Дания.

22. Еуропаның қай аймағында мұнай көп өндіріледі? А) Оңтүстік Еуропа; в) Балтық т.; с) Солтүстік теңіз; д) Альпіде.

23. Ең ірі АЭС қай елде орналасқан? А) Ресей; в) Жапония; с) Франция; д) Канада.

24 Оңтүстік –Шығыс Азия елдерінің халықаралық бірігуі қалай аталады? А) ОПЕК; в) ЕЭС; с) НАФТА; д) АСЕАН; е) ОАГ.

25. Суэц каналы қандай мұхиттарды қосып тұр? А) Тынық және Үнді; в) Үнді және Атлант; с) Атлант және Солт. Мұзды; д) Тынық және Атлант.

26. Әлемдегі ірі қой шаруашылығының ауданы: а) Ұлы Қытай жазығы.; в) Ұлы жазық: с)Патагония; Д) Австралия даласы мен шөлейт; е) Миссисипи ойпаты.

27. Мақта шаруашылығының дамуы бойынша ежелгі аудан: А) Еуропа; в) Оңтүстік Америка; с) Солтүстік Америка; д) Азия; е) Африка

28. Канск –Ачинск көмір бассейні қайда орналасқан? А) Сібірде; в) Украинада; с) Қола түбегінде; д) Орыс жазығында; е) Молдовада.

29. Масштабтың қанша түрі бар? А) 1; в) 5; с) 3; д) 8; е) 4.

30. Қай елде әйелдерге қарағанда ер адамдар саны басым? А) Жапония, Тмд; в) Қытай, Үндістан; с) Польша, Германия; д) Канада, АКШ; е) барлығында бірдей

 

 

 

 

2 нұсқа

 

1. Қай халықтың саны көп? А) американдықтардың; в) орыстардың; с) үндістердің; д) қытайлықтардың; е) ағылшындардың.

2. Сыртқа мұнай шығаратын елдер: а) Бразилия, Алжир; В) Қытай, Корея; с) Сауд Арабиясы, Кувейт; д) Үндістан, Египет; е) АКШ, Мексика.

3. Жаңа индустриалды елдер: а) Аргентина, Мексика; в) Бразилия, Уругвай; с) Корея, Сингапур; д) Гонконг, Вьетнам; е) Қытай, Тайланд.

4. Қуатты су ресурстары бар елдер: а) Монголия, Египет; в) Австралия, АКШ; с) Қытай, АКШ; д) Ирландия, Латвия; е) Дания, ОАР.

5. Адамның негізгі нәсілдері: а) 4; в) 5; с) 2; д) 6; е) 3.

6. Ауыл шаруашылығының шикізатын өңдейтін салалар: А) құрылыс, тамақ; в) металлургия; с) химия, құрылыс; д) жеңіл, химия; е) жеңіл, тамақ.

7. Жер қыртысының ең қалын болатын жері: а) Батыс Сібір жазығы; В) Амазонка ойпаты; с) мұхит түбі; д) Гималай; е) Арабия түбегі.

8. Атлас тауында орналасқан монархиялық ел: а) Лесото; в) Непал; с) Иордания; д) Бутан; е) Марокко.

9. Темір кен қоры мол мемлекет: а)Бразилия; в)Аргентина; с)Мексика; д)Перу; е)Венесуэла.

10. Елді мекендердің негізгі түрлері: а) селолық; в) қалалық, урбанизациялық; с) ауылдық, селолық; д) қалалық, селолық; е) мегаполис, агломерация.

11. «Боинг» ұшағын жасайтын қала: а) Лос-Анджелес; в) Сан-Франциско; С) Вашингтон; д) Чикаго; е) Сиэтл.

12 Австралияда өте жақсы дамыған шаруашылық: а) қой өсіру; В) қоян өсіру; с) мүйізді ірі қара; д) жылқы; е) түйе.

13. Африка елдерінің ОПЕК мүшесі: а) Нигерия, Алжир; в) Тунис, Конго; С) ОАР, Танзания; д) Габон, Сенегал; е) Эфиопия, Заир.

14. Жүгері өсіруден әлемде басты аудан болып саналатын ел: а) Қытай; В) АКШ; с) Ресей; д) Канада; е) Үндістан.

15. Еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежедегі көрінісін… деп атайды: А) дүние жүзілік сауда; в) кредит-финанс қатынысы; С) туризм; д) инвестиция; е) интеграция.

16. Теңіз жолдарының көп бөлігі… мұхиты арқылы өтеді: А) Атлант; в) Солтүстік Мұзды; с) Үнді және Атлант; Д) Үнді; е) Тынық.

17. Қай мемлекет унитарлы болып табылады? А) Германия; в) Франция; с) АКШ; Д) Ресей; е) Үндістан.

18. Халықтық механикалық қозғалысы деген не? А) халықтың ұдайы өсуі; В) миграция ( көшіп-қонуы); с) көліктік шығын; д) бюджет; е) сауда қатынасы.

19. Батыс Еуропаның темір рудасымен бай мемлекеттері: а) Германия, Норвегия; В) Италия, Испания; с) Франция, Швеция; д) Португалия, Австрия;

20. Латын Америкасының мыс белдеуі: а) Чили, Боливия; в) Бразилия, Аргентина; С) Чили, Перу; д) Гайана, Венесуэла; е) Эквадор, Колумбия.

21. Солтүстік Америка елдерінің үйымы: а) ЛАИ; в) АТИ; с) НАФТА; д) АСЕАН; е) ШЫҮ.

22. Азияның микро мемлекеті: а) Сингапур; в) Тайланд; с) Корея; д) Непал; е) Бутан.

23. Экономикалық дамуынан артта қалған елдер қай аймақта? А) Азияда; в) Австралияда; с) Солтүстік Америкада; д) Африкада; е) Евразияда.

24. Ең ірі АЭС орналасқан ел: а) Франция; в) Германия; с) АКШ; д) Италия; е)Жапония.

25. Әлемде ең биікте орналасқан мемлекет: А) Бутан; в) Непал; с) Боливия; д) Перу; е) Чили

26. Сарқылатын табиғат ресурсы: а) су; в) жер; с) көмір; д) күн) е) климат.

27. Латын Америка-ғы құрлықтық мемлекет: а) Бразилия; в) Чили; с) Боливия; д) Перу

28. Ең үлкен дүние бөлігі: а) Африка; в) Евразия; с) Азия; д) Америка; е) Европа.

29. Қатты бидайдың отаны: а) Иран; в) Ирак; с) Эквадор; д) Эфиопия; е) Египет.

30. Аппенин түбегіндегі ел: а) Испания; в) Италия; с) Исландия; д) Ирландия; е) Греция

 

3 нұсқа.

1. Туу, өлу, табиғи өсу процестерінің жиынтығы: а) халықтың ұлттық құрамы; в) миграция; с) халықтың жыныстық құрамы; д) механикалық қозғалыс; е) халықтың ұдайы өсуі.

2. Энергиясының көп бөлігін СЭС –те өндірітін мемлекет:  а) Норвегия; в) Дания; с) Франция; д) Финляндия; е) Германия.

3. Қант құрағын көп өсіретін мемлекет: а) Канада; в)Куба; с) Мексика; д) АКШ, е) Чили.

4. Демографиялық жарылыс қай елдерге тән? А) Шығыс Еуропа; в) Батыс Еуропа; с) Азия, Африка, Латын Америка; д) Қоныс аударған елдерге; е) Австралия.

5. Дүние жүзіндегі ең ірі теңіз порты:

а) Амстердам; в) Лондон; с) Сингапур; д) Роттердам; е) Токио.

6. Халқының тығыздығы ең төмен аудан:  а) Батыс Еуропа; в) Шығыс Еуропа; с) Азия; д) Латын Америкасы; е) Австралия.

7.Азияда 70-80-ші жылдары «микроэлектрондық революция» қай елдерде жедел өркендеді а) Корея, Монголия; в) Тайланд, Үндістан; с) Корея, Тайвань, Гонконг; д) Мьянма, Сингапур; е) Қытай, Корея, Үндістан.

8. Сыртқа мұнай шығаратын елдер: а) Бразилия, Алжир; в) Қытай, Корея; с) АКШ; д) Сауд Арабиясы, Кувейт; е) Үндістан, Египет.

9. Демалыс, туризм, емдік мақсаттапайдаланылатын ресурстар: а) тарихи; в) мәдени; с) археологиялық; д) рекреациялық; е) агроклиматтық.

10. Бокситтің дүниежүзілік қорының 1/3 бөлігі: а) Еуропада; в) Оңтүстік Америкада; с) Австралияда; д) Солтүстік Америкада; е) Азияда.

11. Оңтүстік Америка елдерінің көпшілігі қай тілде сойлейді?  а) португал; в) испан; с) ағылшын; д) неміс; е) француз.

12. Қазіргі уақыттағы экологиялық дағдарыстың негізгі себебін көрсетіңіз:  а) ғарыштық зерттеулер; в) апатты жағдай; с) ұтымсыз ауыл шаруашылығы; д) әскери әрекет; е) адамның шаруашылықәрекеті.

13. Маусымдық желдер: а) шығыс желдер; в) батыс желдер; с) пассаттар; д) муссондар;

14. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін: а) христиан, ислам, синтоизм; в) ислам, христиан; с) будда, индуизм, ламаизм; д) синтоизм, конфуциа; е) иудизм, ламаизм, будда.

15. АКШ-тың мемлекеттік басқару формасы: а) унитарлы; в) абсолюттік монархия; с) теократиялық; д) конституциялық монархия; е) республика.

16. Латын Америкасының ОПЕК мүшесі:  а) Бразилия; в) Аргентина; с) Венесуэла; д) Эквадор; е) Мексика.

17. Балқан түбегінде орналасқан ел: а) Италия; в) Греция; с) Испания; д) Дания; е) Турция,

18. Екі дүние бөлігінде орналасқан ел: а) Италия; в) Үндістан; с) Египет; д) Судан; е) Чили.

19. Әлемдегі қалайы мен бай белдеу:  а) Чили-Перу; в) Заир-Замбия; с) Таиланд-Малайзия; д) Намиб-ОАР; е)Непал-Бутан.

20. Экватордың ұзындығы: а) 20000 км; в) 50000км; с) 60000 км; д) 40000км; е) 100000км.

21. Мұхит суында ең көп зат: а) ас тұзы; в) қышқыл зат; с) сутегі; д) оттегі; е) күкірт.

22. Сарқылатын, өз қалпына келетін табиғат ресурс: а) көмір; в) күн энергиясы; с) су энергиясы; д) агроклиматтық ресурс; е) жер ресурсы.

23. Африканың монархия елдері: а) Марокко, Лесото; в) Нигерия, Египет; с)Чад, Либерия;

д) Замбези; Танзания; е) Мозамбик, Ангола.

24. Су, электроэнергия көп қажет ететін металл: а) алтын; в) мырыш-қорғасын; с) полиметалл; д) мыс; е) алюминии,

25. Автомобиль өнеркәсібінің отаны: а) Ұлыбритания; в) Жапония; с) Германия; д) Франция: е) АКШ..

26. Химия өнеркәсібінің тынайтқыш жасайтын саласы: а) полимер саласы; в) негізгі химия;

с) тау-кен химиясы; д) органикалық синтез химиясы; е) мұнай –химия саласы.

27. Антропогендік табиғат кешені: а) шөлдер, в) орман, с) көлдер, д)өзен, е) бөгендер.

28. Еуропаның көмір мен бай елі: а) Норвегия; в)Швеция; с) Германия; д) Италия; е) Дания.

29. Бидай өсіруден 1-ші орындағы ел: а) АКШ; в) Германия; с) Ресей; д) Қытай; е) Корея.

30. Дамушы елдердің ішінде « көш басшысы»: а) Үндістан, Бразилия; в) Мексика, Иран; с) Аргентина, Эфиопия; д) Нигерия, ОАР; е) Австралия, Қытай.

 

4 нұсқа.

1. Дүние жүзіндегі ең ірі әуежай: а) Лондон; в) Сингапур; с) Чикаго; д) Мадрид; е) Париж.

2. Халқы ең тығыз орналасқан ел: а) Иран; в) АКШ; с) Жапония; д) Бангладеш; е) Бутан.

3. Мұнай мен бай шығанақтар: а) Мозамбик, Месика; в) Парсы, Мексика; с) Аден, Аляска; д) Шелихов, Бенгал; е) Бискай, Калифорния.

4.Дүние жүзіндегі ірі қой шаруашылығының басты аймағы: а) Миссисипи ойпаты; в) Патагония; с) Ұлы Қытай жазығы; д) Австралияның даласы; е) Ұлы жазық

5. Ірі теңіз порттары: а) Сингапур, Лондон, Панама; в) Гавр, Иокогама, Кобе; с) Роттердам, Сингапур, Нью-Йорк; д) Гамбург, Париж, Чикаго; е) Марсель, Лиссабон

6. Латын Америка елдерінің үйымы: а) НАФТА; в) АСЕАН; с) АНЗЮС; д) ТМД; е) ЛАИ.

7. Пиреней түбегінде орналасқан мемлекеттер: а) Испания, Италия; в) Греция, Исландия; с) Португалия, Испания; д) Норвегия, Испания; е) Швеция, Дания.

8. Африкада темір рудамен бай мемлекет: а) Либерия; в) Нигер; с) Чад; д) Конго; е) Заир.

9. Қатты бидайдің отаны: а) Иран; в) Авганистан; с) Ресей; д) Канада; е) Эфиопия.

10. Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар: а) тарихи жағдай; в) табиғи өсу; с) климат, ғылым; д) өнеркәсіп, мәдениет; е) тарихи, табиғи, экономикалық жағдай;

11. Ірі газ қоры бар ел: а) Ресей, АКШ; в) Нидерланды, Германия; с) Кувейт, Норвегия; д) Суринам, Гвинея; е) Украина, Франция.

12. «Ауыл шаруашылық дамуының интенсивті жолы» ұғымы: а) жасанды тағамдарға көшу; в) пайдаланған алқаптарда биологиялық өнімдердің жоғарылауы;  с) толық автоматтандыру, компьютерлендіру;  д) жер жырту және жайылымдық алқаптардың кеңеюі;  е) дамыған және дамушы елдер арасындағы өнімдерді қайта бөлу.

13. Сарқылатын табиғат ресурсы: а) көмір; в) су; с) жер; д) ауа; е) күн энергиясы.

14. Ауданы бойынша қай мемлекет «гигант» тобына жатады: а) Судан; в) Қазақстан; с) Бразилия; д) Нигерия; е) Сауыд Арабиясы.

15. Оңтүстік –шығыс Азия елдерінің ОПЕК мүшесі: а) Малайзия; в) Таиланд;  с) Индонезия; д) Тайвань; е) Жаңа Зеландия.

16. Латын Америкасының қалайы белдеуі: а) Боливия; в) Аргентина; с) Бразилия; д) Чили.

17. Америқадағы мегаполис: а) Токайдо; в) Парлонд; с) Босваш; д) Шанпек; е) Хьюстон.

18. Африкадағы «коңыс аудару капитализм» елі: а) Конго; в) Чад; с) ОАР; д) Заир; е) Преу.

19. Халқының саны басқа елден көшіп келушілердің есебінен өзгеруін… дейміз:  а) көшіп-қону; в) урбандалу; с) табиғи қозғалыс;  д) демографиялық жарылыс; е) механикалық қозғалыс.

20. Қай ауданнан Жапония шикізатты қөп импорттайды? а) Солтүстік Америкадан; в) Оңтүстік Амрикадан; с) Австралиядан; д) Европадан; е) Азиядан.

21. Ауаның 80% атмосфераның қай қабатында орналасқан: а) стратосфера; в) мезосфера; с) экзосфера; д) тропосфера; е) термосфера.

22. «Қақпадан- қақпаға» деп қай көліктің түрін атайды: а) темір жол; в) әуе көлігі; с) теңіз көлігі; д) автомобиль; е) құбыр көлігін.

23. Ағаш өнеркәсібі өте дамыған мемлекет: а) АКШ; в) Норвегия; с) Қытай; д) Канада

24. Жаңа индустриалды елдер: а) Корея, Сингапур; в) Вьетнам, Пакистан; с) Тайланд, Чили; д) Қытай, Монголия; е) Индонезия, Замбия.

25. Энергисының көп бөлігін АЭС- те өндіретін мемлекет: а) Норвегия; в) Дания; с) Франция; д) Финляндия; е) Жапония.

26. ТМД құрамына кіретін мемлекеттер: а) Ауғанстан, Тәжікстан, в) Эстония, Польша; с) Беларусь, Литва; д) Түрікменстан, Армения; е) Ресей, Латвия.

27. Кофе экспортаушы мемлекеттер: а) Куба, Эквадор; в) Эфиопия, Иран; с) Боливия, Чад: д) Бразилия, Колумбия; е) Перу, Аргентина.

28. « Ет фабрикасы» деп аталынған мемлекет: а)Аргентина.; в) Қазақстан; с) Үндістан; д) Дания; е) Ресей.

29. Федерациялық мемлекет: а) Франция; в) Өзбекстан; с)Мексика; д) Непал; е) Украина.

30. Буддизм орталығы Лхаса қаласы қайда орналасқан: а) Монголияда; в) Непалда; с) Жапонияда; д) Қытайда; е) Вьетнамда.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тарих10 сынып Қазақстан тарихына арналған жылдық тест тапсырмалары

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

БастауышЖер ғарыш денесі

ТарихҚазақстан тарихы пәнінен тоқсандық тест

ТесттерГеографиядан функционалды сауаттылығын арттыруға арналған тест тапсырмалары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083412

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 14 ақпан 2016 в 20:30 0
Тест тапсырмалары оқушының деңгейін дамытуға қажет

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар