Географиялық сайыс

Тақырыбы: «Географиялық сайыс».

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылық сезімдерін, ізденушілік қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.

Сайыстың шарттары:

I кезең”Кел танысайық”

II кезең. “Кім жылдам?”

III кезең. “Ойлы болсаң озып көр” ( жұмбақтар)

IV кезең. «Картамен саяхат жасайық»

V кезең. «Кескін карта»

VI кезең. “Ұшқыр ой”

VII кезең. Қорытынды.

I- кезеңде Әр топ басшылары өздерінің төсбелгілерімен, топ атымен, ұранымен таныстырады.Таныстыруға ие болған топқа ұпай беріледі.

II- кезеңде “Кім жылдам?” Оң жақта тақырыптар беріледі, әр тақырыпта 4 ұяшық бар. Әр ұяшықтың сұрақтарына дұрыс жауап берілсе, ұпай қосылады.

Материктер менмұхиттар

10

20

30

40

Ең… ең… ең…

10

20

30

40

Флора

10

20

30

40

Фауна

10

20

30

40

Материктер мен мұхиттар

10 – Мұз құрсанған материк ( Антарктида)

20 – Ежелгі біртұтас материк ( Пангея)

30 – Қай мұхитта терең шұңғымалар орналасқан? ( Тынық мұхит)

40 –Мұхит суы неше градуста қатады? ( -2)

Ең… ең… ең…

10- Ең терең көл ( Байкал)

20- Ең тұзды теңіз (Қызыл)

30 – Ең үлкен түбек ( Арабия)

40 – Ең ірі сүтқоректі ( көк кит)

Флора.

10 – Құрғақ жемістер ( күнбағыс, бидай т.б)

20 – Ашық тұқымды бірүйлі өсімдік( қарағай)

30 – Прокариоттарға жатады? ( көк жасыл балдыр)

40 – Картоптың жемісі (жидек)

Фауна.

10 – Каспий теңізінің бағалы балығы( бекіре)

20 – Үстірт қорығында жерсіндірілген жабайы… ( муфлон)

30 – Қазақстанда салмағы 16 килограмға жететін ірі құс( дуадақ)

40 – Тайга орманында мекендейтін жануар (Бұлғын)

III- кезең «Ойлы болсаң озып көр».

Ойлы болсаң озып көр” жұмбақтар шешіледі.

1. Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. ( бұлт)

2. Теңіздің ортасында

тұруға қорқасың ба? ( арал)

3. Ұйықтайды ұл түнде, күндіз қызы,

Жүргенде білінбейді басқан ізі. ( Күн мен Ай)

4. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ. ( су)

5. Бірақ көзің көрмейді, кең даланы кернейді. ( ауа)

IV- кезең. « Картамен саяхат жасайық».

1-топ. Қазақстаннан Қара теңізге дейін.

2- топ. Кариб теңізінен Жапония аралына дейін картамен саяхат жасайды.

V- кезең. « Кескін карта» 1- топ. Каспий теңізі, Балқаш көлі, Үндіқытай түбегі, Пириней түбегі, Азов теңізі.

2-топ. Ертіс өзені, Тынық мұхиты, Жайық, Ніл, Қызыл теңіз.

VI- кезең. «Ұшқыр ой». Мына сөздерді пайдалана отырып әңгіме құрастыру.

«Қармақ» «Ана» «Алтын балық»

VII- кезең. Қорытынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084939

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар