Дүниежүзінің табиғат ресурстары

16 маусым 2015 - Базаргул Агимбекова

Сабақтың тақырыбы:

«Дүниежүзінің табиғат ресурстары»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Табиғат ресурстарының орналасу заңдылықтары, оларды тиімді пайдалану және қорғау мәселелері туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Адамның қажеттігін қанағаттандырудағы табиғаттың маңызын және ресурстарды ұтымды пайдаланудың ролін айқындауды үйрету.

2.Тәрбиелік. Оқушыларға табиғи ортада өзін-өзі ұстау ережелерін, күнделікті іс-әрекетінде табиғат қорғау туралы экологиялық білім беруге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық. Қосымша ақпарат көздері арқылы ізденістерін жетілдіре отырып, қызығушылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, тірек- сызбалары, кесте, карта, суреттер, буклеттер, т.б.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау-баяндау, т.б.

Пән аралық байланыс: информатика, биология, химия, экология.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Ой қозғау кезеңі: үй тапсырмасы бойынша сұрақтар берілді.

1. Табиғат ресурстары дегеніміз не?

2. Табиғат ресурстары неше топқа бөлінеді?

3.Табиғат ресурстарының табиғи-экономикалық жіктелуін талдау.

4. Адамның шаруашылық әрекеті табиғат ресурстарына қалай әсер етеді?

3. Мағынаны тану кезеңі: Жаңа сабақ «Дүниежүзінің табиғат ресурстары».

« Қазақстан өзінің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп, қарқынды экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті.»

Н.Ә.Назарбаев.

Сабақ жоспары: тірек-сызба.

4. Мағынаны дамыту кезеңі: жаңа сабақты бекіту.

1. Карта бойынша көмір, мұнай, темір рудалары мол кездесетін елдерді көрсетіп, елдерді атаңдар.

2. Сандар сөйлейді. А) 13,1 млрд га

Ә) 36 млн га

Б) 190 млн га

Г) 65 %

Е) 7%

3. Қазақстанда табиғат ресурстары қалай игерілуде?

4. Олардың ел шаруашылығын дамытуда қандай маңызы бар?

5. Қашаған кеніші- Қазақстан мақтанышы.

5. Қорытынды: «Ой-толғаныс кезеңі»

«Менің елім – Қазақстан»

Тәуелсіздік хронологиясы: « Қай жылы?».

… Қазақстан тәуелсіздігін жариялады?

… ҚР БҰҰ-ға мүше болды?

.................ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды?

.................ҚР ұлттық валюта-теңге енгізілді?

.................ҚР ЕҚЫҰ-ның кезекті саммиті өтті?

.................ҚР қысқы Азиада ойындары Астана, Алматы қалаларында өтті?

.................ҚР соңғы Ата Заңы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды?

.................ҚР Президенті болып қайта сайланды?

6. Оқушы білімдерін бағалау.

7. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, «Біздің облысымыздың табиғат ресурстары» тақырыбына хабарлама дайындау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119800

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар