Интеллектуалды сайыс

Тақырыбы: «Интеллектуалды сайыс».

Мақсаты: Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтырын, ізденушілік қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.

Әділқазылар алқасын сайлау: Мектеп директоры: Сәуле Сембайқызы, Оқу ісінің меңгерушісі: Арайгүл Санқайбайқызы, математика пәні мұғалімі: Тұрған Жақыпқызы.

Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң ,қабырғаңмен қайыспа.

Оқу керек, білім керек қашанда.

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?” –

дей отырып сайысымызды бастаймыз. Сайыстың шарттары:

I кезең”Кел танысайық”

II кезең. “Кім жылдам?”

III кезең. а) ”Географиялық пошта” ә) “Ойлы болсаң озып көр” ( жұмбақтар)

IV кезең.”Жанды сұрақ”( видео сұрақ).

V кезең. “Ситуациялық сұрақтар”

VI кезең. “Адасқан нысандар”

VII кезең. “Неге және не үшін”ойыны.

VIII. Қорытынды.

I- кезеңде Әр топ басшылары өздерінің төсбелгілерімен, топ атымен, ұранымен таныстырады.Таныстыруға ие болған топқа ұпай беріледі.

II- кезеңде “Кім жылдам?” Оң жақта тақырыптар беріледі, әр тақырыпта 4 ұяшық бар. Әр ұяшықтың сұрақтарына дұрыс жауап берілсе, ұпай қосылады.

Материктер менмұхиттар

10

20

30

40

Ең… ең… ең…

10

20

30

40

Флора

10

20

30

40

Фауна

10

20

30

40

Материктер мен мұхиттар

<img width="«233»" height="«175»" src="«file:///C:/Users/EEF4~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg»" v:shapes="_x0000_i1026">

10 –Қай материкте өзен жоқ ( Антарктида)

20 – Ежелгі біртұтас материк ( Пангея)

30 – Мұхит суының орташа тұздылығы қанша ‰-ге тең ( 35)

40 –Мұхит суы неше градуста қатады? ( -2)

Ең… ең… ең…

10- Ең ұзын өзен ( Ніл)

20- Ең тұзды теңіз (Қызыл)

30 – Ең кішкентай құс ( колибри)

40 – Ең ірі сүтқоректі ( көк кит)

Флора.

10 – Сүйекті шырынды жемістер ( өрік, шие, шабдалы т.б)

20 – Ашық тұқымды бірүйлі өсімдік( қарағай)

30 – Ағаш діңдерінде және топырақта өсетін бір жасушалы балдыр ( хлорокок)

40 – Картоптың жемісі (жидек)

Фауна.

10 – Каспий теңізінің бағалы балығы( бекіре)

20 – Үстірт қорығында жерсіндірілген жабайы… ( муфлон)

30 – Қазақстанда салмағы 16 килограмға жететін ірі құс( дуадақ)

40 – Ең ақылды маймыл (шимпанзе)

III- кезең «Географиялық пошта» ойыны.

Топ басшыларының алдына сандықша қойылады, сандықшада жемістер жасырылған. Әр топ басшы алған жемісі туралы жалпы мағлұмат береді.

( жемістің өсетін жері, келу тарихы, пайдасы),

3 минут уақыт беріледі.Топ басшылары ойланып болғанша әр топтағы сайыскерлерге “

Ойлы болсаң озып көр” пәндерге қатысты жұмбақтар шешіледі.

1. Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. ( бұлт)

2. Теңіздің ортасында

тұруға қорқасың ба? ( арал)

3. Соғады күні-түні алмай тыным,

Құлайды ол тоқтаса таудай тілім. ( жүрек)

4. Салынған көпір керемет,

Қызығушы өте көп.

Ал бірақ та не керек,

Кісі өтетін жолы жоқ. ( күншуақ)

5. Екі асыл нүкте, соқтырмайды түкке. ( көз)

6. Кемеңгер жол нұсқаған ақыл тауып,

Үстінде алтын түкті қалың сауыт.

Шықпайды “ ордасынан” қадам аттап,

Екеуі тұр қарауылдап, екеуі тыңдап,

Үшеуі жүр тамақ беріп, дәмін сынға ап.

Екеуі өзен жуындысын кетеді алып,

Өзімен бірге ағызып, терең шыңға ап. ( ми, ми сауыты, 2 көз, құлақ, қол, тіл, танау тесіктері)

IV- кезең. Жанды сұрақ ( Видеосұрақ)

V- кезең. « Ситуациялық сұрақтар»

Тапқырлар тобына сұрақ.

Сендер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңдар. Ал, олар сендерге “кенгуру” деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сендер қай жерге келдіңдер және адамдар не деп жауап берді?

Жауаптары:

Аустралия материгі.

Жергілікті халық тілінде “кенгуру” сөзі “түсінбедім” деген мағынаны білдіреді.

VI-кезең. «Адасқан нысандар»

Памир астана

Бизон шөл

Тундра түбек

Маккензи тау

Сахара аң

Токио зона

Танганьика өзен

Үндістан көл

Миссисипи вулкан

Каньон тау

Зайсан өзен

Везувий шатқал

Карпат көл

Керік гүл

Ақ тұңғиық жәндік

Жасыл эвглена жануар

VII- кезең. « Неге және не үшін» ойыны.

<img width="«266»" height="«199»" src="«file:///C:/Users/EEF4~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.jpg»" v:shapes="_x0000_i1027">

Дарындылар тобының сұрақтары: 1.Неге және не үшін мемлекетіміздің шөлдерінде өсетін жантақтарды халық арасында “ басы отта,” “аяғы суда” деп атайды?

2. Неге және не үшін Маңғыстау облысы мемлекетіміздегі диханшылық, егіншілік жұмыстары жүргізілмейтін жеке ғана аумақ деп есептеледі?

Жауаптары:

1. Жантақ Орта Азия шөлдерінде өсетін өсімдік болғандықтан, тамыры өте ұзын, сондықтан ол жердің төменгі қабатындағы ылғал арқылы тіршілік етеді, ал бұтағы ыстықта да өсе береді.

2. Маңғыстау облысының ауа райы шұғыл континентті, жауын-шашын аз жауады, ағын өзендері жоқ.

Тапқырлар тобы сұрақтары:

1. Неге және не үшін Алтай тауының батыс беткейіне, шығыс беткейіне қарағанда жауын-шашын көбірек жауады?

2. Неге және не үшін Балқаш көлі картада екі түрлі түспен берілген?

Жауаптары:

    1. Биік таулар батыстан келетін бұлттарды тосып қалады, сол үшін шығысқа қарай жауын-шашын аз түседі.
  1. 2. Балқаш көлінің батыс тарапынан суы мол Іле өзені келіп құйылады, сол үшін тұздылығы аз, ал шығыс тарапынан құйылатын өзендер кіші және суы мол емес, кейбір өзендері тартылған.

VIII. Қорытынды. Марапаттау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147830

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар