Тамақ және жеңіл өнеркәсібі. Food and Light industry in Kazakhstan

17 сәуір 2015 - Марал Жунусбаева

АӨК –нің ауыл шаруашылығымен байланысын және оған кіретін тамақ және жеңіл өнеркәсібінің өзара байланысын айта алу

Күтілетін нәтиже: АӨК құрамы, оның маңызын,өсімдік және мал шаруашылық салаларын біледі. АӨК салаларын, ҚР-ы экономикасындағы АӨК-тің маңызын түсіндіріп, оған сипаттама бере алады

Сабақтың барысы: Сабақ заманауи тұрғыда ағылшын пәнін кіріктіріп оқытуға бағытталған. Негізінен оқушылардың белсенді ойлауына, өздігінен жұмыс жасауына бағытталған. География бойынша термин сөздерді ағылшын тілінде қолдану арқылы тілдік мақсатты жетілдіру. Оқушылар картамен, сызбамен, кестемен жұмыс жасау барысында ақпараттық коммуникативтік дағдылары қалыптасады.

LESSON PLAN

Күні/Date:

Teacher/ Оқытушы: Жунусбаева Марал Турмысовна.

Пән: география-ағылшын тілі/

Geography of Kazakhstan and English

Сынып/Grade: 9

Оқушылар/Number of Students:

Сабақтың тақырыбы:

Тамақ және жеңіл өнеркәсібі. Food and Light industry in Kazakhstan

Уақыт: 40 min

Сабақтың мақсаты:

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің салалық құрылымын, өнеркәсіпті орналастырудың принциптері, орталықтары және болашағы туралы білім беру

АӨК –нің ауыл шаруашылығымен байланысын және оған кіретін тамақ және жеңіл өнеркәсібінің өзара байланысын айта алу.

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар АӨК ІІІ буыны тамақ және жеңіл өнеркәсіп жайлы ауызша және жазбаша түрде сипаттайды. (айтылым және жазылым дағдылары) Тақырыпқа сай термин сөздерді ағылшын тілінде жеткізеді.Халықты тұтыну бұйымдарымен қамтамасыз ету және жергілікті еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында еліміздің кез-келген экономикалық ауданында өнеркәсіптің осы салаларының даму қажеттігін дәлелдеу.

Күтілетін нәтиже

АӨК құрамы, оның маңызын,өсімдік және малшаруашылық салаларын біледі. АӨК салаларын, ҚР-ы экономикасындағы АӨК-тің маңызын түсіндіріп, оған сипаттама бере алады

Lesson content

Уақыты/Timing

Сабақ жоспары/ Planned activities

Ресурстар/Resources

0 – 2

І. Психологиялық ахуал тудыру. Сәттілік тілеу

ІІ.Табысқа жетуге жағдай туғызу.

АӨК:

І –АӨК-тің дамуын қамтамасыз ету

ІІ – Ауыл шаруашылығы

ІІІ- АШ өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу және сақтау

2-7 Проблемалық сұрақ /ситуация/

ІІІ. Тақырыпқа шығу. Мақсат қою

Ағылшын тілінде тамақ және киім дүкеніндегі диалогты тыңдау.Сол арқылы сұрақтарға жауап беру.

— өнімнің қандай түрлерін көрдіңдер?

— Қай өнеркәсіп түрлеріне жатады?

Тақырыпқа шығу: Тамақ және жеңіл өнеркәсіп

Бүгін сабақта алдымызға қандай мақсат қоямыз?

Бейнефильм кқру арқылы тақырыпқа шығу

7-15

ІУ. Оқушылардың іс-әрекеті.

Жұппен жұмыс. Оқулықтағы мәтін арқылы кесте құрастыру. Ахметов Е, 15 параграф. Усиков В, 189 бет, 109-110 сурет.

    1.Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторларын анықтап, өз облысымыздағы тамақ өнеркәсібінің қандай салалары бар, мысал келтір.

    2. Зерттеу нәтижесін кесте түрінде көрсетіңдер / Define the location factors of food industry centers

Атлас, оқулық

Тамақ өнеркәсібі-АӨК-нің соңғы өнім шығаратын саласы. халықтың күнделікті тұтынатын өнімдерін шығаратын өндіріс орны. ТӨ- орналасуына қала халқының географиясы көп әсер етеді.

15-20

У. Оқушылардың іс-әрекеті.

Жұппен жұмыс. Оқулықтағы мәтін арқылы кесте құрастыру.Ахметов Е, 16 параграф. Усиков В, 192 бет, 112-114 сурет.

    1.Оқулық мәтінін 114 суретті және атласты картаны пайдаланып, жеңіл өнеркәсіптің негізгі салаларының орналасуын оқып зерттеңдер.

    2. Зерттеу нәтижесін кесте түрінде көрсетіңдер / Using the text from the textbook and the map examine the main location of light industry centers and complete the table

Жеңіл өнеркәсіп- халықтың күнделікті тұтынатын өнімдерін шығаратын өндіріс орны. (тоқыма бұйымдары, еңбек құраладары, жартылай өнім шығаратын фабрикалар)

20-30

УІ. Оқушылардың іс-әрекеті. Топпен жұмыс.

Картаға мына орталықтарды белгілеу, ол қандай өнеркәсіп орталықтары, шартты белгілермен картаға түсіру. Note the industrial centers with the conventional signs (symbols) on a map.

Интербелсенді тақтада орындау.

30-40

ІУ. Оқушылардың іс-әрекеті.

Әр оқушы жекелей.

Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібіне SWOD талдау / Analyze the food and light industry

Жазған мәлеметтер бойынша ағылшын тілінде эссе жазу

Рефлексия. / түсіндім, түсінбедім/

Оқушылардың кері байланысы

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Соншалықты дифференциация жоқ, оқушылардың деңгейлері бірдей, әрі тапсырмаларды жұпта орындайды.

Бағалау

Сіз оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Өзара тексереді.

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық сақтау және қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру

АКТ қолдануды уақытымен өшіру.
Пәндердің байланысы арқылы тілдік мақсаттарына қол жеткізу.

Ой қорыту

Төмендеқалдырылғанорындыөткізілгенсабаққапікірайтуүшінпайдаланыңыз. Сабақтуралысолжақбағандакелтірілгенеңмаңыздысұрақтарғажауапберіңіз

Қорытынды бағалау

Сабақтыңқандайекіаспектісіжақсыөтті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

Қандайекінәрсесабақтыжақсарта түсті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы мен келесісабақта айтатындай не білдім?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083460

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар