Масштаб. Географиялық білім көздерімен жұмыс

17 сәуір 2015 - Марал Жунусбаева

Сабақтың тақырыбы: Масштаб және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: Масштаб және оның түрлерін қайталау және бекіту, масштабы берілген карта, сызба бойынша арақашықтықты табу дағдыларын дамыту, пәнаралық байланысты көрсету, географиялық білім көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Карталар және әр түрлі географиялық білім көздері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, математикалық есептеулерді шығару.

Сабақтың барысы: Сабақ заманауи тұрғыда дамыта оқытуға бағытталған басты жеті кезеңнен тұрады. Негізінен оқушылардың белсенді ойлауына, өздігінен жұмыс жасауына бағытталған. Математикадан алған білімдерін географияда қолдану арқылы оқушылардың бойына қолдану дағдысын қалыптастыру. Оқушылар картамен, сызбамен, сұлбамен жұмыс жасау барысында ақпараттық коммуникативтік дағдылары қалыптасады.

LESSON PLAN

Күні:

Оқытушылар:

География пәні мұғалімі: Жунусбаева Марал Турмысовна

Пән: География

Математика

Сынып:7

Оқушылар саны:24

Сабақтың тақырыбы:

Масштаб.Географиялық білім көздерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:





-масштабы, құрамы, қамту территориясы бойынша карталардың айырмашылықтарын ажырату;

-мәліметтерді көрсету әдістері мен математикалық формулаларын таңдау, пайдалану (кесте, сұлба, сурет, карта-сұлба түрінде);

— масштаб және оның түрлерін қайталау және бекіту, масштабы берілген карта, сызба бойынша арақашықтықты табу дағдыларын дамыту, пәнаралық байланысты көрсету.

— Географиялық білім көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

карталар және әр түрлі географиялық білім көздері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу отырып, математикалық есептеулерді шығару

Оқытудың тілдік мақсаты:






Оқушылар пәнге қатысты терминдерді сөйлемдерде пайдаланып, мәнін ашып, оны үш тілде айтып үйренеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Масштаб, масштаб түрлері, карта, сызба, ара қашықтық, атаулы, сандық, сызықтық түсініктерін білу.

Диалогқа/жазылымға қатысты тіркестер:

Қалалар арасындағы нақты арақашықтық қанша?

Масштабтың түрлерін ажыратып, айырмашылықтарынасипаттама беріңіз.

Өткен

сабақтардыңматериалдары

шартты белгілер, жергілікті жер жоспарларында және карталарда жер қабатын суреттеу әдістері;

Жоспар

Lesson content

Уақыт

ты жоспарлау

Жоспарланатыніс-шаралар

Ресурстар

0-3 мин









І.Психологиялық ахуал.

Парталар төрт-төрттен қойылған. Парталардағы үш түсті стикерде келесі сөздер жазылған:сәттілік, денсаулық, жақсылық, мақсатқа жетуіңді, табысқа жетуіңді, көтеріңкі көңіл күй, әр істе көшбасшы болуыңды, білім шыңына жетуіңді, биік белестерді бағындыруды, тек қана алда болуыңды, ілгері жылжуыңды, әрқашан жеңімпаз болуыңды.

Әр оқушы стикердегі сөзді тілеп, сағат бағытымен бір-бірлеріне стикерді береді: Арман, мен саған сәттілік тілеймін!!!

Стикердің түсі бойынша 3-топқа бөлу.

Түрлі-түсті стикерлер

3-9

ІІ. Табысқа жету. Ой қозғау: Ситуациялық сұрақ:

Бір күні Дидар орманға келгенде, бұрын-соңды көрмеген жерге тап болды. Жан-жағында емен ағаштары өсіп тұр. Оның көлеңкесі Дидарды таңғалдырды. Ең биік емен ағашының басында құстар жиналған, олар ағаш бұталыран отырып ән салуда. Дидарға осы жер өте қатты ұнады. Дидар өзі көрген жергілікті жердің сызбасын қағаз бетіне түсіріп, достарына көрсеткісі келді. Бірақ Дидардың сызбасы дұрыс шықпады. Дидар шартты белгілерді білді, бірақ осындай үлкен алаңды қағаз бетіне қалай сидыратындығын білмеді.

СҰРАҚ: Дидар нені білмеді? /Масштаб/

Презентация

9-13

ІІІ.Тақырыпқа шығу;

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? /Оқушылардың жауабы/

Мақсатты анықтау:

Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыздар, алдарыңыздағы дәптерлеріңізе жаза қойыңыздар /әр топтан бір оқушыға оқыту/

Мақсатты нақтылау.

13-20

ІУ. Оқушылардың іс-әрекеті.Топпен жұмыс:

Әр топқа үш түрлі тапсырма беріледі, берілген тапсырма бойынша есептеуді орындап, постерге масштабтың белгіленуін формуламен көрсетеді және талдайды.

1-топ:

Тапсырма №1. 1:1000 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы ұзындығы 3 см. Жер бетіндегі арақашықтығы қанша? Жауабы: 30 км.

2-топ:

Тапсырма №1.Екі елді мекеннің арақашықтығы 300 км. Осы екі елді мекеннің арақашықтығы масштабы 1:7500000 картада неше см болады? 4см

3-топ:

Тапсырма №1. Картадағы екі қала арасын қосатын кесінді 3,5 см. Осы екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығы 175 км. Картаның масштабын табыңдар. (1:5000000)

Тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып талдайды.

Бағалау: 2 жұлдыз, 1 тілек

Кері байланыс:Сандық, атаулы, сызықтық масштабтың айырмашылығын қалай ажыратамыз?

Постер

20-25

У. Оқушылардың іс-әрекеті. Жұппен жұмыс:

Сандық масштабты атаулы масштабқа, атаулы масштабты сандық масштабқа ауыстырыңыз:

Сандық 1: 10 000 1 см – 100 м

1: 750 000 1 см – 7,5 км

1: 2 000 1 см – 20 м

Атаулы 1см – 10 м 1: 1 000

1 см – 200 м 1: 20 000

1 см – 750 км 1: 75 000 00 CLIL әдісі «Ақпараттық кеш»

Оқушылар алған ақпараттарымен бөліседі.

Бағалау: Жұптастары бір-бірін бағалайды /смайликтер арқылы/

Кестелер, смайликтер

25-37

УІ. Оқушылардың іс-әрекеті.Топпен жұмыс: Практикалық жұмыс. Әр топқа беріледі.

Сызбамен жұмыс. Берліген суретер бойынша диаметрді тауып, масштабын анықтау.

Сызбада сақина, доп, глобус берілген.

Бағалау: Бағдаршам арқылы әрқайсысы өз-өзін бағалайды.

Кестелер, бағалау үшін бағдаршам

37-40

УІІ. Рефлексия:

Бүгінгі сабақ мен үшін ........

Қосымшаақпарат

Дифференциация

Тапсырмаларды орындаған кезде қабілеті жоғары оқушылар, масштабтың бірден-үш түріне сипаттама берді.

Бағалау

Сіз оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар

Математика, география пән аралық байланыс орнатуда жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен өте тығыз байланысы барына көз жетеді.

Кеңейту: Болжам жасау. Сұрақтары арқылы оқушының болжам жасау дағдысы, тілдің 4 дағдысы қалыптасты.

Қабілеті жоғары оқушылар тереңірек дәлелдемелер келтіреді.

Қосымша тапсырма:Өз бөлмеңнің 1:400 масштабымен кескінделген планын сызыңдар

Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, әр тапсырманың соңында критериалды бағалау. Кері байланыс орнату.

АКТ – негізінен заманауи коммуникациялық құралдарды жан-жақты пайдаланып, өз пікірін еркін білдіре алатын әлеуметтік ортаны қалыптастыру, ынталандыру және қолдау арқылы жүзеге асырылды.

Құндылықтар – сөз тіркестері арқылы көптеген тілдік тіректер оқушыларға жүйелі түрде пән мазмұнын, тілді толық деңгейде пайдалану.

Ойқорыту

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге толығымен асырылды. Оқу атмосферасы өте жақсы болды, оқушылардың белсенділігі өте жоғары. Дайындаған дифференциялық жұмыс ойдағыдай болды, сипаттама жазуда, кейбір оқушылар өз деңгейіне байланысты сипаттама жазды. Мен белгіленген уақытты сақтадым.

Төменде қалдырылған орынды өткізілгенсабаққапікірайтуүшінпайдаланыңыз. Сабақтуралысолжақбағандакелтірілгенеңмаңыздысұрақтарғажауапберіңіз

Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

    -Психологиялық ахуал тудыру, оқушылардың қызығушылығын арттырды

    -Ситуациялық сұрақтың оқушыларға ой тастауы;

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта түсті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

    -Топпен жұмыстағы постер жасап, бір-бірін бағалау;

    -Суреттермен жұмыс жасаудағы өздеріне таныс заттардың масштабын анықтау;

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы мен келесі сабақта айтатындай не білдім?

-Әли өте жылдам, бірақ тапсырманы тереңнен ойламайды

Тексерді:

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103617

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар