Орманды дала және дала зонасы

) Білімділігі: Қазақстанның табиғат зоналарын орманды дала, дала а зонасының жер бедері мен климаты, топырағы, табиғат ерекшеліктері, таралу заңдылықтары туралы білімді меңгерту.

В) Дамытушылығы: өздігінен білім алуға, ізденімпаздыққа, картамен жұмыс жасай отырып негізгі ойды ұғынуға, шығармашылық ой- өрістерін дамыту.

С) Тәрбиелігі: саламатты өмірді насихаттауға, экологиялық тәрбие беру

Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, слайд, суреттер, т.б.

Әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, суреттеу т.б.

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, ән-музыка, экология

сабақтың түрі: Өзін-өзі оқыту сабағы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

I. Қызығушылықты ояту кезеңі. Үй тапсырмасының сұрақтары:

1. Ірі табиғат кешендері ( мұхиттар мен материктер)

2. Қазақстан аумағын тұңғыш рет табиғи аудандастырған кім? ( Л.С. Берг)

3. Қазақстан аумағы канша табиғи аудандарға бөлінді және сол аудандарды картадан көрсетіңдер? ( 8 табиғи аудан және картадан көрсетіледі)

4. Адамның шаруашылық қызметінің табиғат кешендеріне тигізетін зиянды әсерлері қандай? ( өндіріс орындары, ағаш кесу, қала салу, бөгендер жасау т.б.)

5. Топырақ дегеніміз не? ( Жердің бетіндегі құнарлы қабаты)

6. Топырақ түзуші негізгі факторларды ата? ( климат, су, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар т.б.)

7. Табиғат зоналары деп нені айтамыз? ( географиялық қабықтың ірі бөлігі)

8. Қазақстанда қандай табиғат зоналары бар? ( орманды дала, дала, шөлейт, шөл)

II. Ой қозғау кезеңі. Жаңа сабақтың кесте түрінде берілген жоспары:

Орманды дала зонасы

Дала зонасы

Географиялық орны, жер бедері Климаты.

Өзендері.

Топырағы.

Өсімдіктері.

Жануарлар дүниесі.

Шаруашылық игерілуі.

Географиялық орны, жер бедері.

Климаты.

Өзендері.

Топырағы.

Өсімдіктері. Жануарлар дүниесі. Қорықтары.

Жаңа тақырыптың тапсырмалары: ( Географиялық атлас, карталар, суреттермен жұмыс жүргізіледі)

1.Орманды дала зонасының географиялық орнының ерекшелігі, зонаның жер бедері.

2. Орманды дала зонасының климаты.

3. Ірі өзендері картадан көрсетіледі.

4.Топырақтың түрлері және құрамы.

5.Орманды дала зонасындағы өсімдік түрлері.

6. Орманды дала зонасындағы жануарлар.

Дала зонасын елестету үшін Құрманғазының « Сарыарқа» күйі тыңдалады. Арқа даласы туралы үзінді оқылады. Сарыарқаның биік тауы- Қызыларай.

Әсемсің туған өлкем Қызыларай,

Тауыңда қайың, терек, балқарағай.

Осынау әсем сұлу келбетіңді,

Қалайша отырамын мен жырламай.

Бой түзеген әсем биік тауларың,

Әсем сенің жайқалған ну орманың.

Еркіндікте аңдарың мен құстарың,

Боламыз біз әрқашанда қорғаның. ( Г. Кенжебекова)

Тапсырмалардың жалғасы:

7.Дала зонасының географиялық ерекшелігі, зонаның жер бедері.

8. Дала зонасының климаты.

9. Ірі өзендері картадан көрсетіледі.

10. Топырақтың түрлері және құрамы.

11. Зонадағы өсімдіктер мен жануарлар.

12. Дала зонасының шаруашылықты игерудегі маңызы қандай?

13. Дала зонасының табиғаты қорғаудағы қорықтардың маңызы қандай?

III. Жаңа сабақты Венн диаграммасы арқылы бекіту:

Орманды дала Ортақ Дала

IV.Ой дамыту кезеңі.Оқушылардың шығармашылық жұмысы.

”Өсімдік- дертке дауа, жанға шипа”

<img width="«337»" height="«280»" src="«file:///C:/Users/EEF4~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="«Picture_x0020_15»">

Итмұрын

Сыртқы құрылысы

Ұзындығы 2 метрге дейін жететін жіңішке, бұталы өсімдік. Тікендері ұсақ, жапырақ түбінде орналасқан, жапырағы жұқа. Гүлдері біреуден орналасады, ашық-қызыл немесе қанық-қызыл түсті болады. Жемісі тегіс, аса ірі емес, қызғылт немесе қызыл түсті болып келеді. Мамыр айы мен шілде айы аралығында гүлдейді.

Өсетін жерлері

Сулы жерлерде,өзен жағаларында топталып өседі. Емдік қасиеті үшін қолдан өсіріп, тамырын, жапырақтарын, гүлдерін жинайды.

Химиялық құрамы

Сабақтарының құрамында РР дәрумені бар. Жапырақтарынан полисахарид, каротиноид,

С дәрумені, фенолкарбон қышқылы, флавоноид табылған. Жемісі С, РР, К дәрумендері,

эфир майларына және қантқа бай. Жемісінің жұмсақ бөлігінде калий, калций, темір, мырыш, фосфор, магний болса, тұқымынан алынған майларда Е дәрумені бар.

Қолданылуы

Итмұрынның жемісін тұнба, шырын, ұнтақ түрінде төмендегі ауруларға пайдаланады: анемия, созылмалы жұқпалы аурулар, дифтерия, пневмония, созылмалы ішек ауруларында, диатез, қан кету (мұрын, өкпе, жатыр), сәуле аурулары, бауыр және бүйрек тасын түсіруге, сүйек сынғанда және организмнің ауруға жалпы қарсы тұру қабілетін көтеру үшін пайдаланады. Итмұрынның майы ауыз қуысын емдеуге, күйік жараларын емдеуге, асқазан жарасында қолданылады. Дәні қайнатылған суын өт тасын түсіруге, бүйрекке, қуыққа және зәр айдағыш ретінде қолданады.

Рецепт

Ағзаны жалпы қуаттандырушы ретінде: 1 ас қасық тазаланбаған жемісін 2-3 стақан қайнаған сумен демдеп, эмальды ыдысқа жауып қояды да, 10 минут қайнатады, 1 тәулік тұндырып, сүзіп алады. Тәулігіне 3-4 рет ½ стақаннан тамақтану алдында қабылдайды.

Артеросклерозда, іш өткенде, антибактериялық және ауру басқыш ретінде, зәр айдаушы ретінде: 1 ас қасық майдаланған жапырағын 1 стақан қайнаған суға демдеп, бетін жауып, сүзіп алады. Тәулігіне 3-4 рет 2 ас қасықтан ішеді. Емделу уақыты – 14 күн, біраз демалып алып қайталау керек. Емді көктемде жүргізген дұрыс.

Жусан

Сыртқы құрылысы

Кәдімгі жусан — көп жылдық шөптесінді өсімдік. Биіктігі 100 -150 см-ге жетеді, кейде сабақтары пісіп жетілген кезде қызғыш түске өзгереді. Жапырақтары ірі, сопақша, гүлдері топталып бір сабақ бойына орналасқан, майда, қызғыш немесе қызыл, кейде сары болып келеді, маусым – тамыз айларында гүлдейді, тамыз — қыркүйек айларында пісіп жетіледі.

Өсетін жерлері

Су жағаларында, ылғалды жерлерде, бұтақтар арасында тіпті ауладағы егістікте, қоралардың түптерінде, бақтарда өседі. Негізінен Қазақстанның далалы жерлерінде, мал жайылымдарында көп кездеседі.

Химиялық құрамы

Кәдімгі жусан шөбінде шайыр заттары, каротин, С дәрумені, сапонин, алколоид, кумарин, эфир майлары бар. Ал тамырында шайыр, қант, эфир майы бар.

V. Қорытынды: Қазақстан жолы: 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан деректер, дала зонасындағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау керектігі жайында экологиясына түсініктер беріледі.

<img width="«353»" height="«192»" src="«file:///C:/Users/EEF4~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg»" v:shapes="_x0000_s1026">

VI.Оқушы білімдерін бағалау.

VII. Үйге тапсырма:

1. Тақырыптарды оқу.
2. Кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.
3.” Дәрілік өсімдіктер” туралы кесте толтыру.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152259

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар