Сабақта сөзжұмбақтарды пайдалану

21 қыркүйек 2015 - Базаргүл Алтынбекқызы

Сабақта сөзжұмбақтарды пайдалану

Қазіргі заман талабына сай география пәнін халықтық педагогикамен байланыстыра оқыту оның шәкірт бойына сіңімділігін арттырады.Бұл арқылы оқушылар бойында бүгінгі таңда азайып бара жатқан логикалық ойлау, теңеу түйсіктері ерекше дамиды. Сол арқылы оқушы өзінің алып отырған біліміне бойлай қарап, карталардағы елдердің пішініне, оның тарихи дамуына, мәдениеті мен экономикалық дамуына ерекше назар аударады. Өз сабақтарымда сөзжұмбақтарды жиі пайдаланамын. Оқушыларға да тапсырмалар беріп отырамын.

Сөзжұмбақ сабақтардың тартымдылығына, жеңіл түсінуге қолайлы. Өйткені, сөзжұмбақтар оқушының жұмыс істеуіне, тез ойлануына, ой қорытуына жағдай тудырады.Оқушы сөзжұмбақты толтыру жолын, жете түсіну керек. Сабақты толық түсіне алмаған оқушының жұмыстарды жалғастыруына мүмкіндік жоқ. Ал тақырыпты түсінген оқушы ғана тапсырманы аяғына дейін жеткізе алады. Сондықтан да мұғалім өзінің бар шеберлігін, мүмкіндігін пайдаланып, оқушының сабақты түсінуін қамтамасыз ету керек.

Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр.Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығаруға көп мән беріледі.

Проблемалық тақырыбым: оқушының танымдық қабілетін шығармашылық жұмыстар арқылы дамыту. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру барысында бірнеше міндеттерді қабылдадым.

    -Оқушыларды заманымызға сай ғылым қозғалысының алға басуын көрсете алатын деректермен, мәліметтермен таныстыру;

    -Оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыстарын түрлендіру, танымдық қызметінің әдістерін жетілдіру;

    — Сабақта топ және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасауды үйрету;

    -Қызықтыратын мәліметтермен таныстыру идеяларының туындауын, ғылыми ізденістерінің мағынасын ашу;

    -Оқушы алдына барынша күрделі мақсат қою, оны орындауды үйрету;

    -Оқушының өзін-өзі және ұжымды шығармашылық басқару;

Жаңа оқу бағдарламасы бойынша жасалған сөзжұмбақтар оқулықты негізге ала отырып құрастырады. Сөзжұмбақтарды барлық сыныптарда да қолдануға болады. Қорыта келе, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой қабілетін, танымдылығын дамыту, шығармашылық әрекетін, логикалық ойлауын қалыптастыруға сөзжұмбақтың көмегі ерекше деп айтуға болады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115410

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 23 қыркүйек 2015 в 12:50 0
Сөзжұмбақтар расында оқушылардың қызығушылығын оятады. Бірақ уақыт алады деп ойлаймын.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар