Солтүстік Қазақстан. Шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы.

25 ақпан 2015 - Күлзия Есенқызы

Досалинова Дана Дулатовна

Астана қаласы

№56 мектеп-лицейінің

география пәні мұғалімі

Сынып: 9

Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан. Шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және халыққа қызмет ету салаларына тоқталып, экономикалық ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, презентация.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын сұрау(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білімдерін бекіту (10 мин)

V кезең – қорытынды кезеңі, бағалау кезеңі (5 мин)

VІ кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Өткен сабақтарда сіздер Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданымен таныс болдыңыздар. Толығырақ айтатын болсақ, оның экономикалық — географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқымен таңыстындар. Енді сол өткен тақырыпты қорытындылау үшін бірнеше тапсырмаларды орындап жіберейік.

1.Тапсырма. «Сандар сөйлейді»

1. 50 млн га;

2. 13 мың;

3. 7,2

4. 50 %

5. 24 млн. га

6. 4

2 тапсырма. «Демографиялық есеп»

2009 жылы 1 қаңтарда Астана қаласында халық саны қанша болды.

Егерде: 2008 жылы 1 қаңтарда Астана қаласының халқы 603 мың болса,

2008 жылы15 мың саби туылып, 3 мың адам қайтыс болды.

Көшіп келгендер саны 44 мың болса, көшіп кеткендер саны 19 мың.

3 тапсырма

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының облыстары: Ақмола облысы- Көкшетау, Солтүстік Қазақстан-Петропавл, Қостанай-Қостанай қаласы, Павлодар- Павлодар қаласы. Кейін мұғалім тексергеннен кейін қателерді түзетеді.

Жауаптары:

1.Ауылшаруашылығына пайдаланатын жер көлемі;

2. Солтүстік Қазақстандағы көлдер саны;

3. Халықтың тығыздығы

4. Урбандалу деңгейі

5. Жыртылған жер көлемі

6. Облыс сандары

2 тапсырма.

Жауабы: 640 мың

Оқушылар есептеп шығарып, бірінші болған оқушы жауабын айтады.

ІІІ

Бүгінгі сабағымызда Солтүстік Қазақстанға саяхат жасаймыз, саяхатқа шықпас бұрын жолдама алуымыз керек, ол жолдаманы алу үшін келесі тапсырманы орындауымыз қажет. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының облыстарын мен облыс орталықтарын ата, картаға белгіле.Тыңдап қателер жігін сараптайды. Жақсы жолдамамызды алдық енді саяхатқа шығуымызға болады.

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық географиялық жағдайын сипаттайды. Оның қолайлы жақтарымен қолайсыз жақтары туралы айтылады.

Ресейдің Орал, БатысСібірэкономикалықаудандарыменшектесуі Пайдалы қазбаларға бай болуы Аумағыарқылыірітеміржолмагистральыөтуі Аңызақжелдіңболуы Өзенсуларыныңағыныбіркелкіемес

Маманданған салаларын кесте арқылы түсіндіру. Қай саланың жетекші орын алып қай саланың жетекші саладан тарайтыны айтылады.

Маманданған салалары: Отын өнеркәсібі, электр қуаты, қара металлургия, түсті металлургия, Мұнай өндеу, машина жасау, АӨК болып табылады. Электр қуаты мен түсті металлургия арқасында қосалқы салалар химия мен құрылыс материалдары салалары дамуда. АӨК-тің арқасында қосалқы салалары тамақ және жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Солтүстік Қазақстан Қазақстанда ферроқорытпаны шығару бойынша 1 орын алуда.Солтүстік Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамыған саласы – тау-кен ісі. Республика көлемінде жиналатын астық өнімінің 90%-ы Солтүстік Қазақстанның үлесіне тиеді.Солтүстік Қазақстанда сүтті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы жетекші орын алады.

Оқушылар тақырыпты меңгеру жоспарымен таныс, онымен қалай жұмыс істейтіндерін айтады. Атластың көмегімен оқушылар экономикалық-географиялық жағдайды анықтайды. Ол үшін ауданның шекарасын, табиғи шектерін, аудан іші мен көрші аумақтармен көлік байланысының жағдайын, оларды Солтүстікпен байланыстыратын мамандану салаларын көрсету керек. Шекара маңы ерекшеліктерін де көрсетуге болады: Солтүстік Қазақстанның басқа аудандардан өзгешілігі – оның Ресей Федерациясы сияқты жалғыз ғана шет елмен көрші болуы. Мүмкіндігінше, Ресейдің шекаралас экономикалық аудандарын ғана атап қоймай, олармен өндірістік байланыстарға да мысалдар келтіріп, Солтүстік арқылы өтетін (транзиттік жағдай) көлік жолдарының маңызын да атап өту керек.

Балалар карта бойынша кен оындарының биігірек жер бөліктерінде, көбінесе топталып орналасқанын анықтайды. Көптеген пайдалы қазбалардың таяз орналасу сияқты ерекшеліктерін еске түсіру қажет. Осының негізінде кен-геологиялық жағдайларының ашық әдіспен өндіруге және шикізатты кешенді түрде пайдалануға қоайлы екндігіне көз жеткізуге болады.

Одан соң оқушылардың біліміне сүйене отырып, агроклиматтық жағдайларға баға беріледі, Солтүстіктің табиғат жағдайлары күздік емес, жаздық бидай өсіруге қолайлы екендігі, оның себептері неде екендігін анықтайды.

Ауданның рекреациялық жағдайы туралы: ауданның рекреациялық мүмкіншілігі үлкен, дегенмен, Орталықтағы көршілеріне қарағанда біршама тәуір қамтамасыз етілсе де, тұщы су мен орманға онша бай емес екендігін айтады.

Тақырыпты меңгерудің соңғы кезеңдерінде ауданның халқына тоқталады: қысы қатал әрі ұзақ болғанмен, күшті желдер мен шаңды боран жиі соққанмен, Қазақстандық Солтүстік – өмір сүру мен шаруашылықпен айналысу үшін қолайлы аудан деген қоыртынды жасайды.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді.

Оқушыларды 3 топқа бөліп, осы топтарға тапсырмалар береді.

1 тапсырма.«Сәйкестендіру тест жұмысы»Өндіріс салаларының орталықтары.

1-топқа.

1.Мұнай өңдеу зауыты а)Павлодар.
2.Автомобиль бөлшектері в)Петропавл.
3.Тас көмір алабы с)Екібастұз.
4.Темір кен орны г)Соколов-Сарыбай.
2-топқа

1.Медицина аппараттарын шығаратын зауыт а)Көкшетау
2.Трактор зауыты е)Павлодар
3.Алтын кен орны с)Васильков
4.«Қазақсельмаш » зауыты г)Астана.

3-топқа

1. Ауыл шаруашылық машиналарын
шығаратын зауыт д)Астана

2. Алтын кен орны е)Майқайың

3. Ферроқорытпа зауыты д)Ақсу

4. Қоңыр көмір алабы в)Майкүбі

2 тапсырма. «Адасқан нысандар»

Оқушыларға 3 кәсіпорын туралы мәлімет беріледі, сол кәсіпорындарды табуы қажет.

3 тапсырма. Шығармашылық конкурс. ЕҢ криативті жарнама.

1. Петропавл еткомбинаты

2.Астана қаласының ауылшаруашылық техникаларын шығаратын зауыты

3.Көкшетау сүт өнімдерін шығаратын зауыты

Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды.

1-топқа.

1.Мұнай өңдеу зауыты а)Павлодар.

2.Автомобиль бөлшектері в)Петропавл.

3.Тас көмір алабы с)Екібастұз.

4.Темір кен орны г)Соколов-Сарыбай.

2-топқа

1.Медицина аппараттарын шығаратын зауыт а)Көкшетау

2.Трактор зауыты е)Павлодар

3.Алтын кен орны с)Васильков

4.«Қазақсельмаш » зауыты г)Астана.

3-топқа

1. Ауыл шаруашылық машиналарын

шығаратын зауыт д)Астан

2. Алтын кен орны е)Майқайың

3. Ферроқорытпа зауыты д)Ақсу

4. Қоңыр көмір алабы в)Майкүбі

Оқушылар тақтаға шығып, қорғайды

V

Үйге § 47 оқу, мазмұндау. Бір кәсіпорын туралы реферат дайындау.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103521

Пікірлер (1)
Балзира # 11 сәуір 2016 в 21:16 0
Сабақ жоспарыныз унады. кызыкты сабак екен!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар