Тұран жазығы

Сабақтың тақырыбы: Тұран жазығы

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның табиғат аймақтарын меңгеруде алған білімдерін жинақтап, одан әрі ізденіс қабілеттерін арттыру.

Білімділігі: Оқушылардың Тұран жазығы жайлы білімдерін тереңдету, кең ауқымды танымын қалыптастыру.

Дамытушылық: Электронды оқулықтар арқылы белсенді қабілеттерін дамытып, ой қозғауға, қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қазақстан табиғатының ерекшеліктерін айта отырып, қоршаған ортаны қорғауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, слайдтар т.б.

Сабақтың барысы:

I. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Жазық дегеніміз не? Жазық дегенде көз алдарыңа не елестейді?

2. Қазақстандағы қандай жазықтарды қандай жазықтарды білесіңдер? Слайдтардағы суреттермен жұмыс.

II. Оқушылардың білім, білік дағдыларының өзектілігін анықтау.

Мағынаны тану. Жер бедері қандай? Табиғат зоналары қандай? Көлдері неліктен аз? Қандай пайдалы қазбаларға бай? Өзендерін атаңдар?

III. Жаңа білімді меңгерту.

1. Электронды оқулықтағы сабақтың мазмұнымен жоспар бойынша танысу. Жоспары: 1.Географиялық орны.

2. Жер бедері мен геологиялық құрылымы.

3. Пайдалы қазбалары.

4. Климаты.

5. Өзендері мен көлдері.

6. Табиғат зоналары.

7. Өсімдіктері мен жануарлары.

2. Электронды оқулықтағы мәтінді ашып оқып, толықтай танысқаннан кейін, оқушылар бір- біріне сұрақтар қояды.

3. Жаңа сабақ бойынша материалды слайдтармен толықтыру, мағынаны тануды толықтыру.

IV. Бекіту. Ой- толғаныс.

1. Венн диаграммасын толықтыру.

Тұран жазығы

Ұқсастықтары

Батыс Сібір жазығы

2. Семантикалық карта. Тұран жазығына байланысты кесте толтыру. Осы аймақта мекендейтін жануарларды дұрысын белгілеу.

Жануарлар

Мекендейді +

Мекендемейді —

Жолбарыс

Түлкі

Қодас

Бұғы

Қосаяқ

Шағыл мысығы

Ақбөкен

Кесіртке

V. Қорытынды. Бес жолды өлең құрау.( синквейн)

VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру. 1. Тұран жазығын оқу.

2. Кескін картаны толтыру. 3. Аумақтың экологиясы туралы хабарлама дайындау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110062

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар