Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

25 қыркүйек 2015 - Райгүл Ізбақыш
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

Атырау облысы. Атырау қаласы. И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Ізбақыш Райгүл Русланқызы

Сынып: 9

Сабақ тақырыбы: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

1.Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.

3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,

Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең

Оқушыларды Астана, Алматы, Атырау қалалары бойынша 3 топқа бөліп отырғызу.

Үй тапсырмасын сұрау

І топ: Халықтың ұлттық құрамы

ІІ топ. Халықтың діни құрамы

ІІІ топ: Қазақстан халықтарының тіл әулеті

Жаңа сабақ:

Жоспары:

    1.Қала халқы: қала-агломерация-мегаполис

    2.Ауылдық халықтың орналасуы

    3.Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану

Осы сабақта кездесетін терминдер:

    1.халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі,

    2.халықты аумақтық ұйымдастыру,

    3.қала халқы- қала- агломерация-мегаполис,

    4.урбандалу,

    5.ауылдық халықтың орналасуы

    6.халықты орналастыру

    7.халықтың қоныстануы

    8.Болашағы жоқ ауылдар

Урбандалу:

    1.Қаланың және халқының өсуі

    2.Қалалық тіршіліктің өркендеуі

    3.Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Агломерация – қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядродан) және серіктес қаладан тұрады. Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейді.

ІҮ.Сабақты бекіту.

І тапсырма Жигсо әдісі бойынша постер қорғау

1 топ: Қала халқы

2 топ: Ауылдық халықтың орналасуы

3 топ: Халықтың орналасуы.

ІІ тапсырма: Сәйкестендіру стратегиясы

Урбандалу

Агломерация

Диаспора

Мегаполис

Этнография

ІІІ тапсырма: Топтастыру

1 топ: Қазақстан облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр

2 топ: Қалалық орналасудың 3 формасы

3 топ: Қазақстан қалаларын қала халқының үлесі бойынша топтастыр.

ІҮ тапсырма: Картографиялық домино

Ү тапсырма: Жұптық жұмыс

ҮІ тапсырма: Ортадағы қаламсап стратегиясы

    1.Қазақстан халқының саны қанша?

    2.Қазақстанның саяси –әкімшілік бөлінісі қандай?

    3.Халықтың орташа тығыздығы

    4.Халық орналасуы бойынша қандай түрге бөлінеді?

    5.Халықтың орналасуына әсер ететін жағдайлар қандай?

    6.Халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтары

    7.Халықтың сирек қоныстанған аймақтары

    8.Еліміздің халқы жағынан 1,2,3 орынды алатын аймақтарды картадан көрсет

ҮІІ тапсырма: «Астана», «Алматы», «Атырау» қалалары туралы әңгіме құрау.

Үйге тапсырма: §6 тақырыпты оқу, Кескін картаға қала агломерациялары мен халық саны көп облыстарды түсіру

Бағалау

І нұсқа

    1.Қазақстандағы ірі агломерация:

    А) Қарағанды-Теміртау Ә) Шымкент б) Өскемен В) Алматы Г) Қостанай

    2.Елді мекендер бойынша халықтың таралымы:

    А) орналасу ә) урбандалу б) агломерация в) мегаполис г) қоныстану

    3.Қазақстандағы қалалар саны:

    А)181 ә)267 б)26 в) 60 г) 86

    4.Қарағанды-Теміртау агломерациясының пайда болуы:

    А) облысқа ә) қалаға б) ауданға в) орталыққа г) ядросына байланысты

    Елдің халық санындағы қалалықтардың үлесі-бұл.

    5.А) игерілгендігі ә) орналасуы б) урбандалуы в) агломерация г) қоныстануы

ІІ нұсқа

    1.Қазақстандағы жоғары урбандалған облыс:

    А) Атырау ә) Павлодар б) Қызылорда в) Маңғыстау г) қарағанды

    2.Шымкент (649 мың тұрғыны бар)… қала

    А) аса ірі ә) ірі б) орташа в) үлкен г) ұсақ

    3.Қазақстандағы миллионнан артық тұрғыны бар қала

    А) ондай қала жоқ ә) астана б) шымкент в) қарағанды г) Тараз

    4.Қазақстандағы халықтың орташа тығыздығы (1 км2 жерге келетін адам саны):

    А) 2,8 ә)3,8 б)4,8 в)5,8 г)6,8

    5.Оңтүстік Қазақстанның тау етегінде… ауыл басым.

    А) тым ірі ә) ірі б) орташа в) ұсақ г) кентті

ІІІ нұсқа

    1. Ауылдың ең өткір әлеуметтік мәселесі

    А) жол ә) жұмыссыздық б) ауыз су в) қалалардың қашық орналасуы г) байланыс (телефон) орнату

    2. халқы ең аз обылыс Маңғыстау болса, ең көбі қай облыс:

    А)Атырау Ә) Алматы Б)Жамбыл В)Оңтүстік Қазақстан Г)Шығыс Қазақстан

    3. Қазақстан халқының 90% -ы:

    А)орталықта ә)негізгі қоныстану белдеуінің аумағында б)шығысында в)негізгі белдеудің сыртында г)батыста

    4.Халқы көп географиялық аймақ:

    А)шығыс ә)солтүстік б)оңтүстік В)батыс Г) орталық

    5. G-4 Сити жобасы бойынша қай қала маңында 4 серіктес қала салу көзделген?

    А ) Астана Ә) Алматы Б) Ақтау В) Қарағанды Г) Атырау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083513

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 29 қыркүйек 2015 в 09:56 0
Ұнады.Тест тапсырмалары жақсы жасалған.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар