Шығыс Қазақстан

24 маусым 2015 - Базаргул Агимбекова

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа дайындау.Оқушылар 2 топқа бөлінді.

Топтық жүмыс үрдісіне байланысты міндеттер.

2 топқа бөлу: картамен, мәтінмен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, қорытынды шығару.

I. Қызығушылықты ояту кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру.

«Армысың, аты әйгілі Қарағандым!

Жылуым, қара алтыным, қара наным.

Кімдердің пальмасынан артық маған,

Бозарған көде, жусан, қарағаның.»

(М.Мақатаев).

Логикалық тест.

  1. Қазақстанда қанша облыс бар ?
  2. Қазақстан қанша экономикалық ауданға бөлінеді ?
  3. Орталық Қазақстанның аумағы қанша ?

4. Орталық Қазақстанда өнеркәсіп салаларының жақсы дамығандарын ата?

5. Қарағандының басты мамандаған саласы?

6. Орталық Қазақстанда дамыған көлік жолын ата?

7. Болат өндіретін толық циклді металлургия комбинаты орналасқан қала?

8. Осы ауданда біршама дамыған мал шаруашылығының саласы?

9. Негізгі мамандануы түсті металлургия өнеркәсіп орталықтары?

10. Орталық Қазақстандағы халық саны?

І. Ой қозғау кезеңі: М.Мақатаевтың «Алтай-Атырау» өлеңінен үзінді.

Армысың, ардақ- мекен, асыл- мекен!

Айрықша топырағың, тасың бөтен,

Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.

Білмепті бақыттары қасында екен,

Ғасырлар сілемімен басулы екен.

Уа, Шығыс!

Жеріңде емес, көгіңде мен,

Үңіліп Бұқтырмаңа көңілденем.

Аспаныңа жыр сызып өтіп барам,

Құс болып сенен ұшқан темірменен

Керемет, керемет қой өмір деген!!!

Жаңа сабақтың жоспары:

ЭГЖ Шығыс Қазақстан Халқы

Табиғат ресурстары

Компьютерден Шығыс Қазақстанның картасы және Алтай, Тарбағатай таулары көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс: Шығыс Қазақстан облысы.

Облыс орталығы- Өскемен қаласы.

Аумағы – 283,2 мың кв. км

Халқы – 1 417 800 адам

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі: іта

Тақырыптың мазмұнын өз бетімен игеру.

1- деңгей: Сұрақтардың мазмұны:

1-топ . (ЭГЖ, халқы) Сұрақтары :

1. Шығыс Қазақстанның экономикалық- географиялық орнының ерекшелігі қандай?

2. Ауданның жер бедері, табиғаты қандай?

3. Осы ауданда жауын-шашынның таралу ерекшелігі туралы не

білесіңдер?

4. Аудан халқының орналасу ерекшелігі қандай?

5. Ауданда қала халқының басым болуы неліктен?

2-топ. (Табиғат ресуурстары) Сұрақтары :

1. Шығыс Қазақстан қандай табиғат ресурстарына бай? Кен орындарын картадан көрсет?

2. Ауданда қандай жанатын пайдалы қазбалар бар?

3. Ірі өзендер мен көлдерді картадан көрсет?

4. Орман шаруашылығы туралы не білесің?

5. Шығыс Қазақстандағы негізгі минералды шикізат қоры % -пен алғандағы үлесіне талдау жаса?

Сандар сөйлейді. 2-деңгей.

1-топ 1). 1500 мм 2-топ.1). 50 %

2). 200-250 мм 2). 40 %

3). 1кв км – 2-4адам 3). 20-дан астам

4). Аудан 9 және 24 4) 18 %

IV. Мағынаны дамыту. 3-деңгей. Мазмұнды толықтыру

Аудандағы экологиялық мәселелерді айқындау және шешу жолдарын қарастыру.

Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

1-топ. Алакөл. 2-топ. Ертіс.

V. Жаңа тақырыптан алған білімді Венн диаграммасы арқылы бекіту .

ОРТАҚ

Шығыс Қазақстан

Орталық Қазақстан

VI. Қорытынды. БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

VII.Оқушы білімдерін бағалау

VIIІ. Үйге тапсырма: қосымша ақпарат жинау, кескін картаға түсіру.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072404

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар