Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу,сақтау

Күйкен орта мектебінің

физика және информатика пәнінің мұғалімі
Жиенқұлова Дариға Амангелдиевна
7 – сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.
Графикалық редактордың сурет салу құралы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері:
1. Paint программасындағы әрекеттерді тиімді пайдалана білуге үйрету.
2.Компьютерде жұмыс істей отырып, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3.Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуды үйрету
Күтілетін нәтиже:
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі
3. Шығармашылық қабілеті дамиды.
4. Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО
Сабақтың типі: білім мен білікті тексеру сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс – тәсілі: диалогтық сұрақ-жауап, компьютерде жұмыс, РАФТ әдісі тестік тапсырма, эссе жазу, автор орындығы.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: тірек-сызбалар, компьютер, слайдтар,
интерактивті тақта, «Информатика» оқулығы 7 класс
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика.
Сабақтың жоспары:
УақытыСабақты ұйымдастыру формасыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
1 минҰйымдастыру кезеңі«Амандасу» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады.Шеңберге тұрып, бірімен-бірі қол алысып амандасып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру
2 минТоптасуОқушыларды топтау мақсатында қарындаш, өшіргіш, бүріккіш бейнелері салынған қобдишаны оқушыларға ұсыну.
I топ: “Монитор”
II топ: “Принтер”
III топ: “Сканер”Қобдишадан монитор, принтер, сканердің суреттерін алып, топқа жіктеледі.
3 мин
Қызығушылықты ояту
Сұрақ-жауапТапсырмалар орындамас бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады.
Петроглифтер дегеніміз не?
Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?
Қандай суреттер салған?
Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін?
Тасқа салынған суреттер
сурет салу арқылы
таңбалар
қағазға, папирусқа
компьютерге
Негізгі бөлім
3 мин
Бағытталған оқу әдісі
Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
1.Графикалық редакторды іске қосу жолын ата.
Пуск Барлық бағдарламалар
Стандартты PAINT Стандартты PAINT
2.Салынған суретті сақтау үшін қандай әрекет орындалады?
Файл – Сохранить как…
3.Тұйық контурдың ішін бояу үшін қандай құрал пайдаланылады?
Заливка (құю құралы)
4.Түстер тақтасын жұмыс алаңына шақыру үшін қандай әрекет орындалады? Вид- Палитра (түр- палитра)
5.Құралдар тақтасын шақыру қандай пернелер комбинациясы көмегімен орындалады? Вид- набор инструментов (түр- құралдар тақтасы)
6.Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою үшін қандай әрекет орындалады? Рисунок – очистить (сурет — тазалау)
6 минТоптық жұмысІ-топ: “Берекелі- Бейнеуім”
ІІ-топ: “Мұнайлы өлке- Маңғыстау”
ІІІ-топ: “Мектебім –алтын ұям”Әркім берілген тақырып бойынша эссе жазады.Топ шешімі бойынша ортадан ойы жинақы оқушы оқиды.
10 минКомпьютермен жеке жұмысҚауіпсіздік ережесін естеріне сала отырып тапсырма бередіЖазған эсселері бойынша әр оқушы Paint графикалық редакторында сурет салады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
9 минСәйкестендіру тестісі Тест тапсырмасын таратып бередіБерілген тест тапсырмасын жеке орындайды және бірін-бірі тексеріп бағалайды.
6 минСабақты бекіту.РАФТ әдісі І-топ: “Монитор”
ІІ-топ: “Принтер”
ІІІ-топ: “Сканер”Алғашқы топқа бөлінгендегі топтың аты бойынша рөлге енеді.Топтан бір оқушы автор орындығына отырады.Басқалары өз қалауы бойынша орнында оқиды.
2 минСабақты бағалау
Бағалау критерийлері: АВС критерийі бойынша бағалауТоп басшы, бірін-бірі, критерийлер арқылы бағалайды
2 минКері байланыс парағы
РефлекцияСтикерлер таратадыӨз пікірлерін жазады
1 минҮйге тапсырма: Тапсырманы түсіндіру-еркін тақырыпта сурет салу;
-құралдардың міндетін жаттау;

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141948

Пікірлер (4)
Алибек # 3 желтоқсан 2014 в 13:10 0
Супер
Дилноза # 5 қаңтар 2015 в 18:46 0
Сүреттері жоқпа
Алибек # 3 қаңтар 2015 в 15:43 0
көрнекіліктер қайда?
бек # 29 қыркүйек 2015 в 12:29 0
класс

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар