Өзіндік жұмыс

16 маусым 2015 - Зейнеш Таңжарова

Күн: 25.04.2015.Сыныбы: 10 a

Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

1)білімділік:Оқушыларға АКТ-ны пайдаланаотырып іс-қағаздарды

жүргізуді, түрлерін және е-mail арқылыоларды жіберуге

үйрету, топтасып анимациялықроликқұруды үйрену.

2) дамытушылық: Оқушылардың ойын жинақтап тұжырым жасай білуқасиеттерін, ізденімпаздықдағдыларынқалыптастыру, зейінін, ынтасындамыту.жолдастық көмеккөрсете білуге баулу.

3)Тәрбиелік:- Жауапкершіліктісезінетінөнегелі жеке тұлғаны тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек көрсетебілуге баулу.

Көрнекілік: компьютер, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі

Сабақтың әдісі: Өзіндік

Сабақтың түрі: Білімді тексеру, қорытындылау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырылу кезеңі

-оқушылармен сәлемдесу

-келмеген оқушыларды белгілеу

-сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру
ІІ. «Қайталау-білім анасы» Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау.
ІІІ. «Білген сайын келеді, біле бергім»
IV. «Білім шыңы» Практикалық тапсырмалар
V. Сергіту кезеңі

VІ. Бекіту: «Топтастыру» Постермен жұмыс
VIII. Үйге тапсырма беру.XI. Оқушыларды бағалау

X. Кері байланыс

І. Салеметсіздер ме балалар, отырыңдар! Бүгін сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Ашық сабаққа дайын болсақ, сабағымызды бастайық.

Топқа бөлу:

«Серігіңді тап»

Оқушыларға «Internet explorer, хаттама, Mozilla,Google,Opera, бұйрық, түйіндеме, мінездеме, өтініш » суреттері ұсынылады, 2 топ құруы қажет

ІІ. «Қайталау-білім анасы» Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау

1.Ісқағаздарды жүргізу деген не?

2.Ісқағаздардың қандай түрлері бар?

3.Ісқағаздардың негізгі қызметі қандай?

4.Факсимильдік байланыс дегеніміз не?

5.Электронды пошта дегеніміз не?

6.Электронды поштаны қандай мақсатта қолданылады?

7.Ролик дегеніміз не?

8. Анимациялық роликті жасайтын қандай программалардыбілесіңдер?

«Білген сайын келеді, біле бергім

Осы суреттерге қарап жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

«Білім шыңы» Практикалық тапсырмалар

Іс-қағаздарды жүргізуге арналған тапсырма.

Тапсырма №1

1.Microsoft Word бағдарламасын іске қосыңдар.

1-топ 2-топ

Бұйрық Өтініш

Түйіндеме Мінездеме

Сенімхат Сұраныс хат

Шағым хат

Осы ісқағаздарды қалай жазылу керектігін компьютерде орындаңдар.

Тапсырма №2

Электронды пошта құру және хаттар алмасу


«Сергіту сәті»

Мектебім менің мектебім

Өзіңде өсіп көктедім

Сезбеппіз-ау қоштасар сәттің

Қалай жеткенін

Тапсырма №3

PowerPоint бағдарламасын іске қосыңдар.

1-топ “ХХI ғасыр нақты ғылымдар ғасыры”

2-топ “Жасыл желек ауылымыздың көркі”

тақырыптарында анимациялық ролик құрыңдар.

Сабақты қорытындылау.

Топтастыру әдісі. (Постермен жұмыс)

1- топ Іс-қағаздардың түрлері

2-топ. Электрондық пошта қандай мақсатта қолданылады.

Үйге тапсырма беру.

Сыныптас жолдастарыңа мінездеме жазу.

Тест сұрақтарын құрастырып келу

Оқушыларды бағалау.

Кері байланыс

Мен Не білемін

Мен не білгім келеді

Мен не білдім

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119758

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар