«Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» (әдістемелік - құрал)

«Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану»

(әдістемелік — құрал)

АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жасалған.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс – тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушылардың жеке білімдерін анықтау және бағалау тұрғысында олармен деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу тиімді. Басты мақсат – оқушыларды өздігінен ізденуге ұмтылдыру. Ерекшелігі – жаңа технология бойынша өздерінің білімдерін бағалай білу.

Сонымен қатар, әдістемелік құралдың мақсаты — оқушылар компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық — коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс — әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

Оқытудың жаңа технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқытушы оқыту барысында қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушының терең білім алуына жағдай жасайды.

Информатика пәнінен сыныптан тыс шараларда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.

Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, мектеп оқушыларына ұсынылады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.

Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Информатика сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық

технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

·оқушының өз бетімен жұмысы;

·аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

·білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

·шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

·қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

·қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

·экономикалық тиімділігі;

·іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

·оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға информатика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға информатика сабағына көрнекілік түрінде көрсете отырып түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

üкомпьютерлiк үйрету бағдарламалары;

üэлектрондық оқу құралдары;

üкомпьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау;

üаудио және видеоматериалдар;

üИнтернет желiсiндегi ақпараттық материалдар.

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде геометриялық

фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға Паскальдың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жұмыстар арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: әр түрлі геометриялық фигураларды салу программаларын үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті көре білуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде геометриялық

фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға Паскальдың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жұмыстар арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: әр түрлі геометриялық фигураларды салу программаларын үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті көре білуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиеттерімен қатар талғамдық қасиеттерін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс:латын, қазақ тілі, математика, музыка.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, презентация, электрондық оқулық.

Сабақтың типі: Өтілген материалдарды жинақтау, қайталау.

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі:Практикалық, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, қауіпсіздік ережесін сақтау)

ІІ. Актуалдау

Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларын сайтап. Оқушыларды топ басшылары бағалайды. Сабақтың құрылымымен таныстыру.

І-ші сайыс: «Теориялық білім» сайысы.

ІІ-ші сайы: Compile — дан өтпейді…

ІІІ-ші сайы: «Программистер» сайысы.

ІV-ші сайы: «Адасқан сөздер».

V. Сергіту сәті. «Қара жорға» әні бойынша жаттығу жұмыстары.

VІ-ші сайыс: «Жарнамалау» топ басшылар сайысы.

VІI-ші сайы:. «Операторлар сөйлейді.

І. Теориялық білім сайысы.

1. Borland International фирмасы қандай кітапхана жасап шығарған?(Graph)

2. Паскаль графикамен жұмыс істеу үшін қандай графиктік операторларды қосуымыз қажет? (драйверлер, пайдалану, модульдер, режимдер)

3. Актив терезедегі программаның қатесін тексереді. (Compile)

4. Patternдеген не? (бояудың типтері)

5. CloseGraph процедурасы қандай қызмет атқарады? (программаны аяқтау)

6. Графикалық режимде неше түс бар? (16)

ІІ. Compile — дан өтпейді…

Геометриялық фигураларды пайдаланып машинаның суретін салу программасы

Program Mashena;

Uses graph;

Var

Graphdriver, (graphmode)1: integer;

(Begin)2

Graphdriver:=detect;

Initgraph(Graphdriver, graphmode,’c:pgi’);

Cleardevice;

Setcolor((2))3;

Rectangle(170,120,320,340);

Setcolor(2);

Rectangle(320,170,500,340);

Setcolor(4);

(Rectangle)4(220,170,270,240);

Circle(250,340,30);

Circle(420,340,30)(;)5

Readln;

End.

ІІІ. «Программистер» сайысы.

№1. Төртбұрыш ішіне дөңгелек сызу программасын құр.

Program Tortbyrush;

Uses graph;

Var

Graphdriver,graphmode: integer;

Begin

Graphdriver:=detect;

Initgraph(Graphdriver, graphmode,’c:pgi’);

Cleardevice;

Setcolor(2);

Citcle(120,120,30);

Rectangle(10,10,250,250);

Readln;

<img width="«125»" height="«70»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.png»" v:shapes="«Прямоугольник_x0020_28»">End.

<img width="«73»" height="«45»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.png»" v:shapes="«Овал_x0020_29»">

ІV. Адасқан сөздер.

Атауы

Қызметі

1

SetBkColor

1

Түзу салу процедурасы

2

SetColor

2

Тіктөртбұрыш салу процедурасы

3

PutPixel

3

Іші боялған тіктөртбұрыш сызу

4

Line

4

Шеңберді сызу процедурасы

5

Rectangle

5

Боялған нүкте салу

6

Bar

6

Фигура жиегінің түсін білдіреді

7

Circle

7

Экранның фонының түсін білдіреді

Жауабы: 1-7; 2-6; 3-5; 4-1; 5-2; 6-3; 7-4.

V. Сергіту сәті.

VІ. «Жарнамалау» топ басшылар сайысы.

Жарнамалау сайысының мақсаты берілген тақырыптың мазмұнын ашып, мүмкіншігінше сол тақырып туралы оқушылдарға ақпарат жеткізе білу. Үстел үстіне конверттер қойылады, әрбір конвертте бір тапсырмадан бар. Берілген тапсырмалар:

  1. Алгоритм.
  2. Паскаль

VІI-ші сайыс. «Операторлар сөйлейді.

Операторлардың қазақша атауы берілген, Паскаль программалау тілінде, яғни латынша айтылуы.

Енгізу {Read} Соңы {End}

Егер {If} Шығару {Write}

Үшін {For} Орындау {Do}

Басы {Begin} Әйтпесе {Else}

Онда {Then} Дейін {To}

VІIІ. Қорытындылау.

Жинаған баллдарына қарап жеңімпаз топ анықталады.

ІХ. Бағалау.

Бағалау парағы бойынша оқушыларды топ басшылары бағалайды.

Х. Үйге тапсырма.

Әр түрлі стильмен сызылған дөңгелектер салу программасы.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Word суреттер кірістіру, жазуларды пішімдеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Microsoft Word – пен жұмыс жасауға дағдыландыру, суреттерді кірістіру, жазуларды пішімдеуде орындалатын тапсырмалар арқылы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен, жұппен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі, орыс тілі

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ЭО, компьютер, интерактивті тақта, презентация, кеспе қағаздар, смайликтер, бейнеролик.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кластер,семантикалық карта әдістері

<img width="«300»" height="«87»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.png»" v:shapes="«Овал_x0020_31" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_32="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_33="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_34="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_35="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_40="" овал_x0020_42="" овал_x0020_43»="">

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, жұбын табу, қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ. Қызығушылықты ояту. «Кластер» әдісі.

ІІІ. Мағынаны ашу. Жаңа тақырып.

1.Ms Word 2013 сурет кірістіру үшін:

Вставка(Кірістіру) => Рисунок(Сурет) => Вставка рисунка (Суретті қою) терезесі ашылады => Изображения => Папканы ашу=> Суретті таңдау => Вставить(Қою).

[img width=«251» height=«166» src=«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.png» v:shapes=«Рисунок_x0020_7»>

Суреттердің бірнеше рет көшірмесін жасауға болды:

Суретті көшіру үшін:

МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ ПІШІМДЕУ.

<img width="«437»" height="«42»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image007.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_6»">

<img width="«109»" height="«21»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image009.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_5»">·Шрифт(қаріп түрі)

<img width="«48»" height="«20»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image011.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_4»">·Қаріп өлшемі

<img width="«41»" height="«32»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image013.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_3»">·Жартылай қарайтылған шрифт

<img width="«41»" height="«32»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image015.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_2»">·Курсив (қаріпті қисайту)

<img width="«41»" height="«31»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image017.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_1»">·Астын сызу

Сол жақ шеті, ортасы, оң жақ шеті және ені бойынша туралау.

<img width="«241»" height="«33»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image018.png»" align="«left»" hspace="«12»" v:shapes="«Рисунок_x0020_30»">

Дамытушылығы: «Экспо-2017» көрмесіне ұсынылған жобалар.бейнеролик)

    1.MS Word2013 бағдарламасын іске қосу.

    2.Жұптық тапсырмалар. 7-тапсырма беріледі.

    1-тапсырма.

    1.MS Word2013 бағдарламасына ЭКСПО-2017 папкасынан

    Экспо-1 суретті кірістіру;

    2. Суреттің оң жағына мәтін енгізу

    3. Формат анықтамасы.

    2-тапсырма.

    1. MS Word2013 бағдарламасына CDR сақталған суретті кірістіру;

    2. Компьютерлік графиканың қандай түріне жатады, анықтамасын жаз.

    3. Формат анықтамасы.

    3-тапсырма.

    1. MS Word2013 бағдарламасына PDF сақталған суретті кірістіру;

    2. Компьютерлік графиканың қандай түріне жатады, анықтамасын жаз.

    3. Формат анықтамасы.

    4-тапсырма.

    1. MS Word2013 бағдарламасына DCS сақталған суретті кірістіру;

    2. Компьютерлік графиканың қандай түріне жатады, артықшылығы.

    3. Формат анықтамасы.

    5-тапсырма.

    1.MS Word2013 бағдарламасына JPEG сақталған суретті кірістіру;

2. Компьютерлік графиканың қандай түріне жатады, артықшылығы.

3. Формат анықтамасы.

6-тапсырма.

1. MS Word2013 бағдарламасына CIF сақталған суретті кірістіру;

2. Компьютерлік графиканың қандай түріне жатады, кемшілігі.

3. Формат анықтамасы.

ІІІ. Ой толғаныс. «Семантикалық картамен» жұмыс

Графика

Paint

CorelDraw

Adobe Photo Shop

Photofinsh

Adobe Illustrator

Corel Photo

Micrografx Draw

Растрлық

+

+

+

+

Векторлық

+

+

+

Оқушыларды бағалау. Әр жұп бір-біріне баға беріп, қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Үйге тапсырма: Компьютерлік графика түрлері.

Сабақта пайдаланылатын кеспе қағаздар:

1.Америкалық Гордон Гил:«Біз әрбір жобаны әзірлегенде барлығын ескеруге тырысамыз. Сондықтан барлық мәдени, географиялық аспектілер ескеріп, Астана үшін ұзақмерзімді және тұрақты дамудың үлгісі болатын арнайы жоба ұсындық. Мәселен, павильонға біз киіз үйді негіз етіп алдық. Егер қазақтарда киіз үй негізінен бір отбасының үйі ретінде болса, біз дәстүрлі сәулеттің тұжырымдамасын алып, бүкіл әлемге ұсынуды жөн көрдік», — деді.

<img width="«193»" height="«113»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image020.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_10»">

2.Сәкен Нарынов, қазақстандық қатысушы: Көрме кешенінің аты «Күн мен Жел ғибадатханасы», «Күн» көрмелік павильондарынан және «Жел» мұнарасынан құрылған. Күн- көптеген табиғи процесстердің маңызды құрамы, оған Жер планетасындағы барлық тіршілік тәуелді екені белгілі. Және болашақтың альтернативтік энергетика түрінің бірі күн радиациясын пайдалану болып табылады.

<img width="«194»" height="«111»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image022.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_9»">

3.Суретте Adrian Smith + Gordon Gill Architecture жобасы.Бас жоспар қала торын сақтайды, күн сәулесін барынша өнімді қолдануға бағытталған. Назарбаев Университеті мен жасыл осьтері арасындағы байланыс сақталған. Көрмеден кейінгі пайдалану: Ғылым және технологиялар паркі, бизнес.

<img width="«196»" height="«118»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image024.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_8»">

4.Суретте Manfredi Nicoletti жобасы Атауында «Жел» жәнен «Гүл» қазақ сөздері біріктірілген «Желгүл» мұнарасы.ЭКСПО -2017 жаңа қаласының туғанын білдіреді. Астананың жел күшімен, электрэнергиясын өндіре алатын, алып жел фермасына (зауытына) айналдыратын жел кернейлері орналасқан.

<img width="«190»" height="«117»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image026.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_13»">

5. Жоба қоршаған контекстке байланысты 3 блокқа бөлінген: Бизнес және Академия, Тұрғын, Ойын – сауық және Мәдениет. Ерекшелендіретін белгісі :өзіне көптеген қаналушы жабын, фото-электрлік панельдер, күн коллекторы, жасыл жабын және т.б.

<img width="«186»" height="«117»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image028.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_12»">

6. Аймақтың қала салу жүйесі өзіндік радиалды-элипстік қалыпқа ие. Сәулет – көркем бейнесі- заманауи, ұстамды. Құрылыстың ортасында орналасқан жүз метрлік диаметрдегі шар ЭКСПО-ның нышаны ретінде ұсынылып отыр. Көрмеден кейінгі пайдалану: Ғылым және технологиялар паркі.

<img width="«194»" height="«119»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image030.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_11»">

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Алған теориялық білімдерін практикада игеру;

Дамытушылығы: Өз ойын сауатты түрде айта білуді, логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелігі: Нақты іс-әрекет етуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, бейнелеу.

Көрнекілігі: ДК, презентация, электронды оқулық.

Сабақтың типі:Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, қауіпсіздік ереже дәптерін толтыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Актуалдау

1. Paint қандай редактор?

2. Paint графикалық редакторында неше құрал бар?

3. Түстер палитрасының көмегімен неше түс таңдауға болады?

4. Paint графикалық редакторының терезе

ІІІ. Құрал – саймандар сайысы.

Слайдтардан 8 құрал-саймандар рет-ретімен көрсетіледі. Құралдардың атын, атқаратын қызметін айту керек. Екі топтан бірінші болып қол көтерген оқушыдан сұралады. Жауап берген оқушы 1 ұпайдан жинайды.

<img width="«283»" height="«163»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image032.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_26»">

IV. Кім жылдам? (практикалық жұмыс)

а) Берілген суретті салып, екі рет көшірмесін жасау.

Б) Берілген суретті салып, мәтін енгізу, суретті сақтау.

Сергіту сәті.

Бекіту: Тест тапсырмаларын орындау.

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма: 4.4 – тақырып

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережелері.

Білімділігі: оқушыларды мәтіндік теру ережелерімен таныстырып, олардың мәтінмен жұмыс жасай білу дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;

Дамытушылығы: оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу;

Тәрбиелігі: оқушылардың іскерлік қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих.

Көрнекілігі: ДК, флипчарт, электронды оқулық.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, қауіпсіздік ереже дәптерлерін толтыру)

ІІ. Актуалдау

1. WordPad қандай редактор?

2.WordPad мәтіндік редакторының терезесі қандай элементтерден тұрады?

3. WordPad бағдарламасында неше меңзер бар?

4. Пернетақта қандай қызмет атқарады?

5. WordPad мәтіндік редакторында неше тақта бар?

ІІІ. Жаңа ұғымды меңгерту.

Қазақ тілінде мәтін теру үшін құрал-саймандар тақтасында Қаріп батырмасын шертіп, Kz Times New Roman қаріпін таңдап, тапсырмалар тақтасындағы Kz батырмасын шерту қажет.

Бір мезгілде Қаріп, Сызуды, өлшемді өзгерту үшін Формат => Қаріп командасын орындау керек. Қажетті параметрлерді таңдауға мүмкін болатын Қаріп диалогтық терезесі пайда болады.

<img width="«253»" height="«179»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image034.jpg»" v:shapes="«Рисунок_x0020_16»">

Пішімдеу жолы

Мәтіндерді жазғанда, символдардың, әріптердің түрлерін (пішінін) таңдауға болады, яғни <img width="«24»" height="«27»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image035.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_15»"> жартылай қара, <img width="«23»" height="«26»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image036.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_14»"> курсив (қисайтылып жазылады), <img width="«14»" height="«26»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image037.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_22»"> асты сызылған, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша туралауға болады.

Мәтінді туралау үшін құралдар тақтасындағы Туралау батырмалары пайдаланылады:

<img width="«27»" height="«23»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image038.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_21»">сол жағына, <img width="«24»" height="«24»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image039.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_20»"> оң жағына, <img width="«26»" height="«25»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image040.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_19»">ортасына, <img width="«27»" height="«23»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image038.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_18»"> ені бойынша туралау.

Мәтінді енгізу және түзету

Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Кейбір пернелер WordPad қосымшасында жұмыс атқарғанда қажет болады, соларды қарастырайық. Enter, Caps Lock, Backspace, Shift, Delete, Tab пернелерінің атқаратын қызметтері.

<img width="«279»" height="«114»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image042.jpg»" v:shapes="«Рисунок_x0020_17»">

Тапсырма: (Берілген мәтінді компьютерге енгіз)

Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік

1991 жылы 16-желтоқсанда Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз Мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан деп аталамыз.

Бекіту: 1.Компьютерде терілген мәтінді белгілеп, қаріп өлшемін өзгерту.

  1. Мәтінді ені бойынша туралау.
  2. Мәтінді сақтау.

Сергіту сәті.

Қорытындылау

1.Электронды оқулықтан тапсырмаларды орындату.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:WordPad редакторында мәтін теру ережелері

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word құжаттарымен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Жаңа құжат жасауды, сақталған файлды ашуды, құжатты қараудың әр түрлі режімдерін таңдауды, масштабты өзгертуді, басылмайтын таңбашаларды бейнелеуді меңгерту;

ә)Microsoft Word құжаттарымен жұмыс жасау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

б)Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой, іскерлік қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: практикалық

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Көрнекілігі: ДК, флипчарт, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру(қауіпсіздік ережесін сақтау).

2) Актуалдау.

1. Мәтіндік құжаттар жасауға арналған программалық өнімдер неше топқа бөлінеді? (мәтіндік редакторлар, құжаттар редакторлары мен баспа жүйелері болып 3-ке бөлінеді.)

2. Баспа жүйесі пайдаланылатын негізгі операция? (құжатты түбегейлі беттеу (мәтінді бетке орналастыру, суреттерді кірістіру, әр түрлі қаріптерді пайдалану т.б.)

І. Жаңа білімді меңгерту.

Бағдарламаны іске қосу.

1. MS Word -та жаңа құжатын жасау.

MS Word -пен жұмыс істеудің төрт жаңа құжат дайындау тәсілі бар.

  • Егер сендер Word 2003-ты іске қосатын болсаңдар, жаңа құжат өздігінен жасалады, тек жаңа мәтінді қашан енгізетіндеріңді күтеді.
  • Стандартты инструменттер панелінің Создать батырмасын шертіңдер.
  • Файл => Создать командасын таңдаңдар.
  • <ctrl+n> пернелер үйлесімін басыңдар.</ctrl+n>

2. Сақталған файлды ашу.

MS Word -пен жұмыс істеудің төрт сақталған файлды ашу тәсілі бар.

  • Мои документы папкасынан сақталған файлды бірден ашу.
  • Стандартты инструменттер панелінің Открыть батырмасын шертіңдер.
  • Файл => Открыть командасын таңдаңдар.
  • <ctrl+о></ctrl+о> пернелер үйлесімін басыңдар.

3. Құжатты қараудың әр түрлі режімдерін таңдау.

  • Әдеттегі режім (Обычный режим). Жоғарғы және төменгі колонтитулдар немесе беттерді нөмірлеу туралы ойланбай-ақ, таза экранға бірдеңе жазу қажет болғанда қараудың тамаша режімі.
  • Web-құжат (Web-документ). Қараудың бұл режімін таңдап ала отырып, өздерің жасаған құжаттың Web-беттегі келбетін көре аласыңдар.
  • Бетті белгілеу (Разметка страницы). Құжатты жоғарғы және төменгі колонтитулдарды қоса, құжаттың нақты басылатын түрінде көрсетеді.

·Құрылым (Структура). Құрылым режімінде өз ойларыңды тақырыптар мен бөлімдер түрінде рәсімдей аласыңдар.

4. Масштабты өзгерту.

1. Вид => Масштаб командасын таңдаңдар. Масштаб диалогтық терезесі пайда болады.

2. Масштаб тобының келесі ауыстырып қосқыштардың бірін шертіңдер.

  • 100%. Масштабты үнсіз келісім бойынша берілетін әдеттегі режімге келтіледі.
  • 75%. Мәтіннің көлемі кішірейтеді.
  • Беттің ені бойынша (по ширине страницы).
  • Мәтіннің ені бойынша (по ширине текста).

3.ОК батырмасын шертіңдер.

<img width="«322»" height="«196»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image044.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_24»">

5. Басылмайтын таңбашаларды бейнелеу.

1.Басылмайтын символдарды жасыру стандартты инструменттер панелінің Непечатаемые знаки батырмасын шертіңдер.

2. Word құжаттғы басылмайтын таңбашаларды бейнелейді.

<img width="«321»" height="«222»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image046.png»" align="«left»" hspace="«12»" v:shapes="«Рисунок_x0020_23»">

Дамытушылығы:

Тапсырма1.

MS Word-та пернелер үйлесімі арқылы жаңа құжат жасау.

Тапсырма2.

Компьютерге мәтінді енгізу, сақтау.

Құжатты қараудың әр түрлі режімдерін таңдау.

  • Әдеттегі режім. Жоғарғы және төменгі колонтитулдар немесе беттерді нөмірлеу туралы ойланбай-ақ, таза экранға бірдеңе жазу қажет болғанда қараудың тамаша режімі.
  • Web-құжат режімі. Қараудың бұл режімін таңдап ала отырып, өздерің жасаған құжаттың Web-беттегі келбетін көре аласыңдар.
  • Бетті белгілеу режімі. Құжатты жоғарғы және төменгі колонтитулдарды қоса, құжаттың нақты басылатын түрінде көрсетеді.
  • Құрылым режімі.Құрылым режімінде өз ойларыңды тақырыптар мен бөлімдер түрінде ресімдей аласыңдар.

Тапсырма3.

1. Сақталған құжатты стандартты инструменттер панелінен ашу.

2. 100 % масштабын өзгерту.

3. Басылмайтын таңбашаларды бейнелеу.

4. Әр түрлі режімдерін таңдау.

5. Бағдарламадан шығу.

Бекіту:

Электронды оқулық бойынша тапсырмалар.

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма: 4.2–тақырып.

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шамалар

а) оқушыларды шамалар ұғымымен және шамалардың типтерімен таныстыру;

ә) жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ой-өрісін кеңейту;

б) оқушыларды нақты іс-әрекет тәртібіне, өз бетімен іздене білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ДК, презентация, электронды оқулық.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың түрі: Лекция

Сабақтың әдісі: тоериялық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Актуалдау.

  1. Жалпы алгоритмдік тілдің жазылуы қандай?
  2. Программа дегеніміз не?
  3. Программа нәтижесін қалай көруге болады

ІІІ. Жаңа ұғымды меңгерту

Практикалық есептердің көпшілігінің шешімі шамалармен жұмыс істеуге тіреледі. Шамалар айнымалы және тұрақты болып бөленеді.

Тұрақты деп алгоритмді орындау барысында мәні өзгермейтін шама аталады.

Айнымалы деп алгоритмді орындау барысында мәні өзгеретін шама аталады. Кірістік деректер немесе бастапқы деректері аргумент деп аталады және арг қызметші сөзбен белгіленеді. Шығыстық деректер нәтиже деп аталады және нәт қызметші сөзбен белгіленеді. Түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі басы қызметші сөзден кейін жазылады, олардың мәні тек алгоритм ішінде пайдаланылатынын көрсетеді.

Алг алгоритмнің аты (түрлері көрсетілген алгоритмдер және нәтижелер тізімі)

Басы түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі

Енгізу (кірістік деректер)

Командалар сериясы

Шығару(шығыстық деректер)

Соңы

Шаманың аты әріптерден, әріптер мен сандардан, сөздерден тұруы мүмкін. Алгоритм тілінде шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу үшін «:=» меншіктеу белгісі пайдаланылады.

Айнымалылардың типтері: нат(натурал), бүт(бүтін),

нақ(нақты), лит(литерлік)

Мысал. Екі санның қосындысын табу алгоритмін жазайық.

алг екі санның қосындысын есептеу (бүт а, b, c)

арг а, b

басы

енгізу (а, b)

с:= а+b

шығару©

соңы

Тип түсінігі ПАСКАЛЬ программалау тілінде негізгі түсініктің бірі.

Қарапайымға стандартты және айнымалы типтер жатады.

Стандартты типтер:

ØБүтін типтер – INTEGER

ØНақты типтер – REAL

ØЛогикалық – BOOLEAN

ØСимволдық – CHAR

Атау – идентификатор (identification – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту).

Басы түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі

Енгізу (кірістік деректер)

Командалар сериясы

Шығару(шығыстық деректер)

Соңы

Шаманың аты әріптерден, әріптер мен сандардан, сөздерден тұруы мүмкін. Алгоритм тілінде шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу үшін «:=» меншіктеу белгісі пайдаланылады.

Айнымалылардың типтері: нат(натурал), бүт(бүтін),

нақ(нақты), лит(литерлік)

Мысал. Екі санның қосындысын табу алгоритмін жазайық.

алг екі санның қосындысын есептеу (бүт а, b, c)

арг а, b

басы

енгізу (а, b)

с:= а+b

шығару©

соңы

Тип түсінігі ПАСКАЛЬ программалау тілінде негізгі түсініктің бірі.

Қарапайымға стандартты және айнымалы типтер жатады.

Стандартты типтер:

ØБүтін типтер – INTEGER

ØНақты типтер – REAL

ØЛогикалық – BOOLEAN

ØСимволдық – CHAR

Атау – идентификатор (identification – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту).

Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Мысалы: Summa, Esep12, Primer1 т.б.

Тұтынушылар қойған бейстандарт атаулар мынадай талаптарға сай құрылуы керек:

  • атау тек латын әріптерінен басталуы тиіс;
  • қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет;
  • атаудағы символдар саны 127-ден аспауы керек;
  • Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға болады.

Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөлігіндегі const қызметші сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс.

Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде Var қызметші сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалылардың типі көрсетіледі. Оның жазылуы:

Var<идентификатор>: <тип>

Мысалы:

Var А, В: integer;

Summa: real;

i: integer;

Мысал. Екі санның қосындысын табуды программалау тілінде жазайық.

Program Summa;

Var a, b, c: integer;

Begin

Read(a,b);

c:=a+b:

Write©;

End.

Бекіту: Оқушыларға сканвордтағы Паскаль тіліндегі жасырылған операторларды, қызметші сөздерді, мәлімет типтерін табу ұсынылады.

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма: 11-тақырып.

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Интернет бүкіләлемдік анықтама, бүкіләлемдік кітапхана. Әлемдік ақпараттық қоғам.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды «интернет» ұғымымен, Интернеттің негізгі қызметімен, адресімен, жұмыс істеу ережесі мен таныстыру.

Дамытушылық:Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой — өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.

Тәрбиелік :Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ДК, мультимедиалық диапроектор, ЭО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақты хабарлау, түсіндіру.

Компьютердің жүйелік блогында ішкі сыртқы құрылғылар мен байланыс жасауға арналған тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Интернет – (ағылшынша Internet – желі аралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамассыз ететін желілер жиынтығы. Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құрылған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет адамзаттың ақпараттық технология саласындадағы жеткен жетістіктерінің бірі.Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желенің басқа бөліктері мен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады.

Интернеттің қызметтері:

1)Интернет поштасы; 2) телеконференциялар; 3) Web (WWW) қызметі.

1)Интернетке қосылған кезде тұтынушыға электрондық пошталық адрес тағайындалады. Әрбір адреске келіп түскен хаттар осы жәшікке келіп түсіп, сақталып отырады.

2)Интернеттің бұл қызмет түрі электрондық поштанын дамуы нәтижесінде пайда болған. Ол жаңалықтар тобы деп те аталады.

3)Интернеттің ең қарапайым өте кең тараған қызмет түрі болып табылады.Көбінесе оны тек Web деп атайды. Web парақтар адрестері. Әрбір Web парақтың өзі, жеке Web құжат болып табылады. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web құжат оқу үшін арнайы программа болу керек. Мұндай программаларды Web–ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.

ІІІ.Компьютермен жұмыс.

Енді осы айтып өткендерімізді нақтылап көруіміз үшін Алдымызда тұрған электронды оқулыққа қаралық(компьютермен жұмыс) Интернет тақырыбын ашып танысып жанбітірім бөлімдеріне көңіл бөлелік. Үйімізде интернет желісін қалай қосуымызға болады сол турулы тыңдап көрелік.

<img width="«255»" height="«160»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image048.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_25»">

<img width="«307»" height="«203»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image050.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_27»">

ІV.Тапсырмалар орындау

Енді интернет желісі мен теориялық тұрғыда танысып болсақ, онта тәжірибие түрін де жұмыс жасап көрелік. Барлығымыз интернет браузерін ашып Google.kz сайттын енгізіп іздеу жүргіземіз. Тақтада көрсетілген материалдар бойынша жеке жұмыс жүргіземіз. Іздеген жұмысымызды тапқан болсақ сол материалды көшірмелеп Word терезесіне түсіреміз.

V.Қорытындылау.

Міне интернетте іздеу жұмысыменде таныстық. Енді бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді тексеріп көрелік, ол үшін электронды оқулығымызды ашып тест тапсырмасын басалық. 25 сұрақтан тұратын тестті орындап қанша пайыз жинағандарыңызды айтамыз.

VІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтағы «Интернет — бүкіләлемдік анықтама» тақырыбын оқып келу.Келесі сабақта электронды пошта мен жұмыс жасау болғандықтан өз пошталарына атау ойлап келу, хат жазу мәтінің құрап келу.

VІІ. Бағалау.

Тест қорытындысы бойынша бағалау және сабаққа қаншалықты қатынасқаны бойынша бағалау.

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс

Білімділік: Word мәтіндік редакторын пайдаланып мәтінмен жұмыс жасауды, мәтіндік құжаттарды пішімдеуге, интервалдар мен абзацтармен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс

Білімділік: Word мәтіндік редакторын пайдаланып мәтінмен жұмыс жасауды, мәтіндік құжаттарды пішімдеуге, интервалдар мен абзацтармен жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік:Оқушылармен іс-әрекетті ұйымдастыру, таза,ұқыпты жұмыс жасауға қалыптастыру. Адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Дамытушылық:Есте сақтау қабілетін, ақпараттық мәдени сауаттылығын арттыру.Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық, жеке жұмыс, электронды оқулықпен,

интерактивті тақтамен жұмыс жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, интерактивті тақта,

электорнды оқулық, Абайдың қара сөздері.

Сабақтастық: қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ØКабинет дайындығы

ØОқушы дайындығы

ØСыныптағы оқушыларды түгендеу

ØҚауіпсіздік ережесі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Электронды оқулық арқылы. Тапсырмалар № 1,2,3

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту: сұрақтар арқылы

ØМәтіндік редактор дегеніміз не?

ØРедакторды іске қосу әрекеттері

ØҚұжаттық редактордың программалық өнімі қалай бөлінеді?

ØРедактордың мүмкіндіктерін ата

ІV. Жаңа сабақ. Электорнды оқулық арқылы түсіндіру

V. Дамытушылығы.

Абайдың қара сөздері оқушыларға таратылып беріледі.Олар мәтіндік редакторды пайдаланып, пішімдеу, туралау, абзацтарды пайдаланып тапсырманы орындайды.

Тапсырма №1

Мәтінді теріп, бірінші жолды 0,5 см абзацпен шегіндіріп жаз.

Абайдың12 қара сөзі

Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі — иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші — үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

Тапсырма №2

Мәтінді солға қарай туралап теріп жазу.

Абайдың 16 қара сөзі

Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы,

тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?

Тапсырма №3.

Біріңғай сөздерді тауып, Қарайтылған (Ж) әріптермен жазу

Абайдың 19 қара сөзі

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Тапсырма №4.

Берілген мәтіннен адамға тән қасиеттерді тауып, номерлеп жаз.

Абайдың 24 қара сөзі

Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік

қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?

Тапсырма№5

Абайдың 31 қара сөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

VI. Жаңа сабақты бекіту.Электронды оқулық.

VII.Қорытындылау.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Электрондық кестелермен практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операциялар орындаудағы мүмкіндіктерін, деректерді өңдеу формулаларын,

Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін, диаграммамен жұмыс жасауға дағдыландыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, нақты іс-әрекет етуге, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, орыс тілі, математика, музыка.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, презентация, электрондық оқулық.

Сабақтың типі:Қайталау

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі:Практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, қауіпсіздік ережесін сақтау)

ІІ. Актуалдау

Электрондық оқулық арқылы оқушылар тапсырмаларды орындайды.

  1. Жаңа құжатты әзірлеу.
  2. Сақталған құжатты ашу.
  3. Ағымдағы құжаттарды сақтау.
  4. Соңғы әрекетті болдырмау.
  5. Терезе масштабын өзгерту.
  6. Диаграмма шеберін пайдалана отырып, Графикті әзірлеңіз.

<img width="«298»" height="«189»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image052.jpg»" align="«left»" hspace="«12»" v:shapes="«Рисунок_x0020_39»">

[img width=«298» height=«185» src=«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image054.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes=«Рисунок_x0020_38»>

ІІІ. Дамытушылығы:

Практикалық тапсырма:

A

B

C

(A+B)/C

12

36

3

123

121

4

45

135

9

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, интерактивті тақтадан дұрыс жауабымен тексерип, қателерін өздері тауып, дұрыстайды.

2. у=2х2+5х-10 функциясының графигін тұрғызу. Функцияның графигін салу үшін функцияның аргументін -5<х<2,5 диапазонында 0,5 қадаммен өзгертіп отырайық. Нүктелік диаграмма типін таңдаңыз.

<img width="«178»" height="«328»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image056.png»" v:shapes="«Рисунок_x0020_37»">

х

у

-5

15

-4,5

8

-4

2

-3,5

-3

-3

-7

-2,5

-10

-2

-12

-1,5

-13

-1

-13

-0,5

-12

0

-10

0,5

-7

1

-3

1,5

2

2

8

2,5

15

ІV.Қорытындылау.Тест тапсырмаларын орындау.

1.Microsoft Excel дегеніміз …

А) бағдарламанатын кестелік процессор;* Б) кестелік калькулятор; С) MS Word.

2. Excel терезесі қалай аталады?

А) Excel жұмыс беті; Б) Excel кітабы;* С) Excel кестесі.

3. Excel бағдарламасындағы кестенің ең аз құрауышы… болып табылады.

А) формула; Б) кітап; С) ұяшық.*

4. Белсендіұяшық – бұл… ұяшық.

А)команданы жазуға арналған; Б) енгізу командасы орындалатын;* С) оператор.

5. Берілген деректер қатарын ажыратып көрсететін не?

А) тор; Б) аңыз;* С) тақырып.

V. Үйге тапсырма беру. 11 – бөлім.

VІ. Оқушыларды бағалау.

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритм дегеніміз не?
  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  • Тармақталу алгоритм дегеніміз не ?

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соңend түйінді сөзімен аяқталады.

Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

-атаулар (идентификатор);

-цифрлар;

-айыру белгілері;

-арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу; (-) –азайту;

(*) – көбейту; (/) – бөлу.

DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;

MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының

нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND – және (логикалық көбейту) операциясы;

OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық немесе амалы;

SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
  • DIV, MOD айырмашылығы қандай?
  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
  • Айыру белгілерін ата?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

Сыныптан тыс жұмыстар

6 – сынып оқушылары арасында

Тақырыбы: «Ғажайып жетілік» танымдық білім сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс жұмыстың маңызы зор. Білім сайыстарында оқушылардың есте сақтау қабілеті дамып, ойын еркін жеткізуге, қарсыласын сыйлай білуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сайысқа 6а, б – сынып оқушыларының ішінен ең білімді де көңілді, тапқыр информатиктерден 6 оқушы қатысады.

Армысыңдар, бүгінгі «Ғажайып жетілік» танымдық білім сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер!

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық

Әділ қазыларды таныстыру.

І. «Ғажайып жетілік» танымдық білім сайысының шарттарымен таныстыру

1- кезең. Қатысушылар өздерін таныстырады.

2- кезең. “Жұмбақтар әлемі”

3- кезең. “Белгісіз ғажайып”

4- кезең. “Ғажайып ұяшық”

5- кезең. “Ғажайып жетілік”

2- кезең. “Жұмбақтар әлемі”

Әр сұраққа жауап берген оқушы 10 ұпай беріледі.

1.Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан өсін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған (нөл)

2. Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында (нақты сандар)

3. Ақпартты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы. (сканер)

4. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (дәреже)

5. Өнім кіші жүз болса,

Берекенің қашқаны.

Өнім артық жүз болса,

Істің алға басқаны. (пайыз)

6. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. Бос орын пернесі (пробел)

3- кезең. “Белгісіз ғажайып”

Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен? Бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL) 3-минут беріледі.Әр жазған оператор 10 ұпайдан есептеледі

4- кезең. “Ғажайып ұяшық”

Ұпайы аз оқушы ұяшық таңдайды.

<img width="«216»" height="«144»" src="«file:///C:/Users/school3/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image058.png»" align="«left»" hspace="«12»" v:shapes="_x0000_s1026">

Сары(10,20,30,40), қызыл(10,20,30,40), жасыл(10,20,30,40) ұяшықтарын таңдау арқылы, информатика пәні бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайларын алады.

5- кезең. “Ғажайып жетілік”

Суреттің жартысы жасырылып көрсетілген, суреттің атауын табу керек. Дұрыс тапқан оқушы 10 ұпайдан алады. 7-тапсырма жасырылған.

«Ғажайып жетілік» танымдық білім сайысында І,ІІ,ІІІ орындар беріледі. Оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша қорытындылау әділқазыларға беріледі.

9-сынып оқушылары арасында

Тақырыбы: «Информатика әлемінде» сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, топпен жұмыс істейге, өз ойын ашық айтуға және мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.

Сайысқа 6а, б – сынып оқушыларының ішінен ең білімді де көңілді, тапқыр информатиктер қатысады. 5 оқушыдан екі топқа бөлінеді. Әділқазылармен таныстыру.Топ басшылары келіп нөмерлерін алады. 1-ші нөмерді алған топ бастайды. Әр сұраққа жауап берген оқушы 1 ұпайдан жинайды.

І. Таныстыру.

ІІ. Капитандар жарысы «Ауыстырмақ»

ІІІ. «Ойшылдар»сайысы

ІV. «Жұбын тап»

V. «Сөз зергері»

VІ. «Кім жылдам?»

VІІ. «Сен маған – мен саған»

VІІІ. «Көңілді сабақ»

ІХ. «Құпия сандық»

Х. Қорытындылау.

ІІ. Капитандар жарысы «Ауыстырмақ» сайыстың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру қажет.

ІІІ. «Ойшылдар»сайысы. Операторлардың қазақша атауы берілген, Паскаль программалау тілінде, яғни латынша айтылуы.

ІV. «Жұбын тап». Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып, айтыңдар.

V. «Сөз зергері» Конверттерге информатика пәні бойынша бір термин-сөздер салынған. Қазір осы конверттердің ішінен бір сөзді таңдап аламыз да, сол сөздің құрамына кіретін әріптерден бірнеше сөздер жасап шығулары қажет.

VІ. «Кім жылдам?» Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен? Бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL) 3-минут беріледі.

VІІ. «Сен маған – мен саған». Келесі сайысымыздың шарты бойынша топтар бір-бірімен ақпарат алмасады. Екі топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

VІІІ. «Көңілді сабақ». Информатика пәніне байланысты топтар дайындап келген әзілдерін айтады.

ІХ. «Құпия сандық» Көрермендермен жұмыс. Мұнда оқушылар экраннан компьютер құрылғыларының суреттерін көріп, аталған құрылғының атқаратын қызметтерін айтады.

Х. Қорытындылау. Сайыстың соңында әділқазылар ең көп ұпай алған топ анықталып, марапатталады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Балапанов Е., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. -Алматы: «Джагамбек и С», 1999.
  2. Латышев В. П. Компьютерные технологии обучения. М., МАИ, 1992.
  3. Э.Шафран. Создание WEB – страниц. Питер. 1999 г.
  4. С.В.Симоновича., Г, Евсеев., А.Алексеев. Специальная информатика: универсальный курс.-М.: АСТ-ПРЕСС;
  5. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналдары — 2010, 2011 ж.
  6. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet.-Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000.
  7. Каймин В.А. Основы компьютерной технологии
  8. Основы работы с Microsoft Officeи Internet. Руководство пользовотеля. Корпорация Microsoft, 2004.
  9. Персональный компьютер: Настройка и техническая поддержка. Методическая пособие для учителей.-Алматы, 2006.
  10. Симонович С.В., Евсеев Г.А. Практическая информатика: Учебное пособие для средней школы. Универсальный курс.- М.: АСМ-ПРЕСС: Информком-Пресс, 1999.
  11. Системный администратор школьной компьютерный сети. Учебный курс для учителей информатики. Microsoft, 2005.
  12. Шафрин Ю.А. Основы Компьютерной технологии.- М.: АБФ, 1998.
  13. Юркова Т.А. при участии Ушакова Д.М. и Федоренко С.В. Информатика (практическое пособие для старшеклассников) /Под ред. Крука Е.А.-СПб: Пенаты, 1997.
  14. Қазақстан мектебі
  15. Фигурнов В.Э. ІВМР для пользователя 1995

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСын тұрғысынан ойлау технологиясы сабағы

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083520

Пікірлер (2)
Админ # 4 мамыр 2015 в 14:17 0
Рахмет, тамаша материал екен.
Балмейз # 8 мамыр 2015 в 15:39 0
Саламатсызба, рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар