MS Access мәліметтер қорына арналған зертханалық жұмыстар

31 наурыз 2014 - Айжан Сыздыкова

Сыздыкова Айжан Тлеужановна

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Информатика пәні мұғалімі

MS Access мәліметтер қорына арналған

зертханалық жұмыстар

 

Кіріспе

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз. Мысалы үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастырайық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштеріңде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер негізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары бар.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөңелтуге арналған программалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар-бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады.

·Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады. Бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. 3

·Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді.

·Сұраныс — қолданушы көрсеткен, белгілі бір шарттарды қанағаттандырып, ақпараттарды мәліметтер қорынан алу жолдары. Сұраныс нәтижесі кесте түрінде көрсетіледі.

Деректер типтері:Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде енгізіледі.

Мәтіндік — текстің бір қатары (255 символға дейін)

Мемо өрісі — бірнеше қатарлардан тұратын текст, оны содан соң айналдыру жолағының көмегімен көруге болады. (65 535 символ)

Сандық — санның кез келген типі (бүтін, нақты және т.б.)

Уақыт/ күнтізбе — уақыт немесе күнтізбені қамтитын өріс

Ақшалық — ақшаның бірлігін көрсететін өріс.

Санауыш — әрбір жазбадан кейін автоматты түрде қойылып отыратын өріс.

Логикалық — ақиқат және жалған екі мәннің бірін ғана қабылдайтын логикалық операцияларда қолданылады.

OLE объектісінің өрісі — сурет, дыбыстық файлдар, Excel кестесі, Word құжаты және т.б.

Зертханалық жұмыс №1

Мәліметтер қорымен танысу.

Мақсаты: MS Access мәліметтер қорының мәнін, мәліметтер қорының алғашқы жұмыс істеу тәсілдерімен танысы. Анықтама жүйесімен жұмыс істеуді үйрету.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құрып, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әртүрлі формалардың есеп беруді жүзеге асырады.

1. Программаны іске қосу үшін: Бастау — Программалар- MS Access (Пуск — Программы- MS Access )

2. MS Access мәліметтер қорының алғашқы жұмыс терезесі экранға шығады.

3. Бұл терезеден Новая база данных жолын таңдап аламыз.

4. Файлға ат беріп сақтап аламыз. Мысалы Автосалон деп сақтаймыз. Автосалон: база даннық сұхбат терезесі шығады. Создание таблицы в режиме конструктора командасын таңдаймыз. Таблица1 сұхбат терезесінде Жолдардың аты мен Берілгендердің типін, Жазылуын толтырамыз. Авто атымен кестені сақтаймыз.

 

5. Кесте негізгі объектілерінің бірі. Кесте қосымшасын қосып кестені толтырамыз.

 

Тапсырмалар.

№1. "Қызметкер" кестесіндегі мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Аты-жөні, туған күні, жынысы, білім, шені, профсоюз мүшесі. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.

№2. «Поциент» мәліметтер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, участок номері, адрес, ауруы туралы анықтама, дәрігерге көрінген ең ақырғы күні. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.

№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы, жауын шашын, жел.Әр өрістің типін және өлшемін анықта.

Жекелеме жұмыстар.

№1. «Оқушы» МҚ кестесінің құрылымын жаса.

 Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, класы, туған күні, салмағы.

 Кестенің алғашқы кілтін анықта.

 «Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз.

№2. «Кітапхана» МҚ кестесінің құрылымын жаса.

  • Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, қай жерде шығарылғаны, бет саны, кітапхана нөмірі.
  • "Қай жерде шығарылғаны" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз.

№3. «Сабақ кестесі» МҚ құр.

  • Мынадай өрістерден тұрады: жұманың бір күні, нешінші сабақ, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні.
  • «Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз.

Зертханалық жұмыс №2

Кесте құру конструктор режимі

Мақсаты: Мәліметтер қорын құру және кестеде мәліметтерді енгізу, оны өңдеу, конструктор режимінде кестені жасауға және оның құрылымн өзгертуді үйрету.

Конструктор — мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, мұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.

Конструктор — кесте өріс аттарының тізімін құрастыру және әрбір өрістің қасиеттерін беру арқылы жазылады.

1. Пуск — Программы — MSAccess командасын орындап. Ашылған сұхбат терезеден жаңа мәліметтер қоры опциясын таңдаймыз да ОК батырмасын басамыз.

 Жаңа мәліметтер қоры файлы терезесінен файл аты спорт деп теріп жазып құру (создать) батырмасын шерту.

2. Кестелер (таблицы) объектісін таңдапСоздать батырмасын басамыз. Ашылған Жаңа кесте сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаймыз.

 

Кестені Әлем чемпионаты деп сақтаймызда ашып кестені толтырамыз.

Тапсырмалар.

1.Талапкер МҚ құр. Кесте мынандай өрістерден тұрады: Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты, Жынысы, Туған күні, Факультеті, Мектеп, Дайындық курсы.

Өрістің аты

Типі

Өлшемі

Жазылуы

Фамилиясы

текстік

15

Талапкердің фамилиясы

Аты

текстік

15

Талапкердің аты

Әкесінің аты

текстік

15

Талапкердің әкесінің аты

Жынысы

бүтін

1-еркек, 2-әйел

Туған күні

күнтізбе

Туған күні

Факультеті

текстік

15

Факультетінің аты

Мектеп

бүтін

Бітірген мектептің номері

Дайындық курсы

логикалық

Дайындық курсына қатысу (Иә, Жоқ)

2.«Видеотека» МҚ құр. Кесте мынандай өрістерден тұрады: рет саны, Кино, Елі, Уақыты, Жанр, Күні.

Өрістің аты

Типі

Өлшемі

Жазылуы

Рет саны

бүтін

Видеокасеталардың рет саны

Кино

текстік

30

Киноның аты

Елі

текстік

15

Киноның түсірілген жері, елі

Уақыты

бүтін

Киноның ұзақтылығы

Жанр

текстік

15

Киноның жанры

Күні

күні

Касетаны алған күні

3. «Спорттық гимнастика» МҚ құр. Кесте мынандай өрістерден тұрады: Рет саны, Фамилиясы, Елі, Сырық, Шығыршық, Ат бойынша балл бересіндер.

Өрістің аты

Типі

Өлшемі

Жазылуы

Рет саны

бүтін

Қатысушының рет саны

Фамилиясы

текстік

30

Фамилиясы

Елі

текстік

15

Елінің аты

Сырық

нақты

Сырықтың баллы

Шығыршық

нақты

Шығыршықтың баллы

Ат

нақты

Аттың балы

4. "Әлем елдері" МҚ құр. Кесте мынандай өрістерден тұрады: Елдер, Астанасы, Дүние бөлігі, Халқы, Ауданы.

Өрістің аты

Типі

Өлшемі

Жазылуы

Елдер

текстік

25

Елдердің аты

Астанасы

текстік

15

Астана аты

Дүние бөлігі

текстік

20

Дүние бөлігінің аты

Халқы

бүтін

Халқы (мың.адам)

Ауданы

нақты

Ауданы (мың.кв.км)

Зертханалық жұмыс №3

Кестені кесте шебері көмегімен құру.

Мақсаты: Мәліметтер қорының барлық объектісі: кесте шебер режимімен жұмысын түсіндіру және жұмыс істей білуге үйрету.

Шебер (Мастер) — белгілі мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін шебер жұымысы бірнеше қадамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңді атап кетуге болады. Программа шебер мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.

1. Шебер көмегімен М.Қ. құру үшінІске қосу → Бағдарламалар → Microsoft Access командасын орындаймыз. Ашылған Microsoft Access сұхбат терезесінен жаңа мәліметтер қоры опциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз.

2. Жаңа мәліметтер қорына ат беріп сақтаймыз.

3. Кесте терезесінен Кесте шебері режимін таңдап аламыз да ОК басамыз

4. Кесте үлгілеріненСтудент кестесін таңдаймыз да, Өріс үлгілері бөлігінен керекті өрісті таңдап < қою батырмасын шертіп жаңа өріс кестесіне өткіземіз.

 

5. Егер кестеге мектепті енгізгін келсе онда Өріс үлгілерінен кез келгенді таңдап аламыз да өріс атын өзгерту батырмасын басамыз.

 

 

6.Ары қарай (Далее) батырмасын шерту. Жаңа кестеге ат беріпДайын (Готово) батырмасын шерту.

 

7. Кестені толтыру.

Зертханалық жұмыс №4

Сұраныс.

Мақсаты: Сұраныс жасау түрлерімен жұмыс істеуді үйрету.

Сұраныс — жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден берілген шарттарвға байланысты таңдап алу тәсілі.

Таңдау бойынша сұраныс.

Сұраулар (запросы) қосымшасында құру батрымасын басамыз. Сонда жаңа сұрау сұхбат терезесі шығады.

 

Кестелерді қосу сұхбат терезесінен сұраныс жасалтын МҚ таңдап аламыз да Қою және Жабу батырмасын басамыз.

&amp;laquo;Описание:

Кестенін өрістерінің атын екі рет шертеміз. Өріс сұрау бланкісіне қосылады…

 

Сұраныстың шарты деген жерге барып керекті өріс бағаны бойынша сұраныс жасаймыз.

Елі өрісіне «Россия» деп жазамыз да Сұранысты сақтаймыз.

 

Сұраныс терезесінде Елі атты кестені ашу арқылы тек қана Россия елінің спортсмендерін алып шыққанның көруге болады.

 

ПАРАМЕТРЛІК СҰРАНЫС

Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелінетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуальды кестелер құруға болады.

Өздік жұмыс.

1. Оқушы МҚ құр. Мынандай өрістерден тұрады: Фамилиясы, Аты, Бойы, Салмағы.

Бойы 180 кіші оқушыларына сұраныс құр.

Салмағы өрісі бойынша сұраныс құр.

2. Автосалон МҚ құр. Өз таңдауын бойынша сұраныс жаса.

Зертханалық жұмыс №5

Мәліметтерді електен өткізу. Сұрыптау. Іздеу.

Мақсаты: Мәліметтер қорын қандай да бір шартты қанағаттандыратын жазбаларды көруді үйрету.

Қандай да бір шартты қанағаттандыратын жазбаларды көру фильтрация немесе електен өткізу деп аталады.

1.Іске қосу→ Программалар→ MS Access командасын орындаймыз. Ашылған сұхбат терезесінен мәліметтер қорын ашу опциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз.

2. Әр түрлі файлдар (Другие файлы) опциясын таңдап ОК батырмасын шерту, ашылған Мәліметтер қорынан өз файлынды ерекшелеп терезенің оң жағындағы Ашу батырмасын шерту.

3. Кестелер қосымшасынан Спорт кестесін ашу.

4. Жазбалар → Фильт → Кеңейтілген фильтр командасын таңдаймыз.

5. Тізімнен қажетті өріс атына екіі шертіп және таңдау шартын енгіземіз.

6. Фильт → Фильтрді қолдану командаларын орындаймыз.

7. Көрсетліген шартты қанағаттандыратын мәліметтерден тұратын кестені экраннан көреміз.

Шарт А деп жазылса мысалы: Фамилияға Шарт (условие отбора) А*, онда А әрпінен басталатын фамилияларды көруге болады.

 

Сұрыптау І-тәсіл.

Сұрыптау — кестедегі жазуларды алфавит, саныды өсу ретімен, кему ретімен реттеуді айтады.

1. Кез келегн форманы немесе кестені ашамыз да, Сұрыптау қажет бағанды таңдап белгілейміз.

2. Жазбалар (записи) мәзірін аламыз.

3. Сұрыптау таңдау ішкі мәзірде: өсу ретімен қажет болса (сортировка по возрастанию), кему ретімен қажет болса (сортировка по убыванию) командасын таңдаймыз.

4. Егер сұрыптауды кері қайтару үшін, Жазбалар →Фильтрді өшіру командасын таңдау керек.

Сұрыптау ІІ-тәсіл.

1. Кез келген форманы немесе кестені ашамыз.

2. Сұрыптау қажет болғанның кез келген өрісіне тышқанды шертіп.

3.АЯ пернесін басу сол уақытта өсу ретімен сұрыпталады.

4. ЯА Пернесін басу сол уақытта кему ретімен сұрыпталады.

Іздеу — мәліметтер қорындағы мәліметтерді тез табады.

Өздік жұмыс.

1. Талапкер МҚ кестесінен мектеп өрісі бойынша електен өткіз.

2. К және И әрпінен басталатын абитуриенттердің фамилиясын електен өткізіп көрсет.

3. Талапкер МҚ формасын құрып. Осы формадан биолгия факультетіне тапсырған студенттерді електен өткізіп тап.

4. Талапкер МҚ өсу ретімен және кему ретімен сұрыпта.

5. Оқушылардың А дан басталатын аттарын іздеп тап.

Зертханалық жұмыс №6

Кестеаралық байланыстарды құру.

1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.

2. Менің құжаттарыма қаптамасын таңдап файлға Отырар кітапханасы деп ат береміз.

3. Конструктор режимінде кесте құру белгісін басамыз. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгіземіз: оқырманның аты-жөні, кітаптың аты, кітаптың авторы, кітаптың нөмірі, кітап алған уақыты, бағасы. Кестені толтыр.

4. Оқырмандар деп ат беріп сақтаймыз.

5. Екінші кесте үшін төмендегі өрістерді енгіземіз: кітаптың аты, кітаптың авторы, баспасы, шыққан жылы, кітаптың нөмірі, көлемі, бағасы. Кестені толтыр.

6. Оқулықтар деп ат беріп сақтаймыз.

7. Аспаптар панеліненМәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис →Мәліметтер схемасы. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.

8. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз — Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.

9. Shift пернесін басып тұрыпОқырмандар кестесін екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.

10. Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.

11. Байланысты өзгерту ( Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңданыз.

12. Байланысты өзгерту ( Изменение связей) терезесін жауып, Мәліметтер схемасы терезесінен пайда болған байланысты көресіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады. Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150778

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар