MS Word текстік редакторында жұмыс. Графиктік мүмкіндіктері.

3 сәуір 2014 - Мирас Кабдулов

 

Сабақ тақырыбы:  MS Word текстік редакторында жұмыс. Графиктік мүмкіндіктері.

Мақсаты:

Білімділік:  Мәтінге Clip Gallery және  басқа программалардан сканерден, файлдан  және WordArt    объектілерін енгізу ,өңдеу  жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінге  графикалық, бейнелік объектілерді  кірістіруді орындау  дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру және ұқыптылыққа  баулу.      

Сабақ типі :  Жаңа сабақты  меңгерту

Түрі:Аралас сабақ

Әдісі:  Практикалық

Көрнекілігі:      Бағалау парағы,   Слайд,  Интерактивті тақта, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:    геометрия,   бейнелеу,  қазақ тілі

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Ахметов К. С. Современный персональный компьютер. – М.: “Компьютер пресс”. 1995.

Балапанов Е. Қ,  Бөрібаев Б. Б,  Дәулетқұлов А. Қ.  Жаңа ақпараттық техналогиялар:  Информатикадан 30 сабақ

С.В. Семенов «Информатика. базовый курс» 2002 ж. 

В.П. Леонтьев «Персональный компьютер»  2004 ж.

Сабақ барысы:     

 I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгендеу

II.   Үй тапсырмасын   сұрау

1.Тапсырма 

 Папка  жасау   ат беру

2. Тапсырма

Word   мәтін бағдарламасын ашып  ,  сақтау

3.Тапсырма

Ашылған парққа кесте құру  бағаны-6  жолы-10.

4.Тапсырма

Құрған кестенің ұяшықтарын біріктіру, ұяшыққа бөлу

III.  Жаңа сабақты меңгерту

   Слайдтан

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мақсаты  көрсетіледі.

Көптеген құжаттарда  әртүрлі  иллюстрация түріндегі  объектілер бар.

Word  редакторында  мәтіндік құжат  ішіне  алдын ала  басқа программаларда  дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық  объектілерді еңгізуге болады.

Құжат ішінде  отырып  , оны белгілеп алып  кез келген өңдеу командаларын  орындауға болады. Бұл обьект  құрылған программаны іске қосу үшін  обьектіні  белгілеген соң тышқанды екі рет  шертеміз.

Кірістіру → Сурет  ( Вставка→ Рисунок)  командасын орындай отырып, мәтінге:

                   

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А)  Картинкаларды (ClipArt   программасының обьектілерінен)

ә) Басқа файлдағы  обьектілерді

б) Автофигураны

в) WordArt  обьектісін.

г) Сканерден

д) Диаграмма ( Excеl  электрондық  кестесінде  құрылған диаграмма ларды)

енгізу мүмкіндіктері бар

1. Мәтінге  Clip Gallery  программасының обьектілерін енгізу

 Сурет → Картинкалар  командасын  орындағаннан кейін, экранға әр түрлі  графикалық  қосуға мүмкіндік беретін  терезе ашылады.

Бұл терезе  графика, суреттер, дыбыстар, видео астарлы беттерінен тұрады.

Графика  -бұл астарлы  беті ашқанда  Clip Gallery кітапханасынның бөлімдері мен ондағы суреттер шығады. ClipArtпрограммасының терезесі жиыны көрсетіледі

 

Қажетті суретті ерекшелеп, оң жақтағы  кірістіру  батырмасында курсорды  шерту арқылы курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз.

2. Файлдан  объект енгізу

Объектілерді  алдын ала құрып, файлға сақтап қойып, кейін оны ішіне байланысқан объект ретінде енгізуімізге болады.

Кірістіру→ Сурет → файлдан  крмандасын орындаймыз.

Сурет енгізу   сұхбат терезесінде  енгізілген  объекті орналасқан  файл атын көрсетеміз

 

3.   Сканерден объект енгізу

 

 Егер, қағаздағы  құжаттың  , суреттің көшірмесін  компьютер  экранына  шығару мүмкіндігін беретін  сканер құрылғысы болса, оны компьютерге қосамыз.

1.    Сканерден көшірме  қойылатын  орынға  курсорды  орналастырамыз.

2.    Кірістіру→ Сурет → сканерден командасын орындаймыз

 

4.WordArt  объектілерін енгізу

  Фигуралық мәтінді  жазу үшін  арнайы WordArt   программасын  қолданылады.

 Сурет салу  саймандар тақтасындағы WordArt   объектісн қосу 

                                                                                                                    батырмасы

      немесе   Кірістіру → Сурет → WordArt      командасын    пайдаланамыз

  Мәтінді әртүрлі  тәсілмен  бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу ,    үлкейту, қысқарту мүмкіндік  береді

«WordArt  объектісінің жиынтық»  терезесі

1.    Тышқан  курсорын мәтін  қойылатын  орынға  орналастыру

2.    Кірістіру → Сурет → WordArt       орындаймыз

3.    Ашылған терезеде  мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған  біреуін  таңдап аламыз  да, ОК  батырмасын басамыз.

4.    Объектіде  тышқанды екі рет шертсек, Мәтін өзгерту  терезесі ашылады.

 

6. Автофигуралар объектісін енгізу

Бұл менюдің құрамында   сызықтан басқа негізгі  фигуралар, фигуралық бағыттаушы, блок-схемалар, жұлдызшалар, ленталар, түсіндірмелер  деген әрқайсысы  бірнеше  саймандардан тұратын  командалық жолдар.

 

1.    Кірістіру → Сурет →Автофигуралар

 

  

 

III.           Бекіту

 

 Тапсырмаларды орындау  (Мұғаліммен  бірге орындау)

    Тапсырма  №1

1. Жаңа құжат құрыңыз .  Clip Gallery программасының Білім   бөліміндегі  өзіңізге ұнаған   объектіні   мәтін ішіне енгізіңіз.

2. Осы объектінің  астына  .  Ы.Алтынсариннің   мына  нақыл сөзін теріп   жазыңыз «Мұғалім- мектеп жүрегі»

 Тапсырма №2

1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt     жиынтығынан   біреуін таңдап  ,  «информатика»   сөзін  жазып  шығыңыз.

2. Информатика сөзін  әр түрлі бағытта  бұрып  отырып, өзіңізге ұнаған  күйде  қалдырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Word  мәтіндік редакторына  объектілерді еңгізуге бола ма?
  2. Объект файлдан қалай енгізіледі?
  3. Объект сканерден  қалай енгізіледі?
  4. Бұрын енгізіліп қойған объектіні өзгертуге бола ма.
  5.  Автофигуралық объектіні енгізіге бола ма?
  6. Автофигуралардың  көлемін өзгертуге болама?

 

V.   Үйге тапсырма беру:

  Отбасы  суреттерін  компьютерге енгізіп,   Word

       мәтіндік редакторында  отбасы туралы  эссе   жазу.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130080

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар