Word мәтіндік редакторында кестенің мүмкіндіктері

Сабақтың білімділік мақсаты:Word  мәтіндік редакторында кестемен

жұмыс  тақырыбы  бойынша алған білімдерін тексеру  және бекіту

Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың өз бетінше кестемен жұмыс істеу     дағдысын қалыптастыра  отырып,  логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:   Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше

еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:  Оқу есептеуіш техника кешені, Бинго билеттері,

Кесте құру, ұяшықтармен жұмыс, кестелерді жиектеу, кестелерді  форматтау тақырыбында және  қайталау   сұрақтары  Power  Point программасында дайындалған  презентация, информатикалық    диктант  жазылған бетшелер                                                 

Сабақтың  түрі:  қайталау сабағы

 

Сабақтың әдісі:  ойын (Бинго)

Сабақтың жүрісі:

 І. Ұйымдастыру. (Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

1.     Кесте жақтауларын өзгерту қалай орындалады?

2.     Жақтауларды алып тастауға бола ма? Қалай?

3.     Кесте ұяшықтарын бояу қандай командалар көмегімен орындалады?

4.     Кестені автоформаттау дегеніміз не? Автоформаттау қалай орындалады?

(Слайдтар  арқылы  үй тапсырмасын айту)

ІІІ.   Word  мәтіндік редакторында кестенің мүмкіндіктері  тақырыбы бойынша қайталау сабақ. 

    Бинго ойынының шартымен таныстыру.

Әр  оқушыға   «Бинго»   лотереялық билеті таратылады. «Бинго»   билетінде 

3 амал қосымша бар. Әр амалда бес-бестен, яғни жалпы саны  15 нөмір орналасқан.

1 амал қосымшада- кесте бойынша сұрақтар

2 амал қосымшада – информатикалық диктант

3 амал қосымшада — Word  мәтіндік редакторында кестемен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар (практикалық )

    Бірінші бөлім бойынша ойнағанда компьютер кез-келген нөмірді шығарады. Сол нөмірге байланысты сұрақ қойылады. Бинго билетінің нөмірі соған сәйкес келетін оқушылар сұраққа жауап береді. Егерде жауап бере алмаса басқа оқушыда сол нөмір шығатын болса сұраққа жауап бере алады. Жауап  берген  нөмірді белгілеп отырады.

     Бірінші амал қосымшасы бойынша ойынымызды бастаймыз. Бәріміз экранға назар аударайық. Компьютер қандай нөмерді көрсетеді.

(Power Point программасында дайындалған слайдтар арқылы кез-келген нөмір және соған сәйкес сұрақтар шығады)

1. Қайталау сұрақтары

1)     Кесте дегеніміз не?

2)     Ұяшық дегеніміз не?

3)     Кесте құру әдістерін ата?

4)     Алдыңғы ұяшыққа қайтып келу  қандай пернелердің көмегімен орындалады?

5)     Қатар н/е жол дегеніміз не?

6)     *       мына батырманың қызметі   

7)     Word  мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

8)     Батырманың қызметі       

9)     <Tab>  пернесінің қызметі

10) Сыйлық  (Жеңістің 60 жылдығына орай 60 нөмірінде сыйлық орналасқан.

      60 нөмері бар оқушы ешқандай сұраққа жауап бермей-ақ, өзінің Бинго

      билетіндегі 60 санын белгілейді.)

11) Кестенің соңғы ұяшығын үш баған, екі жолға бөлу қалай орындалады?

12)      Батырманың қызметі  

13)      Ұяшықтарды біріктіру қалай орындалады?

14)      Кесте ұяшықтарымен қозғалу әдістерін атаңдар.

2. Информатикалық диктант.

   Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. (5 мин.)

 

 
 

Информатикалық  диктант

  Кесте  жолдар  мен   .  .  .  және олардың  қиылысуынан  пайда болған    

… .     тұрады.  Ұяшықтарда  … .   , сурет,  … .  орналасуы  мүмкін.  Ұяшықта  басқа  … .  орналаса алмайды. … .   мәтін  мейлінше  кең таралған. Кесте  құжаттың … .  жеріне қойыла береді.

 

Керекті сөздер: кестелік, бағанадан, ұяшықтан, мәтін, графикалық объектілер, кесте, кез келген.

Оқушының  аты-жөні:   _________________________

 

 


  

 

   Оқушыларға оқытып, тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Практикалық жұмысқа арналған тапсырмалар

Ø  Word  программасын іске қосу. 3 бағана, 4 қатардан тұратын кесте құру.

Ø  Бірінші жолдағы ұяшықтарды біріктіру.

Ø  Мәтін енгізу.  (Карточка  бойынша информатикалық терминдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу.)

Ø  Кесте жақтауларын өзгерту.

Ø  Кесте ұяшықтаын бояу.

     Тапсырманы орындап болған оқушыларға  төмендегі 1 суреттегі кесте құру және өзгертулер енгізу арқылы екінші суретті шығару

1)                                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

   Қорытындылау.

Оқушылардың   «Бинго»   билеттеріндегі белгіленген нөмірлері бойынша, бағалау.

 Үйге тапсырма.

       Келесі сабақта шығармашылық жұмыс болғандықтан газет, журнадардан кестеде жазылған   мәліметтерді алып келу немесе дәптерге сызып келу. Өздерің дайындағыларың келетін кестелік мәлімет және  сөзжұмбақтар дайындап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысында қолданылатын көрнекіліктер:

1.     Информатикалық диктант

   Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.

 

Информатикалық  диктант

  Кесте  жолдар  мен   .  .  .  және олардың  қиылысуынан  пайда болған    

… .     тұрады.  Ұяшықтарда  … .   , сурет,  … .  орналасуы  мүмкін.  Ұяшықта  басқа  … .  орналаса алмайды. … .   мәтін  мейлінше  кең таралған. Кесте  құжаттың … .  жеріне қойыла береді.

 

 

Керекті сөздер: кестелік, бағанадан, ұяшықтан, мәтін, графикалық объектілер, кесте, кез келген.

Оқушының  аты-жөні:   _________________________

  

 

 

   Оқушыларға оқытып, тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.     Карточка арқылы деңгейлік тапсырма беру.

І деңгей

Жаңа сабаққа байланысты логикалық ойлау тапсырмаларын, сұрақтар, тест тапсырмаларын беру.

ІІ деңгей

Сызба, нұсқа, информатикалық диктант, сұрақтар беру.

3.     Жекелей оқушыларға дидактикалық тапсырмалар беріледі.

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


4.     Топтастыру әдісін пайдаланып оқушыларға сызба нұсқа сыздыру.

Информатика

Табиғаттағы информатика

Есептеуіш техника

Программалау

Ақпараттық жүйелер

Теориялық информатика

Қоғамдағы информатика

Жасанды интеллект

Кибернетика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң қорытындылау мақсатында оқушыларға таблицалар беріледі.

Батырма

Әрекет

Әрекет нәтижесі

 

 

 

 

6. Оқушыларға берілетін сауалнама сұрақтар.

1. Ақпараттың ең кіші бірлігі:

А) байт,

Б) Кбайт,

С) бит,

Д) Мбайт,

Е) код,

2. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

А) Зақымданған программа                 Б) информацияны зақымдайтын программа

В) «Жұқпалы байттар»

3. Архивтік файл дегеніміз не?

А)көптомды файл                Б) архивтенген файл        В) қысылған түрдегі файлдар.

7. «Интерфейс» сөзжұмбақ шешу

Сұрақтар:

1. Хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде болатын мәліметтер.

2. Информацияны алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым.

3. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегін не деп атаймыз?

4. Қатар мен бағандарда реттелген информация.

5. Компьютерді іске қосқан кезде  жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын  басқаратын арнайы программа.

6. Информацияларды сақтайтын қапшық.

7. Кибернетиканың негізін салған кім?

8. Мәтіннің бір түрі?

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

ТарихХІХғ І жартысында Ресейдің экономикалық дамуы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147921

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар